Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті



бет49/53
Дата16.05.2023
өлшемі1,61 Mb.
#176910
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
Жамбыл облысы кімдігіні білім бас армасыны О У- дістемелік ка

Барлығы

40 минут

30

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Тыңдалым


Байқоңыр - планетамыздағы ең алғашқы ғарыш айлағы және бүгінде ол әлемдегі ең үлкен ғарыш кешені болып саналады. Жерден ұшырылатын ғарыш кемелерінің төрттен бірі Байқоңырдан ұшырылады.


1955 жылы Төретам кентінің жанынан ғарыш айлағының құрылысы басталды. Бір қызығы бастапқыда ғарыш айлағының аты Байқоңыр болмаған. Жобаның аты Тайга болған. Төретамнан 400-дей шақырым жерде орналасқан Байқоңыр аулының жанынан жалған ғарыш айлағын сала бастаған. Бірнеше жыл бойы ғарыш саласына байланысты барлық құжаттарда сол Байқоңыр ауылы аталып келген. Біртіндеп сол ғарыш айлағының құпиялығы алынып тасталды. Осылайша Тайға атауы Байқоңырға айналып кетті. Айтпақшы, бұл Гагарин ұшқаннан кейін болған.
1957 жылдың 4 қазан күні Байқоңырдан Жердің алғашқы жасанды серігі ұшырылды. Жер серігінің атауы Спутник-1 болды. Оны ресейлік конструктор Сергей Павлович Королев жасап шыққан. Спутник-1 диаметрі жарты метрлік сфера пішіндес болған және антенналар мен радио қабылдағыштардан тұрған. Спутник сигнал таратып, жерді 1440 рет айналған, сосын атмосфераның тығыз қабатында жанып кеткен.
Ал 3 жылдан кейін Байқоңырдан бесінші Жер серігі ұшырылды. Бұл жолы Жер серікте жолаушылар болған еді. 1960-жылдың 19 тамызында Белка мен Стрелка өздерінің атақты ғарышқа сапарын жасады. Ал кейін олар әлемдік танымалдыққа ие болды.
Әрине, адамзаттың ғарышты бағындырудағы ең маңызды қадамы 1961- жылдың 12 сәуірінде жасалды. Дәл сол күні Байқоңыр ғарыш айлағынан бортында Юрий Алексеевич Гагарин бар Восток кемесі ұшырылды. Юрий Алексеевич Гагарин космоста шамамен 2 күндей болып, қайтып оралады. Ғарышқа ұшқан алғашқы адамның құрметіне 12 сәуір Космонавтика күні болып аталып келеді. (170 сөз)

1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, мазмұнына сай сөздерді белгілеңіз.



  1. Восток кемесі

  2. Ғарыш айлағы

  3. Ғарыш кешені

  4. Жасанды серік

  5. Жер серігі

[1]
2. Мәтінді екінші рет тыңдаңыз, мәтін мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, сұрақтарға дәлелді жауап беріңіз.



  1. 1955 жылы ненің құрылысы басталды?




  1. Жердің алғашқы жасанды серігі қай жылы ұшырылды?




  1. Белка мен Стрелка өздерінің атақты ғарышқа сапарын қай жылы жасады?

[3]
3-тапсырма. Мәтін бойынша 12 сәуір қандай күн екенін жазыңыз.





Мәтінді оқыңыздар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет