Жамбыл облысы, Талас ауданы, Майтөбе ауылы
А. Даулетбеков атындаға орта мектебінің сызу және бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі: Тұрлыбек Қ.Қ.
Пәні: бейнелеу өнері
Сыныбы: 6
1. Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнектер
2. Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: оқушыларға қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің түрлері, шығу тарихы, мағынасы жайлы түсінік беру, өрнектерді ою әдістерін үйрету.
ә) Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту, сабаққа қызығушылығын арттыру.
б) Тәрбиелік: ою-өрнек үлгілері арқылы әсемдікке, сұлулыққа, ұлттық өнерді құрметтеуге тәрбиелеу; эстетикалық талғамға сай жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
3. Сабақ типі: жаңа оқу материалын меңгерту.
4. Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.
5. Сабақ көрнекілігі: плакаттар, ою-өрнек үлгілері, слайдтар
6. Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабаққа даярлау.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын түгендеп, жұмыс орнын ұйымдастыру.
2. Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбын баяндау.
Ою-өрнек – қайталанатын ритмикалық элементтерден тұратын нақыш. Қазақтың «ою» және «өрнек» деген екі сөзі біріге келіп, латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Орнаменттің мағынасы – сәндеу, әсемдеу. Ою-өрнек бір затты ою, кесу, тілу, қию тәсілдері арқылы жүзеге асады. Ойылған, кесіоген, қиылған оюды екінші бір затқа кіріктіріп, жапсырып, желімдеп әшекейлейді, әсемдейді, түрлендіреді. Ою күнделікті тұрмыста үй жиһаздарын – сырмақ, текемет, көрпеше, кілем, сандық, кебеже, жұкаяқ беттерін киім-кешектерді, ыдыс-аяқтарды, қару-жарақ, зергерлік бұйымдарды т.б. безендіруде, сондай-ақ сәулет өнерінде кеңінен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |