Соқпалы, ұрмалы аспаптар:дабыл, дауылпаз,кепшік,шыңдауыл, даңғыра- аңға шыққан кезде, діни жоралғыларда, жауынгерлік жорықтарда пайдаланған.
Шаңқобыз
Шаңқобыз- өңделген ағаш таспалардан жасалады. Шаңқобызға жіп байланып,сол жіпті серпіп тарту арқылы тілшесі тербеліске келтіріледі де, дыбыс шығады.
Бұл аспаптардың темір текшеден де жасалған түрі болады.Аспапты күйге келтіру, тілшенің ұзындығы мен қалыңдығына байланысты.
Ән-күй аспаптық музыкасы.
Қазақтың ең көне күйлерінің көпшілігі қобызбен орындалған. Ежелгі түрік тектес халықтарда қобыз күйлері жыраулар өнерінен бастау алды.
Ұқылым заманнан бері ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан асыл мұраның бірі – аты аңызға айналған Қоқыт баба күйлері. Халқымыздың атадан балаға тараған шежіресі бойынша қазақ топырағында музыка өнерінің тууы Қоқыт есімімен тығыз байланысты. Халқымыз ежелден Қорқыт бабаны қобызға алғаш тіл бітіріп , оның қыл ішегінен жахандағы жаратылыс атаулының үнін күй етіп сөйлеткен өнер иесі, күй атасы деп біледі.
Қобыз аспабында «Қобыз атасы Қорқыт» деп білеміз. Қорқыт – елдің болашағын болжай алатын көріпкел адам болған. Сонымен бірге бақсы балгерлер қолындағы қобызды белгілі тақырып, белгілі мазмұндағы музыкалық шығарманы орындайтын аспап ретінде таныта білген. Шығармалары: «Аққу», «Тарғыл тана», «Ұшардың ұлуы»,»Әуіппай» , «Башпай», «Кілем жайған», «Арыстанбаб», «Тәңірі күй», «Көк бұқа».
Қазақтар осы құдіретті қасиетті дыбысты шығару үшін бітімі бөлек, дауысы ерек, тұлғасы алуан түрлі музыукалық аспаптар ойлап тапқан.
Қазақтың домбыраға немесе басқа аспапқа қосылып айтатын әншілік дәстүрін «Ән айту өнері» дейміз. Этикалық дәстүр шеңберінде туған дидактикалық жанрдың бір тармағы терме.
Жақсыдан шығады сөз жай секілді,
Жарқырап атып тұрған таң секілді.
Ойлайтын елдің қамын ерлерім көп,
Сәулесі көкке түскен шам секілді, - деп келетін Кенжеқожаның термесі адамға ой салып , өсиет айтады. Дәстүрлі ән өнерінде халықтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тарихы мен өмірі, тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық-әлеуметтік қатынастары, жалпы ұлттық болмысы көркем көрініс тапқан. Қазақ халқының рухани жан дүниесі ән өнері арқылы шебер бейнеленген. Ұлан-байтақ еліміздегі әншілік өнер әр өңірдің өзіне тән әншілік мәнеріне, табиғат танымына , ойын-сауық үрдістерімен, тұрмыс-салт ғұрыптарына, аймақтық көне сарындар әуеніне байланысты алуан қарлы. Аса дарында Біржансал - ақын , әнші, композитор. Біржансал әндері өз өмір кешкен заманның неше алуан оқиғаларын, адамгершілік, ізгілік мәселелерін толғап, адам жанның нәзік сезімдерін лирикалық әсем сазға бөлейді. Оның әндері: «Бурылтай», «Теміртас», «Жанбота», «Жонып алды», «Адасқақ», «Көкек», «Айтбай», «Біржансал». Ал Ақансерінің кең пейіліне сырлы әнімен өткір сөзіне, жүрген жерін думанға айналдыратын өнеріне сүйсінген халық оны «сері» атандырған. Оның әндері : «Сырымбет», «Құлагер», «Маңмаңгер».
Тиімді қолдана білген кез-келген
әдіс білім сапасын
артыратыны хақ.
Дамыған елу мемлекеттің
қатарына кіру үшін білімді де
тәрбиелі ұрпақ тәрбиелейік.
Қорытынды:
Тиімді қолдана білген кез-келген
әдіс білім сапасын артыратыны хақ.
Дамыған елу мемлекеттің
қатарына кіру үшін білімді де,
тәрбиелі,өнерлі де,өнегелі ұрпақ
тәрбиелейік.
Достарыңызбен бөлісу: |