Жамбыл облысы, Меркі ауданы №7 орта мектебі



Дата25.01.2017
өлшемі244,11 Kb.
#7907
Жамбыл облысы, Меркі ауданы

7 орта мектебі


Қазақ және орыс әдебиетіндегі қиял-ғажайып ертегілердің арасындағы үндестік


Ғылыми зерттеу жұмысы

Секция: қазақ тілі

Бағыты: қазақ ауыз әдебиеті

Тақырыптың авторы: 8 сынып оқушысы Гусенова Калимат

Жетекші: Нурланкулова Айнура Мейрмановна


2014 жыл.

1

МАЗМҰНЫ:



1.

Мақсаты. Міндеттер.

1-2


2.

Жоспар. Жұмыс барысында қолданылған әдіс-тәсілдер.

3-4

3.

Кіріспе.

5-6

4.

1.Ертегілердің классификациясы

7-8

5.

II. Қиял-ғажайып ертегілердің ерекшеліктері

9-10


6.

III. Қиял-ғажайып ертегілердің

ұқсастықтары мен ерекшеліктері





11-12

7.

Қазақ, орыс қиял-ғажайып ертегілерін оқи отырып, ертегілердің құрылымы мен көрінісітерінің ұқсастығына байланысты, ертегілерді сараптай келе кесте



12

8.

Қазақ ертегілерінің ерекшеліктері



13-14

9.

Орыс ертегілерінің ерекшелігі



15-16

10.

Қорытынды.


17

11.

Біздің келешектегі жоспарымыз.

17-18

12.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

18












Қазақ және орыс әдебиетіндегі қиял-ғажайып ертегілердің үндестігі
Тақырыптың авторы:
Ғылыми жобаның жетекшісі:

Кеңесші:

Аннотация

Тақырыптың өзектілігі:

  • Осынау өркениетке ұмтылып отырған уақытта ұлттық болмысымыз қазақ ауыз әдебиетінің түрлерінің ішіндегі қиял-ғажайып ертегілердің маңызы туралы толық мағлұмат бере отырып, қиял-ғажайып ертегілердің ерекшеліктері мен үндестігін анықтау. Ауыз әдебиетінің ішіндегі қиял-ғажайып ертегілері қанша ғасыр өтсе де ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, бүгінде маңызын жоймаған, тәрбиелік мәні теренде жатқан тарихи мұра екенін жеткізу.

  • Осы тақырыпты алу себебім, қазақ әдебиетінен 5-сыныпта өткен қазақ ертегілерінің ішінде қиял-ғажайып ертегілер аса мені қызықтырды. Қиял-ғажайып ертегілері адамдардың арман мен қиялын танытады, болашаққа деген сенімін білдіреді.

Мақсаты:


  • Қазақ және орыс қиял-ғажайып ертегіледі зерттей отырып жалпы ұқсас ерекшеліктерін анықтау арқылы үндестігін табу.

3

Міндеттер:


  • Әдеби танымдықты арттыра отырып, әдеби мәтінге талдау жасау, қорытындылау.

  • Қиял-ғажайып ертегілерді салыстыру , ізденіс жұмыстарын жүргізу.

  • Мұрағаттан алынған материалдарды меңгеру.



Зерттеу нысаны: Жұмысының негізгі нысаны ретінде қазақ және орыс әдебиетіндегі қиял-ғажайып ертегілерді және ғылыми еңбектер алынды.

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы:

Ұсынып отырған ғылыми шығармашылық жұмыстың нәтижесін оқу орындарында , қазақ ауыз әдебиетіне қызығушылығы бар талапкер оқушыларға қолдануға болады. Орыс мектептерінде білім алатын орта буындағы оқушылар реферат жұмыстары мен ғылыми жоба жазу барысында көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.



Зерттеудің жаңашылдығы:

Ұлттық болмысымыз бөлек, бір топтық тілге жатпайтын екі халықтың эпикалық халық ауыз әдебиетін тереңірек білу үшін көмекші құрал ретінде қодануға болады.

5-сыныпта өткен қазақ ертегілерінің ішінде қиял-ғажайып ертегілер аса мені қызықтырады.

Екі елдің қиял-ғажайып ертегілерің салыстыра отырып, үндесітігін зерттедім.

Жұмыстың нәтижесін 5-6 орыс сыныптарында қазақ әдебиеті сабағында көрінекті құрал ретінде, әдеби оқуда қолдануға болады.

4

Жоспар:



  1. Ғылыми жұмыстың мақсатын анықтау.

  2. Ғылыми жұмыстын жоспарын құру.

  3. Қазақ ауыз әдебиетімен тереңірек танысу

  4. Қазақ және орыс қиял-ғажайып ертегілерін оқу, салыстыру.

  5. Ертегілердің ерекшеліктері туралы кесте құру

  6. Мұрағаттардан, облыстық кітапханадан алынған ғылыми әдебиеттермен танысу.

Жұмыс барысында қолданылған әдіс-тәсілдер:

  1. Бақылау әдісі:

  2. Тарихи әдіс

  3. Аналитикалық әдіс.

  4. Салыстыру әдісі.

  5. Іздену әдісі.

  6. Зерттеу әдісі.

Жұмыстың құрылымы:

Ғылыми жоба кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Пайдаланған әдебиеттер тізімі соңынан берілді.


Кіріспе.
Біздің ұсынып отырған ғылыми жобамыздың тақырыбы « Қазақ және орыс әдебиетіндегі қиял-ғажайып ертегілердің үндестігі.

Осы ғылыми жобаны алу себебіміз, 5-6 орыс сыныптарында қазақ ауыз әдебиетінен оқып бастағнда ауыз әдебиетінен бастайды. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін, екі елдің ауыз әдебиетін салыстыра отырып оқытса, әрине оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығы артады.


5

Мен жетекшіммен бірлесіп қазақ аузы әдебиетімен танысқаннан кейін, ертегілердің түрлерін өттік және орыс ертегілерінен ұқсастығын, ерекшеліктерін байқап салыстыру жұмыстарын жүргіздім.

Сонымен ертегілер-ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан көлемді саласының бірі болып табылады. Ертегілер халқымыздың тарихын, дүниетанымын, тұрмысы мен салтын, әдет-ғұрпын, нанымы мен сенімін білдіреді. Етегілер қоғам дамыған сайын адамның да ой-санасын өскен, өмірге деген көзқарасы өзгереді. Қазіргі заманның жетістіктерін көре отырып, ертегі оқиғаларындағы халық арманының іске асқаның байқаймыз.

Қазақ ертегілері өзінің тақырыптары, көтерген мәселелері, мазмұнына байланысты қиял-ғажайып ертегілері, түрмыс-салт ертегілері, хайуанаттар туралы ертегілер, шыншыл ертегілер болып бөлінеді.

Қиял-ғажайып ертегілердің оқиғасы қиялға, фантазияға құрылады, өмірде болмайтын нәрселер туралы баяндалады. Кейіпкерлері қиялдан туған жалмауыз, жезтырнақ, мыстан кемпір, алып дәу және солармен күрескен батырлар болып келеді. Сонымен қатар адамға көмектесетін қанатты тұлпарлар, құстар да қиялдан туған бейнелер. Қиял-ғажайып ертегілері адамдардың арманы мен қиялын танытады, болашаққа деген сенімін білдіреді. Ертегінің қарапайым кейіпкері арманына жету үшін жолында кездескен барлық кедергілерді ақылмен, айласымен, достарының көмегімен жеңіп отырады. Қиял ғажайып ертегілер «Ер төстік», «Керқұла атты Кендебай», «Ыста тас» «Алтын сақа», «Тас болған шаһар» , ертегілер түрлері өте көп.

Қиял ғажайып ертегілер қазақ ертегілерінің ішінде ең көнесі болып табылады. Қиял-ғажайып ертегілері көп дәуірді бастан кешіргендіктен, өзгерістерге де көп ұшыраған. Қиял-ғажайып ертегілерінің екі саласы бар: бірі қазақ ертегілерінің өз тумасы, екіншісі сырттан келген ертегілер. Олар көбінесе үнді, парсы, араб, моңғол, Алтай, Сібір елдерінен келген ертегілер. Сырттан келген ертегілер қазақ ертегілерімен араласып, жаға бір мазмұнға, түрге ие болған. Қазақ қиял-ғажайып ертегілерінің кейіпкерлері «ай десе-аузы, күн десе-көзі» бар сұлу, не алтын шашты қыз, солармен қатар жалмауыз кемпір, жезтырнақ, жалғыз көзді жалмауыз, мыстан кемпір. Солармен қатар айдаһар, жеті басты жылан, алып қара құс, тұлпар ат, басы алтын, арты күміс киік сияқтылар араласып отырады. Бұлардың бір тобы ертегі кейіпкерінің досы болса, бір тобы қас жауы болып әрекет етеді. Бұл кейіпкерлердің арасында кейде дос, кейде қас болып кездесетіндері де бар. Оларға таусоғар, көлжұтар, көреген, желаяқ, саққұлақ, жұмбақ жар, жылан патшасы, басы алтын киәк жатады.

Қиял ғажайып ертегілерінде зұлымдықты жеңетін күш-адам. Ол не әлсіз бала жігіт, не кедейдің жалғызы, не адал еңбекпен күнін көрген аңшы мен мерген ер болып келеді.
6
Қиял-ғажайып ертегілеріндегі адамға дос күштерден адамзаттың арманын тануға болады. Мысалы, «алты айлық жерді алты аттайтын тұлпар», өзі ұшатын кілем, көреген батыр, саққұлақ, желаяқ адам-адамның ұлы армандарын білдіреді. Адам ая,ы баспаған жерді көрсем, танысам, табиғат құпиясын ашсам деген арманынан туған дүниелер қиял ертегілерде кеңінен орын алған.


  1. Ертегілердің классификациясы:

Ертегілер фольклорлық (халықтық) және әдеби ертегілер болып екіге бөлінеді. Әдеби ертегілер авторлық ертегілер болып бөлінеді, өйткені өз авторы бар. Автор өз ертегісінде басты кейіпкерлерді өзі ойдан шығарады, өз сюжеттерін ойлап табады, біз сондықтан бұл ертегі Пушкиннің, Әуезовтың ертегісі деп есте сақтаймыз. Фольклорлық ертегілердің жеке авторы жоқ, өйткені ертегілердің авторы- қарапайым халық. Халық ауыз әдебиетінде ертегілер ғасырдын-ғасырға ауысша түрде жетіп отырған. Ертегілерді 200 жыл бұрын жазбаға түсіре бастаған.

Ертегілер өз сюжетіне байланысты халық ертегілері қиял-ғажайып, тұрмыс-салт, шыншыл , аң-құстар, жануарлар туралы болып бөлінеді.

Халықтың қиял-ғажайып ертегілерінен аңшы мергендер, қайраты мол ер жігіттермен қатар еңбек. адамдарының да ерліктері орын алады. Еңбек адамдарының неше түрлі гажайып жағдайда жасаған ерлік істері, оларға ұшатын кілем, сөйлейтін жануарлар тағы басқа заттар көмектеседі.

Тұрмыс-салт ертегілерінің кейіпкері қарапайым адамдар. Адамдардың шыншылдығы,озбырлығы және өмірдегі қиындықтар жайлы баяндалады. Бұл ертегілер өте қысқа сюжеттері бір бағытта болып келеді. Бұл жерде алыс сапарға шығуы, ғажайыпқа тап болу туралы байандалмайды. Бір жергілікті ауылды суреттеп баяндалады.

Жан-жануарлар туралы ертегілерді барлығымызға жақсы таныс, олардың кейіпкерлері- қу-түлкі, қорқақ-қоян, озбыр қасқыр , «Аю, қасқыр, түлкі бөдене», «Аю түлкі және арыстан», «Қоянның зары», «Күшік пен мысық» т.б. ертегілер жатады.

Тұрмыс-салт ертегілерде қойшы малшы, бақташылардың тұрмысы суреттеледі. Бұл ертегілерің өзіне тән ерекшелігі-өмірде болатын жағдайлар мен болмайтын нәрселердің араласып отыруы. Тұрмыс-салт ертегілеріне «Бозынген», «Аю, түлкі және қойшы», «Арыстан мен кісі» сияқты шағын, тәрбиелік мәні зор ертегілер жатады.
7

Шыншыл ертегілер-қазақ ертегісінің ең мол мұрасы.

Шыншыл ертегілердің қаһармандары қиялдан туған бейнелер емес, қарапайым еңбек

адамдары. Шыншыл ертегілерде күнделікті тұрмыс, қоғам, бай болып келеді. Мұндай ертегілерде күнделікті тұрмыс, қоғам, қатардағы адам мәселелері сөз болады. Адамның ақылы мен айласы жауыздықты жеңеді. Шыншыл ертегілерге «Аяз би», «Айлалы тазша», Дүмше молда»,»Атымтай Жомарт» және т.б. ертегілер жатады.




II. Қиял-ғажайып ертегілердің ерекшеліктері:
 
Мен өз зерттеушілік жұмысымда қиял-ғажайып ертегілерді зерттедім. Қиял-ғажайып ертегілер сюжеті бойынша басқа ертегілерге қарағанда өте күрделі. Ертегінің құрылымы басты кейіпкердің барлық кездескен қиындықтарды жеңіп шығуыда керемет адамгершілік қасиетін көрсете отырып суреттелуі. Басты кейіпкердің қиындықты жеңуде сиқырлы заттардың көмектесуі және олардың тапқырлығы туралы баяндалады.

Ертегілердің мазмұнына байланысты кішігірім эпизодтан тұрады.




Ертегілер мазмұнына байланысты кішігірім эпизодтардан тұрады:

Қазақ ертегілері: Орыс ертегілері:

«Ерте, ерте, ерте екен, «В некотором царстве, в

Ешкі жүні бөрте екен...» некотором государстве…»

берілген сертті бұзуы

жорыққа шығу (басты кейіпкердің қиыншылықты жеңуі)

жаза қолдану

ғажайып көмекшілер

мақсат-мұратқа жетуі

сиқырлы элементтерді қолдану арқылы жауға тез жетуі

басты кейіпкердің ерлігін мойындау

ертегінің бақытты аяқталуы

зұлымдықты жеңіп, арман -тілектерінің орындалуы.


Қиял-ғажайып ертегілерідің өзінше басталуы мен аяқталу ерекшеліктері:


Қиял-ғажайып ертегілерінің тағы бір ерекшелігі-өзінше басталуы мен өзінше аяқталуы.



Қазақ ертегілері

Орыс ертегілері

“Есте жоқ ескі заманда”

«…Стали они жить –поживать, добра наживать да медок попивать»

“Баяғы өткен заманда, дін мұсылман аманда”

«…И я там был мед-пиво пил: мед говорят был горек, а пиво мутно. От чего бы такая притча?»

“Ерте,ерте, ерте екен, ешкі жүні бөрте екен”.

«…Стал он с царевною жить да поживать, и теперь живут─ хлеб жуют»

“Барша мұрат басына жетіпті, сақалы сирағына жетіпті”

«На море, на океяне, на острове Буяне, стоит дерево – золотые маковки»

“Мұратына жетіпті”

«Жили-были старик со старухой была у них внучка Машенька»

“Сөйтіп олар, ел-жұртын жинап той жасапты”,-деп аяқталады.

«За тридевять земель жил царь стороны той государь»

Қиял-ғажайып ертегілердің құрылымы туралы тағы бір атай


9

кететін нәрсе, олардың тіл кестесі, сөздік құралдары,


жалпы әңгімелену ерекшелігі туралы. Бұл ертегілердің айтылу әдетіне өзінше басталу, өзгеріс аяқтаулар болады. Әңгімелеу үстінде белгілі бір кезеңдерде арнаулы кейіпкерлер оқиғаға араласқанда айнымай айтылып отыратын сөз айшықтары оқшау сөздерге кесте құрдым.

III. Қиял-ғажайып ертегілердің

ұқсастықтары мен ерекшеліктері


Ұқсастығы

Қазақ ертегісі

Орыс ертегісі

I.

Ерте-ерте, ертеде......,ешкі құйрығы бөртеде.... Баяғы өткен заманда.........

«Жили- были…

«В далеком городе жил царь



II. Ертегілердің құрылымы

Үш батыр, үш әпке, басты кейіпкердің қиын жағдайға тап болуы, елін, жерін қорғау үшін үйінен алыста болуы . Жаулары ұрлап кеткен қас сұлу ханшайымды іздеуі, сиқырлы, ғажайып заттарды тауып алу арқылы өз жауларынан қорғануы. Ержүрек батырлығының арқасында елін жерін қорғағаны туралы айтылады.

III. Жағымсыз кейіпкерлер.

Мыстан кемпір, таусоғар,

айдахар, алып дәу, жезтырнақ.



Баба – Яга,

чудо-юдо (трёхглавый змей), великан,Кащей Бесмертный,Леший.



IV. Сиқырлы заттар

Ұшатын кілем, сиқырлы сыпырғыш, ғажайып айна, өлі су мен тірі су .

V. Адам тілін білетін аң-құстар.

Бөрі, Самрұқ, қызыл сиыр.

Бүркіт.

VI. Ертегілердің бақытты аяқталуы.

Зұлымдықты жеңіп, бақыттың орнауы. Батырдың барлық тосқауылды жеңіп, ханның қызын қалындыққа алуы.


Өзгерістер:

Қазақ ертегісі

Орыс ертегісі

I. Ертегінің басталуы

“ Ерте, ерте ерте екен, Ешкі жүні бөрте екен,

Қырғауылы қызыл екен, Құйрық жүні ұзын екен»-деген жолдармен басталады.

“Барша мұрат басына жетіп, сақалы сирағына жетіп бір жан өмір сүріпті”.


Ертегінің басталуы:

На море, на океяне, на острове Буяне, стоит дерево ─ золотые маковки. По этому по дереву ходит кот-баюн: вверх идёт песню заводит, вниз идёт сказки сказывает. Это ещё не сказка, а присказка, а сказка вся впереди.



Ертегінің аяқталуы

Стали они жить благополучно — в радости и спокойствии, и теперь живут, хлеб жуют.



II. Сиқырлы сөздері

жоқ,

«Избушка, избушка на курьих ножках, повернись к лесу задом, ко мне передом!», «Сивка-бурка, вещая каурка, стань передо мной, как лист перед травой»

III. Үнемі қайталанып отыратын эпитет

жоқ,

Иван-Царевич, добрый молодец, красно солнышко, Василиса Премудрая

IV. Аңыз ертегілер

Жер-су аттарының шығу тарихы туралы:

«Оқ жетпес» шыңы, «Жұмбақ тас» туралы, «Балқаш көлі», Атақты сәйгүлік-тұлпарлардың шығу тегі

туралы айтылады.


жоқ,


11

Қазақ, орыс қиял-ғажайып ертегілерін оқи отырып, ертегілердің құрылымы мен көрінісітерінің ұқсастығына байланысты, ертегілерді сараптай келе кесте құрдым.


Қазақ ертегісі

Орыс ертегісі

“Алтын құс және сұр қасқыр”.

Иван-царевич и Серый волк

“Қаншайым мен жеті өнерпаз”.

“Сем семионов”.

“Үш ағайынды жігіт”.

“Сивка-бурка”.

“Жетім Ғаббас”

“Волшебное кольцо”

“Тазша бала”

“Хитрая наука”

“Апалы-сәңілі үш қыз.

“Во лбу солнце, на затылке месяц”.

Батырлар туралы ертегілер.

“Три богатыря”.

“Қызыл сиыр” ертегісі..pptx

Крошечка-Хаврошечка”

“Патшаның үш қызы”.pptx

“Аленкий цветочек”.

“Ақ қасқыр”

Царевна-лягушка”

12
Қазақ ертегілерінің ерекшеліктері:

Қазақ қиял-ғажайып ертегілерінің ерекшелігігі жылқы малы туралы бір отбасының кенже баласы туралы көп айтылады. «Керқұла атты Кендебай», «Аңшы бай» «Мұрагер», және т.б.


Қиял – ғажайып ертегілер – шығу тегі жағынан ертелік прозаның ең көнесі. Алғашқы қауымда пайда болған, жанрлық жанынан біркелкі емес. Бас қаhармандары: аңшы, мерген, кенже бала, тазша бала, жауынгер, батырлар, қарапайым халық. Ертедегі табиғаттың дүлей күштерімен алысып, күнделікті өмір үшін аң – хайуанаттармен күрескен кезде халықтың арманы соларды жеңетін күшті батыр, балуан, мерген болды. Ал кейінгі дәуірде рулық қоғам тұсында халықтың арманы- өз елін бөтен елден, жаудан қорғайтын батыр

Қазақ ертегілерін оқыған оқышылар ертегідегі ғажайып достарының көмегімен мейірімді, адал достықты ардақтайды, оның күшіне мол сенім білдіреді. Оқушы барлық заттарға көзқарасы өзгеріп, кішіпейілдікке, мейірімділікке, дос болуға ішінен ой қорытады. 

Бертін келе, экономиканың ілгері дамуы, қоғамдық қарым-қатынастардың алға басуы, адам баласының дүние танымының, ой-өрісінің, сана-сезімінің ұлғайып өсуі жалпы халық шығармаларына,’ соның ішінде ертегілерге көп әсер еткен. Осы негізде ертегілердің алғашқы үлгілері әр түрлі өзгерістерге ұшырап, жаңа ертегілер туа бастаған және онда адам баласының арман-мүддесі, ой-санасы, болашақтан күтетін үміті суреттелген. Осы ретте туған ертегілерден адам баласының түрмыс-тіршілігі, өмірі, ісі басты орын алады, қоғамдық-мәні бар мәселелер көтеріледі. Бұлардың бәрін халық ертегілері көркемдеп суреттеу, образдар арқылы бейнелеген. Бұл секілді жағдайларды қазақ ер-тегілері де басынан кешірген деуге болады. Алайда, қазақ ертегілерін сөз сткенде, біз оның ең алғашқы үлгілері, олардың мазмүны, көркемдік дәрежесі қандай болғандығы жайын анықтап айта алмаймыз. Өйткені ол ертегілер алғашқы айтылу қалпын сақтай отырып, біздің дәуірімізгс жеткен смес. Ауыз әдебиетінің басқа түрі секілді, ертегілерде ауызша шығарылып, ауызша тарағандықтан әр түрлі өзгерістерге ұшыраған, бір ертегіге бірнеше ертегінің әңгімесі қосылып араласқан. Бергі заманда туған ертегілер ертсе заманда шыққан кейбір ертегілердің алғашқы үлгілерін, олардың оқиғаларын бойына жинай да жүрген.

Осығанбайланысты тағы бір жайды ескерте кетелік. қазақ тілінде ауызша айтылып келген ертегілердің барлығын бірдей қазақ халқы шығарған жоқ. қазақ ертегілерінің ішінде ағайындас-аралас, көршілерден, атап айтқанда: орыс, қырғыз, өзбек, түркімен, татар, башқүрт,

13

қарақалпақ ха-лықтарынан алынған, бізге сіңісіп кеткен, өзіміздің төл-тумамыз болған ертегілер де бар.



Бұл алуандас ертегілер кездейсоқ түрде келіп енбеген. Ол қазақ халқымен көршілердің арасында көп заманга созылған экономикалық, ағайын-достық қарым-қатынастардың негізінде енгсн. Сөйтіп, қазақ халқы бұл сртегілердің жалпы мазмұнын алып, мәнерлеп әңгімелеген,.өзінің тума шығармасы стіп жібергсн. Сондықтан да біз оларды қазақ халқының ертегісі деп қарауға тиістіміз, қазақ ертегілерінің ел арасынан жиналып, хатқа түсуі, баспа жүзіне шығуы XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады . Бұл ретте Шоқан Уәлиханов, Г. Н. Потанин, В. В. Радлов, Диваев. Олар :

А. Е. Алекторов, А. Васильев, Н. Пантусов, Бибіт Дауылбаев, Ташмүхамбет Сейфуллин, 0. әлжанов, Ж Айманов, Б. Досымбеков, М. Ибрагимов, т.б.



Орыс ертегілерінің ерекшелігі:

Орыс қиял-ғажайып ертегілерінде жиі қайталанып отыратын кейіпкерлер; добрй конь-мейірімді жылқы, серый волк-сұр қасқыр, красная девица-әдемі қыз, добрый молодец- мейірімді жігіт, т.б. Орыс ертегілерінде ерекшеленіп тұратын сөздері; солнце красное, буйну голову повесил,т.б. Ертегілерде жиі кездесетін еркелетіп айтылатын сөздер; маленький, братец, петушок, солнышка, т.б. Тағы бір байқағаным күшейткіш сөздер өте көп айтылады; то, вот, как?, вот чудо-то!, пойду-ка я направо!, что за чудо!,т.б.

Ертегілер қарапайым халыққа түсінікті тілмен жазылған. Қиял-ғажайып ертегі шындықпен ұласып жатыр. Адамның арман-қиялынан туған. Қазақ және орыс ертегілерінің ұқсастығы жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге шақырады, қиыншылықты жеңіп шығып, жақсы өмір жасауға үндейді.

Орыс ертегілерінде даналық сөздер, өлең жолдарымен ұйқасып келеді. Ертегілерді жиі кездесетін басты кейіпкер Иван-царевич, өз елінің қорғаушысы, алып күш иесі болып суреттеледі. Ал Елена Прекрасная, Василиса Премудрая, әйел затының әдемілігі, ақылдылығын, махаббатқа беріктігін суреттейді.Ертегілердегі жағымды кейіпкерлер шаруа адамдары, болып келеді. Патшаның отбасы, сол елдің адамдары жайлы айтылады.

14

Орыс ертегілері алғаш жазбаға түсірген А.Н. Афанасьев ең көне ауыз әдебиетін жинаушы болып есептеледі. Орыс ауыз әдебиетін жинауда В.И. Даль балалар ауыз әдебиетін жинауда өз үлесін қосты. Орыс ертегілері де ұш топқа бөлінеді. Жануарлар , қиял-ғажайып, тұрмыс-салт ертегілері болып бөлінеді. Ең кең танылған жануарлар туралы ертегілерде де сиқырлы заттар қолданылады.




Қорытынды:

Біз қиял-ғажайып ертегілерді танып біле келе , ертегідегі кейіпкерлерді түсінеміз, жағымды кейіпкерге ұқсағымыз келеді. Зұлымдықпен жақсылықты тани білеміз. Өмірде кездесетін қиындықтарды жеңе білуге, адамдардың жақсы қасиеттерін бағалай білуге үйретеді. Қиял-ғажайып ертегілер әлемді танып білуге үйретеді. Адам қиялының ұшы-қиыры жоқ екенін білеміз.



Қазақтың Қиял - Ғажайып ертегілері жанрлық жағынан біркелкі емес. Оның құрамында алғашқы қауымға тән қарапайым, әңгімелермен бірге батырлық ертегілер кездеседі, сондай-ақ, тұрмыс-салтқа байланысты шығармалар ұшырасады. Демек, біздің Қиял - Ғажайып ертегілерміз жанр жағынан  дараланбаған. Қазақ Қиял - ғажайып ертегілердің тағы бір ерекшелігі - үнемі үдерісте болуы, яғни бір жанрдың екіншіге ауысып отыруы. Осы себепті Қиял - ғажайып ертегілерінің біразы жанрлық өзгеріске ұшыраған, олар қиял-ғажайып пен тұрмыс-салт ертегілерінің аралық жанры сияқты. Кей жағдайда Қиял - ғажайып ертегілері бүтіндей тұрмыс-салт оқиғаларын баяндап келеді. Қиял - Ғажайып ертегілердің құрылысына батырлық жыр үлкен ықпал еткен. Көптеген Қиял - ғажайып ертегілердің сюжеттік желісінде батырлық жырларындағыдай тұрақты кіріспелер мен қорытындылар бар. Әдетте, сюжеттің кіріспесінде ертегі қаһарманның дүниеге келуі мен оның дүниеге келуі туралы әңгімеленеді және қартайғанша  бір балаға зар болған ата-ана туралы,  

құдайдан бала сұрап, әулие-әмбиелердің басына түнеп, жалбарынады. Кемпір-шалдың тілегі қабыл болып, бала сүйеді. Ол - ертегінің бас кейіпкері, батыр, ержүрек жауынгерлер. Ал қаһарман туралы әңгіме біткен соң негізгі сюжетке жалғасатын қорытындыда кейіпкер мен оның жанындағылардың бұдан кейінгі тағдыры сөз етіледі. Қорытындыдағы бас кейіпкер көп жағдайда, негізгі сюжеттегі қаһарманның баласы немесе інісі болады. Ол ендігі жерде ағасы не әкесі бастап, үлгере алмай кеткен істі тындыруы тиіс. Қазақ Қиял - Ғажайып ертегілерінің сюжеттік құрамы біркелкі емес. Әлденеше халық, ұлтқа ортақ халықар. Сюжеттер де, көрші халықтар

15

ертегілерінің нұсқалары да, қазақтың өзіне тән оқиғалар да ертегілерге негіз

бола береді. Бұл кездейсоқ емес. Қазақ халқы өмір бойы басқа халықтармен қоян-қолтық аралас, тығыз қарым-қатынаста болды. Ерте заманда туып, көне дәуірдің көріністерін сақтап келсе де, Қиял - ғажайып ертегілер қазақ халқының тұрмысын, салтын бейнелейді, күнделікті өмірін көрсетеді. Қиял - Ғажайып ертегілердің бас қаһарманы, эстетикалық мұраты - халық арманы. Қазақ ертегілерінің бас қаһармандары, аңшы-мерген, жауынгер-батыр, кенже бала, тазша және басқа да әлеум. Теңсіздіктен жәбір көрген, әділдік іздеген бұқара өкілдері ("Қаңбақ шал"). Бұлардың бәрі халық арманынан туған кейіпкерлер

Рулық қоғам ыдырай бастаған кезде - арман басқа. Енді ол - ыдырап бара жатқан қоғамның дәстүрін қолдаушы, ата жолын қуушы. Қиял - Ғажайып ертегілер өмірге тікелей жақындап, бұқара арманын дәріптейді.

Қиял-ғажайып ертегілердің тәрбиелік мәні теренде жатқанын танып білеміз. Ертегілер әсіресе 5-6 сыныпта оқитын өзге ұлт өкілдерінің тілдік кедергілерді жеңуге аса үлкен көмек. Оқушының ауызекі сөйлеу тілін дамытады, мәнерлеп оқуға машықтандырады, шығармашылық тұрғыдан қиялдауын дамытады. Оқушының болашаққа деген сенімі артады.

Екі халықтың ғасырлар бойы достық қарым –қатынаста болғандықтан, ауыз әдебиетіндегі қиял-ғажайып ертегілерде өте ұқсас сюжеттер көп. Ертегілерді оқып, салыстыра келе екі халықтың тұрмыс жағдайындағы ерекшеліктерді анық көреміз.

Ертегілердегі ұқсастық - екі халықтың да зұлымдықты жеңіп, жеңіске жетуі, ойлаған мақсат, тілектеріне жетуі. Табиғатқа табынуы, қарапайым адамдардың шеберлігіне тәнті болу , сүйіспеншілікке, достыққа сенуі. Тәрбиелік мәні теренде жатқаның көреміз.




Біздің келешектегі жоспарымыз:

Қосымша:
Қазақ ауыз әдебиетінің ішіндегі қиял-ғажайып ертегілердің орыс

және қазақ ертегілердің орыс тілінде білім алатын мектеп

оқушылары арасында қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру.



  • Видеотаспа

  • Суреттер




  • Оқушы дәптері

  • Қосымша мәліметтер


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ :



  1. “История казахской литературы” 1-2 том. 1948.1960г. М. Әуезов.

  2. В стране сказок ( сказки, легенды, басни). Б.Ш. Казиев. Алма-Ата. “Мектеп” 1983 г.

  3. “Алтын сақа” по мотивам народной сказки (халық ертегінің ізімен) Алматы. “Атамұра” 2006 г.

  4. Казахские народные сказки “Жазушы” Алма-Ата.1971 г.

  5. Қиял -ғажайып ертегілер. Алматыү “Аруана” баспасы 2010 ж.

  6. Ерте, ерте, ертеде.... . Қазақ ертегілерінің антологиясы. Алматы “Аруана” баспасы. 2010 ж.

  7. Русские народныу сказки. Сборник. Детская литература,1983 г.

  8. Мелетинский Е. М, Герой волшебной сказки. Происхождение образа.-1958 г.

  9. Пропп В. Я. “ Морфология сказки” Москва. 1974г.

  10. “Народные русские сказки”. Москва “Художественные литература” 1989 г.

  11. Казахские народные сказки “Жазушы”. Алма-Ата. 1982 год.

  12. Валшебное кольцо” Москва “Дом” 1993 г.

  13. “В три девятом царстве в три десятом государстве” Ленинград “ Детская литература” 1991 год.

  14. Қасқабасов С. “ Казахская волшебная сказка. Алматы-1972 год.

17




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет