Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті



бет46/53
Дата16.05.2023
өлшемі1,61 Mb.
#176910
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   53
Байланысты:
Жамбыл облысы кімдігіні білім бас армасыны О У- дістемелік ка
Mupac Añn
Барлығы

40
минут

30

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Тыңдалым


Мәтінді мұқият тыңдап, ұлттық идеяның төртінші құндылығын анықтаңыз. Біздер, қазақстандықтар - бір халықпыз! Біз үшін ортақ тағдыр - бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел - жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды. Олар көктен түскен жоқ. Бұл
құндылықтар - уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі.
Бірінші - Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы. Екінші - бірлік, бейбітшілік пен келісім.
Үшінші - зайырлы қоғам. Төртінші - экономикалық өсім.
Бесінші - жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.
Алтыншы - тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.
Жетінші - еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысу. Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр. Біз өз халқымыздың игілігі жолында ұлы мақсаттарды алға қоямыз, сондықтан мен барлығыңызды белсене қатысуға шақырамын! Әсіресе, стратегия жастарымызға арналады. Мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы.

  1. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының төртінші құндылығын көрсетіңіз.

А) бірлік, бейбітшілік пен келісім В) жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы С) зайырлы қоғам


D) Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы Е) экономикалық өсім
[1]



  1. Берілген ақпараттарды мәтін мазмұнына сай сәйкестендіріңіз.




р/с

Ақпараттар

Сәйкестендіру

р/с

Ақпараттар

1

Мәңгілік ел




А

мемлекет құраушы,
жалпыұлттық құндылықтарда жатыр

2

Жаңа ҚазақстандықПатриотизмнің идеялық негізі




В

жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың
ұлттық идеясы.

[1]


  1. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы туралы тезистер мен дәлелдер келтіре отырып, ойыңызды жеткізіңіз.




Тезис

1-дәлел

2-дәлел

3-дәлел













[3]



Оқылым

  1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Публицистикалық стильдің тілдік ерекшеліктері арқылы мәтіннің жанрын анықтаңыз.



Қазақтың айтыс өнері (кеше)
Айтыс өнері – ғасырлармен қанаттасып, дәуірлермен үндесіп, заманамен тілдесіп келе жатқан кемел дүние. Ауыз әдебиетінің жарқын мұрасы. Түркі жұртының, оның ішінде қазақ пен қырғыздың төл өнері болып табылатын сөз сайысының, әсіресе, ұлтымыздың біртұтастығы мен саяси өміріне де зор ықпал еткені анық. Деректерге сүйенсек, тарихтағы қалыпқа түскен, келешекке жеткен алғашқы айтыс Асан Қайғы мен Қотан жыраудың арасында болған екен. Хронологияға салсақ, шамамен ХІҮ ғасырдың аяғы мен ХҮ ғасырдың орта шенінің аралығы сияқты. Уақытынан гөрі бес-алты ғасыр бұрын болған айтыстың бүгінге ескірсе де емен қалпын сақтап, өңін бұзбай жеткені маңызды.
Қазақтың айтыс өнері (бүгін)
Алашты әлемге паш еткен қазақтың қаранар жазушысы, көрнекті ғалым, фольклор зерттеушісі Мұхтар Әуезов «Айтыс – сөз барымтасы» деп бекерге айтпаса керек-ті. Ұлтымыздың төл өнерінің бүгінгі жай-жапсарына үңілсек, кешеден сарқыт боп жеткен мұраның күнгей де көлеңкелі жақтары бой көрсетеді. Әйткенмен әліге дейін бұқара жұрттың шері мен шеменін, көкейдегі сан сауалдың себебін қозғаудан танбай келеді айтысымыз. Баршамыз бұқаралық ақпарат құралдарын төртінші билік деп әспеттейміз, ал ертедегі айтыстың орны мен маңызы да дәл сондай ерен болған дейді зерттеушілер мен тарих тәмсілдері. Жалпақ тілге салғанда хан мен қараның арасындағы «алтын көпір» іспетті. (178 сөз).

[2]


  1. Мәтіннің тілдік ерекшеліктері мен жанрын сипаттайтын дәлел келтіріңіз.





Тілдік ерекшеліктері Жанры


1.
1.


2.
2.


3.
3.

[2]


  1. Перифраз түрінде берілген сұраққа мәтіннен жауап табыңыз.

1. Бүгінге ескірсе де емен қалпын сақтап, өңін бұзбай жеткені кемел дүние?


[1]

Жазылым
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшеліктерін сақтап, шағын мақала жазыңыздар. Тақырып бойынша сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыздар. Сөз көлемі: 100-120 сөз.



  1. Қазақстан - Байқоңыр - Ғарыш

Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы Т.Әубәкіровпен сұхбат жүргізіп, жазыңыз.



  1. «Мәңгілік елдің нұрлы жолы!»

«Бүгінгі студенттер мен мектеп оқушылар «Қазақстанның іргетасына қаланған әрбір кірпішін білуге тиіс».



  1. Қазақстанның айтыс өнері мен сөз мәдениеті.

«Сүйінбай мен Қатаған айтысы – айтыс өнерінің үздік мұрасы».
[10]



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет