Жан еді өлең үшін дара туған Кештің мақсаты



Дата31.12.2019
өлшемі170,41 Kb.
Жан еді өлең үшін дара туған

Кештің мақсаты: қазақ халқының рухани мәдениетінің ірі тұлғаларының бірі Төлеген

Айбергеновтың өмір жолы мен асыл мұраларын оқырман қауымға таныстыру арқылы жас ұрпақты өз Отанын сүюге тәрбиелеу,туған тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие негіздерін қалыптастыру.



Көрнекілігі: поэзия кеші өтетін залда Төлеген Айбергеновтің портреті,слайдтар,кітап көрмесі,ақын туралы қанатты сөздер.

Мұғалім:


Поэзия дейтін құдіретті әлемнің құрметті ақынына айналған Төлегеннің ғұмыры қысқа болса да,өлеңі мәңгілік .Төлеген Айбергенов шабыт қысқанда көкке парлай, самғай көтеріліп дүниенің тас төбесіне шығып алып, қиядан жүзіктей жұмыр жер, жалпақ әлемге назар салатын қыран көз, періште-қанат ақын. Ол ата жұрт — қазақ еліне қиырдан сағынып келді. Өле-өлгенше сол сағынышын баса алмай кетті. Алмағайып жылдарда айырылып қалған ата жұртының әрбір тау мен тасына, көл мен шөліне шөліркеп, алыс тарихи сапардан оралған аруана- бауыр жанның іңкәр көзімен қарады

Кемесiнде арманның, Жалау етiп өрлiктi.

Ескек етiп ерлiктi, Есiп келе жатырмын... Өсiп келе жатырмын» деп өрге ұмтылып, өлмес өлеңiмен қаламгерлер қауымының бел ортасында белсендiлiк танытып жүрген ақын отыздан жаңа асқан шағында дүние салды. Қазақ поэзиясында өмірімен де,өлеңімен де, қысқа ғұмырда лапылдап өткен шығармашылық шабытымен де үлгі боларлық ақындар аз болмапты. Соның бірі Төлеген Айбергенов. Бүгінгі поэзия кешіміз Т. Айбергеновке арналады.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, оқушылар!

Ақын Төлеген Айбергеновтың туғанына 80 жыл толуына арналған «Жан еді өлең үшін дара туған» атты поэзия кешіне қош келдіңіздер!

Бір тойым болатыны сөзсіз менің,

Дәл қай күні екенін айта алмаймын.

Бірақ...Бірақ...

Ешкімді де билетпей қайтармаймын!

Қыз қуатын жігітке ат беремін!

Жанам деген жүрекке от беремін.

Мен, әйтеуір,бар жиған-тергенімді

Бір тамаша той қылып өткеремін?!

Мұны айтқан тарпаң мінезді ақжарма ақын Төлеген Айбергенов еді.

II жүргізуші: Оның сол бір қиын-қыстау заманда бар жиған-тергенін ортаға салып,тамаша бір той ғып өткеретінін өзінен басқа ешкім де аңғарған жоқ -ты .Тіпті сол тойының қашан,қайда және қай күні болатынын да ақын ашып айта алмады.

Солай десек те,ақынның өзі осынау өмірде болсын-болмасын, сол бір тамаша тойдың ерте ме, кеш пе, әйтеуір күндердің бір күнінде болатынын сезген сыңайлы.



I жүргізуші:Сол күннен бері, әне-міне дегенше, аңдатпай жүріп, арада қырық жеті жылдың қалай зымырап өте шыққанын бүгін көріп отырмыз. Ал әлгі өтілуге тиісті өз тойын бұрын армандаған тұлпар мінезді арғымақ ақын Айбергеновтың 80 жылдығына арналған поэзия кешін ашуға рұқсат етіңіздер!



II жүргізуші: Өлең жазсам,тал бойым,

Қорғасын боп балқиды.

Шертіп бір сырлы сан күйді,

Домбыра көңілім шалқиды.

Жақсы өлең туса құттықтап,

Жатады шулап ну орман

Орындалғандай ну арман

Қалам бір шығып құмардан.

Бұл ақынның өлең туралы толғанысы еді.Арамызда Айбергенов жоқ,бірақ жыры, шығармалары қалды, жыр сүйгіш ұрпақтары қалды.Біз де бүгінгі кеште сөз кезегін ақынның өлеңдері мен әндеріне берейік.

Анама---- Жолдасова Аяулым

Ана---- Тұрсынбай Сымбат

Апаларым---- Халыбаева Жансая



I жүргізуші: Төлеген жырлары – қуаныш жырлары. Бірақ, бұл гүлге елтіген көбелек қуған серуеншінің қуанышы емес, қиынды көрген, қайғы мен қасіреттің де ащы дәмін татып байқаған адамзат адамның жүзеге асқан мақсаты мен орындалған арманының қуанышы. Бір жағынан Жібек баулы қырандай күй кештіріп, барша әлемді бауырына сыйыстырғанша сиыстырып кеткен жас тұлғамыздың бірі еді, тіпті бірегейі десек те жарасады.Соған бұл ақынның әр-бір жыры толық жауап беретіні хақ.

Перзент жыры---- Абдумуталипова Жанар

Туған еліме---- Тәжбен Нұрдәулет

Қаратау---- Маматов Қазбек

Ақынның өмірбаянымен қысқаша таныстырып өту.

Ақын өмірбаяны.(диафилъм )



II жүргізуші: Арғы тегі Ақтөбе өңірін жайлап,кейінгі кер заманда бір сыпырасы әрі кетіп, бір сыпырасы бері кетіп, яғни Кеңес үкіметінің қолдан жасаған аштық топалаңынан әркім басы ауған жаққа жол кезіп кеткен ұрпақтың ата-аналарының көземелімен қайта тоғысып, енді-енді ес жия бастаған сыңайлы.Соның кепілдігі болар жан-жаққа шашырап кеткен жанардың сәулесі санасы, ізгілікті істерінің өз атамекеніне ойыса бастағаны.

I жүргізуші: Осы жайдың бір куәгеріндей туған жері мен жүрген жерін, қала берді, ата-бабаларының атамекенін аңсап,сол өңірдің барша құнарын аталарының қанымен, аналарының ақ сүтімен бойына сіңірген Төлеген Айбергенов сияқты дүниеден жастай кеткен ұлы ақынымыздың жөні бір бөлек еді. Төлеген сонау ертеректе Арал теңізінің Солтүстігіне көзі жәудірей қарағанымен, Оңтүстігінде дүниеге келген сағынышты қай елдімекені болмасын көгертіп-көктетіп, әлсін-әлі жыр арқауына өзгеше өрнек төктіртіп отырғандығы барша қазаққа аян.

II жүргізуші: Ол өзінің ата-бабаларының мәңгілік ірге тепкен «Атамекені» және бұған қоса «Адамға» деген сүйіспеншілігін «Ақындық» жаралғысымен ала келгендей.Енді біз сол жырларға құлақ түрейік:

  1. «Атамекен» - Кемалова Дильназ

  2. «Адамдар» - Оралбай Әдемі

  3. «Ақындық» - Хамит Али

I жүргізуші: Төлеген – жыр әлемінде өзіндік үнімен еніп соңынан тұтас бір толқынды ерткен, қазақ поэзиясы тарихын да бүтін бір дәуірдің кілті болған тұлға. Оның өлеңдерін ынтыға тыңдамаған иісі қазақта ешкім жоқ. Осынау марқұм боп кеткен талантты сазгер жігіт Жеңіс Естілеуов ән жазған Айбергеновтың «Қош сәулешім», «Есіңе ал», «Сайрашы,сандуғашым», «Марфуға», «Өтті ғой,сәулем,ай талай»т.б.ән текісттері тыңдаушысын қай жағынан да баурап алатын асыл дүниелер!

Алаштың екі бірдей дарынды ұлы,Ш.Қалдаяқов пен Т.Айбергеновтің Атырауға бірге келген кезінен ескерткіш болып қалған «Ақ ерке-Ақ Жайық»әнінің қалай туғаны туралы біреу білсе, біреу білмес. Ақ Жайықтың көз тойғысыз ғажап сұлулығын асқақ романтикамен жырлайтын бұл әннің шығу тарихы мынадай.1965 жылдың желтоқсан айында ақын Т.Айбергенов пен композитор Ш.Қалдаяқов сол кездегі Гурьев облысын аралап, бір айдай жүріпті. Жайықтың бойындағы қалың тоғайдың ақ қыраудан сырға таққан талдары ақын мен сазгерді қатты тамсандырып, Төлеген қас-қағым сәтте сұлу жыр шумақтарын төгілдірте жазады. Көп ұзамай әні де дүниеге келеді.



7 сынып оқушыларының орындауында би «Ақ ерке –Ақ Жайық»

II жүргізуші: Төлеген лирикасының ең басты қаһарманы-сағыныш. Ол оқушысымен әр кездескен сайын сөзін сағыныштан бастайды.

Ей,адамдар,айналайын,туғандар.

Жалғыз минут тыңдаңыздар!

Мен сендерге көп болды сыр шертпедім.

Қазір мені жұлып алды төсектен...

I жүргізуші: Оның қай жырын оқысаңыз да осындай сағыныш сазы еседі.Туған жерге деген сағыныш, достарға деген сағыныш, өлеңге деген сағыныш... Шындап келгенде бұл,сағыныштың бәрі де ақын көкірегін өртеп бара жатқан алай-дүлей махаббат. «Сағыныш» деген бір тақырыппен төрт өлеңдік топтама арнаған екен,соның бір өлеңін тыңдап көрелік.

Сағыныш: Мұхтар Шахановқа.

Оқитын: Сайлауова Алуа



II жүргізуші: Ақынның қысқа да нұсқа жырларының өзі асыл тастан мөлдіретіп құйылған моншақтай көздің жауын алатынын қайтерсің.Тек тастан жасалған моншақты жан жоқ қой, ал Төлеген ақын керсінше жансыз дүниеден жанды әлемді мегзеп, өз оқырмандарының көңілін соған еріксіз аударып, жан дауасына айналдырып жібергеніне таңданасыз.

«Бір тойым бар»

I жүргізуші: Оқырманның ерекеше таңдандырып, тамсандыратын қасиетті ақын интуциясы.Болашаққа деген болжамы, көріпкелдігі, әулиелігі.

Өзінің өлең-жыр тойының мәңгі-бақи тарқамайтын,талай жыл бұрын болжаған ақынды «әулие емес» деп кім айта алады?! Оның тойы өлмей тұрып-ақ отызға толмай тұрып-ақ басталып кеткен еді.



Т.Айбергенов туралы диафильм

II жүргізуші: Құрметті қонақтар! Осымен құйма жырдың киесі Төлеген Айбергеновтың мерей тойына арналған бағдарламамыз мәресіне жетті. Сөз соңында,әрқашан ақынды еске алып,жырларын оқи жүрейік-дегім келеді.
Каталог: uploads -> doc -> 09e4
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
09e4 -> Бердіғалиева Толқын Беркімбайқызы Кулагино орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Еңбек өтілі 5 жыл
09e4 -> Сабақ мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет