«Жанерке» балабақшасы



бет4/5
Дата05.02.2022
өлшемі36,79 Kb.
#15480
1   2   3   4   5
Сыбызғы
Сыбызғы- қурайдан, ағаштан, кейде жезден жасалынатын көне үрлемелі музыкалық аспап.Ол ертеректе бақташылардың ең сүйікті аспабы болған.
Сазсырнай
Сазсырнай- үрлемелі аспаптар тобына жатады.Ол саздан жасалынып, отқа күйдіріледі.Бұл аспаптың көлемі де, түрі де әртүрлі болып келеді.Аспаптың іші қуыс, қарама-қарсы жақтан тесілген бірнеше ойығы бар.
Мүйізсырнай
Мүйізсырнай- мүштік арқылы үрлеп ойналатын аспаптардың ескі түрі.Мүйізден жасалады, бармақпен басқанда дыбыс шығаратын үш тесігі бар.
Үскірік
Үскірік- саздан жасалған музыкалық аспап.Үні құстың даусына ұқсас бұл аспапта халық әндері орындалған.
Қобыз
Қобыз- ысқышпен ойналатын ішекті музыкалық аспап.Мойны имек келетін бұл аспап сол қол саусақтары тырнақтарының сыртын ішекке тигізу арқылы ойналады.Аспаптың шанағы терімен қапталып, ішектері жылқының қылынан жасалады.Ертеде қсбызды бақсылар құдіретті күш ретінде пайдаланған.
Бүгінде қобыз аспабында ойнау шеберлігінің күрделенуіне байланысты
Төрт ішекті қобызда пайда болды.Бұл қобыздың ішектері сымнан жасалады.
Домбыра
Домбыра- қағып, шертіп ойнайтын ішекті музыкалық аспап.Қазақтың ән-күй орындаушылық дәстүріне байланысты домбыра аспабының бірнеше түрі бар,олардың тек сырт пішіні ғана емес ,ішек және перне саны да әр қилы болып келеді.
Қазір домбыраның 2-түрі кездеседі.Негізінен 2-ішекті болып келеді.3-ішекті домбыралар да бар.Қазақстаннің батыс өңірі, Арқа мен солтүстік-шығыс өңірлерінің домбыралары ел арасында көп пайдаланылады.
Шертер
Шертер-шанағы терімен қапталған қазақтың ең көне аспаптарының бірі.Шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп аталған.Ол- екі немесе үш-ішекті болып келеді.Құрылысы жөнінен домбыра, қобыз аспаптарына ұқсас келеді.Шертерде шертпе күйлер орындалады.

Музыкалық аспаптардың топ-тармаққа бөлінуі

Тобы

Түрлері

Халықтық диалектикалық

Халықтық профессионалдық

Шертпелі аспаптар

Адырна,
шертер,
жетіген, домбыра

Садақты,көне қосішекті-бірқұлақты,қалпақсыз үш ішекті, бүрмелі, иықты: қуыс мойынды

Жаңа жұмыр шанақты, жалпақ шанақты
Контрабас,бас,альт,тенор, прима секунда,балақан, балдырған

Ыспалы аспаптар

Қобыз

Нар қобыз, қылқобыз,сазген

Үш ішекті, төрт ішекті прима қобызы,альт қобыз,қылқобыз

Үрмелі аспаптар

Ұран,керней,шаңқобыз,
бұғшақ,тастауық,үскірік,
қоссырнай

Сыбызғы, сазсырнай, месқобыз,темір шаңқобыз,
үскірік,ұран,мүйізсырнай

Ұрмалы сілкімелі аспаптар

Қазандауылпаз,дабыл,
асатаяқ,дабылпаз,шыңдауыл,даңғыра,қоңырау

Жыланбас асатаяқ,
сылдырмақты асатаяқ,
қоңыраулы асатаяқ

Жетіген
Жетіген- көп ішекті музыкалық аспап.Кейбір ғалымдар жетіген сөзі жеті байлық, жеті қазынаны білдіреді десе,кейбір аңыздарда «жеті хан» деген сөзден шыққан дейді. «Жетіген» деген атау «жеті»және « ән»деген сөздердің бірігуінен құралуы мүмкүн деген пікір бар.Аспап тұтас ағаштан ойылып жасалып, шанаға көн терімен қапталады.
Асатаяқ
Асатаяқ-ертеден келе жатқан сілкімелі аспап.Қазақ халқында ұлттық билерді сүйемелдеу үшін қолданылған.Қазақта сақпан, тұяқтас,қоңырау, шартылдақ сияқты сілкімелі аспаптар бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет