Жандарбекова А. М



Дата05.09.2020
өлшемі226,59 Kb.
#77257
түріДиплом
Байланысты:
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және бағалау әдістері


Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті

Жандарбекова А.М.


Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және бағалау әдістері


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В050900 «Қаржы»

Қарағанды 2020

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті

Қорғауға жіберілді
Банк менеджменті және қаржы нарығы кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.д, профессор

Л.А. Талимова

_________________

«____»_______ 2020 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және бағалау әдістері»

5В050900 «Қаржы» мамандығы бойынша
Ф-32 ск/К студенті орындады А.М. Жандарбекова
Ғылыми жетекшісі

аға оқытушы К.А. Ермекова

Қарағанды 2020

МАЗМҰНЫ



КІРІСПЕ…………………………………………………………………..........

4

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ…………................................................................


6


1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты....................

6

1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың

ақпараттық негізі ..............................................................................................


12


1.3 Қаржылық жағдайды талдау әдістері ......................................................

24

2 «ТУРАНАГРОСЕРВИС» ЖШС – НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ ........................................................


30


2.1 «Туран АгроСервис» ЖШС-ның жалпы сипаттамасы ...........................

30

2.2 «ТуранАгроСервис» ЖШС қаржылық жағдайын талдау және бағалау әдістерін талдау ..................................................................................

31

3 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ БАҒЫТТАРЫ. БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІНІҢ КЕМШІЛІКТЕРІ МЕН ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫН ЗЕРТТЕУ ...................................................


53


3.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары ..

53

3.2 Кәсіпорынның жай күйін бағалау әдістерінің кемшіліктері мен оларды шешу жолдары ........................................................................

62

ҚОРЫТЫНДЫ ..................................................................................................


66

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ......................................................



68

КІРІСПЕ


Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Кәсіпорынның қаржылық жағдайына дұрыс талдау жүргізу және оның бағалау әдістерін қолданукәсіпорынның дамуы үшін маңызды.

Тақырыптың өзектілігі мынада: Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.

Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды камтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшылыққа ұсынуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейеді.

Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туыңдады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес. Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік - әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі.

Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше іс-әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, ма-териалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды.

Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу келмеске кетеді.

Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың ша-руашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.

Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз тандауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қызметінің нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қа-ражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негіздел-ген үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты тал-дау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арт-тыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оны бағалау әдістерінің қолданылуын зерттеу болып табылады.

Қойылған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттер қойылады:

- Қаржы менеджменті саласында алған білімімді қолдану;

- Өндірістік практикада жинаған тәжірибемді пайдалану;

- Қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және заңнамалық материалдарды жинақтау және өңдеу;

- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;

- Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жетіспеушіліктерді анықтау және оларды жою жолдарын ұсыну.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде «ТуранАгроСервис» ЖШС алынды.

Зерттеу пәні ретінде кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау және бағалау әдістері қарастырылды.

Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде қаржылық жағдайды талдаудың түсінігін ашуға негізделген. Бұл бөлім өзіне қаржылық жағдайды талдаудың мақсаттары, міндеттері және қажеттілігі, қаржылық талдаудың ақпараттық негізі, әдістері мен тәсілдері туралы ақпараттарды кіріктіреді.

Жұмыстың тәжірибелік бөлігі «ТуранАгроСервис» ЖШС-ның қаржылық жағдайын талдауға және оның нәтижелері бойынша қорытынды жасауға, сонымен қатар кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралар ұсынуға негізделген.

Жұмыстың теориялық базасы болып К.Ш. Дүйсенбаевтің, Э.Т. Төлегеновтың, Ж.Г. Жұмағалиеваның, В.В.Ковалевтің, А.Д. Шереметтің, Г.В.Савицкаяның еңбектері болып табылады.

Жұмыс барысында ҚР-ның заң актілері «ТуранАгроСервис» ЖШС - ның қаржылық есебі пайдаланылды.

Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорыннын қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе "қаржылық жай-күй" дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет "Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оның қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады" деп жазған.

Профессор Н.А Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. [1, 15 б.]

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондайақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым- қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады.

Кәсіпорынның уақытылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді.

В.М. Радионова мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы "қаржы ресурстарының қалыптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі" деп жазады.

М. Н. Крейнина, А.И. Ковалев және В.П. Привалов қаржылық жағдай ұғымын былайша түсіндіреді: ''Қаржылық жағдай - бұл қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіш-тер жиынтығы". [2, 6 б.]

Профессор И.Т. Балабанов "Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы, бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем қабілеттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен рентабельділік; қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу" - деп жазады. [3, 8 б.]

С.А. Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын келесі сөздермен баяндайды: "Кәсіпорынның қаржылық жағдайы - бұл бірқатар көрсеткіштермен сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде бағалау".

Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін жеткі-лікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістермен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік) қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыруы тиіс".

Зерттеушілердің көзқарасы бойынша, сенімділік кәсіпорын жұмысының үздіксіздігін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.

Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, мынадай ұғымды ұсынуға болады:

Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл сұрақ та арнайы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық тұрақтылықты "өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс процессінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы" деп түсіндіреді.

Қаржылық тұрақтылық - меншікті және қарыз қаражаттарының байланысы деп жазады. [4, 45 б.]

Енді біреулер "өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар, материал-дық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол бермейтін және де өз міндеттемелерін уақтысында қайтаратын шаруашылық субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады" деп жазады. [5, 78 б.]

Бұл ұғымды А.Д. Шеремет пен Р.С. Сайфуллин өте ықшам түрде анықтайды. Олардың ойынша "Қаржылық тұрақтылық - бұл әрдайым төлем қабілеттілігін кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы".

В.М. Родионова мен М.А. Федотова бұл ұғымды келесідей түсіндіреді: "Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуының өзіне тән айнасы - қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ қәсіпорынды кеңейтуге және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның қаржы ресурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады". Осы еңбегінде бұл авторлар одан әрі мына анықтаманы келтіреді.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы".

В.Г. Артеменко мен М.В. Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді: "Қаржылық тұрақтылық - бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жасайды.

Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады". [5, 12 б.]

Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеггемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.

Айта біз олардың кейінгі шешімдерімен келісе алмаймыз. "Қаржылық тұрақтылықтың мәні - қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады" - деп жазады В.Т.Артеменко мен М.В.Беллендир.

Біздің ойымызша бұл ұғымды А.Д.Шеремет мен В.С.Сайфуллин дәлірек және анығырақ түсіндіреді. Олар қаржылық тұрақтылықтың мәні - бұл қорлар мен шығындардың қалыптасу көздерінен қамтамасыз етілуі - деп түсіндіреді.

Э.А.Маркарьян мен Г.П.Герасименко да дәл осындай көзқараста. [6, 85 б.] "Кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есептесу мүмкіндігі" немесе "Сауда, несие және басқа да төлем сипатындағы операциялардың нәтижесінде пайда болатын кәсіпорынның төлем міндеттемелерін уақтылы және толық орындау мүмкіндігін көрсететін телем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі болып табылады" Кәсіпорынның жұмысы нарық жағдайына өтумен бірге оның қаржылық жағдайы және оны сауықтыру жолдарын іздеу жөніндегі сұрақтар да шиелінісе түсті. [6, 89 б.]

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді, оларды В.М. Радионова және М.А.Федотова келесідей түрлерге жіктейді:

1) пайда болу орнына байланысты - ішкі және сыртқы;

2) нәтижесінің маңыздылығына байланысты-негізгі және негізгі емес;

3) құрылысы бойынша - қарапайым және күрделі;

4) әрекет ету уақыты бойынша-тұрақты және уақытша.

Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.

Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.

Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі - активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнеркәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.

Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.

Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін тигізеді.

Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па? - деген қауіп туады. Және де бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен роль берілген.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:

- кәсіпорынның салалық топқа жатуы;

- шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;

- төленген жарғылық капиталдьщ мөлшері;

- шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;

- қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;

- кәсіпорындарды басқару тиімділігі.

Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.

Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз кон-трагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу - жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты "кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорынның қаржылық жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс. Сондай-ақ, бұл жыл сайын өз облигациясы бойынша белгілі бір пайызбен алғысы келетін, ал заем мерзімі біткен уақытта-облигация құнын толық өтеуді талап ететін облигация иелеріне де қатысты. Кез келген коммерциялық кәсіпорын сияқты банктер де өз несиелерімен тәуекел ете отырып несие алушының өз қарызын уақытында және толық өтеуін қалайды, сондықтан оны беру туралы шешім қабылдай отырып, кез келген банк өз клиентінің қаржылық жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз етілуін тексереді. Басқаша айтқанда, кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктер осы кәсіпорынға несие беру орынды ма, жоқ па, ал бұл сұрақты дұрыс шешкен жағдайда - қандай пайызбен және қанша мерзімге деген сұрақтарды шешудегі негізгі белгі болып табылады. Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді және төлем қабілеттілігі жоғары кәсіпорындармен келісім-шартқа үлкен ықыласпен отырады. Тіпті қаржы органдары, әсіресе салық инспекциясы кәсіпорынның жағдайы тұрақты болғанын қалайды, себебі тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді уакытылы және толық төлей алады.

Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экокомикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін бағалайды.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл - талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызмет атқарады.

Кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарды деген сұраққа жауап береді: кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарды. Қаржы ресурстары жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де кәсіпорынның дамуына байланысты қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табылады, себебі қаржылық тұрақтылықтың жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілетінің жоқтығына және оның дамуына қажетті қаражатының болмауына, ал көп болуы дамуға кедергі жасап, басы артық қорлармен және резервтермен кәсіпорын шығындарын көбейтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржы-лық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:

- қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;

- активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;

- айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндетте-мелермен арақатынасын анықтау;

- қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;

- кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;

- ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;

- баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;

- кәсіпорын табыстылығын бағалау;

- кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;

- кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;

- кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.

Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның, шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады және ол 3 сатыны қамтиды:жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі - бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік-сату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.

Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорынның қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде өнім сапасының төмендеуі және оны сатудың қиындықтары кәсіпорын шотына ақша қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыс та бар, ол ақша қаражаттарының болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс процесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қаражаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек және материалдық ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап қорытылады.

Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі кәсіпорынның өзіндік қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс табады.

Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Біздің ойымызша, қаржылық жағдайды талдауды қаржылық тұрақтылықтан бастаған жөн және оған мыналар жатады:

- кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау;

- кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің құрамдық және құрылымдық динамикасын талдау;

- кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;

- баланс өтімділігін талдау;

- кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін талдау.

1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.

ҚР Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 "Бухгалтерлік есеп туралы" заң күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп беруге мыналар жатады:

1) бухгалтерлік баланс;

2) қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;

3) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.

Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-ақ қаржылық есеп беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен толықты-рылуы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап отырғандығы және каржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылуы тиіс. Мысалы, оған: субъектіге әсер етуші тәуекел мен белгісіздік туралы, қаржылық есепте жазылған міндеттемелер туралы түсініктерді жазуға болады. Нарықтағы географиялық сегменттер, сомалық ерекшеліктер, қызмет түрлері туралы ақпараттар, баға өзгерісінің әсері туралы мәлімдемелер және басқалары қосымша ақпарат ретінде қарастырылады.

Субъектілерге қаржылық есепті бухгалтерлік есеп стандартында анықталған жеңілдетілген түрде толтырып, көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл егер де төмендегі көрсетілген 3 шарттың кез келген екеуі орындалғанда ғана (соңғы 2 қаржылық жыл үшін) маңызға ие болады:

1) зейнетақыны, жәрдем ақша және басқа әлеуметтік төлемдерді есептеу, сон-дай-ақ жылдық табыс ҚР заңымен көрсетілген 10000 есе есептік көрсеткіштен аспайды;

2) қаржылық жыл бойы қызметкерлердің орташа саны 50-ден аспайды;

3) активтердің жалпы құны 60000 еселік есептік көрсеткіштен аспайды. Қазіргі кезде бізде қолданылып жүрген отандық қаржылық есеп негізі шамалары бойынша халықаралық есеп стандартының талаптарына сай келеді, себебі ҚР-да соңғы жылдары бухгалтерлік есепті халықаралық тәжірибеге бейімдей отырып реформалау процесі белсенді жүргізілді, ол біріншіден, негізін құраушы нарықтық қатынастар болып табылатын жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен, екіншіден, біздің еліміздің әлемдік экономикалық кеңістікке кіруімен байланысты.

ҚР-да бухгалтерлік есепті реформалау процесі барысында есеп беруді құру мақсаттарына жаңа көзқарастар пайда болды және оның бағыты өзгерді. «Қаржылық есептің мақсаты - бухгалтерлік есепті» №2 «Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептегі негізгі ашылулар» деген стандартында көрсетілгендей, бұл қолданушыны заңды тұлғаның қаржылық жағдайы және оның қызметінің нәтижелері мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайында болған өзгерістер туралы пайдалы, маңызды әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады. [7, 33 б.]

Қаржылық есеп негізінен өтелген жағдайлардың қаржылық нәтижелерін және де кәсіпорын үшін инвестициялық шешімдер мен несие беру бойынша шешімдерді шешу үшін, сондай-ақ субъектінің болашақтағы ақша ағьгмдарын және осы субъектіге сеніп тапсырылған ресурстар мен басқарушы органдардың жұмыстарымен байланысты ресурстар мен міндеттемелерді бағалау үшін қажетті пайдалы ақпараттарды сипаттайды. Алайда қаржылық есеп қолданушыларға экономикалық шешімдерді қабылдау үшін қажетті барлық ақпараттарды қамтымайды. Қаржы есебін пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер субъектінің ақша қаражаттарын айналдыру мүмкіндігін бағалауды, сондай-ақ оларды айналдыру уақытын есептеу және нәтижеге сенімді болуын талап етеді. Бұл нәтижесінде, субъектінің өз жұмысшыларына және жабдықтаушыларына ақы төлеу, пайызды төлеу, несиені қайтару және табысты тарату қабілетін анықтайды. Егер де қолданушылар тек қана субъектінің қаржылық жағдайын, қызметін және оның өткен есепті мерзімдегі қаржылық есебінің өзгерісін сипаттайтын ақпараттармен емес, сонымен қатар барлық қажетті ақпараттармен жабдықталған болса, онда олар, яғни қолданушылар ақша қаражаттарының айналдыру мүмкіндігін одан да жақсы бағалайды. Бірақ коммерциялық құпияны қорғау туралы заң қолданушылар алатын қаржылық ақпаратқа шек қояды, дегенмен олардың ішінде кейбіреулері (тергеу органдары, ревизорлар, аудиторлар) өкілдігі болған жағдайда қаржылық есепте көрсетілген ақпараттарға косымша ақпараттарды талап ете алады. Қолданушылардың көпшілігі қаржылық есепке қаржылық ақпараттың басты көзі ретінде сенуі тиіс.

Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің қызметі жөнінде қаржылық ақпараттардың жүйелендірілген бірден-бір көзіне, әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы шаруашылық субъектілерінің өзара негізгі байланысына және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық есептердің ақпараттық базасына айналды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.

Баланс - есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдар-дың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әр түрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмұны, оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушыларға да пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, аудиторлар жұмыс процесінде дұрыс шешім қабылдау үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынған және әдейі жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін көмек алады, ал талдаушылар қаржылық талдаудың бағытын анықтайды.

Баланс ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен өзінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудін мақсатқа сәйкестігі және оның шарттары туралы шешімдер қабылдай алады; өз салымдарының мүмкін болатын тәуекелділіктерін және берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің орындылығын және басқа шешімдерді бағалайды. Баланстың маңыздылығы соншалық, көп жағдайда қаржылық жағдайды талдауды баланстық талдау деп атайды.

Бухгалтерлік баланс қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің құрамы мен кұрылымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. Баланс көрсеткіштері кәсіпорынның капиталын орналастыру тиімділігін, оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруащылық қызметке жетуі, қарыз көздерінің көлемі мен құрылымын, сондай-ақ оларды ынталандыру тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік балансты талдау үшін және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда ақпараттың ең қажетті түрі болып табылады.

1997 жылға дейін бухгалтерлік баланс екі бөліктен: актив және пассивтен тұратын кесте түрінде құрылып келді. Активтер, баланс кәсіпорынының есепті кезеңде бақылап, таратып отыратын мүмкіндік және қарыздық күқық құны ретінде көрсетіледі. Пассивтер кәсіпорынның заемдар мен кредиторлық қарыздар бойынша міндеттемелері болып табылады, оларды өтеу мүлік құнының немесе келіп түсетін табыстың төмендеуіне әкеліп соқтырады.

Мүліктің түрлері және олардың қалыптасу көздері сапалық біркелкі белгілері бойынша топтастырылады. Осының нәтижесінде баланстың активі мен пассиві мүлік және онын қалыптасу көздерінің біркелкі экономикалық топтарының аз ғана санынан құралады, ал оның ішінде әр топ өз алдына жеке-жеке элементтер мен қорытындыланған керсеткіштерден тұрады. Актив пен пассивтегі бұндай жеке элементтер мен қорытындырылған көрсеткіштер баланс баптары деп аталады.

Баланстың актив бөлімінің құрылымына сай ерекшелік - бұл яғни баланс бөлімдері мен баптарының әр бөлім ішінде (шегінде) қатаң, белгілі бір дәйектілікпен орналасуы - яғни олардың өтімділік дәрежесіне байланысты мына принцип бойынша: өтімділік дәрежесі аз активтерден өтімділігі көп активтерге дейін, демек басында баланстың өтімділігі жағынан төмен бөлімдері мен бапта-ры жазылады, содан кейін өтімділігінің өсу деңгейіне байланысты жоғары өтімді активтер жазылады. Осы принцип бойынша активтің қорытынды баптары ең өтімді айналым қаражаттары (ағымдағы активтер) болып табылады олар қысқа мерзімді қаржылық салымдар, кассадағы, есеп айырысу және валюталық шоттардағы ақша қаражаттары, сондай-ақ басқа да ақша қаражаттары.

Баланс пассивінің бөлімдері мен баптары төлем мерзімінің жеделдік дәрежесіне байланысты мына принципке сай құрылды: төлем мерзімінің жеделдігі аз бағыттарынан жеделдігі көп бағыттарға дейін.

Бухгалтерлік стандарттың іске қосылуынан бастап бухгалтерлік баланс жаңаша анықталады және оның екі бөлігі мен элементтері де жаңаша сипатталады.

Олардың түсіндірмесі нарықтық экономикасы дамыған елдердің бухгалтерлік есеп және аудит тұрғысындағы жетекші ғалымдардың еңбектеріне арқа сүйейді.

Осыған орай ағылшын тілінен орыс тіліне аударылған оқулықтардың және тәжірибе құралдарының авторларының пікірлері теориялық көзқарас болып табылады.

Жоғары оқу орындарында экономикалық мамандық алатын студенттерге, бизнес мектептер мен экономикалық лицейлерге арналған ағылшын авторының "Бухгалтерлік талдау" деген оқулығында келесідей анықтама берілген: Баланс - бұл кәсіпорынның белгілі бір күндегі қаржылық жағдайының кестесі болып та-былады.

Активтер дегеніміз бұл кәсіпорын нені иеленеді және ол нені алуға тиіс, со-ны көрсетеді (немесе активтер - бұл кәсіпорынның иелігіндегі және алуға тиісті мүлкі); пассивтер - бұл кәсіпорынның өзінің біреуге берешек қарызы немесе борышы. Активтер сомасы әрқашан да пассивтер сомасына тең болуы тиіс. [8, 56 б.]

Ағылшын ғалымдары шығарған "Бухгалтерлік іске кіріспе" деген оқу құра-лында былай жазылған: Баланс - бұл белгілі бір күнге кәсіпорынға тиісті бар-лық активтер мен оның борыштарын анықтайтын пассивтерінің тізімі. Бұл бе-рілген уақыт мерзіміндегі бизнестің (іскерлік қызметтің) қаржы жағдайының бейнесі болып табылады. Актив пен пассивтің әр бабы ақшалай көрініске ие болады және де активтер сомасы әрқашан пассивтер сомасына тең болуы тиіс. [9, 13 б.]

Әрі қарай олар баланстың негізгі элементтерін келесідей сипаттайды: Активтер-бұл ұйымға тиісті немесе ол пайдаланатын бағалы нәрсе. Пассивтер - басқа біреуге тиісті нәрсе. "Пассив" термині таза бухгалтерлік ұғым болып табылады және ол кәсіпорынның қарызы дегенді білдіреді.

Капитал - пассивтердің арнайы түрі.

Капитал алғашқы капитал мен қызметте қалдырылған табысты қоса алғандағы меншік иесінің бизнестегі үлесі болып табылады.

Әлемдік банк өңдеп шығарған "Қаржылық есеп, аудит, есеп беру бойынша нұсқаулар" оқулығында бұл ұғымдарды былайша түсіндіреді: "Баланстық есеп - бұл белгілі бір кезеңде жасалған және осы кезеңдегі ұйымның жалпы қаржылық жағдайын бағалау үшін пайдаланылатын фотосурет. Қаржылық жағдай ұғымымен тікелей байланысқан баланстық есеп элементтері дегеніміз бұл активтер, пассивтер және капитал.

Баланстық есеп кәсіпорынның әрі қарайғы жұмысын камтамасыз ету үшін қазіргі уақытта қолда бар ресурстар туралы ақпаратты қамтиды. Ол сондай-ақ, бұл активтерді қаржыландыру көздері туралы ақпараттан тұрады. Мысалы, бұл көздер қарызға алынған ба, жоқ, әлде меншікті ме".

Аталған оқулықта бухгалтерлік баланстың бөлімдері (жақтары) мен элементтері келесідей анықталады:

«Актив дегеніміз - бұл өткен жағдайлардың нәтижесінде кәсіпорынмен бақыланатын және болашақта кәсіпорынға экономикалық табыс әкелетін ресурс.

Пассив - бұл өткен жағдайлардан пайда болған кәсіпорынның ағымдағы міндеттемесі.

Оны өтеу экономикалық табыс алумен байланысты кәсіпорын ресурстарының шығынына (сыртқа кетуіне) әкеліп соқтырады.

Капитал - бұл пассивтерді активтерден алып тастағандағы кәсіпорынның өзіндік қаражаты».

Көріп отырғанымыздай, бухгалтерлік баланс және оның элементтері туралы бұл анықтамалар біздің бухгалтерлік есеп теориясы бойынша оқулықтарымызда берілген анықтамалардан өте ерекшеленеді. ҚР-дағы бухгалтерлік есеп тура-лы заңды жасаушылар негіз ретінде батыс ғалымдарының еңбегін алып отыр. "Қаржылық есептің, субъектінің қаржылық жағдайын бағалаумен байланысқан негізгі элементтері - активтер, меншікті капитал және субъектінің міндеттемесі" болып табылатынын айта келе, олар қаржылық есептің бұл элементтеріне келесідей сипаттама береді.

«Активтер - бұл құндық бағасы бар кәсіпорыннын мүлкі, мүліктік, жеке мүліктік емес иелігі және құқығы болып табылады.

Міндеттеме - бұл тұлғаның (қарыз адамның) белгілі бір әрекетті басқа бір тұлғаның (несие берушінің) пайдасына жасайтын міндеті - мүлікті беру, жұмыс атқару, ақша төлеу және басқалар немесе белгілі бір іс-әрекеттен бас тарту, ал несие берушінің қарыз адамнан өзінің міндетін орындауын талап етуге құқығы бар.

Меншіктік капитал - бұл субъектінің өз міндеттемелерін шегеріп тастағаннан кейінгі активтері». [10, 87 б.]

Сонымен, қаржылық есептің негізгі элементтерінің анықтамасын түсіндіруде батыс елдерінен ешқандай айырмашылық жоқ деп айтуға болады.

Баланс бухгалтерлік есептің "Бухгалтерлік баланс және қаржылық есеп берудегі негізгі анықтаулар" №2 стандартымен анықталады. Ол активтердің, меншікті капитал және міндеттемелердің мәнін анықтайды, сондай-ақ қаржылық есеп беруде анықтауға жататын ақпараттарға деген талаптардан тұрады.

Баланста ұзақ мерзімді және ағымдағы міндеттемелердің жиынтық сомасы анықталады. Баланста ағымдағы активтер мен міндеттемелерді және олардың жиынтық сомасын анықтау, қаржылық есепті пайдаланушыларды кәсіпорын-ның қаржылық жағдайын бағалауда және дәлелді басқарушылық шешімдер қабылдауда қажет болатын ақпараттармен қамтамасыз етеді.

Пайдаланушылар үшін қаржылық есептің өте пайдалы екендігіне БЕС-2-нің 7-пунктінде ерекше көңіл бөлінген. Онда былай жазылған: "барлық маңызды ақпараттар, қаржылық есепті қолданушылар үшін анық және түсінікті болатындай дәрежеде ашылуы тиіс".

БЕС-2 және қаржылық есепті жасаудың әдістемелік нұсқаулары негізінде құрастырылған бухгалтерлік баланс көлденең түрде кестедегі көрсетілген көрсеткіштерден тұрады. [11, 15 б.] (Кесте- 1 қарау)

Алайда айта кеткен жөн, балансты құрудың түрін таңдау (көлденең, яғни екі жақты немесе тікелей) шаруашылық субъектілерінің шексіз құқы болып табылады.

Баланс активі мен пассивін құру принциптері бұрынғы қалпында қалып отыр, яғни активтер олардың өтімділік деңгейіне байланысты, өтімділігі төмен активтерден өтімділігі жоғары активтерге қарай, пассивтер принцип бойынша төлем мерзімінің жеделдік деңгейіне байланысты мерзімінің жеделдігі азынан көбіне қарай.

Тікелей түрде құрастырылған баланс 5 бөлімнен тұрады:

1) ұзақ мерзімді активтер;

2) ағымдағы активтер;

3) меншікті капитал;

4) ұзақ мерзімді міндеттемелер;

5) ағымдағы міндеттемелер.

Баланс қаржылық есеп беруде үш элементті сипаттайды: активтер, меншікті капитал және міндеттемелер. Қалған екі элемент - табыс және шығын - қаржы - шаруашылық қызметі нәтижелері туралы есеп беруде көрсетіледі.

Қаржылық жағдайды талдау барысында тек бухгалтерлік баланс мәліметтеріне ғана сүйенуге болмайды. Бұндай тәсіл біршама қарапайымдау, себебі бухгалтерлік баланс кемшілік пен шек қоюшылықтан ғана емес, олардың ең маңыз-дылары келесілер болып табылады:

1. Баланс табиғаты жағынан тарихи сипатта болады. Баланста келтірілген мәліметтер оны құрған кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесін көрсетеді. Бұл жағдайда баланс ақпараттары ретроспективалық және перспективалық талдау мақсаттары үшін қолданылуы мүмкін.

2. Баланс кәсіпорын қаржысында және міндеттемелеріңде статус-квоны сипаттайды, яғни пайдаланылып жүрген есеп саясатына сай осы кезеңде кәсіпорын жалпы қандай жағдайда тұр деген сұраққа жауап береді, бірақ бұл жағдайға ненің нәтижесінде жеткеніне жауап бермейді. Бұл сұраққа жауап беру үшін, тек қосымша мәліметтер ғана емес, сонымен қатар есеп және есеп беруде көрсетілмейтін көптеген факторлардың талдануы қажет (мысалы, ғылыми- техникалық прогресс, контрагенттегі қаржылық қиындықтар және басқалар).

3. Баланста салыстырмалы шаруашылық аралық талдау жүргізу үшін қажетті база жоқ. Ол кеңістіктік және уақыттық салыстырулармен қамтамасыз етпейді. Сондықтан оның талдауы динамикада жүргізілуі тиіс және мүмкіндігінше көрсеткіштерге, олардың орташа салық және орташа прогрессивтік маңыздылығына шолу жасаумен толықтырылуы тиіс. Осындай мақсатпен ұқсас кәсіпорындар тобы бойынша негізгі есептік көрсеткіштерді ашық жариялау қажет. Бұл қажетті орташа көрсеткіштерді есептеп шығаруға мүмкіндік береді.

4. Баланста кәсіпорынның қаражаттарының айналымы туралы мәлімет жоқ. Баланстың сол немесе басқа бабы бойынша соманың аз немесе көптігі туралы қортындыны баланстың көрсеткіштерін айналымының сәйкес сомаларымен салыстырғаннан кейін ғана жасауға болады. Мысалы, екі кәсіпорынның баланстарындағы "материалдар" бабы бойынша сомасы бірдей, яғни 5 млн. теңге. Бір жылдағы материалдар айналымы, бірінші кәсіпорында 60 млн. теңге, ал екіншеде 10 млн. теңгені құрады. Осыған сәйкес бірінші жағдайда материалдардың қоры жылдық тұтынушылардың 1/12 (5/60)-ін (айлық қор), ал екінші жағдайда 1/2 (5/10), яғни жылдық тұтынудың жартысын (жарты жылдық қор) қамтамасыз етеді.

5. Баланс есепті кезеңнің басы мен соңындағы мезгілдік мәліметтердің жиынтығы болып табылады, яғни онда осы балансты толтыру кезіндегі шаруашылық операцияларының жиынтығы жазылып отырады. Ол кәсіпорынның есепті кезең ішіндегі мүмкіндік жағдайын көрсетпейді. Бұл ең алдымен баланстың динамикалық баптарына қатысты, олар "материалдар", "дайын өнім", "тауарлар", "дебиторлық борыш" және басқалар.


Кесте-1

БЕС – 2 негізінде құрастырылған бухгалтерлік баланс




Активтер

Меншікті капитал және міндеттемелер

1

2

1. Ұзақ мерзімді активтер

1. Меншікті капитал

Негізгі құралдар :

- жарғылық капитал

- жер

- дивидендтер

- машиналар мен жабдықтар

- қайта бағалау сомасы

- басқа да негізгі құралдар

- резервтік капитал

- жинақталған тозуы

- бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)

- аяқталмаған күрделі құрылыс

- жиыны

Материалдық емес активтер:

2. Ұзақ мерзімді міндеттемелер

-гудвилл

- кайтарылуы қамтамасыз етілетін несиелер

- патенттер, тауарлық белгілер және басқалар

- қайтарылуы қамтамасыз етілмеген несиелер

- материалдық емес активтердіңамортизапиясы

- негізгі шаруашылық серіктестігі мен оның еншілес серіктестерінің бір - біріне берілетін несиелері

Инвестициялар:

- еншілес серіктестерге инвестициялар

- тәуелді серіктестерге инвестициялар

- басқадай инвестициялар



- кейінге қалдырылған салықтар

Дебиторлык борыш:

Жиыны:

- алынуға тиіс борыштар

3. Ағымдағы міндеттемелер

- алынған борыштар

- қысқа мерзімді несиелер және овердраф

- ішкі топтық операциялар нәтижесінде пайда болған негізгі шаруашылық серіктестігі мен оның еншілес серіктестерінің арасындағы дебиторлық борыш

- ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы бөлігі


- акционерлік қоғамның лауазымды

тұлғаларынын дебиторлық борышы



- кредиторлық борыш

- басқадай дебиторлық борыш

- төленуге тиіс вексельдер және шоттар

-алдағы кезең шығындары

- сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден алынған аванстар

Жиыны:

- салықтар бойынша борыш

кесте – 1 жалғасы


2. Ағымдағы активтер

- төленуге тиіс дивиденттер

- тауарлы-материалдық қорлар

-алдағы кезең шығындары

- негізгі шаруашылық серіктестігі мен оның еншілес серіктестігі арасындағы борыш

- ақша қаражаттары

- қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар



- акционерлік қоғамның лауазымды тұлғаларына борыш

- Дебиторлық борыш:

- басқадай несиелік борыштар

- ағымдағы активтерді сатып алуға қажетті

аванстық төлемдер

- алынуға тиіс шоттар

- алынған вексельдер



- төленуге берілген шығындар

- ішкі топтық операциялар нәтижесінде пайда

болған негізгі шаруашылық серіктестігі мен

оның еншілес серіктестерінің арасындағы дебиторлық борыш


-алдағы кезең кірістері

- акционерлік қоғамның лауазымды

тұлғаларынын дебиторлық борышы



- акционерлік қоғамның лауазымды

тұлғаларынын дебиторлық борышы



Жиыны:

Жиыны:

БЕС – 2 негізінде құрастырылған бухгалтерлік баланс көрсетілген.

Мысалы, жыл соңында қолда бар өнім қорларының үлес салмағының көп болуы мен дебиторлық борыштың айтарлықтай үлесі, мұндай жағдай жыл бойы осылай болды дегенді білдірмейді.

6. Баланста кәсіпорынның активтерін сатып алуда тарихи бағаны коддану принципі жүргізіледі, ол мүліктің жалпы алғанда нақты бағасын едәуір дәрежеде бұрмалайды. Баланстың жеке баптарына инфляциялық факторлар мен нарық коньюктурасының өзгерісі едәуір бұрмалаушылық әсерін тигізуі мүмкін. Инфляция, кәсіпорын пайдаланатын шикізат пен жабдықтарға бағаның өсуі және негізгі құралдарды жаңарту дәрежесінің төмен жағдайында көптеген баланс баптары функционалдық қызметі жағынан бірдей, бірақ есеп объектітерінің құны жағынан әр түрлі жиынтықты көрсетеді. Бұл әр түрлі есеп мерзімдерінде есептелген баланстың аттас көрсеткіштерінің салыстырмалығының бұзылуына әкеліп соқтырады. Әрине, ол сондай-ақ кәсіпорын қызметінің нәтижесін, оның шаруашылық қаражаттарынын "бағасын" (гудвилл) едәуір бұрмалайды. Бұл кедергі баланс валютасының кәсіпорын бағасының дәл құнын көрсетпейтіндігін дәлелдейді.

Баланс жиыны кәсіпорын активтері мен оны жабу көздерінің есептік бағасын ғана көрсетеді, ал осы кезде бұл активтердің нарықтык бағасы мүлдем басқаша болуы мүмкін және берілген активтің пайдалану мерзімі мен оның баланс-та көрсетілуі қаншалықты ұзақ болса, есептік баға мен ағымдағы нарықтық баға арасындағы айырмашылык соншалықты көп болады.

7. Баланс және қаржылық есеп берудің басқа да нысандары шаруашылық субъектісі қызметінің барлық жақтарын толығымен көрсетпейді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оның өзгеру перспективасы тек қаржылық сипаттағы факторлардың ғана емес, сонымен қатар көптеген құндық бағасы жоқ факторлардың да ықпалында болады. Олардың қатарында: мүмкін болатын саяси және жалпы экономикалық өзгерістер, саланы және кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын қайта құру, меншік түрінің алмасуы, қызметкердің кәсіби және жалпы білімдік дайындығы және тағы басқалар. Сондықтан қаржылық есеп беруді соның ішінде бухгалтерлік балансты талдау кешенді экономикалық талдаудың тек бір ғана бөлімі болып табылады.

Осы шектеулерге қарамастан, бухгалтерлік баланс кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды ақпараттық қамтамасыз етудің бірден-бір басты көзі болып табылады, ал оны оқу осы талдаудың алғашқы сатысы болып табылады.

Алайда кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізгенде баланс көрсеткіштерімен қатар қаржылық есеп берудің басқа да нысандарының көрсеткіштерін қолдану қажет, әсіресе кәсіпорынның жыл бойғы барлық табыс сомасын осы кәсіпорынның өзінің қызметін жүргізу үшін жұмсалған барлық шығындар сомасымен салыстырудан тұратын қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепті қолдану керек, оның баланстан айырмашылығы ол кәсіпорынның мезеттік суреті және қатып қалған қаржылық жағдайы емес, ол капитал козғалысы, есепті кезеңдегі субъектінің қаржылық нәтижесі болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның балансына қарағанда, бұл құжат талдаушы адам үшін анағұрлым маңызды және ақпараттық болып табылады. Ол бұл кәсіпорын табыс немесе зиян (шығын) әкелетіндігін анықтау үшін табыстар мен шығындар туралы жеткілікті мөлшерде бөлініп алынған анық көрсеткіштердің көмегімен белгілі бір кезеңдегі кәсіпорынның кызмет нәтижесіне баға береді. Батыс тәжірибесінде, балансты есеп берудің басты нысаны ретінде бөліп карастыратын біздің елге қарағанда, табыс және зиян туралы есепке біршама басымдылық берілуі кездейсоқ емес. Атап айтқанда, дәл осы үлгі американдық, ұлыбритандық және жаңазеландиялық фирмалардың жылдық есебінде бірінші болып келтіріледі. Мұның түп тамырын психологиялық тұрғысынан іздеген жөн, табыс батыс фирмалары қызметіндегі маңызды көрсеткіш болып табылады, олар сондықтан да оны ең алдымен сыртқы пайданушыларға әйгілеп көрсетуге тырысады.

Бұл есептің жасалуы №3 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес келесідей түрде болады.

Кесте – 2

Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп


Көрсеткішгердің аты

Код

Табыстар

Шығындар (зиян)

1

2

3

4

1. Негізгі кызметтен

алынатын табыс



010




*

2. Сатылған өнімнің (жұмыс, қызметінің) өзіндік құны

015

*




3. Жалшы табыс

020







4. Кезең










шығындары:










-жалпы және әкімшілік шығындар

025

*




-пайыздарды төлеу шығындар

030

*




-сату бойынша шығындар

035

*




5. Негізгі қызмет

бойынша табыс (шығын)



040







6. Негізгі емес қызмет бойынша табыс (шығын)

045







7. Салық салынғанға

дейінгі әдеттегі

қызметтен алынған

табыс (шығын)



050







8. Табыс салығы

055

*




9. Салық салынғаннан

кейін-гі әдеттегі

қызметтеналынған


060







10. Төтенше жағдайлардан

болатын табыс (шығын)



065







11. Таза табыс (шығын)

070






Субъект қызметінің қаржылық нәтижесі туралы есеп бухгалтерлік есептің №3 "Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп" стандартымен анықталады. Онда заңды тұлғаларды рет-ретімен құру және ұсыну мақсатында қаржы - шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі есептің баптарын жіктеу және есепке алудың тәртібі көрсетіледі, бұл өз кезегінде занды тұлғаның әр мезгілдегі есептік кезеңдердегі қаржылық есебі мен түрлі заңды тұлғалардың қаржы есептерін салыстыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ стандарт, негізгі қызметтен алынған табыс пен шығынды, төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан болатын табыс пен зиянды, сондай-ақ есеп кезіндегі есептік бағаның, есеп саясатының өзгеруінен және қаржылық есептегі елеулі қателерді түзетуден болатын әр түрлі табыс және шығындарды ашудың тәртібін анықтайды.

Табыстар мен шығындар баптарының арасын ажырату да субъектінің жұмысының нәтижесін көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл бөлімдерге әр түрлі баптар жатады. Мысалы, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп жалпы табысты, салық салынғанға дейін және салық салынғаннан кейінгі негізгі қызметтен алынған табысты және таза табысты көрсетуі мүмкін.

Бұрынғыға қарағанда бұл едәуір оңайлатылған. Мұнда табысты пайдалануды, бюджетке төлемді, табыс салығы бойынша жеңілдіктерді есептеу барысындағы шығындар ашып көрсетілмеген. Ол тек есепті кезеңдегі қаржылық нәтиженің қалыптасуын (таза табысты немесе зиянды) ғана көрсетеді.

Есепті кезеңде табылған табыстар мен шығындардың барлық баптары есепті кезеңнің таза табысын немесе шығынын анықтау барысында есепке алыңады.

Осылайша кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп, қаржылық есептің қалған екі элементі туралы - яғни табыс пен шығындар туралы мәліметтерден тұрады. ҚР Президентінің 1995 жылы 26 желтоқсандағы №2732 "Бухгалтерлік есеп туралы" заң күші бар Жарлығында, сондай-ақ ҚР-ның Ұлттық комиссиясының қаулысымен бекітілген бухгалтерлік есеп бойынша 1996 жылы 12 қарашада №2 каржылық есепті дайындау және тапсыруға қажетті Концептуалдық негізінде айтылғандай, бұл элементтер субъектінің қаржылық көрсеткіштерін өлшеумен тікелей байланысты. Табыстар активтердің көбейюін немесе міндеттемелердің азаюын көрсетеді, ал шығындар – активтер дің азаюын немесе есепті кезеңдегі міндеттемелердің көбеюін көрсетеді.

Табыстар мен шығындар баптарынын арасына койылған шектеулер тәжірибеде жалпы қабылданған болып табылады. Бұл шектеу, баптың қалыптасу көзі осы субъектінің ақша қаражаттарын болашақта айналдыру мүмкіндігін бағалау барысында белгілі бір маңызға ие болады деген негізде жүргізіледі.

№3 "Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі" ҚР шаруашылық субъектілерінің қаржылық есеп беруіндегі жаңа үлгі болып табылады. Бұл есепте кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі ақша қаражаттарының көздері анықталады және оларды пайдаланылу жолдары көрсетіледі. Кәсіпорынның есепті кезеңіндегі қаражаттары жеткілекті ме, соңы көрсетеді. Ол сондай-ақ қаражаттары жеткілекті ме, соңы көрсетеді. Ол сондай-ақ қолданушьшарды кәсіпорынның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің белгілі бір бөлігіндегі есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі мен шығыны туралы ақпараттармен қамтамасыз ете отырып, оларға кәсіпорынның қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауға мүмкіндік береді.

Ақша қаражаттары - бұл кассадағы және банк шоттарындағы қолма-қол ақша.

Операциялық қызмет деп субъектің табыс алу жөніндегі негізгі қызметін, сондай-ақ оның инвестициялық және қаржылық қызметіне қатысы жоқ, басқада бір қызметін түсінеміз.

Инвестициялық қызмет дегеніміз - бұл ұзақ мерзімді активтерді сатып алу және сату, өтелінетін несиелерді беру және алу.

Қаржылық қызмет, бұл нәтижесінде меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының құрамы мен мөлшері өзгеріске ұшырайтын субъектінің қызметі болып табылады. Субъект қызметінің барлық осы түрлері ақша қаражаттарының келіп тусуі мен шығуының негізгі арналары болып табылады.

Сонымен, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаған кезде тек бухгалтерлік баланс мәліметтері ғана емес сонымен бірге басқа да қаржылық есеп беру нысандарының көрсеткіштері, түсіндірме хаттағы мәліметтер және де есеп берудегі қосымша ақпараттар мәліметтері де қолданылады.

Қаржылық есеп берудің жаңа түрі, кәсіпорынның коммерциялық құпиясы болып табылатын ақпараттарына сүйенбестен, оның қаржылық жағдайын кешенді түрде талдауға мүмкіндік береді. [12, 28 б.]

1.3 Қаржылық жағдайды талдау әдістері

Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді кажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің негізгі ақпараттық көздері бар.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар: акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның каржылық жағдайы және есепті кезеңдегі шаруашылық кызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржылық газеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте субъектінің шаруашылық қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы кезеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметтерін жариялайды. Есеп берудің екінші түрі - басқару талдауы, бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп берудің ішіндегі жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша шығындар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп түрлері болады. Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті жояды. Ішкі талдау басқару есебі, ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы нарыққа өту кезеңінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда жаңа амалдар қажет.

Соңғы кездері мерзімді баспасөздерде, сондай-ақ жеке басылымдарда қаржылық талдауды жүргізу бойынша бірқатар әдістемелік ұсыныстар жарық көрді.

Бұл еңбектің авторлары кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оның жекелей көрсеткіштерін талдаудың әр түрлі әдістемелерін ұсынып отыр. Бұл әдістемелердің көпшілігінде олардың маңызды ерекшелігі болып табылатын, кәсіпорынның қаржылық жағдайының біздің отандык тәжірибеде қолданылмаған жаңа көрсеткіштерінің жүйесін толық талдауда.

Ондаған жылдар бойы барлық басқару деңгейлерінде және кәсіпорынның өзінде пайдаланып келген қаржылық жағдайды талдаудың қалыптасқан әдісінің, шаруашылық жүргізудің әкімшілік жүйесінің жұмыс істеу жағдайында және негізінен орталықтандырылған көздерден қаржыландырылатын мемлекеттік меншік үшін, сондай-ақ уақытша тартылған қаражаттарды (тұрақты пассивтер), айналым қаражаттарын және басқаларды мөлшерлеу мақсатында қолданылғаны түсінікті. Бұл жағдайлар шаруашылық жүргізудің тиімділігіне бағытталған бас-қарушылық шешімдерді қабылдауда кәсіпорынның дербестігін тежеп отырады және нарықтық қатынастар және кәсіпшілік қызметпен мүлдем үйлеспейді. Бұрынғы қолданылып келген талдау әдістемесінде әр түрлі баптардың мәндерін, баланс бөлімі мен топтарының жиындарын олардың мөлшерлік көлемдерімен салыстыру, мөлшерден ауытқуын зерттеу, бұл ауытқулардың кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығына қалай әсер етуін зерттеу шешуші роль атқарды.

Жаңа қаржылық есептің маңызды ерекшеліктерінің бірі - онда жоспарлық көрсеткіштер мен нормативтердің жоқтығы болып табылады.

Нарық жағдайында қаржылық жоспарлау кәсіпорынға оның қызметі жөнінде көптеген параметрлерді сырттан бекітетін орталықтандырылған әкімшілік сипатты жояды. Ол, ең алдымен бәсекелестік нәтижесінде сарқынды өзгеріп отыратын нарықтық коньюнктура жағдайында өзінің хал-жағдайын нығайтуға ұмтылатын кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің икемді стратегиясы мен тактикасын жасауға қызмет етеді. Қаржылық қызметте нормативтерді пайдалану кәсіпорынның өз еркінде, сондықтан нормативтер туралы ақпараттар, коммерциялық құпияға айналады. Жоспарланған номативтерден ауытқуды талдау, кәсіпорынның ішкі талдауының құрамдас бөлігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп беруге негізделген қаржылық жағдайды талдау, сыртқы талдау сипатына ие болады, яғни бұл кәсіпорынның қызметі туралы ақпараттардың шектеулі бөлігінен тұратын есеп мәліметтері негізінде осы кәсіпорынның мүдделі контрагенттерінің, меншік иесі немесе мемлекеттік органдардың берілген кәсіпорынның шегінде жүргізетін талдауы. Қаржылық жағдайды ішкі талдау әдістемесі, әрбір кәсіпорын үшін тек потенциалды әріптестерін бағалау мақсатында ғана емес, сонымен қатар қаржылық есепті сыртқы пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан алғандағы өзін-өзі бағалау үшін де қажет.

Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:

1) көлденең талдау;

2) тікелей талдау;

3) трендтік талдау;

4) салыстырмалы талдау;

5) факторлық талдау;

6) қаржылық коэффициенттер әдісі.

Көлденең (уақытша) талдау - есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.

Тікелей (кұрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы, яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар.

Тікелей және көлденең талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады. Сондықтан да есептік бухгалтер үлгі құрылымы секілді оның жеке көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.

Трендтік талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендтік талдау әрбір есеп позициясын бір қатар өткен кезендермен салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткіш негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.

Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған әдісі әр түрлі қаржылық коэффициенттерді пайдалану болып табылады.

Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреу бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынас ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициентерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.

Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффициенттерді талдаудың пайдалылығы оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл - қатынастарды талдаудың ең қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуының ішкі және сыртқы факторларын білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы экономикалық жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалар.

Қатынастарды үлкен байыптылықпен талдау кажет, өйткені тек бір ғана фактор алымына да, бөліміне де әсер етуі мүмкін. Негізінен қатынас деңгейі өткен кезеңдегі, теориялық дәлелденген салалық қатынаспен салыстырылады. Қатынасты талдау болашаққа бейімделуі тиіс.

Қатынасты талдаудың ролін асыра бағалаудың да кажеті жоқ, себебі олардың әмбебап мәні болмайды және диагностика үшін индикатор болып табылмайды. Әлдеқайда тереңдетілген талдау, қатынас негізінде жасалған шешімдерді әрқашан қолдай бермейді, себебі олардың деңгейіне келесілер әсер етеді, жекелеген кәсіпорындардың ерекшіліктері орташа салалық мәліметтер.

Сондай-ақ, өткен жылдардағы нақты қол жеткізілген деңгейдің қолайсыз болуы немесе оның сол өткен жылдар жағдайы үшін қолайлы болып, бірақ қазіргі және болашақтағы жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуі әсер етеді.

Қаржылық талдауды салыстырмалы көрсеткіштер негізінде жүргізудің шетелдік тәжірибесін механикалық түрде көшіріп алу, көп жағдайда тиімсіз, себебі бұл жағдайда біздің кәсіпорындардың өз ерекшеліктеріне назар аударылмайды. Нәтижесінде бір көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы туралы берілген кеңестер кейбір кезде расталмайды. Дегенмен, қаржылық жағдайды талдау барысында салыстырмалы көрсеткіштерді зерттеу қажет болады, себебі ол болып жатқан жағдайларды түсінуге және де оларды тек ағымдағы мезетте ғана емес, сонымен қатар болашақта да дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Әлдеқайда кең таралған және зерттелген көрсеткіштерге мыналар жатады: өтімділік, қаржылық тұрақтылық, табыстылық және іскерлік белсенділік.

Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау - бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың керсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып тыбалады.

Факторлық талдау - бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде - тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды керсеткішке біріктіргенде ол кері (синтез) болуы мүмкін.

Жоғарыда керсетілген әдістермен қатар, қаржылық жағдайды талдауда экономикалық (элиминирлеу, баланстық үйлесу және тағы басқа), сондай-ақ экономикалық және математикалық статистиканың (топтау, орташа және салыстырмалы шама, графиктік және иңдекстік әдістер, корреляция, регрессия және тағы басқа) дәстүрлі тәсілдері қолданылады. Белгілі бір экономикалық ғылым шегінде жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану кәсіпорынның қаржылық жағдайына терең талдау жасауға және шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, жағдайын жақсартуға байланысты ұсы-ныстарды дайындауға мүмкіндік береді.

Айта кеткен жөн, кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізудің дәйектілігі жөніндегі басылып шығарылған әдістемелік зерттеулердегі авторлардың ұсыныстары оқырмандардың назарын аударады.

Жалпы редакциясын В.И.Стражева басқарған, Беларусь Республикасының Мемлекеттік экономикалық университетінің авторлар ұжымы кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды алдымен оның активтері мен пассивтерін тал-даудан бастау ұсынылады, содан кейін кәсіпорынның төлеу қабілеті мен қар-жылық тұрақтылығын, сондай-ақ активтердің қайтарымдылығын талдауға және оның қаржы жағдайын қысқа мерзімді болжауға кеңес беріледі екен. [13, 36 б.]

О.В.Ефимов өзінің "Қаржылық жағдайды қалай талдау керек" деген еңбегінде талдау әдістемесін, әрбір шаруашылық жүргізушінің маңызды міндетінің бірі болып табылатын және де кәсіпорынның төлеу қабілеті мен өтімділігіне қосымша баға беруге мүмкіндік беретін мүліктік массаның кұрылымын бағалаудан бастайды.

И.М.Лоханина мен 3.К.Золкина алдымен есеп беруді құрастырудың сапасын тексереді, содан кейін оны оқуды жүргізіп, соның негізінде кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалайды, одан кейін кәсіпорынның мүліктік жағдайына және оның қалыптасу көздеріне, қаржылық дербестігіне және талдау қабілеттігіне тереңдетілген талдау жасайды.[14, 101 б.]

Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаудың соңғы (ерекше) әдістемесін А.Д.Шеремет пен Р.С.Сайфулин ұсынады. Ол талдаудың келесі бөліктерінен

қаржылық жағдайдың жалпы бағасы және есепті кезеңдегі оның өзгерісі; кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау; баланс өтімділігін талдау; кәсіпорынның іскерлік белсенділігін және төлеу қабілетін талдау.

Қаржылық жағдайды және оның есепті кезеңде өзгерісін салыстырмалы аналитикалық баланс-нетто бойынша бағалау, сондай-ақ қаржылық тұрақтылықты абсолюттік көрсеткіштерін талдау, олардың ойынша кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың басқа бөліктерін дамытуға тиісті оның негізгі бастапқы пунктін құрайды. Баланс өтімділігін талдау, тұрақтылықты талдаудан туындап, ағымдағы төлеу қабілеттілігін бағалап, болашақтағы төлем қабілеті мен қаржылық тепе-теңдіктің сақталу мүмкіндігі туралы қорытынды жасауға тиіс.

В.А. Андреев және В.В. Ковалев кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалауға байланысты жұмысты екі модульді құрылым түрінде ұйымдастыруды ұсынады: экспресс-талдау және тереңдетіп талдау. Экспресс-талдаудың негізгі мақсаты - бұл шаруашылық субъектісінің даму динамикасын және қаржылық жағдайын бағалау болып табылады. Оның шеңберінде қойылған мақсатқа көрнекті және жай қол жеткізуге мүмкіндік беретін негізгі көрсеткіштердің аздаған санының динамикасына есеп, бақылау және талдау жүргізіледі. [15, 21 б.]

Тереңдетіліп нақтыланған талдау экспресс-талдаудың бөлек тәртібін кеңейтеді, толықтырады және дәлелдейді. Оның мақсаты - шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы туралы, оның өткен есепті кезеңде қызметінің нәтижесі, сондай-ақ кәсіпорының болашақтағы даму мүмкіндіктеріне соңғы толық баға беру болып табылады. Осыған байланысты нақтылау дәрежесі аудитордың өзінің ықыласына байланысты.

Сонымен, қорыта айтқанда, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдауда аудиторлық түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдануға еркі бар. Оларды ұтымды пайдаланып, осы талдауды жүргізудің дәйектілігіне байланысты дұрыс әдісті таңдай отырып, аудитор қаржылық жағдайға терең, жан-жақты әрі кешенді талдау жүргізе алады, сондай-ақ объективті және анық баға береді, қаржылық тұрақтылықтың нығаюы мен кәсіпорынның табыстылығының өсуі жөнінде ұсыныстар дайындайды.


2 «ТУРАНАГРОСЕРВИС» ЖШС - НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ
2.1 «ТуранАгроСервис» ЖШС-ның жалпы сипаттамасы

Соңғы уақытта ауыл шаруашылығы техникасы жаңартылып, ескілердің орнына жаңа техника, комбайндар жаңа тракторлар келіп көбеюде. Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы техникасында қолданылатын қозғалтқыштар, жоғары сенімділік дәрежесімен ерекшеленеді және "тозуға" жұмысқа есептелген. Өйткені егіс алқаптарында техника жұмыс істеп тұрған кезең өте қысқа, бұл машиналар жұмыс істеу тәулігіне 24 сағат және аптасына 7 күн қызмет жасайды. Сондай-ақ кез келген басқа техника сияқты және осындай агрегаттарды жөндеу жиі қажет.

Соңғы уақытта ауыл шаруашылық өнеркәсібінде көптеген заманауи техника пайда болды. Еуро-3 стандарттары деп аталатын, бұл техника бұрынғыдан да сапалы жөндеуді қажет етеді.

Сондықтан фермерлер, қымбат заманауи техниканың иелері, өз машина жөндеу сервис орталықтары күрделі жөндеу жұмыстары қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы техникасымен ауыстырғанды жөн көреді.

Орман шаруашылықтарында да техникалық және маусымдық жұмыстар жүргізілуі тиіс және ағымдағы жөндеу бойынша аз еңбекті қажет ететін жұмыстар мамандандырылған жабдықтар, ал жөндеу кәсіпорындарында мамандандырылған жабдықтармен және білікті кадрлармен жүргізуге бейнетті жұмыс болып табылады.

«ТуранАгроСервис» ЖШС мына нөмір бойынша 180140041273 БСН тіркелген. Бас директор - Жаңғабыл Самрат Қайратұлы болып табылады. Ұйымның тіркелген күні-31.01.2018ж. Негізгі қызмет түрі - ауыл және орман шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету. Шағын кәсіпорындар түріне жатады. Заңды мекен-жайы: Қостанай қ., Плеханов көшесі, 17, 1 пәтер.

Кәсіпорын қызметінің бағыттары мыналар болып табылады:

- ауыл шаруашылығы және техникасы мен жабдықтарын ағымдағы және орман мақсатындағы күрделі жөндеу;

- ауыл шаруашылығы және орман мақсаттағы жеке кәсіпкер шеңберінде қызметті жүзеге асыру ұсынылады.

Қазіргі кезде техникасыз бірде-бір өндіріс жүрмейді. Тракторлар - тұрақты емес ауыл шаруашылығы, құрылыс өндірісі, орман шаруашылығы және халық шаруашылығының өзге де салалары. Техниканы пайдалану өте қиын. Шаруашылық иелері техниканың жөндеу және қосалқы бөлшектерді ауыстыруды қаншалықты жиі талап ететінін біледі. Автомобиль және трактор техникасы үлкен күш жүктеме алады. Таңқаларлық, тракторды пайдалану үнемі алдын алуды қамтиды, қосалқы бөлшектерді жөндеу және ауыстыру.

Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы техникасының әлемдік нарығы "Тұтынушының нарығы" болып табылады. Ауыл шаруашылығы және тракторлар жасаушы жетекші фирмалар өз техникасының тұтынушылары үшін қатал бәсекелестік күрес. Осы жағдайларда техниканың сапасымен және басқа да тұтынушылық қасиеттерімен қатар маңызды рөлде оны іске асыруда сервистік қызмет көрсету үлкен маңызды орынды ойнайды.

Шетелдік тәжірибесі көрсету сервистік қызметтер қызмет көрсету жүйесінің принциптері, фирмалар үшін жауапкершілігі барлық мерзім ішінде шығарылатын техниканы жұмысқа қабілетті күйде ұстау машина жұмысының кез келген режимінде пайдалану дамуының маңызды факторы болып табылады. Қазақстан Республикасы экономикасының аграрлық секторындағы техникалық сервис. Кәсіпорын келесі қызмет түрлерін көрсетуді жоспарлап отыр:

Техникалық қамтамасыз ету: регламенттік жұмыстар. Техникалық қызмет көрсету түрлері бойынша, талондар бойынша сервистік кітапшалар, бақылау-тексеру жұмыстары. Майлау-май құю жұмыстары. Бақылау-диагностикалық жәнереттеу жұмыстары. Қозғалтқыш (СО, СН құрамы және істен шыққан түтінцилиндрлердегі компрессия, отын қысымыжүйесі, майлау жүйесіндегі май қысымы, фазаларды тексеру деңгейін және тығыздығын тексеру. Аккумуляторлық батареяның электролиті, аспа (бақылау орнату бұрыштарын реттеу), ілінісу (жүру басқару люфты, диагностика электрондық басқару жүйелерін қарастыру. Агрегаттарды, тораптар мен бөлшектерді ауыстыру. Агрегаттарды, тораптар мен бөлшектерді ауыстыру қозғалтқыштарды, аспаларды жөндеу, жетекші көпірлер мен жетектер жетекші доңғалақтар, рульдік тежегішті басқару жүйесі. Механикалық қораптарды жөндеу ауыспалы берілістер. Электр жабдықтарын жөндеу. Электр сымдарының, электржетек элементтерінің, элементв жарық және дыбыс сигнализациясының, электрондық жәнеэлектр жүйелері. Шиномонтаж жұмыстары,дөңгелектерді теңгеру. Өзге де техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер қызмет көрсету және жөндеу. Қосымша орнату жабдықтарды радиоаппаратура, қосымша фарлар, механикалық тіркеу құрылғылары және олардың картерді қорғау элементтері қозғалтқыш, спойлерлер. Шыныларды ауыстыру және орнату. Шығару жүйесін жөндеу пайдаланылған газдарды пайдалану.

2.2 «ТуранАгроСервис» ЖШС қаржылық жағдайын талдау және бағалау әдістерін талдау


Баланс активтерінін құрамы мен құрылымының динамикасын талдау - кә-сіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінін абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.

Отандық есептік-аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын өнім және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың құнының өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны күмәнсіз.

Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың таратылуына талдау жасау үшін келесі 3-аналитикалық кесте құрылады. (Кесте - 3 қарау)


Кесте-3

«ТуранАгроСервис» 2019ж ЖШС баланс активтерінің құрамы мен құрылуы.




Активтер

Сомасы, мың тг.

Құрылымы, %

Өзгеріс (+ ; -)



Жыл басында

Жыл соңында

Жыл басында

Жыл соңында

Мың тг.

Үлессалмағы, %

Ұзақ мерзімді активтер



















Негізгі құралдар

147 795

210 260

40,03

58.44

+62 465

+42,26

Аяқталмаған өндіріс

45 300

17 280

12,27

4,80

-28 020

-61,85

Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар

18 590

18 590

5.03

5.17

0

0

Алдағы кезең шығындары

395

655

0,11

0,18

+260

+65,82

Жиыны

212 080

246 785

57.44

68,60

+34 705

+16,36

Қысқа мерзімді активтер







0,00

0,00

0

0,00

Тауарлы-материалдық қорлар

57 780

53 600

15,65

14,90

-4 180

-7,23

Дебиторлық борыш

91 595

47 525

24,81

13,21

-44 070

-48,11

Қысқа мерзімді қаржылық салымдар

0

670

0,00

0,19

+670




Ақша қаражаттары

1 505

5 470

0,41

1,52

+3 965

+263,46

Басқа да қысқа мерзімді активтер

6 290

5 715

1,71

1,58

-575

-9,14

Жиыны

157 170

112 980

42,56

31,40

-44 190

-28,12

Барлығы

369 250

359 765

100,00

100,00

-9 485

2,57

Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының есепті жылы 9 485 мын теңгеге немесе 2,57%-ға кемігенін көруге болады.

Бұл кәсіпорын дамуының теріс нәтижесін сипаттайды. Алайда активтерді талдай отырып, олардың қалай таратылғанын және есепті жылы неге көбірек көңіл бөлінгенін, сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильділігін (іске тартылу деңгейін) анықтау қажет. Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Алайда, кәсіпорын мүлік құныньщ өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі баланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет. Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстық құнын құру барысында жүргізіледі.

4-кесте мәліметтерін қарастыратын болсақ оған сәйкес қаражаттарды ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер арасына тарату жыл аяғына соңғылардың пайдасына шешілді. Егер ағымдағы активтердің үлесі жыл басында 14,88 пунктке аз болса (42,56-57,44), жыл аяғында ол 37,2 пунктке (52,33-47,67) дейін төмендеді және 31,40%-ды құрады.

Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін анықтау маңызды: ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу (мобильді) коэффициентінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін сипаттайды. Коэффициент мағынасы артқан сайын кәсіпорынның үздіксіз жұмысты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағы жағымды өзгеріс болып табылады - яғни мүлік әлдеқайда мобильді (іске тартылған) болады, бұл оның айналымдылығының жылдамдығын және оны пайдалану тиімділігінің өскендігін көрсетеді.

Талдау жүргізіп отырған кәсіпорындарда бұл коэффициенттің деңгейі жыл басында 0,43 (157170:369250), ал жыл соңында 0,31 (112980:359765) құрады. Кәсіпорын активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш - мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенті. Ол ағым-дағы активтер құнын ұзақ мерзімді активтер құнына бөлу арқылы анықталады.

Бұл қатынастың қолайлы және қауіпті көлемі, кәсіпорынның салалық ерекшіліктеріне байланысты. Өндірістік кәсіпорындарда берілген көрсеткіштің деңгейі 0,5-тен төмен болмауы тиіс.

Талданып отырған кәсіпорында бұл көрсеткіш деңгейі жыл басында - 0,74 (157170:212080), ал жыл аяғында - 0,46 (112980:246785) құрайды. Бұл коэффициент деңгейі иммобильді қаражаттардың өсу қарқыны мобильді қаражаттардың өсу қарқынан артуының нәтижесінде кеміп отыр. Есепті жылы біріншілер, яғни иммобильді қаражаттар 1,2 есеге (246785:212080) өссе, ал екіншілері - 28,12%-ға (-44190:157170100) азайған. Кәсіпорын ең төменгі қаржылық тұрақтылыққа, кәсіпорын міндеттемелері кепілдендірілген түрде ағымдағы активтермен өтелген жағдайда қол жеткізеді және келесі шарттың орындалуы осы тұрақтылықтың белгісі болып табылады: ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер қатынасының коэффициенті қарыз капиталы мен меншікті капитал қатынасының коэффициентінен артық болуы керек.

Әрі қарай кәсіпорынның мүліктік жай-күйінде қандай сапалық өзгерістер болғанын зерттеу қажет. Бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасын құрайтын және негізгі қорлары болып саналатын, оның өндірістік потенциалының маңызды элементінің жағдайын зерттеу қажет.

Кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі құралдардың нақты құнының (қалдық) үлес салмағының өзгеруі, ерекше назар аударады. Өйткені бұл көрсеткіш кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтаудағы басты бағыт болып табылады. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы жиынындағы негізгі құралдардың нақты құнының коэффициентінің мөлшері баланс активтерінің барлық сомасының 50 пайызынан кем болмауы тиіс.

Осы талдау бойынша баланс валютасындағы негізгі құралдардың қалдық құнының үлесі жыл басында - 40,03%-ды, ал жыл соңында - 58,44%-ды құрайды, яғни бұл көрсеткіштің теориялық мәнінен 8,44 пунктке асып отыр.

Әрі қарай ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымын талдау қажет. Кестеде келтірілген мәліметтер кәсіпорынның ағымдағы активтерінің жағымсыз динамикасын көрсетеді. Оларды жеке элементтер тұрғысынан зерттеу келесідей қортындыларды жасауға мүмкіндік береді. Ең мобильді активтер-яғни ақша қа-ражаттары бір жылда 3965 мың теңгеге немесе 263,46%-ға артқан болса, ал қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар жыл соңында - 670 мың теңгені құрады.

Кәсіпорынның материалдық айналым қаражаттары есепті жылы 7,23%-ға төмендеді және ол жыл аяғында 53600 мың теңгені құрады. Олардың үлесі 0,75 (15,65-14,90) пунктке азайған. Бұл жағдай, материалды айналым каражаттарының құрамында сұранысы жоқ немесе шектеулі сұранысқа ие болатын және де сол себептен өтімділігі төмен болып табылатын басы артық және қалып қойған материалдық құндылықтар, дайын өнімдер, нормадан тыс шикізат қорлары, материалдар, аяқталмаған өндірістер жоқтығын көрсетеді.

Есепті жылы дебиторлық борыш та әжептеуір азайған. Егер оның көлемі жыл басында - 91595 мың теңгені құраса, жыл аяғында ол - 47525 мың теңгені құрайды немесе 48,11%-ға төмендеген, ал ағымдағы активтер құрамындағы оның үлесі 11,6 пунктке азайды (24,81-13,21).

Айта қеткен жөн, кәсіпорынның қаржы жағдайына дебиторлық борыштың нақты бар болуы емес, онын көлемі, қозғалысы және түрі, яғни бұл борыштың пайда болу себебі әсер етеді. Дебиторлық борыштың пайда болуы кредиторлық борыш сияқты ақшаны аудару арқылы есеп айырысу жүйесі кезеңіндегі шаруашылық қызметтегі объективті процесс болып табылады. Дебиторлық борыш барлық уақытта есептеулер тәртібінін бұзылуы нәтижесінде туындап, барлық уақытта да қаржылық жағдайды нашарлатады деуге болмайды. Сондықтан да, оны меншікті қаражатты толығымен айналымнан шығару деп есептеуге болмайды, өйткені оның бір бөлігі банктік несиелендірудің нысаны болып табылады да кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне ешбір ықпал етпейді. Кәсіпорынның дебиторлық борышы қалыпты және өтелмеген болып екіге бөлінеді. Өтелмеген дебиторлық борышқа, төлеу мерзімі өтіп кеткен есеп айырысу құжаттары бойынша тиеліп жіберілген тауарлар үшін қарыздар жатады. Өтелмеген деби-торлық борыш айналым қаражаттарының заңсыз бұрмалануын және қаржы тәртібінің бұзылуын көрсетеді. Осыған байланысты талдаушы оның құрылымын зерттеу негізінде өтелмеген дебиторлық борышты анықтауы тиіс [16, 123 б.].

Осыдан кейін кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау бойынша қарастырдым.Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді. Кәсіпорынның төлем қабілеттігін талдау баланс өтімділігін талдаудан басталады.

Баланс өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынның “өтімділігін” анықтап алу керек.

Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілетілігі ұғынылады. Ал екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік - бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы.

Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойьшша да, келіп түсу уақыты бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі шын мәнінде баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу керек.

Баланс өтімділігін талдаудың мәні - активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады.

Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді:

А1. Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.

А2. Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады.

А3. Баяу өткізілетін активтер. Бұларға тауарлы-материалдық қорлар жатады.

А4. Қиын өткізілетін активтер. Бұлардың құрамында ұзақ мерзімдіактив-тержатқызылады.

Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады:

П1. Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер. Бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер, жұмыскерлермен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көле-мінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады.

П2. Қысқа мерзімді міндеттемелер - қысқа мерзімді несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.

П3. Ұзақ мерзімді міндеттемелер - ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар.

П4. Тұрақты міндеттемелер. Бұған меншікті капитал жатқызылады.

Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топтар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынастарда саналады:



Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбір тобы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес.

Жоғарыда келтірілген жүйедегі алғашқы үш теңсіздіктің орындалуы төртінші теңсіздікті орындау қажеттілігін туғызады, сондықтан актив пен пассив бойынша алғашқы үш топтың жиындарын салыстыру маңызды орын алады. Төртінші теңсіздікті “баланстау” сипатын алады, сонымен қатар терең экономикалық мәні бар: оның орындалуын қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі шарттарының сақталғандығын, кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының барын дәлелдейді.

Жалпы баланс өтімділігі мына формуламен анықталады:

К= (А1+0,5А2+0,3А3)/(П1+0,5П2+0,3П3)

Біздің кәсіпорын үшін оның мәні:

жыл басында – 1,3;

жыл соңында – 1,07;

Бұл көрсеткіштің қолайлы мәні 0,9 болып табылады.

Алайда бұл көрсеткіш кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу жөніндегі мүмкіндіктерін көрсете алмайды. Сондықтан, осы көрсеткішпен қатар, кәсіпорынның төлем қабілеттігін бағалау үшін, өтімді қаражаттардың жиынымен ажыратылатын, өтімділік көрсеткіштерінің бүтіндей жүйесі қолданылады.

Кәсіпорын жоғары немесе төмен дәрежеде өтімді болуы мүмкін, себебі ағымдағы активтердің құрамына әртекті төлем қаражаттары кіреді, бұлардың ішінде қысқа мерзімді міндеттемелерді жабуға арналған оңай өткізілетін де, қиын өткізілетін де қаражаттар болады. Қарастырылған жүйедегі маңыздылары болып үш көрсеткіш саналады: абсолюттік өтімділік коэффициенті, жабудың аралық коэффициенті және жабудың жалпы коэффициенті. Олар туралы төменде айтылады.

Баланстың топтастырылған баптарын 4-кесте түрінде көрсету орынды болады.

Кесте-4

«ТуранАгроСервис» ЖШС 2019 жылғы мәліметтері негізінде баланс активінің өтімділік дәрежесі және оның пассивінің мерзімінің шұғылдығы бойынша баптарының тобы.




Актив

Сомасы, мың тг.

Пассив

Сомасы, мың тг.

Төлеу артықтығы (+),

жетіспеушілігі (-)



Жыл басында

Жыл соңында

Жыл басында

Жыл соңында

Жыл басында

Жыл соңында

1.Ең өтімді активтер

1 505

6 140

1.Неғұрлым тезірек: 1) төленуге тиіс міндеттемелер

44 325

41 835

-41 820

-35 695

2.Тез өткізілетін активетер

97 885

53 240

2.Қысқа мерзімді міндеттемелер

24 450

18 520

73 435

34 720

3.Баяу өткізілетін активтер

76 370

72 190

3.Ұзақ мерзімді міндеттемелер

0

0

76 370

72 190

4.Қыин өткізілген активтер

193 095

227 540

4.Тұрақты міндеттемелер

300 080

298 755

-106 985

-71 215

Жиыны

368 885

359 110

Жиыны

368 885

359 110

-

-

Кесте - 4 -те активінің өтімділік дәрежесі және оның пассивінің мерзімінің шұғылдығы бойынша баптарының тобы сипатталған.

Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттігін анықтау анықтау үшін кәсіпорын активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және дайындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен қолданылады.

Үш көрсеткіш жиі қолданылады:

-абсолютті өтімділік коэффициенті;

-аралық өтеу (жабу) коэффициенті;

-жалпы өтеу (жабу) коэффициенті.

Абсолютті өтімділік коэффициенті ақша қаражаттары мен тез өткізілетін бағалы қағаздардың мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы ретінде есептеледі.

Ол баланс жасалған мерзімінде немесе жақын мезгілде ағымдағы қарыздар-дың қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді.

Осы көрсеткіштің дұрыс шектеуі келесі түрде болады:

Ка.ө 0,20,5

Бұл – ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі жедел өтелуі керек екендігін көрсететін төлем қабілеттілігінің қатаң белгісі.

Біздің кәсіпорын үшін оның мәні:

жыл басында – 0,02;

жыл соңында – 0,1;

Аралық өтеу коэффициентін есептеу үшін (немесе оның басқа аталуы: қауіпті өтім коэффициенті, өтімділіктің дәл коэффициенті) ақша қаражатының құрамына алдыңғы көрсеткіштің алымына дебиторлық борыш және басқа да активтер қосылады. Ол кәсіпорынның дебиторлармен өз уақытында есеп жүр-гізу жағдайында болжамданған төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғни ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі тек ақша қаражаты есебінен емес, сонымен қатар өткізілген өнімдер, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер бойынша түсімдер есебінен өтелетінін сипаттайды.

Аралық өтеу коэффициентінің қалыпты төменгі шегін бағалау былайша өрнектеледі:

Кар.ө

Біздің кәсіпорын үшін оның мәні:

жыл басында – 1,5;

жыл соңында – 0,98;

Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы өтеу коэффициенті) барлық ағымдағы активтердің жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің көлеміне қатынасын көрсетеді. Ол ағымдағы активтер мен міндеттемелердің қандай есесін өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана емес, сонымен бірге материалды айналым құралдарының басқа элементтері қажет болған кезде сату жағдайында бағаланатын кәсіпорынның төлемдік мүмкіндіктерін көрсетеді.

Жалпы өтеу коэффициенті өтімді құралдар жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің сомасын өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және сонымен баланс құрылымының тұрақтылық дәрежесін ғана емес, кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді қарыздары бойынша тез есептесе алу қабілеттілігін дәлелдейді.

Берілген көрсеткіш үшін мына шектеу қалыпты мән болып табылады:

Кағ.ө

Біздің кәсіпорын үшін оның мәні:

жыл басында – 2,6;

жыл соңында – 2,2;

Берілген шектеу кәсіпорынның өтімді құралдарға тиімді қажеттілік деңгейі ағымдағы міндеттемелерден 2 есе асуы қажет екендігін көрсетеді.

Жалпы алғанда соңғы екі өтімділік коэффициенттерінің шамалары талап етілген шектеуге жауап бергенімен, жыл соңында олардың мәндері азайып отыр. Сондықтан алдағы уақытта бұл құбылыстың қайталанбасы үшін, оның себептерін анықтаған жөн.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдаумен жұмыс жасадым.

Талдау жүргізушінің келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін талдау болады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оны құрылуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.

Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан да қаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің құрастырылу көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір кезең-дерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша қажеттілік туғанда, ол банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциалық несиелерімен жабылады.

Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға басты назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.

Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсеткіш арнайы әдебиеттерде әр түрлі атпен берілген (тәуелсіздік коэффициенті, автономдық коэффициенті), бірақ оның мәні бір ғана - бұл коэффициентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэффициентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтайды:

Ктс = Мк:Ак

Мұндағы: Ктс - тәуелсіздік коэффициенті;

Мк - меншікті капитал;

Ак - авансталған капитал (баланс валютасы жиыны, яғни қаржыландырудың жалпы сомасы).

Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екендігін көрсетсе, алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятындығын көрсетеді.

Батыс экономистері тәуелсіздік коэффициентінің неғұрлым жоғары деңгейде болғаны дұрыс деп санайды. Себебі бұл қаржы көздерінің тұрақты құрылымын сақтауға мүмкіндік береді. Инвесторлар, несие берушілер дәл осындай құрылымды таңдайды, себебі ол кәсіпорынға өздерінің міндеттемелерінің кепілдігін жоғарылатады. Неғұрлым кәсіпорынның қаражаты көп болса, соғұрлым үздіксіз жұмыс қамтамасыз етіліп, нарық жағдайында алға шығуға көмектеседі. Сондықтан кәсіпкерлер әр түрлі резервтерді құру жолымен және жарғылық қорға бөлінбеген табысты тікелей қосу арқылы өзіндік капиталды көбейтуге тырысады.

Қаржылық талдаудан кітаптардың бірқатар авторлары инвесторлар мен несие берушілерді қамтамасыз ететін, меншікті капиталдың оның жалпы сомасына қатынасының ең аз мәні 0,6 болып табылады деп есептейді. [21, 22 б.]

А.Д.Шеремет, А.М.Ковалев; В.П.Привалов, О.В.Ефимова және тағы басқалар бұл көрсеткіштің 0,5 деңгейдегі мәні кәсіпорынның барлық міндеттемеле-рін өз қаражатымен жабуды қамтамасыз ете алатын ең теменгі көрсеткіш бола алады деп санайды. [18, 6 б.]

АҚШ және Еуропа елдерінде тәуелсіздік коэффиентінің жоғары жетерлік деңгейі болып, 0,5-0,6 тең болатын меншікті капиталдың баланс валютасына қатынасы саналады. Бұл жағдайда несие берушілердің тәуекелдігі төмен болады: өз қаражаттарынан қалыптастырылған мүліктің жартысын сатып (қарызға алынған каражаттар салынған, екінші жартысы кейбір себептермен құнсызданған болса да), кәсіпорын өзінің қарыз міндеттемелерін жабуына болады.

Жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы келісім-шарттық міндеттемелер қатаң сақталатын және фирманың атағына үлкен мән берілген нарықтық экономикасы дамыған елдерде тәуелсіздік коэффициентіне мұндай жоғары талаптарды қоймайды (Жапонияда оны 0,2-ге дейін төмендетуге болады).

Жоғарыда келтірілген меншіктік коэффициентін 0,5-0,6 деңгейінде шектеуді орындау, қарызға берушілер үшін ғана емес, кәсіпорынның өзіне де маңызды. Сонтықтан талдаушыға, қаражат көздерін орналастырудың тиімділігін белгілеуге мүмкіндік беретін, құрылымына зерттеу жүргізіп баға беру қажет. Нарық жағдайында ол акпарат ішкі және сыртқы пайдаланушылармен жүзеге асырылады.

Ақпаратты сыртқы пайдаланушылар, мысалы, банктер, несие берушілер сыртқы пайдаланушылар, мысалы, банктер, несие берушілер капиталдың авансталынған капиталдың жалпы сомасындағы үлесінің өзгеруін, келісімшарттарға отырған кездегі қаржылық тәуекелдік жағынан баға береді. Меншіктік капиталдың үлесі төмендегенде тәуекелділік өседі. Кәсіпорын капиталының құрылымын зерттеу оларға кәсіпорын қызметінің кеңейгені немесе қысқарғаны жайлы айтуына мүмкіндік береді. Қысқа мерзімдік несиелердің төмендеуі және меншіктік капиталдың өсуі кәсіпорын қызметінің қыскарғанын көрсетеді. Бірақ бірыңғай мұндай қорытынды жасауға болмайды, себебі бұл қаражаттардың үлесі басқа факторлардың несие үшін және дивидендке пайыздық мөлшерлемелер әсерінен болуы мүмкін.

Каржылық есеп берудің активтерінің қалыптасу көздерінің құрылымын зерттеу үшін келесідей талдау 5-кестесі құрылады.(5 –кестені қарау)


Кесте – 5

«ТуранАгроСервис» 2019 ж ЖШС авансталынған капиталының құрамы мен құрылуы




Көрсеткіштер

Сомасы, мың тг.

Құрылымы, %

Өзгеріс (+;-)




Жыл басында

Жыл соңында

Жыл басында

Жыл соңында

Мың тг.

Үлес салмағы%

Меншікті капитал



















Жарғылық капитал

13 395

13 395

3,63

3,72

0




Қосымша капитал

223 375

223 375

60,49

62,09

0




Резервтік капитал

3 225

3 225

0,87

0,90

0




Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)

60 480

59 415

16,38

16,51

-1 065

-1,76

Жиыны

300 475

299 410

81,37

83,22

-1 065

-0,35

Ұзақ мерзімді міндеттемелер

0

0

0,00

0,00

0




Қысқы мерзімді міндеттемелер



















Қысқы мерзімді несиелер және овердрафт

5 325

3 175

1,44

0,88

-2 150

-40,38

Кредитолық борыш

44 325

41 835

12,00

11,63

-2 490

-5,62

Алдағы кезең кірістері

3560

3 570

0,96

0,99

+10

+0,28

Баса да несиелік борыштар

15 565

11 775

4,22

3,27

-3 790

-24,35

Жиыны

68 775

60 355

18,63

16,78

-8 420

-12,24

Барлығы

369 250

359 765

100,00

100,00

-9 485

2,57

Егер несие үшін пайыздық мөлшерлемелер дивиденттердің мөлшерлемелерінен төмен болса, онда тартылған қаражаты өсірген дұрыс, ал егер керісінше болса, онда меншікті капиталды пайдаланған дұрыс.

Әрине, авансталған капиталдың құрылымы жоғарыда қарастырылған жағдайларға тәуелді болады.

5-кестеден кәсіпорынның есеп беру жылындағы активтерінің қалыптасу көзі 9485 мың теңгеге немесе 2,57%-ға төмендегені көрініп тұр. Тәуелсіздіккоэффициенті0,814-ден 0,832-ге дейін немесе 0,018 пунктке өскен. Бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының (тұрақтылығының) аз да болса жақсарғанын көрсетеді. Бұны тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш болып табылатын қатыстырылған капиталдың барлық авансталынған капиталдағы үлес салмағы да дәлелдейді. Оны тәуелділік коэффициенті деуге де болады. Ол мына формуларменанықталады:

Кт = Қк:АК немесе Кт = 1 - Ктс

Мұндағы:Кт - тәуелділік коэффициенті;

Қк - қатыстырылған капитал;

Ак - авансталған капитал (баланс валютасы, жиыны);

Ктс- тәуелсіздік коэффициенті.

Бұл коэффициент авансталған капиталдың жалпы сомасындағы қарыздың үлесін сипаттайды.

Бұл үлес жоғары болған сайын, кәсіпорынның сыртқы каржыландыру көздерінен тәуелділігі жоғарылайды. Біздің кәсіпорынымызда оның деңгейі жылдың басында 0,186 (1-0,814), ал жыл соңында 0,168 (1-0,832) болды.

Келесі, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын меншікті ка-питалдың қатыстырылған капиталға қатынасын көрсететін қаржыландыру коэффициенті болып табылады.

Кқ = Мк:Қк

Мұндағы: Кқ - қаржыландыру коэффициенті;

Мк - меншікті капитал;

Қк - қатыстырылған капитал.

Бұл коэффициент жоғары болған сайын, соғұрлым банктер мен инвесторлар қаржыландыруға соғұрлым сенімді кіріседі.

Бұл коэффициент кәсіпорын қызметінің қандай бөлігі өз қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражатымен қаржыландырылатынын көрсетеді. Қаржы-ландыру коэффициенті <1 болатын жағдай (кәсіпорын мүлкінің көп бөлігі қарыз қаражатымен қалыптасқан) төлем қабілеттілігінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындатқанын көрсетеді. Біздің кәсіпорынымыз-да бұл көрсеткіш келесі берілгендермен сипатталады:

жыл басында - 4,37 (300475:68775);

жыл аяғында - 4,96 (299410:60355).

Батыс фирмаларында қаржыландыру коэффициентінің кері көрсеткіші кеңінен қолданылады, қатыстырылған капиталдың меншіктік капиталға қатынасымен анықталатын қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті:

Кқ/м = Қк:Мк

Мұндағы: Кқ/м - қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті;

Қк-қатыстырылған капитал;

Мк-меншікті капитал.

Бұл коэффициент кәсіпорын активтеріне салынған меншікті қаражаттың әрбір теңгесіне қанша қарыз қаражатын тартқанын көрсетеді.

Біздің кәсіпорынымызда бұл көрсеткіш келесі берілгендермен сипатталады:

жыл басында - 0,23 (68775: 300475);

жыл аяғында - 0,2 (60355: 299410).

Бұның мәні кәсіпорын есеп беру кезеңінің басында активтерге салынған меншіктік қаражаттардың әрбір теңгесіне қарыз қаражатының 23 тиынын тартқанын дәлелдейді. Есеп беру кезеңінің ішінде қарыз қаражаттары меншіктік салымдардың әрбір теңгесіне 20 тиынға дейін азайған.

Арнайы әдебиеттерде бұл көрсеткіш үшін қалыпты шектеу: Ккм<1. Егер оның мәні 1-ден асып кетсе, онда кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі мен тұрақтылығы қауіпті нүктеге (жағдайға) жетеді, бірақ жауап әр уақытта бір жақты бола бермейді.[2, 10 б.] Қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті салалы ерекшеліктерге, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сипатына және айналым қаражатының айналу жылдамдығына байланысты болады. Материалдық айналым қаражатының айналымдылығының жоғары көрсеткіштері және дебиторлық борыштың одан да жоғары айналымдылығы кезінде коэффициенттің қауіпті мәні бірден де асып кетуі мүмкін, ол сонда да кәсіпорынның қаржылық дербестігіне ешқандай әсерін тигізбейді. Кәсіпорынның ең төменгі қаржылық тұрақтылығын сақтау үшін бұл коэффициент ағымдағы және ұзақ мерзімді активтердің қатынас коэффициентінің мәнімен шектелуі қажет. [10, 5 б.]

Кәсіпорынның тәуелсіздік (дербестік) дәрежесін сипаттайтын ең бір маңызды көрсеткіштердің бірі қаржылық тұрақтылық коэффициенті болып табылады немесе оны басқаша инвестицияларды жабу коэффициенті деп атайды. Ол меншікті және ұзақ мерзімді қарыз капиталының жалпы (авансталған) капиталдағы үлесін сипаттайды және мына формуламен анықталады:

Кқт=( Мк + ҰМ ) / Ак

Мұндағы: Кқт - қаржылық тұрақтылық коэффициенті;

ҰМ - ұзақ мерзімді міндеттемелер;

Ак - авансталған капитал (баланс валютасы, жиыны);

Бұл дербестік коэффициентімен салыстырғанда анағұрлым жұмсақ көрсет-кіш. Батыс тәжірибесінде бұл коэффициенттің қалыпты мәні 0,9-ға тең болуы керек ал оның 0,75-тен төмендеуі қауіпті.[6, 25 б.]

Біздің кәсіпорынымызда бұл көрсеткіштің мәні ұзақ мерзімді міндеттемелердің жоқтығына байланысты тәуелсіздік коэффициентінің мәніне тең:

жыл басында - 0,814 ((300475+0):369250);

жыл аяғында - 0,832 ((299410+0):359765).

Капиталдың құрылымын қалыптастырудың тиімділігін (қолайлылығын) анықтау үшін жоғарыда келтірілген көрсеткіштермен қатар инвестициалау коэффициентінде қолдану ұсынылады. Ол батыс фирмаларында кеңінен қолданылады және меншікті капиталдың негізгі құралдарға қатынасымен анықталады.

Ки=Мк / Нк

Мұндағы: Ки - инвестициялық коэффициенті;

Мк - меншікті капитал;

Нк - негізгі капитал;

Біздің мысалымызда - ол жылдың басында 2,03-ке тең (300475:147795), соңында 1,42(299410:210260) болады. Бұл берілгендерге қарап меншікті капитал тек қана негізгі құралдарды сатып алуға ғана емес, кәсіпорынның қаржылық беруінің басқа да активтерін, соның ішінде ағымдағы активтерін сатып алуға да пайдаланылады деуге болады. Активтерді құрудың ең дұрыс жолы болып, меншікті капитал барлық негізгі капиталды (айналымнан тыс активтер) және айналым капиталының бір бөлігін жабатын кездегі жол саналады. Кәсіпорын, барлық қарыз каражаттары алынып қойып жатса да өмір сүре беретін болады. Кәсіпорынның капиталын пайдалану тағы бір қызық ой - меншікті капиталды тек қана негізгі құралдарды сатып алуға жұмсап, ал айналым каражаттары (ағымда-ғы активтер) келесі жолмен қалыптасуы керек: 1/4 - ұзақ мерзімді қарыздар есебінен, ал 3/4 - қысқа мерзімді қарыздар есебінен. Кәсіпкер, егер өзінің капиталы аз, ал басқанікі көп болса, жақсы жұмыс істейтін болады. Нарықтық қарым-қатынас осы принцип (қағида) бойынша құрылған. Аз ғана капиталың бола тұра, көп табыс алуға болады. [23, 38 б.]

Келесіде кәсіпорынның табыстылығын талдауды қарастырдым.

Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады.

Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.

Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.

Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойынша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.

Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады.

Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы-материалдық құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін табыс сомасының өсуіне, екішіде - азаюына әсер етеді.

Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлы-материалдық қорлардың артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі.

Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші - жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.

Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондық-тан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсер тигізеді.

Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналысатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлімшелері болады.

Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы - материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету. Бұл әсіресе шикізат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қайта өңдеу салаларында (машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мұнай–химия, тігін, тамақ және т.б.) қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.

Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші – таза табыс. Ол сальдоланған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы табыс пен кезең шығындары ара-сындағы айырма ретінде мына формула бойынша анықталады :

Д= Д- Р; Мұндағы: Д - негізгі қызметтен алынған табыс;

Д- жалпы табыс;

Р- кезең шығындары.

Кесте -6

«ТуранАгроСервис» 2019 жылғы ЖШС қызметінің нәтижесін сипаттайтын көрсеткіштер




Көрсеткіштер

Жыл соңы жжжжжжжжылжыл

Жыл басы

Өзгеріс

Сатудан түскен түсім

377 085

364 805

+12 280

Өзіндік құн

376 690

356 350

+20 340

Жалпы табыс

395

8 455

-8 060

Таза табыс (шығын)

-1 065

-2 025

+960

Сатудан түскен түсімнің алдыңғы жылмен салыстарғанда 3,4%-ға, яғни 12280 мың теңгеге өскеніне қарамастан, кәсіпорынның жалпы табысы 95%-ға немесе 8060 мың теңгеге азайған. Сонымен қатар кәсіпорын өткен және ағымдағы кезеңдердегі таза табыс таппай отыр. Алайда шығын мөлшері алдыңғы жылмен салыстырғанда 960 мың теңгеге азайған және ол 1065 мың теңгені құрады. Жалпы табыстың азаюы рентабельділіктің төмендеуі мен өндірістік шығындардың өсуін білдіреді.

Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау. Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады. Табыстылық коэффициенттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер. Оларды толығырақ қарастырайық:

Барлық активтердің тиімділік деңгейі (авансталған, жиынтық капитал) мына формула бойынша есептелінеді:

Д = Таза табыс / Барлық активтер (авансталған, жиынтық капитал)

Жалпы активтердің табыстылық деңгейі жыл басында – -0,005 болса, ал жыл соңында оның мәні – -0,003 болды.

Осылайша жалпы активтердің табыстылық деңгейі (авансталған капитал)кәсіпорынның өз қызметін қаншалықты тиімді және табысты жүргізетінін көрсетеді.

Тәжірибеде ағымдағы активтердің табыстылығы деп аталатын көрсеткіш кеңінен қолданылады. Ол ағымдағы активтерге салған бір теңгеден кәсіпорын қанша табыс алатынын көрсетеді :

Д= Д/ Т

Мұнда: Т- ағымдағы активтер.

Д- таза табыс.

Д- ағымдағы активтердің табыстылығы.

Ағымдағы активтердің табыстылық деңгейі жыл басында – -0,012 болса, ал жыл соңында оның мәні – -0,009 болды.

Акционерлік компания құқығында жұмыс істеуші кәсіпорын үшін салынған капиталдың табыстылықдеңгейін бағалаудың, яғни акционерлік капиталды тиімді пайдаланудың негізгі көрсеткіші болып, кәсіпорынның таза табысының оның меншікті капиталына пайыздың қатынасы есептеледі. Бұл көрсеткіш – меншікті капиталдың табыстылық коэффициенті немесе мөлшерлемесі деп аталады. Ол мына формуламен анықталады:

Д= Д/ С

Мұнда: Д- меншікті капиталдың табыстылығы;

Д- таза табыс;

С- меншікті капитал.

Ол экономикалық және қаржылық талдауда маңызды көрсеткіш болып табылады.

Дәл осы көрсеткіш биржада акционерлік компаниялардың акцияларына баға белгілеуді бағалау барысында маңызды роль атқарады.

Меншікті капиталдың табыстылық деңгейі жыл басында – -0,007 пунктке өскен болса, ал жыл соңында оның мәні – -0,004 болды.

Тәжірибеде ұзақ мерзімді активтердің табыстылығы деп аталатын көрсеткіш кеңінен қолданылады. Ол ұзақ мерзімді активтерге салған бір теңгеден кәсіпорын қанша табыс алатынын көрсетеді :

Д = Д/ Т

Мұнда: Т- ұзақ мерзімді активтер;

Д- таза табыс;

Д- ұзақ мерзімді активтер табыстылығы.

Ұзақ мерзімді активтердің табыстылық деңгейі жыл басында – -0,009 болса, ал жыл соңында оның мәні – -0,004 болды.

Негізгі өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі мына формула бойынша есептелінеді:

Д= Д/ З

Мұнда: Д- Өндірістік қорлардың табыстылығы;

Д- Таза табыс;

З - Өндірістік қорлар.

Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі жыл басында – -0,04 болса, ал жыл соңында оның мәні - -0,02 пунктке азайып отыр.

Сату көлемінің табыстылығы мына формула бойынша есептелінеді:

Д= Д/ Д

Мұнда: Д- Сату көлемінің табыстылығы;

Д- Жалпы табыс;

Д- Өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынған табыс.

Сату көлемінің табыстылық деңгейі жыл басында - 0,023 болса, ал жыл соңында оның мәні - 0,001болды.

Жоғарыда жүргізілген есептеулерден көріп отырғанымыздай кәсіпорын қызметі шығынды болып табылады, алайда оның қызметі жыл соңына қарай кішкене болса да жақсаруда [1, 59 б.].

Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін талдауды қарастырдым.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғанын анықтауға мүмкіндік беретін, әртүрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаражаттың қаншалықты тез нақты ақшаға айналуына тікелей тәуелді болады.

Жоғарыда айтып өткендей, кейбір актив түрлері әртүрлі айналым жылдамдығына, яғни олардың ақша қалпына көшу жылдамдығына ие болады. Қаражаттың айналымда болуының ұзақтығы ішкі және сыртқы сипаттағы бірқатар әр бағыттағы себептердің жиынтық әсерімен анықталады. Бірінші қатарға кәсіпорынның әрекет өрісін, салалығын, ауқымын және тағы да басқаларын жатқызуға болады. Елдегі экономикалық жағдаймен оған байланысты шаруашылықты жүргізу шарттары да кәсіпорынның активтерінің айналымдылығына да әсер етпейді. Сөйтіп, елдегі өтіп жатқан инфляциялық процестер, кәсіпорындардың басым көпшілігінің жабдықтаушылармен, сатып алушылармен реттелген шаруашылық байланысының болмауы шамадан тыс қор жинақтауға әкеліп соқтырады да, бұл қаражат айналымын айтарлықтай бәсендетеді.

Қаражаттың айналымда болу кезеңі, едәуір дәрежеде кәсіпорынның ішкі жағдайымен бірінші кезекте, оның активтерін басқару стратегиясының тиімділігімен (немесе жоқтығы) анықталатындығын айта кету керек.

Шынында да, қолданылған баға саясаты, құрылған актив құрылымы, пайдаланылған тауарлы-материалдық қорларды бағалау әдістемесіне байланысты кәсіпорын өз қаражатының айналымының ұзақтығына көп немесе аз әсер ету еркіндігіне ие болады.

Іскерлік белсенділік коэффициентінің кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін үлкен маңызы бар, өйткені қаражаттың айналым жылдамдығы кәсіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді. Оған қосымша, басқадай бір-дей жағдайда қаражаттың айналым жылдамдығының өсуі кәсіпорынның өн-дірістік-техникалық күшінің артқанын көрсетеді.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштеріне мына коэффициенттер жатады:

1. Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті. Ол жылына қанша рет айналу мен өндірудің толық циклі болатындығын және активтердің әрбір ақша бірлігі сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін әкелгенін көрсетеді. Бұл көрсеткіш мына формула бойынша анықталады:

К = Д/ А

Мұнда, К- капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті;

Д- өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;

А- авансталған капитал.

Біздің кәсіпорын үшін капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті жыл басында – 0,99 рет; жыл соңында– 1,05 рет болды.

Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның жалпы капиталын (барлық ресурстарды) пайдалану тиімділігінің төмендегенін көрсетеді. Егер жыл басында кәсіпорында активтердің әрбір ақша бірлігі 99 тиын, ал жыл соңында 1теңге 5 тиын келтірді.

2. Негізгі құралдардың айналымдылығы. Бұл көрсеткіш қор қайтарымдылығын көрсетеді, яғни кәсіпорынның кезеңдегі негізгі өндірістік қорларын пайдаланудың тиімділігін сипаттайды. Ол саудадан түскен табысты (ақшаны) қалдық құны бойынша кезеңдегі негізгі құралдардың шамасына бөлу арқылы есептейді.

Қор қайтарымдылығы коэффициентінің артуына негізгі құралдардың үлес салмағының салыстырмалы жоғары болмауы немесе олардың техникалық деңгейінің жоғарылығы есебінен қол жеткізуге болады.

Алайда бұл жерде жалпы заңдылық былайша болады: коэффициент жоғары болған сайын, есеп беру кезіндегі шығындар азая түседі. Коэффициенттің төмен болуы өнімді сатудан түсетін табыстың жетімсіздігін не болмаса активтер түрлеріне тым жоғары деңгейде қаржы бөлінгендігін білдіреді.

Біздің кәсіпорын үшін негізгі құралдардың айналымдылық коэффициенті жыл басында - 2,47 рет; ал жыл соңында - 1,79 рет болды.

Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның негізгі құралдардың пайдалану тиімділігінің төмендегенін көрсетеді. Егер жыл басында кәсіпорында негізгі құралдардың әрбір бірлігі 2 теңге 47 тиын келтірсе, жыл соңында 1 теңге 79 тиын келтірді.

3. Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті. Ол мына формула бойынша қаралады:

К= Д/ С

Мұнда: К- меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті;

Д- өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;

С- меншікті капиталдың шамасы.

Бұл көрсеткіш қызметті әр қырынан сипаттайды: коммерциялық көзқараспен қарағанда ол сатудығ артықтығын немесе жеткіліксіздігін анықтайды; қаржылық жағынан – салынған меншікті капиталдың айналым жылдамдығын, ал экономикалық тұрғыдан – кәсіпорынның меншікті иелері тәуекелдік етіп салып отырған ақша қаражатының белсенділігін көрсетеді. Егер коэффициент өте жоғары болса, салынған капиталдан сату деңгейінің едәуір артқандығын білдіреді, ал бұл несиелік қорлардың артуын, меншік иелеріне қарағанда істе кредиторлардың көбірек қатысуы мүмкін шекке жетуінен туындайды. Бұл жаңдайда міндеттемелердің меншікті капиталға қатынасы артады, кредиторлардың қауіпсіздігі төмендейді және табыстың кемуіне байланысты кәсіпорын айтарлықтай қиыншылықтарға кездесуі мүмкін. Керісінше, коэффициенттің төмендігі меншікті капиталдың бір бөлігінің әрекетсіз жатқандығын білдіреді. Бұл тұста коэффициент, меншікті қаражатты осы жағдайға сай келетін табыс көзіне салу қажеттігін көрсетеді.

Біздің кәсіпорында бұл көрсеткіштің деңгейі жыл басында – 1,21 рет, ал жыл соңында – 1,26 рет болды.

Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның меншікті капиталдың пайдалану тиімділігінің артқанын көрсетеді.Егер жыл басында кәсіпорында меншікті капиталдың әрбір ақша бірлігі 1 теңге 21 тиын, ал жыл соңында 1 теңге 26 тиын келтірді.

4. Ағымдағы активтер немесе айналым капиталының айналымдылықкоэффициенті. Ол өнім сатудан түскен табысының (жұмыс, қызмет көрсету) ағымдағыактивтердің орташа шамасына қатынасымен анықталады:

К= Д/ Т

Мұнда: К- ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті;

Д- өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;

Т- ағымдағы активтер.

Ағымдағы активтердің (айналым капиталының) айналымдылық коэффициенті олардың айналым жылдамдығын, яғни зерттелген кезеңдегі барлық айналым қаражатының айналым санын көрсетеді. Ағымдағы активтердің айналымдылығының үдеуі олардың қажеттілігін кемітеді де, кәсіпорындарға халық шаруашылығының мұқтажы үшін (абсолюттік босату) немесе қосымша өнім өңдіруге (салыстырмалы босату) айналым қаражатының бір бөлігін босатуға мүмкіндік береді.

Айналымның жылдамдауы нәтижесінде айналым қаражатының заттық элементтері босайды, шикізат, материалдар, отын қорлары мен аяқталмаған өндірісті істеу аз қажет болады, демек, бұрын осы қорлармен іске салынған ақша ресурстары босап шығады. Босаған ақша ресурстары кәсіпорынның ең өтімді активтерін арттырады, нәтижесінде оның төлем қабілеті бекіп, қаржылық жағдайы жақсарады.

Біздің кәсіпорында бұл көрсеткіштің деңгейі жыл басында – 2,32 рет, жыл соңында –3,34 рет болды.

Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның ағымдағы активтердің пайдалану тиімділігінің артқанын көрсетеді. Егер жыл басында кәсіпорында активтердің әрбір ақша бірлігі 2 теңге 32тиын, ал жыл соңында 3 теңге 34 тиын келтірді.

5.Материалдық айналым қаражатының айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның талдау кезіндегі шығындары мен қорларының айналым санын көрсетеді, яғни олардың сатылу жылдамдығын сипаттайды. Толықтай алғанда бұл коэффициенттің мәні жоғары болған сайын, осы аз өтімді бапта соғұрлым азырақ қаражат байланады, кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақтанып, айналым капиталында көбірек өтімді құрылым болады. Және керісінше, басқадай жағдайда тауардың шамадан тыс жиналып қорлануы, кәсіпорынның іскерлік белсенділігіне кері әсер етеді.

Өндірістік қорлар (материалдар) оларды дайындау (сатып алу) құны бойын-ша есептелетіндіктен, қорлардың айналымдылық коэффициентін есептеу үшін сатудан түскен табыс емес, сатылған өнімнің өзіндік құны пайдаланылады.

Онда есептеу мына формуламен іске асырылады:

К= S/ З

Мұнда:К- материалдық айналым құралдарының айналымдылық

коэффициенті;

S- сатылған өнімнің толық өзіндік құны;

З- өндірістік материалдық қорлар.

Неғұрлым айналымдылық көрсеткіші жоғары болған сайын, соғұрлым қор-лар тезірек ақшалай қаражатқа айналады. Оның төмендеуі салыстырмалы түрде өндірістік қорлар мен аяқталмаған өндірістің ұлғайғанын немесе дайын өнімге деген сұраныстың бәсендегенін көрсетеді.

Біздің кәсіпорынымызда сатылған өнімнің өндірістік өзіндік құны негізінде есептелген материалдық айналым құралдарының айналымдылық коэффициенті жыл басында - 6,52 рет; жыл соңында – 6,65 рет болды.

6. Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі дебиторлық борыштың шамасына қатынасымен анықталады:

К= Д/ Д

Мұнда: К- дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті;

Д- өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;

Д- дебиторлық борыш.

Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті дебиторлық борыштың сапасы мен көлемін бағалау үшін пайдаланылып, кәсіпорын берген коммерциялық несиенің ұлғайғанын немесе төмендегенін көрсетеді.

Біздің кәсіпорынымызда дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті жыл басында – 3,98 рет; жыл соңында – 7,93 рет болды.

7. Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатудантүскен табыстың (ақша) кезеңдегі кредиторлық борыштың шамасына қатынасымен анықталады:

К= Д/К

Мұнда: К- кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті;

Д- өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;

К- кредиторлық борыштың кезеңдегі орташа шамасы.

Біздің кәсіпорынымызда дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті

жыл басында – 8,23 рет;

жыл соңында – 9,01 рет болды. [1, 25 б.]
Ағымдағы активтердің (айналым капиталының) айналымдылық коэффициенті олардың айналым жылдамдығын, яғни зерттелген кезеңдегі барлық айналым қаражатының айналым санын көрсетеді. Ағымдағы активтердің айналымдылығының үдеуі олардың қажеттілігін кемітеді де, кәсіпорындарға халық шаруашылығының мұқтажы үшін (абсолюттік босату) немесе қосымша өнім өңдіруге (салыстырмалы босату) айналым қаражатының бір бөлігін босатуға мүмкіндік береді.

Айналымның жылдамдауы нәтижесінде айналым қаражатының заттық элементтері босайды, шикізат, материалдар, отын қорлары мен аяқталмаған өндірісті істеу аз қажет болады, демек, бұрын осы қорлармен іске салынған ақша ресурстары босап шығады. Босаған ақша ресурстары кәсіпорынның ең өтімді активтерін арттырады, нәтижесінде оның төлем қабілеті бекіп, қаржылық жағдайы жақсарады.

Біздің кәсіпорында бұл көрсеткіштің деңгейі жыл басында – 2,32 рет, жыл соңында –3,34 рет болды.

Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның ағымдағы активтердің пайдалану тиімділігінің артқанын көрсетеді. Егер жыл басында кәсіпорында активтердің әрбір ақша бірлігі 2 теңге 32тиын, ал жыл соңында 3 теңге 34 тиын келтірді.

Материалдық айналым қаражатының айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның талдау кезіндегі шығындары мен қорларының айналым санын көрсетеді, яғни олардың сатылу жылдамдығын сипаттайды. Толықтай алғанда бұл коэффициенттің мәні жоғары болған сайын, осы аз өтімді бапта соғұрлым азырақ қаражат байланады, кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақтанып, айналым капиталында көбірек өтімді құрылым болады. Және керісінше, басқадай жағдайда тауардың шамадан тыс жиналып қорлануы, кәсіпорынның іскерлік белсенділігіне кері әсер етеді.

Сонымен осы бөлімде «ТуранАгроСервис» ЖШС қаржылық жағдайына талдау жүргізіліп, бағалау әдістеріне талдау жүргізілді.


3 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ БАҒЫТТАРЫ. БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІНІҢ КЕМШІЛІКТЕРІ МЕН ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫН ЗЕРТТЕУ
3.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың логикалық жалғасы кәсіпорын қызметінің кемшіліктерін жою жолдарын іздеу болып табылады.

Жағымсыз жағдайлардың ауқымына байланысты кәсіпорын жағдайын жетілдіруге қажетті іс-әрекеттер көлемі анықталады. Жеңіл қаржылық дағдарыс кезінде ағымдағы қаржылық жағдайды бірыңғайлау, яғни ақша қаражаттарының кірістері мен шығыстарын үйлестіру жеткілікті. Ал терең қаржылық дағдарыс жағдайы қаржылық жағдайды тұрақтандырудың барлық ішкі және сыртқы механизмдерін қолдануды қажет етеді. Кәсіпорынның жағдайы аппаттық деңгейге жеткенде қаржылық жағдайды жетілдірудің жолдарын іздестіру қажет, ал табылмаған жағдайда кәсіпорынды жою туралы шешім қабылдауға мәжбүр болады. [17, 48 б.]

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандырудың ішкі механизмдері ең алдымен кәсіпорынның ағымдағы төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталуы тиіс. Ағымдағы төлем қабілетсіздікті жою мақсатында кәсіпорын қар-жылық жағдайды жетілдіру бойынша оперативтік шаралар жүргізу, яғни ағымдағы шығыстарды азайту және кейбір активтерді сату қажет. Осыдан кейін алдағы кезеңде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған тактикалық шаралар жүргізілуі қажет. Кәсіпорынның толық қаржылық тұрақтылығының негізгі шарты ол - ұзақ мерзімді қаржылық теңдікті қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның стратегиялық шаралары қаржылық тұрақтылықты ұзақ мерзімде уақытқа дейін сақтап тұруға бағытталуы тиіс. Кәсіпорынды дағдарыстан алып шығу үшін қаржылық жағдайды тұрақтандырудың ішкі және сыртқы механизмдерінің жиынтығынан құралатын кәсіпорынды сауықтыру бойынша бизнес – жоспар жасалынады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сауықтырудың бағытттарын қарастырайық (сурет-1 қарау)

Кәсіпорын меншікті айналым қаражаттарының жетіспеушілігін азайту мақсатында жаңа акциялар мен облигациялар шығаруы мүмкін. Бірақ жаңаакциялардышығару олардың бағамдарының төмендеуіне алып келуі мүмкін. Сондықтан батыс елдерінде көбіне облигацияларға көп жүгінеді.

Кәсіпорынның банкроттығының алдын алу жолдарының бірі ол - акциялар бойынша дивидендтер көлемін азайту немесе төлеуден уақытша бас тарту. Бірақ бұл шараны іске асыру үшін кәсіпорын акционерлерін қаржылық сауықтыру бағдарламасының нәтиже беретіндігін және болашақта дивидендтер көле-мінің өсетендігіне сендіру қажет. [18, 12 б.]




Қаржылық сауықтырудың негізгі бағыттары


Сыртқы көздер

Ішкі көздер

Жаң аоблигациялар мен акциялар шығару

Дәрменсіз кәсіпорынның басқа кәсіпорын мен қосылуы

Банктік кредиттер және дотациялар

Қарыздарды қайта құрымдау

Лизинг

Факторинг

Дивидендтер төлеуден уақытша бас тарту

Өнімдердің сапасы мен бәсеке қабілеттілігін арттыру

Өнімдердің өзіндік құнын азайту

Тұрақты шығындарды азайту

Өндірістік қуаттылықты толық пайдалану

Инвестициялық белсенділікті төмендету

Пайдаланылмайтын мүліктерді сату

Әлеуметтік бағдарламалардан уақытша бас тарту

Сурет - 1 Қаржылық сауықтырудың негізгі бағыттары.


Осы 1 - суретте қаржылық сауықтырудың негізгі бағыттары сипатталған.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сауықтырутырудың маңызды көзі - факторинг, яғни кәсіпорынның өзінің дебиторлық борыштары бойынша талап ету құқықтарын банкке немесе факторинг компанияларға сатуы болып табылады.

Кәсіпорынның материалдық техникалық базасын жаңартудың ең тиімді жолдарының бірі - лизинг. Ол инвестициялаудың бір түрі болып табылады. Лизингтік операциялар бойынша жедел амортизацияны пайдалану өндіріс құралдарының оперативті түрде жаңартып отыруға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынға үлкен табыс әкелетін тиімді жобаларды іске асыру мақсатымен кредиттер тарту да кәсіпорынды сауықтырудың негігі бағыттарының бірі болып табылады. [19, 88 б.]

Меншікті капиталдың жетіспеушілігін азайтудың бір жолы ол – оның айналымдылық жылдамдығын арттыру болып табылады.

Меншікті қаржы ресурстарынының көлемін арттыру жолдары:

-тұрақты шығындар сомасын азайту

-айнымалы шығындар сомасын азайту

-жедел амортизацияны пайдалану

-пайдаланылмайтын мүліктерді сату

-сыртқы әлеуметтік және тағы да басқа бағдарламалардан бас тарту, инвестициялық белсенділікті төмендету.

Кәсіпорынды қаржылық сауықтырудың негізгі бағыттарыныың бірі өндіріс табыстылығын арттыратын ішкі резервтерді іздеу болып табылады. Оған өндіріс қуаттылығын толық пайдалану, өнімнің сапасы мен бәсеке қабілеттілігін арттыру, өзіндік құнды азайту, материалдардық, еңбек және қаржы ресурста-рын үнемді пайдалану жатады. [20, 19 б.]

Тәжірибеде кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер ететін негізгі үш проблема кездеседі:

- Төлем қабілеттіліктің төмен болуы, яғни ақша қаражаттарының жетіспеушілігі. Бұған кәсіпорынның кредиторлар, жұмысшылар және бюджет алдындағы міндеттемелерін өтеуге қаражаттарының жетіспеушілігі дәлел бола алады.

- Меншік иелерінің мүдделерін толық қанағаттандырмау. Бұған меншік иелері алатын табыстарының олардың салған салымдарына қарағанда әлдеқайда төмен болуы дәлел бола алады.

- Қаржылық тәуелсіздігінің немесе қаржылық тұрақтылығының төмендеуі. Тәжірибеде қаржылық тұрақтылықтың төмен болуы болашақта міндеттемелерді өтеу бойынша қиыншылықтар тудыруы мүмкін, ал бұл өз кезегінде кәсіпорынның кредиторларға тәуелді болуына алып келеді. Жоғарыда жасалынған талдау негізде біздің кәсіпорында алғашқы екі проблеманың (өте төменгі төлем қабілеттік және рентабельділік) қаржылық тәуелсіздігіне келсек, ол ұзақ мерзімді қарыздардың жоқ болуы және кәсіпорын қызметінің негізінен меншікті капиталмен қаржыландырылуына байланысты кәсіпорын кредиторларға тәуелді емес, яғни қаржылық тұрақты. Талдау барысында анықталған кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының әлсіз жақтары негізінен төлем қабілеттілік пен рентабельділіктің төмен болуынан туындап отыр. Осыған байланысты біз кәсіпорынның қаржылық тұрақтандыру үшін төлем қабілеттік пен рентабельділікті арттыру жолдарын іздеу керек деген қорытындыға келеміз.

Кәсіпорынның төменгі төлемқабілеттілігі мен рентабельділігін талдау кезінде ұзақ мерзімді міндеттемелерді алу қажет пе деген сұрақ туындайды. Бір жағынан, ұзақ мерзімді міндеттемелерді пайдаланбау кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, яғни тәуекелсіздігін білдірсе, екінші жағынан, ұзақ мерзімді міндеттемелер кәсіпорынның төлемқабілеттігі мен рентабельділігін арттыруға көмектеседі. Бұл жағдайда біз “тәуекел-табыс” деген екі факторлы моделіне тоқталып кеткен жөн. Бұл модельдің негізгі қағидаты - тәуекелсіз табыс та жоқ. Яғни тәуекел мен табыстың қолайлы қатынасын тапқан жөн. Алайда қарыз қаражаттарын пайдалану қажеттілігі болмайды егер кәсіпорын өз пайдасын өзіндік құнды төмендету негізінді арттырса.

Сонымен кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартудың бірнеше жолдарын атап көрсетуге болады: өзіндік құнды азайту қажет. Ол үшін өзіндік құнға факторлық талдау жасау, оның өсу себептерін анықтау және азайту жөнінде шаралар қолдану қажет. Материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарының тиімді пайдалануына көп көңіл бөлу қажет. [21, 45 б.]

Негізгі көзі меншікті капитал болып табылатын капитал салымдарын азайту не боламса ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарын немесе лизингті пайдалану.

Капитал салымдарын белгілі бір уақытқа дейін қысқарту пайда алуға мүмкіндік береді, алайда бұл капитал салымынан мәңгібақиға бас тарту қажет екендігін білдірмейді. Сондықтан ол үшін кәсіпорын ұзақ мерзімді несиелер алуы немесе лизингті пайдалануы қажет. Сонымен қатар жаңа техникалар енгізу, ғылыми-зерттеу, тәжірибелі-конструкторлық және технологиялық жұмыстар жүргізуді ұмытпаған жөн. Бұл өндірістік шығындардың азаюына септігін тигізіп, кәсіпорын табыстылығын арттырады.

Жоғарыда айтылғандарға қосымша кәсіпорынның өндірістік қуаттылығына талдау жасау, олардың 100 % пайдаланылуын қамтамасыз ету және олардың қолданылмайтын бөлігін сату немесе жалға беру қажет. Сонымен қатар жоспарлардың жасалуы мен орындалуына көп көңіл бөлген жөн.[22, 28 б.]

“Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін талдау” параграфында кәсіпорын активтерінің өтімділігі, яғни активтердің ақша қаражаттарына айналу жылдамдығының төмен екенін анықтадық.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, өтімділігі мен рентабельділігі ең алдымен ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты.

Активтердің өтімділігі туралы мәліметтерге сүйене отырып біз айналым активтерінің меншікті қаражаттар есебінен қаржыландыруының төмендегенін көре аламыз. Бұл өз алдына кәсіпорын қызметіне кері әсерін тигізуде, яғни қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу кезінде кәсіпорын проблемаға тап болады.

Осылайша кәсіпорынның өз жабдықтаушылары мен кредиторлар алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелерін уақытында өтеу мүмкіншілігі төмендейді.

М.А.Федотов өзінің “Кәсіпорынның табысын талдау” атты еңбегінде өтімділікті арттырудың келесі әдістерін ұсынады:

а)жарғылық капиталды арттыру;

ә)ұзақ мерзімді заемдар алу;

б)міндеттемелерді қайта құрылымдау;

в)қысқа мерзімді несиелер (депозиттер) тарту;

г)ұзақ мерзімді несиелер (депозиттер) тарту;

д)активтерді қайта құрылымдау, сонымен қатар активтердің кейбір бөлігін сату;

е)шығындар мөлшерін азайту, соның ішінде басқару шығындарын (жұмысшылардың жалақысын қоса алғанда).

Активтердің өтімділігін арттырудың келесі әдістерін қарастырдым:

1) Қысқа мерзімді қарыздарды ұзақ мерзімді қарыздарға қайта құрылымдау. Бұл әрине өз алдына банктің өзінің несиелік саясатын қайта қарауына, яғни несие бойынша пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне алып келеді. Бірақ кәсіпорын осы іс-шаралардың нәтижесінде өзінің өтімділігінің артуына қол жеткізеді.

2) Тауарлы материалдық қорлардың мөлшерін азайта отырып, ақша қаражаттарының көлемін арттыру. Сол арқылы активтердің абсолютті өтімділігін арттыруға қол жеткізу болады.

Жоғарыдағы айтылған жолдардың бірінші нұсқасы тиімді және іске асуы оңай болып келеді.

Қысқа мерзімді қарыздарды ұзақ мерзімді қарыздарға қайта құрылымдау қосымша ақша қаражаттарын қажет етеді. Ол ақша қаражаттарын қосымша облигациялар шығарумен алуға болады.

Осы іс-шараларды іске асыру барысында 2008 жылдың аяғына дейін баланс құрамында өзгерістер күтіледі.

Бірінші әдіс 25 млн. теңгені қысқа мерзімді міндеттемелерден ұзақ мерзімді міндеттемелерге ауыстыруды қарастырады. Бұл жағдайда баланстағы “ұзақ мерзімді міндеттемелер” статьясы 0-ден 25 млн. теңгеге артады, ал “кредиторлық борыш” 41835 мың теңгеден 16835 мың теңгеге дейін азаяды. Жүргізіліп отырған іс-шараның тиімділігін дәлелдеу үшін баланстың басқа статьялары өзгеріссіз қалады делік.

Сонда жүргізілген іс-шараның нәтижесін төмендегі 7-кестеден көруге болады (кесте – 7 қарау):
Кесте-7

Қысқа мерзімді міндеттемелерді ұзақ мерзімді міндеттемелерге қайта құрылымдау нәтижесіндегі кәсіпорынның өтіділігі мен төлем қабілеттілігіндегі өзгерістер




Көрсеткіштер

Өзгеріске дейін

Өзгерістен кейін

Өзгеріс

Меншікті айналым қаражаттары

52 625

67 625

+15000

Ағымдағы өтімділік коэффициенті

2,2

3,7

+1,5

Аралық өтімділік коэффициенті

0,98

1,68

+0,7

Абсолюттікөтімділік коэффициенті

0,1

0,2

+0,1

Ескерту – «ТуранАгроСервис» ЖШС мәліметтері негізінен алынған

Жалпы осы есептеулерден кейін 25 млн. теңге қысқа мерзімді міндеттеме-лерді ұзақ мерзімді міндеттемелерге қайта құрылымдау бойынша іс-шаралар активтердің өтімділігін арттыратына, яғни тиімді екеніне көз жеткізуге болады.

Екінші әдіс тауарлы-материалдық қорлардың көлемін 25 млн. теңгеге азайтып, оларды ақша қаражаттарына аударуды қарастырады. Бұл жағдайда баланстағы “ақша қаражаттары” статьясы 5470 мың теңгеден 30470 мың теңгеге дейін артады, ал “тауарлы-материалдық қорлар” 53600 мың теңгеден 28600 мың теңгеге дейін азаяды.

Жіргізіліп отырған іс-шаралардың тиімділігі төмендегі 8-кестеден көруге болады.


Кесте – 8

Тауарлы-материалдық қорлардың көлемін азайту нәтижесіндегі кәсіпорынның өтіділігі мен төлем қабілеттілігіндегі өзгерістер.




Көрсеткіштер

Өзгеріске дейін

Өзгерістен кейін

Өзгеріс

Меншікті айналым қаражаттары

52 625

52 625

0

Ағымдағы өтімділік коэффициенті

2,2

2,2

0

Аралық өтімділік коэффициенті

0,98

1,4

+0,42

Абсолюттік өтімділік коэффициенті

0,1

0,5

+0,4

Ескерту – «ТуранАгроСервис» ЖШС мәліметтері негізінен алынған

Кестеден көріп отырғанымыздай тауарлы-материалдық қорлардың көлемін азайту және оларды ақша аражаттарына айналдыру тек екі көрсеткіштің, яғни аралық және абсолюттік өтімділік коэффициенттерінің өсуіне әкеледі.

Сондықтан бұл әдісті басқа әдістермен біріктіріп пайдалану ұсынылады.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау кәсіпорынның жалпы қызметінің тиімділігі қанағаттандыратындықтай екенін анықтадық.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы реурсының жағдайы. Ол өндірістің тиімділігімен, сондай-ақ кәсіпорын қызметінің қорытынды нәтижелерімен тығыз байланысты. Өндіріс көлемінің азаюы, өнімнің өте жоғарғы өзіндік құн кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының төмендеуіне алып келеді [23, 29 б.]. Оған көптеген ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді.

Мен бірінші және екінші әдістерді біріктіріп пайдалануды ұсынамын.

Екі әдісті бірге пайдалану кезіндегі кәсіпорын өтімділігінің артуын төмендегі 9-кестеден көруге болады.

Кесте – 9

Кәсіпорын өтімділігінің артуын төмендегі


Көрсеткіштер

Өзгеріске дейін

Өзгерістен кейін

Өзгеріс

Меншікті айналым қаражаттары

52 625

67 625

+15000

Ағымдағы өтімділік коэффициенті

2,2

3,7

+1,5

Аралық өтімділік коэффициенті

0,98

2,4

+1,42

Абсолюттік өтімділік коэффициенті

0,1

0,9

+0,8

Ескерту – «ТуранАгроСервис» ЖШС мәліметтері негізінен алынған

Кесте мәліметтерін қорытындай келе екі әдісті қатар пайдалану кәсіпорынның қысқа мерзімді қарыздарды меншікті активтерімен жабу қабілетін арттырады. Бұл өз алдына кәсіпорынның өтімділігі мен төлем қабілеттігінің артқанын білдіреді.

Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес. Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.

Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі - активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері - кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.

Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы (мен құрылымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.

Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі - яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па? - деген қауіп туады.

Және де бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен роль берілген.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақты-лығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:


  • кәсіпорынның салалық топқа жатуы;

  • шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;

  • төленген жарғылық капиталдың мөлшері;

  • шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динами-касы;

  • қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;

  • кәсіпорындарды басқару тиімділігі.

Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.

Кәсіпорын басшылығына қаржылық тұрақтылықты жетілдіру бойынша мынандай ұсыныстар жасауға болады: ол негізінен жалпы активтердің құрастыру көздерінің сомасындағы меншікті капиталдың үлесін арттыруға негізделеді.

Айта кеткен жөн, қажылық тұрақтылықты қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін стратегия қажет. Стратегияда кәсіпорынның мынадай негізгі мақсаттарды, яғни алдағы уақыттағы кәсіпорын қызметінің бағытын, өндірілетін өнім (көрсетілетін қызмет, атқарылатын жұмыс) сапасын арттыру, аз шығын жұмсай отырып өндірістің тиімділігін қамтамасыз ету, өзіндік құнды төмендету және рентабельділіктің қажетті деңгейін қамтамасыз ету жолдарын анықтау қажет.

Меншікті капиталдың рентабельділігін арттыру мақсатында қарыз қаражаттарын тарту қажет. Ал қарыз қаражаттарының негізгі көзі коммерциялық және банктік несиелер болып табылады [24, 93 б.].

Стртегиямен байланысты шешімдер қабылдағанда мыналарды ескерген жөн: стратегияның кәсіпорынның мүмкіншіліктерімен сәйкестігі, стратегияны іске асыруға қажетті қаржы қаражаттарының бар болуын және олардың мақсатты пайдаланылуын, сондай-ақ тәуекел деңгейін.

Кәсіпорынның стратегиясы қаржы ресурстарын оның қызметінің тиімділігі мен қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін іс-шараларға бағытталуын қамтамасыз етуі тиіс [25, 81 б.].

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдау оның өз ресурстарын тиімді пайдаланатындығын көрсетті.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғанын анық-тауға мүмкіндік беретін, әртүрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.

И.А.Бланк өз еңбегінде іскерлік белсенділікті арттырудың мынадай жолдарын атап көрсетеді:

1. Айналымдағы табыстың үлесін арттыру, яғни бұл негізінен шығындарды азайтуға бағытталады. Осы мақсатта шығындардың қалыптасуына үнемі бақылау жасалынып отырады.

2. Активтердің айналымдылық жылдамдылығын арттыру, яғни кәсіпорын қызметінің рентабельділігін арттыру болып табылады.

Жүргізген талдау қорытындылары кәсіпорын қызметінің рентабельсіз екенін анықтады . Өйткені кәсіпорын талдау жүргізілген уақытта таза табыс таппай отыр. Бірақ та уақыт өте келе кәсіпорынның шығындылығы аз да болса азаюда екенін айтпай кетуге болмайды.

Кәсіпорын активтері рентабельді болуы үшін ең бірінші табыс табуы және оны арттыруға тырысуы қажет. Сатудан түскен түсімді арттыру үшін және қосымша пайда алуы үшін бөлшектеп сату желісіне көп көңіл бөлген жөн.

Сонымен қатар кәсіпорын:

-өнімнің өзіндік құнының құрылымын қайта қарап, шығындардың артуының себептерін анықтап, оларды азайту жолдарын іздеу қажет.

-баға саясатын өзгертуі қажет, яғни өнім бағасына қосылатын рентабельділіктің пайыздық мөлшерін арттыру.

Өнімнің өзіндік құны-кәсіпорын қызметінің маңызды көрсеткіші болып табылады.

Соңғы жылдары өнімді өндіру мен сату шығындарының өсуі байқалады. Өзіндік құнның өсуіне шикізаттардың, материалдардың, көлік қызметтеріне тарифтердің қымбаттауы алып келеді. Қайта бағалаумен байланысты Негізгі құралдардың амортизациялық аударымдар сомасының артуы, жалақы бойынша шығындардың артуы жалпы шығындардың артуының негізгі себептері болып табылады. [26, 73 б.]

Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттырудың ең бір маңызды жолы - өзіндік құнды азайту болып табылады. Өнімнің өзіндік құнын төмендетудің бірден бір жолы - өндірілетін өнімнің көлемін арттыру болып табылады, өйткені бұл жағдайда өнім бірлігіне келетін тұрақты шығындардың мөлшері азаяды.

Өнім өндірудің қандай көлемінде, өткізуден түскен табыс өнімнің толық өзіндік құнына тең болатын және табыс та, шығын да болмайтын өткізудің қауіпті көлеміне қалай қол жеткізеді деген сұрақ туады. Егер өнімді өткізуден алынған нақты табыс, оның толық өзіндік құнынан жоғары болса, онда кәсіпорын ұшрайды. Сондықтан кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында көптеген кәсіпорындарда “рентабельділік шегі” деген атпен белгілі әдіс қолданылады.

Оның негізгі мақсаттары:

- Өндірістің қаупі көлемін анықтау;

- Өнім өткізуден түскен табыстың қаупті көлемін анықтау;

- Тұрақты шығындардың қаупті деңгейін есептеу;

- Өткізудің қаупті бағасын есептеу болып табылады.

“Рентабельділік шегі” – кәсіпорынның қаржылық жағдайын оңтайландырудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Сонымен қатар оны өнімнің рентабельді ассортиментін қалыптастыруда, баға белгілеуде және тиімді баға саясатын әзірлеуге пайдалануға болады.

Осылайша, бұл іс-шараны жүргізу біздің кәсіпорын үшін өндірістің қаупті көлемін анықтауға және өткізудің қаупті бағасын есептеуге өте қажетті болып табылады.

3.2 Кәсіпорынның жай күйін бағалау әдістерінің кемшіліктері мен оларды шешу жолдары

Қаржылық талдаудың жай күйін бағалау көмегіне негізгі 4 мамаңданған топ жүктенеді.


  1. Кәсіпорын менеджерлері және оның қаржылық жұмысшылары.

  2. Қысқа мерзімді несие берушілер – жабдықтаушылар, банктер.

  3. Ұзақ мерзімді несие берушілер – несиені талдау саласындағы

мамандар, облигация иелері.

  1. Бағалы қағаздар нарығында жұмыс істейтін инвестор аналитиктер.

Қаржылық талдау өткізетін тұлғалар, кәсіпорынның қаржылық экономикалық жағдайы туралы пайдалы,толық және маңызды мәлімет алады.

Аналитикалық әдіс болғандықтан оның да ескеретін бірқатар кемшіліктері мен шектеулері бар. Енді әрбір кемшіліктерді анығырақ қарастырайық.



  1. Ағымдағы өтімділік коэффициенті кәсіпорынның барлық міндеттемелерді жабу қабілеттілігін сипаттайды. Коэффициенттің нормативті мағынасы жоғары болуында. Қазіргі кезде көптеген Қазақстандық кәсіпорындардың ағымдағы өтімділік коэффициенті нормативтерден төмен, ал ең жақсы дегенде оның жылдан жылға өсуі байқалады. Бірақ есептеу формуласынан көрініп тұрғандай, оның өсуі ағымдағы активтің ілгірілеме өсуінің нәтижесінен болады.

Баланстың ара қатынасынан көретініміздей, кредиторлық қарыздың өзінен-өзі азаюы мүмкін емес, ол әр қашанда айналым активтерінің қысқаруымен қатар жүреді. Сондықтан кәсіпорынның ағымдағы өтімділігін жоғарылатудың ең дұрыс жолы шаруашылық қызмет нәтижелерінің есебінен ағымдағы активтерді өсіру болып табылады. Осылайша, төлейм қабілеттілікті қалпына келтіру белгісі жоспарлы мерзімде таза табыс мөлшерінің ағымдағы міндеттемелерден екі есе көп болуын қамтамасыз ететіндей болуы керек.

Ағымдағы өтімділік коэффициенті кәсіпорынның төлем қабілеттілік деңгейін объективті бейнелеуі үшін, алымында нақты өтімділік деңгейі бар активтерді есептеу керек. Оларға, біздің ойымызша, тұрақты халықаралық стандарт бойынша өтімді емес деп есептелетін жылжымайтын мүлікті және ұзақ мерзімді қаржылық салымдарды жатқызуға болады.

Одан басқа, көрсеткіштің нормативті мәні отандық кәсіпорынның нақты жағдайларын ескермей, әлемдік есепті-аналитикалық тәжірибеден алынған. Бұл коэффициентті нормативті мәніне жету экономикалық қауіпті жағдайда ғана емес, тек қана кәсіпорынның стационарлық жағдайда қызмет еткенінде болуы мүмкін және де коэффициентті нормативті мәні барлық кәсіпорындар үшін бірдей. Ал, коэффициент кәсіпорын саласына, орналасқан аймағына және уақытқа тығыз байланысты.

Экономикалық дамыған елдерде осы коэффициенттің нормативті мәні салалар және сала іші бойынша ажыратылады. Мысалы, АҚШ-тың сауда Министрлігінің ақпараттары бойынша, ағымдағы өтімділік коэффициенті өнеркәсіптік салаларында келесідей болған: машина жасау - 1,47, тамақ өнімін өсіру-1,25, басқа қызметтер-1,67, химия өнеркәсібі-1,3, мүнай және көмір өндіруші өнеркәсіп-1,0, бөлшек сауда-1,5, тоқыма және жеңіл өнеркәсіп 1,41.

  1. Көптеген ірі компаниялар белгілі бір бағыттағы қызметпен шектелмейді. Олардың бизнестін әртүрлі саласында өздерінің бөлімшелері бар. Бұндай жағдайда орта коэффициентті жасап шығару қиын болады. Сондықтанда қаржылық талдау әдістемесі көбіне, белгілі бір салаға мамаңдалған орта компанияларға шақ келеді. Ал көпсалалы кәсіпорындарға келетін болсақ оларға қаржылық талдау әдістемесі біраз қиындайды.

Бұдан басқа көптеген компаниялардың мақсаты жақсы нәтижелерге жету болып табылады. Соның есебінен олар орта салалық көрсеткіштерге ұмтылмайды.

  1. Қаржылық мәліметтерді бұрмалайтын факторлардың бірі инфляция болып табылады. Ал ол өз кезегінде ТМҚ – дың бағасына және аммортизациялық аударымдарға әсерін тигізеді. Бұны компания қаржылық жағдайды бағалауда, динамикалық немесе салыстырмалы қаржылық талдау жүргізген кезде ескеру қажет.

  2. Есеп беру көрсеткіштердің нәтижелеріне маусымдық факторлар әсер етуі мүмкін.Мысалы өнім өңдірумен айналысатын кәсіпорында, өнімді сату мезгілі басталғанға дейін ТМҚ – дың айналымдылық коэффициенті, сату кезені біткеннен ТМҚ – дың айналымдылық коэффициенті өзгеше болады. Берілген мәселені шешу үшін, коэффициенттін орта айлық көрсеткішін жасап шығару керек.

  3. Кез – келген жеке көрсеткішті жақсы не жаман деп санау дұрыс болмас еді. Мысалыға ағымдағы өтімділілік коэффициентінің жоғары болуы, өтімділіктің жоғары деңгейде екендігін куәландырады. Бұл бір жағынан жақсы көрсеткіш болып табылады, ал екінші жағынан қаржының мөлшерден тыс көп болуын жақсы көрсеткіш деп санауға болмайды. Себебі активтердің мөлшерден тыс көп болуы, активтердің өнімсіздігін көрсетеді.

Осыған ұқсас негізгі құралдардың айналымдылық коэффициенттінің жоғары болуы кәсіпорын өз активтерін өте тиімді пайдалатындығын көрсетуі мүмкін немесе ол жеткіліксіз капиталданғандығын және жаңа активтерді сатып алу мүмкіндігінің жоқ екендігін көрсетуі мүмкін.

  1. Бір көрсеткіштер бойынша кәсіпорынның жағдайы жақсы болуы мүмкін, ал екінші көрсеткіші нашар. Осы мәліметтер бойынша кәсіпорынның жағдайы жақсы ма нашар ма деген қорытынды жасау қиын болады. Соған байланысты коэффициенттердің анализі соңғы нақты жауаптарды алуға емес, тек басқару шешімдерін қабылдау үшін қолданылуы керек.

  2. ТМҚ – ды есепке алудың коэффициенттерге әсері.

Қазіргі уақытта материалдық қорларды бағалаудың есептеу саясатын таңдауда кәсіпорынның құқықтары едәуір кеңейтілген. Осылайша отандық есептеу практикасында бірінші рет біздің кэсіпорындар шет елдерде кеңінен таңымал және қолданылатын ЛИФО мен ФИФО (LIFO, FIFO) сенімді материалды бағалау тәсілдерін қолдану мүмкіндігіне ие болды. ЛИФО әдісі ең соңғы сатып алынған материалды бірінші кезекте өндіріске шығынға шығаруды көздейді. Сонда баланстағы қалдықтың шамасы бірінші сатып алынған материалдың өзіндік құнынан туындап анықталады.

Керісінше ФИФО әдісін пайдалану кезең соңындағы материалдық қорларды соңғы сатып алу бағасымен бағалауға негізделген, ал жұмсалған материалдар сатылған өнімнің өзіндік құнына олардың алғашқы сатып алу құны бойынша шығынға шығарылады.

Енді материалдық қорлардың айналымдылығының көрсеткіші шамасына оларды бағалаудың сол немесе басқа әдісін пайдаланудың қалай әсер ететіндігін қарайық.

Біздің елімізде осы кезге дейін материалдық қорларды бағалаудың ең кең тараған тәсілі, дайындаудың орташа сарапталған нақты өзіндік құны бойынша бағалау болып келді. Кәсіпорын үшін оны пайдаланудың жағымсыз салдарына мыналарды жатқызуға болады, бір жағынан ол сатылған өнімнің өзіндік құнын төмендетеді (табыс пен одан төленетін салықты шамадан тыс көтереді), екінші жағынан материалдың калдығының құнын айтарлықтай төмендетуге әкеліп соғады, демек, олардың айналымдылығын жасанды түрде арттырады.

Материалдар қорын соңғы сатып алу (ЛИФО) құны бойынша бағалау әдісін қолдану, салық салу тұрғысынан инфляция жағдайында өте тартымды болғанымен (сол сатылған өнімнің өзіндік құнын тым жоғарылата-тындықтан), материалдар қалдығы шамасының бұрмалануына, яғни азаюына әкеліп соқтырады. Нәтижесінде бұл жағдайда да активтердің айналымдылық көрсеткішінің анықтығы төмендейді.

Тауарлы-материалдық құндылық қорларын бірінші сатып алу құны бойынша (ФИФО) бағалау тәсілін қолдану, сатылған өнімнің өзіндік құны материалға деген ең төмен (инфляция жағдайында) бағадан басталып құрылып, ал олардың қалдықтары ең жоғары құны бойынша бағалануына әкеліп соғады. Осыған байланысты материалдық айналым қаражатының және бүтіндей ағымдағы активтердің айналымдылығы бұл жағдайда жоғарыда қаралған тәсілдерге қарағанда обьективті түрде төмен болады (осыған байланысты мынаны есте ұстаған дұрыс: өзінің кредиторлары немесе инвесторларына кәсіпорындағы қаражаттың жоғары айналымдылығы туралы ақпарат беруге ынталы менеджердің көзқарасынша әдістің бұл артықшылығы, сонымен қатар оның кемшілігі де болып көрінуі мүмкін).

Сонымен, тауарлы-материалдық қорларды бағалаудың үш қаралған тәсілі мысалдарынан, алға қойылған міндеттер мен активтерді басқарудың ұшталған стратегиясынан басталған кәсіпорын, өзінің активтерінің айналымдылық коэффициентінің шамасын белгілі мөлшерде зерттеуге мүмкіндік алатынын көруге болады.

Екі - бес факторлы модельдер нақты емес. Қарастырылатынфакторлар саны көп болса, болжаудың нақтылығы жоғарылайды. Э.Альтман, У.Бивер, Таффлер модельдері құрамында 60-70 жылдардағы талдау мәліметтерінің негізінде есептелген жеке және кешенді көрсеткіштердің шекті мәндері, салмақты үлестері бар. Осыған байланысты олар қазіргі экономикалық жағдайға және Қазақстан Республикасындағы бизнесті ұйымдастыру ерекшеліктеріне сәйкес келмейді.

Қазақстан Республикасы мен дамыған нарықтық экономикалы елдердің арасындағы экономикалық жағдайлар, бизнесті ұйымдастырудағы айырмашылықтар шет ел авторларының модельдерінде пайдаланылатын қаржылық көрсеткіштер жиынтығының өзіне әсерін тигізеді. Осылайша Альтманның формуласы биржалық, белсенді қызмет ететін, олардың бағасы
анықталатын екінші ретті акциялар нарығының барлығын көрсетеді. Альтманның «2-есебінің» төртінші көрсеткіші акционерлік қоғамның барлық акцияларының нарықтық құны қарызға алынған құралдарға қатынасы оның өзіндік капиталының нарықтық құнымен міндеттемелерді жабу деңгейін сипаттауы керек. Бірақ, қазақстандық құнды қағаздардың екінші ретті нарығы ойдағыдай дамымай отырған жағдайда бұл көрсеткіш өз мәнділігін жояды.

Шет ел авторларының модельдерінде Қазақстан нарығына тән кейбір негізгі көрсеткіштер есептелмейді.

Жоғарыда айтылған әдістер мен модельдердің болжау мерзімі үш-алты айдан бес жылға дейін, ал кейбір модельдерде мерзімі мүлдем көрсетілмейді. Қазақстан Республикасының экономикалық жүйе жағдайында бес жылға тең болжау мерзімін пайдаланатын уақыт әлі болған жоқ, сол себептен қысқа мерзімді уақытты пайдалану керек. Қазақстан Республикасында пайдаланатын дәрменсіздік критерийінің ресми жүйесінде тек қана коммерциялық ұйымдардың өтімділік көрсеткіштері пайдалынады.Басқа да кәсіпорын қызметінің қаржылық көрсеткіштері есепке алынбайды. Бұның себебі, ең алдымен осы критерийлер жүйесінің коммерциялық ұйымдардың ағымдағы және жақын арадағы төлем қабілеттілігін бағалауға арналғандығында деп есептеймін.

Сонымен, көрсетілген әдістемелер коммерциялық ұйымға қаржылық қатер жақындығының ықтималдылығын анықтауға ғана мүмкіндік береді, ал өсу фазасының басталғанын және өмірлік циклдің басқада фазаларын болжау мүмкін емес.

ҚОРЫТЫНДЫ

Бұл дипломдық жұмыста кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және бағалау әдістерін жақсарту жолдары қарастырылды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау қаржы менеджментінің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады екен.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау нәтижелері бойынша кәсіпорында қалыптасқан жағымды және жағымсыз құбылыстар туралы, кәсіпорын қызметінің мықты және әлсіз жақтары туралы, сонымен қатар олардың туындауына себеп болған факторлар жөнінде қорытынды жасауға болады. Қаржылық талдаудың нәтижелері туралы ақпаратқа тек ішкі субъектілер (меншік иелері, басқарушылар, жұмысшылар) ғана емес, сонымен қатар сыртқы субъектілер (жабдықтаушылар, инвесторлар, кредиторлар және тағы басқалар) де қызығушылық білдіреді. Сыртқы субъектілер талдау нәтижелерін алдағы уақытта субъектілер болса оны қалыптасқан қаржылық жағдайды тұрақтандыруға және оны жоғары деңгейде ұстап тұруға пайдаланады.

Аяқтай келе істелінген жұмыстар бойынша қорытындылар жасау қажет. Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздеріне зерттеу жасалынған болатын.

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорыннын қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қыз-метін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.

Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:

1) көлденең талдау;

2) тікелей талдау;

3) трендтік талдау;

4) салыстырмалы талдау;

5) факторлық талдау;

6) қаржылық коэффициенттер әдісі.

Екінші бөлімде «ТуранАгроСервис» ЖШС қаржылық жағдайына талдау жүргізіліп, бағалау әдістері қарастырылды. Яғни кәсіпорынның мүліктік жағдайына, төлем қабілеттілігімен өтімділігіне, қаржылық тұрақтылығына және табыстылығына мен іскерлік белсенділігіне талдау жүргізілді. Талдау нәтижесінде келесідей кемшіліктер анықталды:

Кәсіпорынның мүліктік жағдайы тұрақсыз, яғни ол жыл соңына 3%-ға төмендеді. Негізгі құралдардың активтердің жалпы сомасындағы үлесі 18%-ға төмендесе, айналымнан тыс активтердің үлесі 11%-ға төмендеді.

Кәсіпорынның негізгі проблемаларының бірі - төменгі төлем қабілеттілік пен өтімділік болып табылады. Кәсіпорынның баланс құрылымы нашар болып келеді және ақша қаражаттарының өте тез өзгеруіне душар.

Қаржылық тұрақтығы жағынан кәсіпорын сыртқы қарыз көздерінен тәуелсіз. Оған ұзақ мерзімді міндеттемелердің жоқ болуы дәлел бола алады.

Кәсіпорынның тағы бір негізгі проблемаларының бірі – оның рентабельсіз дігі. Ағымдағы жылы сатудан түскен түсім артқанына қарамастан кәсіпорын шығын шегуде. Жалпы табыстың азаюы өндіріс рентабельділігінің төмендеге німен және соған қатысты шығындардың өсуімен түсіндіріледі.

Үшінші бөлімде кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту жөнінен ұсыныстар жасалынды. Кәсіпорыннның қаржылық жақсарту бойынша іс-шаралар негізгі үш проблеманы шешуге бағытталады: кәсіпорын активтерінің өтімділігін арттыру, қаржылық тұрақтылықтың және іскерлік белсенділіктің көрсеткіштерін ағымдағы деңгейде сақтау және кәсіпорынды қызметінің рентабельділігін арттыру.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың логикалық жалғасы оның қызметінің тиімділігін сақтап тұру және кемшіліктерін жою бойынша іс- шаралар дайындау болып табылады. Кәсіпорынды қаржылық сауықтыруда ішкі және сыртқы көздер пайдаланылуы мүмкін.

Сыртқы көздерге жаңа акциялар мен облигациялар шығару, дәрменсіз кәсіпорындардың басқа кәсіпорындармен қосылуы, банктік несиелер мен дотациялар, лизинг, факторинг, дивидендтер төлеуді уақытша тоқтату жатады. Ал қаржылық жағдайды сауықтырудың ішкі көздеріне өнімдердің сапасы мен бәсеке қабілеттілігін арттыру, өнімнің өзіндік құнын төмендету, тұрақты шығындар мөлшерін азайту, өндіріс қуаттылығын толық пайдалану және пайдаланыл-майтын активтерді сату болып табылады.

Талдау нәтижелері кәсіпорында негізгі проблеманы анықтады: төлем қабілетсіздік және рентабельсіздік.

Осы проблеманы шешуде мен екі әдісті ұсындым:

Бірінші әдіс 25 млн. теңгені қысқа мерзімді міндеттемелерден ұзақ мерзімді міндеттемелерге ауыстыруды қарастырады. Бұл меншікті айналым қаражаттарының 15000 мың теңгеге артуына және ағымдағы өтімділік коэффициентінің 1,5 пунктке, аралық өтімділік коэффициентінің 0,7 пунктке, абсолюттік өтімділік коэффициентінің 0,1 пунктке өсуіне алып келді.

Екінші әдіс тауарлы-материалдық қорлардың көлемін 25 млн. теңгеге азайтып, оларды ақша қаражаттарына аударуды қарастырады. Бұл аралық өтімділік коэффициентінің 0,42 пунктке, абсолюттік өтімділік коэффициентінің 0,4 пунктке өсуіне алып келді.

Екі әдісті қатар пайдалану меншікті айналым қаражаттарының 15000 мың теңгеге артуына және ағымдағы өтімділік коэффициентінің 1,5 пунктке, аралық өтімділік коэффициентінің 1,42 пунктке, абсолюттік өтімділік коэффициентінің 0,8 пунктке өсуіне алып келді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау / Оқу құралы. - Алматы: Экономика. 2011 ж.

2 Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа. - М.: ИНФРАМ, 2013ж.

3 Русак Н.А. Анализ финансового положения предприятия. В учебнике «Анализ хозяйственной деятельности в промышленности». Под общ. ред. В.И. Стражева - Минск: Высшая школа, 2014ж.

4 Радионова В.М., Федотова М.А. Финансовая устойчивость предприятия в условиях инфляции. - М.: Изд-во «Перспектива», 2013ж.

5 Крейнина М.Н. Анализ финансового состояния и инвестиционной привлекательности акционерных обществ в промышленности, строительстве и торговле. - М.: АО «ДИС», «МВ-Центр», 2014ж.

6 Ковалев А.И., Привалов В.П. Анализ финансового состояния предприятия. - М.: Центр экономики и маркетинга, 2013ж.

7 Балабанов И.Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта: Учебн. пособие. - М.: Финансы и статистика, 1994.

8 Бухгалтерско-аудиторский портфель.(Книга предпринимателя. Книгабухгалтера. Книга аудитора)/Отв.ред. Рубин Ю.Б., Сол-даткин В.И. - М.: «ОМИНТЭК», 2012ж.

9 Артеменко В.Г., Беллендир М.В. Финансовый анализ: Учебное пособие. - Издательство «ДИС», НГАЭ и У, 2011ж.

10 Маркарьян Э.А., Герасименко Г.П. Финансовый анализ -М.: «ПРИОР», 2013ж.

11 О бухгалтерском учете. Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, от 26 декабря 2012ж.

12 Стандарты бухгалтерского учета. Национальная комиссия Республики Казахстан. - Алматы, 2013ж.

13 Бухгалтерский анализ: Пер. с англ. - К.:Торгово-издательское бюро ВНУ, 2014ж.

14 Введение в бухгалтерское дело: Пер. с англ.: - К.: Торгово-издательское бюро ВНҮ,2015ж.

15 Руководство по финансовому учету, отчетности и аудиту. Первая редакция Центральный и операционный отдел учета и отчетности. Всемирный банк, январь 2011ж.

16 Методические рекомендации по составлению финансовой отчетности. Утверждены директором Департамента методологии бухгалтерского учета и аудита. Министерства финансов Республики Казахстан 21.05.97 г., №7 /Бюллетень бухгалтера. 2010ж., №29.

17 Анализ хозяйственной деятельности в промышленности: Учебник ІИ.А. Богдановская, Г.Г. Виноградов, О.Ф. Моргун и др:. Под.общ. ред. В.И. Стражева. - Минск: Высшая школа, 2008ж.

18 Ефимова О.В. Как анализировать финансовое положение предприятия (практическое пособие). - «Бизнес-школа», Интел-Синтез, 2011ж.

19 Лоханина И.М., Золкина З.К. Основы анализа финансового состояния предприятия. Учебное пособие. - Ярославль, 2013ж.

20 Андреев В.А. Практический аудит. /Справочное пособие/.- М.: Экономика, 2014ж.

21 Ковалев В.В. Финансовый анализ: Управление капиталом. Вы-бор инвестиций. Анализ отчетности. -М.: Финансы и статистика, 1995.

22 Финансовый менеджмент: теория и практика: Учебник /под. ред. Е.С. Стояновой. -М.: изд-во «Перспектива», 2016ж.

23 Чечета А.П. Анализ финансового состояния предприятия. /Бухгалтерский учет. 2014ж г., №5.

24 Ковалев В.В. «Практикум по анализу и финансовому менеджменту». -

Москва, Финансы и статистика, 2015ж.

25 Кубышкин И. «Использование финансового анализа для управления компанией».// Финансовый директор. – 2014ж. - №4.

26 Попова М. «Как вывести предприятие из финансового кризиса».// Финансовый директор.-2014ж. -№3.

27 Румянцева Е.Е «Новая экономическая энциклопедия».-Москва, Инфра-М, 2006ж.

28 Савицкая Г.В. «Анализ хозяйственной деятельности предприятия». - Москва, Инфра-М, 2006ж.

29 Трохина С.Д., Ильина В.А., Морозова Т.Ф. «Управление финансовым состоянием предприятия».//Финансовый менеджмент. – 2014г. - №1.



30 Финансовый менеджмент./ Под. ред. Стояновой Е.С. - М.: Перспектива, 2016.

31 Шеремет А.Д. «Теория экономического анализа». - Москва, Инфра-М, 2016ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет