Жамбыл облысы


«Құрылыс жұмыстарындағы қазақстандық қамту» есебін ұсынуға қатысты



бет4/4
Дата04.01.2022
өлшемі80,34 Kb.
#109189
1   2   3   4
Байланысты:
в МОН насчет кап ремонта
Растут квадратные метры
«Құрылыс жұмыстарындағы қазақстандық қамту» есебін ұсынуға қатысты

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары


Р.В. Склярдың 11.03.2020 жылғы № 24 хаттамалық тапсырмасына сәйкес құрылыста қолданылатын құрылыс материалдарының көлемі мен растайтын құжаттарды, СТ-KZ сертификатының нөмірін көрсете отырып, бекітілген кестеге сәйкес толтырып беру тапсырылды.

Аталған мәселе бойынша Құрылыс басқармасы аудан әкімдіктеріне 2020 жылдың 10 наурызында тапсырманы шұғыл орындау бойынша 10.03.2020 ж №02-0499, 17.04.2020 ж. № 02-0768, 29.06.2020 жылы № 02-1361 бірнеше рет хат жолданды. Алайда, аудан тарапынан ақпарат сапасыз ұсынылуда немесе мүлдем ұсынылмауда. Қазақстандық қамту мәселесі қазіргі уақытта өзекті екендігін және ҚР Президентінің бақылауында екендігін ескеріп, алдағы уақытта ақпаратты мезгілінде және сапалы ұсыну қажеттігін ескертемін. Тапсырма орындалмаған жағдайда, аудан әкімі және салалық орынбасарларға қатысты шара көрілетіндігін қаперіңізге беремін.



«Асар» тәсілімен тұрғын үй құрылысын жүргізуге қатысты.

Байзақ ауданында үй 11 салу жоспарланған, ол үшін баспанасы жоқ тұрмыс жағдайы төмен 11 отбасы анықталды, қазіргі уақытта 3 үйдің ғана құрылысы басталған. Мәселені қолға алып, үй құрылыстарын аяқтау бойынша тиісті шаралар қабылдау қажет. Ауданда қоғамдық кеңес мүшелерінің құрамынан тұратын жұмыс тобын құру, сондай-ақ мұқтаж жандардың тізімін қоғамдық кеңеспен қарап, бекіту қажет.



Баяндалғанның негізінде, жоғарыда аталған мәселелерді шешу бойынша тиісті шаралар қабылдап, нәтижесі бойынша Құрылыс басқармасына а.ж. 6 тамызға дейін ақпарат ұсыну қажет.

Ұ. Жазылбек


Орын. Р. Мұздыбеков,

Тел. 43-63-00

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет