Жаннатта ағаштар мен жемістер
ғана бар ма?
Əлбетте олай емес. Раббымыздың бұл өмірде бізге берген нығметтері
ағаш пен жемістен тоқтап қалмайтыны секілді, жұмақта да бізді орасан
зор берекенің күтіп тұрғаны анық.
«Онда олар үшін дүниеде істеген игілікті істерінің жемісі ретінде
жұмақтың бар нығметі дайын тұрады, əрі көңілдері не қаласа, соның
бəрі алдарына тартылады»
.
Жаннаттың шексіз нығметі туралы хабарды Алланың кəламынан,
аяттардан оқып-білуімізге болады. Ол үшін Құранды ашып, ондағы
Жаннат аяттарына зер салғанымыз жөн. Саған Құран аяттарының
бірнешеуін мысалға келтірейін:
«Үлбіреген жұқалтым жібек пен жалтылдаған атластан тігілген киім
киіп, (яғни, үлде мен бүлдеге оранып, орынтақтарға шалқая түсіп,
мейірлене) бір-біріне қарасып о«Тақуа жандарға уəде етілген жаннаттың мысалы: онда суы əсте
лайланбайтын һəм борсымайтын тұп-тұнық өзендер, дəмі еш
өзгермейтін (ашымайтын) сүттен өзендер, ішкен жанды ерекше
лəззатқа бөлейтін шараптан өзендер жəне қоспасыз таза балдан
өзендер бар. Сондай-ақ олар үшін онда сан алуан жемістер мен
Раббыларының шексіз кеңшілігі де болады. (Ендеше, осынау əсте
түгесілмейтін нығметтерге бөленген тақуа жандар) мəңгі-бақи тозақта
қалатын һəм қайнақ сумен суарылғандарында ішек-қарындарының
парша-паршасы шығатын бейбақтармен тең бе?»
«Шүбəсіз, Алла иман келтіріп, игі істер істегендерді (жайқалған жасыл
бауларының арасынан жəне зəулім сарайларының) іргесінен өзендер
ағып жатқан жаннат бақшаларына кіргізеді. Олар онда алтын
білезіктер мен інжу тағынады, киімдері жібектен болады»
25
.
25 «Хаж» сүресі, 23-аят
Олар асыл тастармен зерленген, қаз-қатар тізілген жайлы да
салтанатты орынтақтарға жайғасады. (Қарама-қарсы қойылған) жайлы
орынтақтарға шалқая түсіп, бір-біріне қарасып отырады. Олардың
айналасында мəңгі-бақи балғын, балауса қалпынан өзгермейтін
бозбалалар айналсоқтап, құрақ ұшып қызмет көрсетіп жүреді. Жұмақ
шарабы құйылған тостағандар, құмыралар жəне қадақтармен оларды
айналсоқтап жүреді. Бұл шараптан олардың басы да ауырмайды, мас
та болмайды. Сондай-ақ (аталмыш қызметшілер жұмақтықтарға)
өздері қалап таңдап жейтін жеміс-жидектің түр-түрін, көңілдері соққан
алуан түрлі құс еттерін (ұсынып бəйек болып жүреді). Көздері
мөлдіреген хор қыздары, бейне бір қабыршағынан алынбай сол күйі
сақталған інжулер секілді. (Мұның бəрі оларға дүниеде) істеген
игілікті істерінің қарымы ретінде (беріледі). Олар онда бос əрі күнəға
батыратын бірде-бір сөз естімейді. Еститіндері тек «сəлем», «сəлем»
деген игі тілектер ғана. Асхабул-ямин (амал дəптерлерін оң жақтан
алатын бақытты жандар), олар қандай бақытты жандар десеңші! Олар
жеміс салмағынан бұтағы иілген тікенсіз шие ағаштарының жəне шоқ-
шоқ болып ұйыса біткен банан ағаштарының созылып жатқан кең
саясында һəм сарқырап аққан сулардың жағасында (болады). Сондай-
ақ ағыл-тегіл жеміс-жидектердің, əсте таусылмайтын əрі тыйым
салынбайтын (жемістердің арасында болады)»
26
.
26 «Уақиға» сүресі, 15 – 33-аяттар
«Онда ағып жатқан мөп-мөлдір бұлақтар бар. Биік-биік тақтар да бар.
(Сондай-ақ онда алуан түрлі сусындар мен шараптарға) толы қадақтар,
жастануға жəне сүйенуге лайықталып қаз-қатар тізілген жұмсақ
жастықтар, жайылып төселген масаты кілемдер бар»
27
.
27 «Ғашия» сүресі, 12 – 16-аяттар
«Міне, бұл Раббыңның (тақуа құлдарына деген) шексіз шарапаты! Зор
жетістік, толайым табыс деген, міне, осы!»
28
28 «Духан» сүресі, 57-аят
|