Жаннатта не жоқ?
Əрине, жұмақта да жоқ нəрселер бар. Бірақ жұмаққа кірген ешбір жан
мынадай нəрселерді іздемейді: Ашу, реніш, қызғаныш, өтірік сөз, өсек,
төбелес, ұрыс-керіс, жаман сөз, жала, сөз тасу, біреудің ақысын жеу,
аяқтан шалу, алдау-арбау, өтірік, сатқындық... Осы сияқты ойыңа
келген жамандық атаулының бірін де Жаннаттан кезіктірмейсің. Бұл
дүниеде ондай істерден қашық болған адамдар, жұмақта да ондай
істерді көрмей өтетін болады.
«Ал Аллаға лайықты түрде тағзым ететін, Оның алдында асылық
етуден барынша сақтанатын тақуа жандар болса, (азап атаулыдан ада)
қауіпсіз жерде болады»
33
.
33 «Духан» сүресі, 51-аят
Жұмақтағы жоқ нəрселер мұнымен бітпейді. Ол жақта ауру-сырқау,
шаршап-шалдығу, ұйықтау, қалжырау сияқты сезімдер болмайды.
Қате, оқымадың! Иə, Жаннатта ұйықтау деген түсінік жоқ. Жұмақ
халқы ұйқы дегеннің не екенін білмейді. Жаннатта көп іс күтіп
тұрғанда, ұйықтағанды кім жақсы көрсін?! Сондай-ақ, адамдардың
əжетке шығуға да мұқтаждығы болмайды ол жақта. Сан түрлі жеміс-
жидектерді, əртүрлі көкөністерді қанша татсаңыз да «Асқазанымда
орын қалмады» деп қиналмайсыз. Пайғамбарымыздан жеткен
хабарларда, Жаннат халқының əжетке шығуға мұқтаждығы болмайды.
Орнына жай ғана терлейді. Əрі ол адамдардың терлесе де, денесінен
хош иіс аңқып тұрады.
Осымен бітті ме? Жоқ, əлі бітпеді. Жаннатта ешкім күш-қайратын
төгіп, бір іс жасап яки ғибадат етіп əуре болмайды. Өйткені Жаннат –
бұл дүниедегі ғибадатқа күш жұмсап, нəпсімізді тыйып,
еңбектенгеніміз үшін берілетін Алланың мекен-сыйы. Яғни мына
келте ғұмырда қаншалықты еңбектенсек, арғы өмірде жемісін көреміз.
Ол жақта намаз да оқымаймыз ба?
Жоқ, Жұмақта намаз оқу деген түсінік болмайды. Себебі намаз – бізге
осы өмірде ғана парыз етілген амал. Адамдарға намаз оқу сəл ғана
қиындық əкелуі мүмкін, бірақ жұмақ мекенде оның бірі де болмайды.
Сондай-ақ ол жақта болмайтын тағы бір нəрсе – жан тапсыру.
«Олар (жалған дүниемен қош айтысарда дəмін татқан) алғашқы өлімді
былай қойғанда онда өлімнің дəмін əсте татпайтын болады. Сондай-ақ
Алла оларды жалындаған жаһаннам азабынан мəңгі-бақи сақтайды»
34
.
34 «Духан» сүресі, 56-аят
Мəңгілік жұмақ дегенді қалай түсінеміз?
Жаннатқа бір кірдің бе, ол жақта мəңгі қаласың дегенді білдіреді.
«Олар онда ешқандай қиыншылық, машақат көрмейді һəм ол жерден
əсте шығарылмайды»
35
.
35 «Хижр» сүресі, 48-аят
Жаннатта бұрын ойлап та көрмеген түрлі нығметке ие боласың деп
айтқаным есіңде ме?! Осы айтылған нығметтердің өзі мəңгілік
жалғасын табады. Бұл дүниеде бəрі таусылады, сарқылады, бітеді.
Уақыт та зымырап, күнмен күн, айлар мен жылдар көзді ашып-
жұмғанша өте шығады. Жер бетінде мезгілдер ауысқан кезде
ағаштардың бəрі сан құбылады. Өседі, жайқалады, қурайды, өледі,
əйтеуір мəңгі тұрмайды. Жас пен кəрінің де мысалы осыған ұқсайды.
Яғни бұл жақта бəрі таусылады.
Үстелдегі тамақ та, бақшадағы жеміс те, омартадағы аралар да, бал да
бітеді. Ескі күндер артта қалып, жаңа күн келеді. Бірақ сөйтіп
жүргенде, бұл өміріміз де таусылады. Сонда да мəңгі өмір сүргіміз
келеді.
Көңіліміз еш нəрсенің біткеніне разы емес. Ағаштар əрдайым жап-
жасыл болғанын, гүлдердің жайқалып тұрғанын, көктемдей құлпырып,
мəңгі жас болып қалғымыз келеді. Бұл өмірден іздейтін басты нəрсеміз
– шексіздік. Бірақ өзің білетіндей бұл өмірде ештеңе мəңгі емес. Сол
себептен өмірді «фəни дүние» дейміз. Фəни (жалған) дүние бір күні
таусылады. Ал жұмақ мекені фəни емес. Ол жақта гүлдердің солғанын
көрмейсіз. Көктем, жемістер – бəрі-бəрі мəңгіге ұласып жайқалып тұра
береді. Ол жақта адам баласы қартаймайтын болады. Себебі ол жақ –
Раббымыздың шексіз нығметін көрсететін мекен.
«Ал иман келтіріп, (өздерін һəм қоғамды түзетуге бағытталған)
игілікті істер атқарғандарды ішінде мəңгі-бақи қалып бақытты өмір
сүретін, (жайқалған жасыл бауларының арасынан жəне зəулім
сарайларының) түбінен өзендер ағып жататын жаннат бақшаларына
кіргіземіз. Жұмақта олар үшін пəк жұбайлар бар. Сондай-ақ оларды
жұмақтың əсте түгесілмейтін нығметтерге толы болған жанға жайлы
самаладай көлеңкесіне саялатамыз»
36
.
36 «Ниса» сүресі, 57-аят
Ол жақта зерігеміз бе?
Бұл өмірде ең дəмді тамақтың өзін үш күн жесек, жалығып кетеміз.
Сүйікті жемістеріміз бір апта көзіміздің алдында тұрса, одан да
шаршаймыз. Жақсы көретін досымызбен үш күн, үш түн тоқтамай
сөйлессек, төртінші күні бір-бірімізді көргіміз келмей, одан да
жалығамыз. Ал енді бұл өмірде жақсы нəрсенің бəрінен жалықсақ,
Жаннаттың сансыз нығметтерін көре-көре одан да жалығатын күн бола
ма? Күн сайын бір нəрсені жеу, ішу сияқты нəрселерден зерігіп
кетпейміз бе?
Ең алдымен, мынаны айтқым келеді: Жұмақ мекенде ешбір нəрсе
адамды зеріктіретіндей емес. Өйткені ол жақта жалығу, шаршау, зерігу
деген сезімдердің өзі болмайды. Мысалы, сен алманы қатты жақсы
көресің, бірақ оны бір апта бойы жесең не істейсің? Көпке дейін ол
жеміске жоламай жүресің. Дұрыс қой?! Бір апта бойы жеген алманың
дəмі аузыңызға келіп, оны көргіңіз келмейді. Себебі бұл өмірде барлық
алманың дəмі бірдей болады. Жаңасын жеген сайын, тағы да ескі
алманы жеген сияқты сезімде боласың. Осылайша біраз уақыт алма
жемей кетесің.
Ал егер жеген алмаларыңның дəмі бір-біріне ұқсамаса ше? Ол кезде
алма жеуден жалығасың ба?! Бір апта, бір ай, тіпті жыл бойы жесең де,
тағы да дəмін көре бергің келеді. Жаннаттағы алмалар, міне осындай!
Жаннат өзі мəңгілік мекен болса, ондағы жаралған нəрсенің бəрі –
түгесілмес нығметтер. Жеген алмалардың дəмі бір-біріне мүлдем
ұқсамайды. Негізі, бұл өмірде де оның кішкене мысалын байқаймыз.
Қазір күнделікті көріп жүрген алмаларымыздың дəмінде сəл
өзгешеліктер бар. Біреуі қатты, біреуі жұмсақ, қышқыл не тəтті деген
сияқты... Жаннаттағы жағдай мүлдем бөлек! Жаннат бақшаларында
өсіп тұрған алманы көріп «Ой, тағы да сол алма ма?» демейміз.
Раббымыздың шексіз құдіретімен жаратылған дəмі тіл үйірер
алмаларды көріп, Аллаға мақтаулар айтып, шүкір етеміз...
Елестетіп көрші! Мына дүниеде ең сүйікті нəрсемізді жасағанның
өзінде жалығып кетеміз. Əдемі бақтарда жаяу жүріп-жүріп, бір кезде
қызығы басылғанда: «Шаршадым. Жүргім келмейді. Болды» дейміз.
Бірақ біз баратын керемет мекенде шаршау деген болмайды. Зерігіп,
жалығу сезімінің не екенін де ұмытамыз.
Тағы бір нəрсені айтқым келеді. Негізінде, Алла Тағала біздің
денемізді Жаннатқа лайықты етіп, қайта жаратады. Бұған мысал
ретінде өзіңнің компьютеріңді есіңе ал. Сол құрылғыңа жаңадан бір
ойын жүктеп алдың. Ең соңғы деңгейге көтеріліп, енді ойнап берген
едің, экраның жұмыс жасамай, қатып қалды. Бір кезде мүлдем істен
шықты. Не істеу керек?! Əлгі экранды апарып, жаңасына алмастыру
керек. Сол кезде əлгі ойынның түр-түрін ойнап, жаңа деңгейлерге өте
алатын боласың. Ескі экранмен ойнау мүмкін емес, жарамсыз болып
қалды. Жаннаттағы жағдайымыз осыған ұқсайды. Егер Жаннатқа бұл
дүниедегі денемізбен баратын болсақ, ол жақтағы көптеген
нығметтерді көру мүмкін болмайтын еді. Мысалы, осы өмірде бір
жеріміздің ауыратыны бар, аяғымыздың сырқырайтыны бар, əйтеуір
бір дертіміз бар. Бірақ жұмақ мекенде денемізде мұндай кемшіліктер
болмайды. Барлық адам жарасымды, əдемі, тартымды көрінеді... Бұдан
кейін Жаннаттан шаршайтын шығармын десең, онда саған айтарым
жоқ!
|