«Мәңгілік ел» және «Рухани жаңғыру» - жаңа Қазақстанның фмлософиясы
ҚР Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мәңгілік Ел» - бұл барлық қазақстандықтарды біріктіретін жалпыұлттық құндылықтар және еліміздің болашағының іргетасын құрайды» деп атап көрсетілген. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының маңыздылығы, «Бір мақсат, бір мүдде, бір келешек» біртұтастығы.
«Мәңгілік Ел» идеясының маңызды құрамдас бөліктері болып табылатын азаматтық және жалпыұлттық идея қазақстандықтардың бойында патриоттық сезімі, ұлттық сана-сезімі, ұлттық рухы, азаматтылығы мен әлеуметтік белсенділігі жоғары деңгейлі зияткер әрі бәсекеге қабілетті тұлғаға тән қасиет-сапаларды жетілдіруге бағытталған. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негіздемесі жеті негізгі мемлекет құраушы жалпыұлттық құндылықтар болып табылады.
Мемлекет басшысының бастамасымен басталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, бұл шынында, ұлттық деңгейдегі ауқымды жоба.
Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыруды өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы «Рухани жаңғыру» дәлел. Осыған орай елбасымыз бірнеше принциптерін ұсынды. Білім бізге бұрын да, жаңғырған заманда да керек болады.
Нұрсұлтан Ә.Н. осы білімді болашақ жастардың қолында екеніне аса маңызды назар аударды. Қазір біз жаңартылған білім бағдарламасымен білім алып жатырмыз. Қазіргі таңда білім беру жүйесінің мақсатының бірі – қоғам қажеттіліктеріне сай көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық үлгісін қалыптастыру, бағалау жүйесі де өзгешелеу, критерияларды бағалау. Бұл бағалау баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуға ықыласын туғызады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында латын қарпіне көшу жолдары іске асырылуда. Өйткені қазіргі дамыған мемлекеттер қазақтың сөздерін емін-еркін осы латын қарпінде оқып, біздің құнды салт-дәстүрлерімізді, мәдениетімізді тағы да басқа құндылықтарымызды дәріптесек онда алдыңғы қатарлы елдің бірі боламыз деп ойлаймын. «Рухани жаңғыру» - біздің болашағымыз! «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген қадамдар іске асырылуда. Елбасымыздың салған ұлы бастамасы еліміздің көркеюіне, дамыған елдердің қатарына қосылуға, биік шыңдарды бағындыруға жетелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |