П. Әнуар: Мейірімді сымбатты,
Қадірменді қымбатты.
Ең жақын жан балаға,
Кім десеңдер – ол ана.
Қ.Ануар: Еркелесең күлімдейтін.
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп мені,
Құлыншағым кұнім дейтін.
Нұртас: Айналайын анашым,
Ақылдысың панасың.
Ең сұлу жан әлемде,
Жалғыз өзің ғанасың.
Абылай : Талай жұмыс бар үйде,
Келгенімше шаманың,
Көмектесем әрине,
Көмегім сол әзірге,
Ішіп болсам тамақты,
Ыстық суды әзірлеп,
Өзім жуам ыдысты.
Айтқаныңды тыңдаймын.
Үлкендерді сыйлаймын,
Анашымды құрметтеп,
Өлеңімді жолдаймын.
Марлен: Түн ұйқысын төрт бөліп,
Әлдилеген анашым,
Алтыннан да қымбатсың,
Ақ сүт берген анашым,
Келбетіңде ұлылық,
Даладай кең пейілін,
Ана деген жылылық,
Ана деген мейірім.
Жанали: Бізді өсіріп баптаған,
Жақсы болсақ шаттанған,
Алтыным деп мақтаған,
Айналайын ақ мамам.
Әр сөзіңді жаттағам,
Жүрегімде сақтағам.
Анашым деп мақтанам.
Айналайын, ақ мамам,
Түнде сергіп жатпаған.
Күндіз тыным таппаған.
Бізсіз тамақ татпаған.
Айналайын ақ мамам.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады»демекші, Ал қазір әділқазылар алқасы арулардың ұпайларын есептегенше, көрермендермен ойын ойнайық!
Ал, көрермен, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық – дегендей бірнеше жұмбақтарды шешіп көрейік.
1. Құрғақ жерде сақтайсың
Онсыз тамақ татпайсың. (тұз)
2. Екі семсер айқасқан,
Оқта - текте шайқасқан. (қайшы)
3. Қимылдаса қос шебер, қыруар - қыруар іс өнер. (Қол)
4. Тұмсығы мықты, қыр мен ойды тегістеп шықты. (үтік)
5. Біреуге киін дейді, ал өзі киінбейді. (Тігін машинасы)
6. Аузынан ішкені мұрнынан шығады. (Шәйнек)
Джентельменойыны. Ойынның шарты: Балалар орындыққа ілінген киімдерді киіп, тез арада қарама-қарсыдағы қыздарға гүл сыйлауы қажет.
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!