Жанр дегеніміз не?



Дата29.11.2022
өлшемі45,34 Kb.
#160394
Байланысты:
тесттттт
aza -zhurnalistikasyny -tarikhy, Рукописный 2021-03-05 142225, Атмосфералық қысым

  1. Жанр дегеніміз не?
    A) Болмысқа көзқарастың жүйеленген түрі B) БАҚ материалдарын маңызына қарай жүйелеу C) Ақпарат даярлаудың негізгі ұқсас шарттары сақталған материалдардың берілу формасы D) Материалдардың сапалық және көркемдік бағалануы E) Тақырыптың мәтінді ашуы.



  1. Ақпарат қандай сұрақтарға жауап беруге тиіс?
    A) Кім? Не? Қайда? Қашан? Неліктен? B) Қазақстан жерінде ме, оған қатысты ма, ықпал ете ме? C) Проблемалық па? Ақпараттық па? Жаңалық па? D) Үлгі ету, Сабақ алу, Әшкерелеу E) Сықақ, әжуа, шарж.



  1. Біртектес заметкаға қойылатын басты талап не?
    A) көлемдерінің бірдей болуы B) Бір оқиғаның әр кезеңдерін сипаттау C) Оқиға мен уақыт немесе уақытпен кеңістік бірлігі D)Ақпарат жеделдігі E)Кейіпкерден эксклюзивті сұхбат алу.



  1. Сатира мен юмордың негізі?

A) Комизм B) әдебиет C) Журналистика D) Фольклор E) Жанр.





  1. Достық шарж карикатурадан қалай ажыратылады?
    A) Айырмасы жоқ B) Шарж БАҚ тәжірибесінде қолданылмайды C) Кейіпкер бейнесі тым бұрмаланбайды және текстге жоғары талап қойылады D) Карикатурада текст болмайды, достық шаржда болады E) Автордың көзқарас айқындылығы бойынша.



  1. Заметкаға қойылатын басты шарт?
    A) Жанр ережесінің сақталуы B) жеделдік пен сонылық C) деректерге зерттеушілік, талдамалық мән беру D) Оқиғаға баға беру E) Оқиғаның себебін зерттеу.



  1. Репортажда сұхбат элементтері бола ма?
    A) Болмайды B) Болады C) Болса ол сүхбатқа айналып кетеді D) Басты кейіпкермен ғана сұхбаттаса алады E) Сұхбат диалог ретінде көрінеді



  1. Ақиқат дерек алуға қолайлы жанрлар.
    A) Очерк B) репортаж және сұхбат C) Жедел ақпарат /заметка/ D) Мақала /талдамалы/ E) Пресс-конференция



  1. Публицистика жанрларын алғаш пайымдаған ғалым?
    A) Ахмет Байтұрсынов B) Тауман Амандосов C) Темірбек Қожакеев C) Зейнолла Қабдоллов D) Х.Досмұхамбетов.



  1. «Очерк зерттеу мен әңгіменің арасындағы шығарма» деген бағаның авторы кім?
    A) Л.Толстой B) М.Горький C) Л.Белинский D) А.Пушкин E) В.Гоголь.



  1. Публицистің негізгі шығармашылық құралы.
    A) ой B) тіл C) сөз D) пікір E) толғау.



  1. Публицистика жанрлары журналистикадан бөлек пе?
    A) Иә, бөлек B) Публицистика жанрлары негізінен журналистика кеңістігінде өмір сүреді C) Публицистика журналистикадан бұрын қалыптасқан D) Публицистика баспасөзден басқа арналарда болмайды E) Бір жүйеге түскен жоқ.



  1. Қаламгер С.Дөнентаетың көбірек қалам тартқан жанры.
    A) әңгіме B) мысал C) өлең D) новелла E) скеч.



  1. Мазмұны жөнінен тұңғыш сұхбат-романның авторы.
    A) М.Мағауин B) Ә.Кекілбаев C) С.Әшімбаев D) О.Бөкеев E) Ә.Нұршайықов



  1. Монологтық сұхбат бола ма?
    A) Болмайды B) Редакцияға сол үлгіде хат түссе C) Арнайы зерттеу нәтижесінде D) Болады E) Оқырман сұрақ қойған жағдайда.



  1. Тікелей репортаждағы диалог қандай роль атқарады?
    A) көркемдеушілік B) толықтырушылық C) Журналистік ақпарат алу шеберлігі D) сюжет аралық үзілісті жалғастыру E) оператор шешімін көрсетеді



  1. Баспасөздегі және телеарнадағы тікелей репортаждың оперативтілік айырмасы.
    A) Баспасөздегі репортажды кез-келген орында оқуға болады B) Телерепортаж жеделдігі оқиға болып жатқанда C) Баспасөзде тікелей репортаж деген түсінік жоқ D) Оперативті болу үшін газет репортажын күні бұрын даярлайды E) Екеуінің оқырман, көрерменге әсері бердей.



  1. Редакциялық мақала дегеніміз:
    A) Мерекелік номерлердегі құттықтау B) Бас редактор бағанасы C) Адрессіз мақала D) Ірі саяси-әлеуметтік мәселелер бойынша редакцияның пікірі E) Редакция почтасына шолу.



  1. Аннотациялық рецензия бола ма?
    A) Болмайды B) Редакция құрылтайшысының келісімімен C) Шығарма қатты сыналған жағдайда D) Автордың рұқсаты бойынша E) Болады.



  1. Ең қысқа жанр...
    A) Номер нақылы B) Гу-гу C) Заметка D) Факт /дерек/ E) Ресми хабар.

21. Публицистика теориясы сөз етілетін алғашы кітап?
A) «Әдебиет танытқыш» А.Байтұрсынов B) «Газет жанрлары» Т.Амандосов C) «Сатира негіздері» Т.Қожакеев D) «Уақыт және әдебиет» М.Әуезов E) «Дүниетану даналығы» З.Серікқалиев
22.Ақпараттық заметкадағы автордың баға беру позицисяы?
A) Бұрынғы оқиғалармен салыстырып баға береді B) Оқиғаға
қатысушылармен жүздесу арқылы баға береді C) Автор оқиға туралы өз
болжамын жасайды D) Уақыт жеделігінен баға берілмейді, оқиға хабарланады E) Авторлық баға заметка соңында беріледі.

  1. Сұхбат объектісі тұтас ұжым бола ала ма?
    A) Болмайды B) Онда материалдың жазылу әдісін өзгерту керек C) Бола алады D) Ұжым ішінде келіспеушілік талас болған жағдайда ғана E) Редакция ұсынысы бойынша.



  1. Талдамалы жанрларға қандай шығармалар жатады?
    A) Сұхбат, заметка B) репортаж C) очерк D) Мақала, корреспонденция E) Фельетон.



  1. Мемлекеттік қызметке тағайындау туралы ақпарат қандай жанрға жатады?
    A) Заметкаға B) Дербес ақпаратқа C) Ресми хабарлар жанрлар құрамына

кірмейді D) Жаңалықтарға E) Интервью.

  1. Сюжетсіз очерк бола ма?
    A) Болады B) Сатиралық, сарказммен жазылса C) Дерексіз очерк болмайды, ал деректің өзі – сюжет D) Редакция тапсырмасымен жазылса E) Танымдық тақырыпқа жазылса.



  1. Ақпараттағы жанрдағы проблемалық мақала қалай ажыратылады? A) Көтерген проблеманың ауқымдылығымен B) Тұрақты айдара болған жағдайда C) Проблемалық мақала ақпараттың жанрға кірмейді D) Бүгінгі күннің өзекті мәселесі көтерілуімен E) Ресми хабарға арналса.



  1. Репортаждың түрлері.
    A) Сұхбат репортаж, танымдық репортаж B) Проблемалық репортаж, тақырыптық репортаж, фоторепортаж C) Спорттық, әлеуметтік, саяси, экономикалық репортаж D) Түсіндірмелі репортаж, тосын репортаж, қорытынды репортаж E) Суреттемелік және сабақ алушылық.



  1. Сұхбат сауалдарын редакцияда кім даярлайды?
    A) Редактор B) Редколлегия мүшелері C) Журналист D) Сұхбат берушімен алдын-ала келісіледі E) Кезекші редактор.



  1. Қылмыстық істер хроникасынан репортаждық элементтерін қалай табуға болады?
    A) Хроникада репортаж элементтері болмайды B) Болады, егер қылмыс

істелген жерден жан-жақты хабарланса C) Қылмыстық істің маңыздылығына қарай D) Тек пара алу қылмысында ғана көрінеді E) Қылмыстық іс жедел ашылған жағ«Гадзетта» атауы XVI ғасырда қай қалада пайда болды?

A) Париж B) Лондон C) Берлин D) Венеция E) Рим.



  1. Публицистика жанрларында типтендіру қайда кездеседі?

A) очерк B) фельетон C) суреттеме D) сұхбат E) репортаж.




  1. Публицистика жанрлары қандай заңдылық арқылы анықталады?


A) Редакцияның айқындауы бойынша B) Оқиғаның өрбуі бойынша C) Автордың көзқарасы бойынша D) Шығарманың мазмұны, даму заңдылығы бойынша E) басты кейіпкер іс-әрекеті бойынша.




  1. «Жанр» сөзі әдебиетте қандай ұғымды білдіреді?


A) Тегі /род, вид/ B) саласын C) мазмұндық бөлінуді D) философиялық трактат мағынасын E) Фольклорлық қолжазба мағынасы.




  1. Баспасөздің функциясы мен публицистиканың функциясы бірдей ме?


A) Жоқ бірдей емес B) Екеуі бір ұғым C) Бір мақсатқа қызмет етеді D) Екеуі де адамдарға арналады E) Публицистика функциясы басымырақ болады.




  1. Бұрынғы қазақ басылымдарындағы фельетон сөзінің баламасы.


A) Ошаған B) Қақпан C) Құрық D) Оқшау сөз E) Садақ.




  1. Фельетон сөзі француз тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді.


A) монета B) журналша C) листок – бетше D) публика – бұқара E) сын сатира.




  1. Репортажға қажетті – уақыт, орын, оқиға және:


A) көрермен B) оқырман C) тыңдарман D) автор E) сұраныс.




  1. Дайджест – қандай ұғым береді.


A)Эротикалық бағыттағы жарияланымдар топтамасы B) Тосын оқиғалар топтамасы C) Басқа басылымдардан көшіріп бас D) Бір мақалаға басымдық беру E)Сыни мақалаларды топтастыру




  1. Соңғы жылдары республикалық басылымдағы эпстолярлық публицистика үлгісі.


A) Президентке жалданған Ашық хаттар B) Бас прокурор атына жарияланған хаттар C) Ш.Мұртаза мен И.Смайылов жазысқан хаттар D) Ауыл өмірін жазған шығармалар E) Редакция почтасындағы хабарға шолу.




  1. Жанрды қалай ажыратамыз?


A) Журналистің оқиғаға, дерекке көзқарасы арқылы B) Оқиғаның баяндалу желісі мен тіл, стиль арқылы C) Белгілі бір жанр элементтерінің басым тұрып, материал мазмұнына білдіруде бірінші орынға қойылуға арқылы D) Редакцияның тапсырмасы арқылы E) Оқиғаға автордың баға беруі арқылы.




  1. Ел президентінің жолдауы қандай жанрға жатады?


A) Ақпараттық жанрға B) Талдамалы жанрға C) Көркем публицистикалық


жанрға D) Ресми хабар ретінде E) Құрылтайшымен арадағы шарт бойынша.

  1. Публицистиканың функциялары.


A) Насихат, үгіт және ұйымдастыру B) Идеология, дін және мораль C) Иландыру, сендіру және көз жеткізу D) Үлгі ету, әшкерелеу, проблема көтеру E) Әсерлендіру, сезіндіру.




  1. Жағымды оқиғаға жазылған фельетонды қалай атаймыз?


A) Шарждық фельетон B) Шартты фельетон C) Фельетон объектісі жағымды оқиға болмайды D) Үлгілік фельетон E) Фельетон орны.




  1. Сатиралық жанрлардағы аллегория дегеніміз не?


A) Өсіріп айту B) Астарлап айту C) Күлкіге айналдыру D) Салыстырып сөйлеу E) Сарказм.




  1. Пародия сұхбат жанрында қалай пайдаланылады?


A) Сұхбат берушінің жауабы ұнамағанда B) Сұхбат берушіден сын тақырыбына жауап ала алмағанда C) Сұхбат кезінде пародияға жол жоқ D) Сұхбат беруші сөзін қорытындылағанда E) Сұхбат берушімен журналистің пікір қайшылығы болғанда.




  1. Авторлық көзқарас пен авторлық баға қай жанрда көбірек аңғарылады.


A) Заметкада B) Ақпараттық жанрда C) Талдамалы жанрда D) Жарнамалық материалдарда E) Көркем публицистикалық.




  1. Ш.Уәлихановтың «Сот реформасы туралы» шығармасын қандай жанрға жатқызамыз?


A) Есеп B) Көркем очерк C) Мақала D) Проблемалық репортаж E) Фельетон.




  1. Фельетонға трагедиялық мотив сюжет бола ала ма?


A) Бола алмайды B) Бола алады C) Редакция тапсырмасымен болса D) Проблеманың маңыздылығына қарай E) Құрылтайшы ұйғарымымен.




  1. Фельетон корреспонденцияның негізгі белгілері.


A) Проблема, мінез-құлықты ашу, түйіндеу B) Сюжет ширақтығы, динамизм және уыттылық C) Жеделдік, баяндаудың басымдылығы мен сықақтық үн, нақты адрес D) Сықақшы тіл, жеңіл сюжет, объективті баға E) Негізгі объектіні жағымсыз объетімен салыстыру.




  1. Ғылыми және көркем шығармалар жайында ой толғап, таразылап, саралап беретін жарияланым: A) Шолу B) Ашық хат C) Корреспонденция D) Заметка E) Рецензия.


  2. Газет шолуы бір фактіге жасала ма?


A) Жасалады B) Жасалмайды C) Бір фактіге зерттеу жүргізіледі D) Шолу жасау үшін не уақыт немесе мазмұн жағынан біртектес оқиға, факт керек E) Редактор тапсырма берсе.




  1. Басылымдардағы «Библиография», «Оқыдық, пікір айтамыз», “Жаңа кітап” айдарларымен басылған шығармалар қандай жанрдың, қандай түріне жатады?


A) Ақпараттық жанр B) Талдамалы жанр /мақала/ C) Корреспонденция /тақырыптық/ D) Рецензия /шағын/ E) Шолу.




  1. Кейбір зерттеушілер қолданатын «көсем сөз» атауы нені білдіреді? A) басмақаланы B) редактор бағанасын C) авторлық публицистиканы D) проблемалық мақаланы E) Оппозициялық қарсы мақаланы.


  2. Басылымдарда әртүрлі жиналыстардан, кеңестерден, кездесулерден жазылған жарияланымдары... деп татймыз! A) Заметка B) Репортаж C) Сұхбат D) Шолу E) Есеп.


  3. Ортақ бас тақырыппен топтастырылып берілетін хабарлар: A) дербес заметка B) тәулік тынысы C) бір тектес заметка D) дүбірге тола дүние E) әлем тынысы.


  4. Басылымдар тілінің негізгі ерекшелігі?


A) Ғылымилығы B) Әдеби тіл нормаларына жақындығы C) Диалектіні сақтайтындығы D) Кеңсе тілінен өзгешелігі E) Конституция талабына сай келетіндігі.




  1. Портреттік очерктегі негізгі шарт.


A) оқиға B) мінез C) адам (кейіпкер) D) уақыт E) авторлық баға.




  1. Пресс-конференцияны жанрлар құрамына жатқызуға бола ма?


A) Болады B) Тек журналистерге арналған болса C) Редактор тапсырмасымен D) Маңызды оқиғаға арналса E) Пресс конференция жанрлардың тек объектісі ғана бола алады.




  1. Ресейдің қай басылымында алғаш «публицистика» бөлімі ашылды?


A) Современник B) Колокол C) Пчела D) Русский речь E) Полярная звезда.




  1. Жанр болашағына көзқарасыңыз?


A) Болашақта дербес жанр болмайды, бірыңғай ақпарат болады B) Жойылмайды, қайта өрісі кеңейе түседі C) Тек ақпараттық жанр қалады D) Қоғам дамуына байланысты эволюциялық өзгерістерге ұшырап жатады E) Теоретикалық ғалымдар үлесіне тиісті.




  1. БАҚ-ның ресми, бейресми, жартылай ресми болуы публицистика жанрларының эволюцисына әсер ете ме?


A) Етпейді B) Әсер етеді, өйткені сұраныс әр түрлі болады C) Заң жолымен реттеліп отырылады D) Бірізділік қалыптасады E) Әр басылымның таңдаулы жанры болады.




  1. Көркем публицистикалық жанрлардағы гипербола? A) Келемеж ету B) Өсіріп айту C) Шартты елестету D) Автордың ойымен баға беру E) Мансұқ ету.


  2. Ақпарат қандай сұрақтарға жауап беруі тиіс.


A) Кім? Не? Қайда? Қашан? Неліктен? B) Қазақстан жерінде ме. Оған қатысты ма, ықпал ете ме? C) Проблемалық па? Ақпараттық па? Жаңалық па? D) Үлгі ету, сабақ алу, әшкерелеу E) Неге? Не үшін? Неліктен.




  1. Талдамалы жанрларға қандай шығармалар жатады.


A) Сұхбат, заметка B) Репортаж C) Очерк D) Мақала, корреспонденция E) Фельетон.




  1. «Сатира негіздері» кітабының авторы?


A) С.Байменшин B) Т.Амандосов C) А.Байтұрсынов D) Т.Қожакеев E) М.Барманқұлов.




  1. Публицистиканың функциялары?


A) Насихат, үгіт және ұйымдастырушылық B) Идеология, дін және мораль


C) Иландыру, сендіру және көз жеткізу D) Үлгі ету, әшкерелеу, проблема
көтеру E) Сынау, сабақ алу, қорытынды шығару.
  1. Ақпараттың сапалық өлшемдері?


A) Жеделдік, сонылық, дерек дәлдігі B) Жеделдік, толғау, баяндау шеберлігі C) Жеделдік, тапқырлық, ұшқыр тіл D) Жеделдік, бәсекелестік, позиция айқындығы E) Жеделдік, ұшқырлық, комбинациялық.




  1. Тақырып пен жанрдың ара-қатынасы?


A) Тақырып жанрға тәуелді емес B) Әр жанрдың өз тақырыбы болады C) Тақырып басылым сипатына қарай таңдалады D) Тақырып оқиғаға тәуелді E) Тақырыпты журналист таңдайды.




  1. Редакциядағы жанрды айқындаушы тұлға.


A) Редактор B) Жауапты хатшы C) Құрылтайшы D) Журналист E) Кезекші редактор.




  1. «Публицистика – дәуір үні» атты кітаптың авторы,


A) Т.Қожакеев B) Т.Ыдырысов C) Ш.Елеукенов D) Т.Амандосов E) М.Барманқұлов




  1. Газеттегі айдарлар не үшін қойылады.


A) Редакция жоспарына сәйкес B) Материалдық әлеуметтік мазмұнын


оқырман назарына іліктіру үшін C) Өзге материалдардан оқшаландыру үшін D) Сол материалдардың сапалығын арттыру үшін E) Басылым тәжірибесіндегі дәстүр болғаны үшін

  1. Эксклюзивті сұхбат:


A) Оқиғаға жедел түсінік алу B) оқиға нәтижесін жедел хабарлау C) оқиғаға қатысушының көзқарасын анықтау D) Журналист позициясын анықтау жолы E) Ақиқатты іздеу көрінісі




  1. Басылымдар тәжірибесінде жанрға қатысты бүгінгі таңда байқалатын ахуал.


A) Синтезді жанрлық ақпараттың басым болуы B) Жарнаманың жанрды ығыстыруы C) Жанрды мойындамау D) Жанрды айдарлармен ауыстыру E) Дизайн басымдылығы.




  1. Жанрларды айдарлармен ауыстыруға бола ма?


A) Болады B) Редакция еркінде C) Редакция алқасы шешеді D) Болмайды


E) Айдар-әлеуметтік, жанр-теориялық категория.

  1. «Жас тілшілер серігі» атты кітаптың авторы.


A) Т.Қожакеев B) М.Барманқұлов C) Н.Омашев D) Т.Амандосов E) Б.Жақыпов.




  1. Қазіргі уақытта жарнамалық сипаты басым сияқты көрінетін жарияланымдар.


A) Есеп B) Жаңалықтар C) Суреттеме-корреспонденциялар D) рецензиялар E) саяси тақырыптағы материалдар.




  1. Авторлық құқық қандай заңды нормативпен қорғалады?


A) Республика Конституциясы B) БАҚ туралы Заң C) Авторлық және сабақтас құқықтар туралы ҚР Заңы D) Жергілікті сот органдары күнімен E) Нотариус куәландырылуы арқылы.




  1. Ш.Уәлиханов публицистикасының басым құндылығы.


A) Тіл байлығы B) Директор дәлдігі мен ақиқаты C) Ғылыми және көркем әдеби тілдің бірлігі D) Сыни көзқарасының айқын көрініс табуы E) Орыс тілін жетік білуі.




  1. «Дөңгелек стол» қай жанрдың ұйымдастыру шарасының көрінісі.


A) Заметка B) Сұхбат C) Репортаж D) Мақала E) Есеп.




  1. Публицистиканың функциясы дегеніміз:


A) Публицистика туралы теориялардың жүйесі B) Өмірде атқаратын қызметі C) Басқа пәндерден айырмасы D) Ғалымдар берген баға E) Өмірдегі сұранысы.




  1. Публицистиканың синкретизмі /құймалығы/ неден көрінеді?


A) Журналистика мен әдебиетте қатар қолданыс табу табиғатынан B) Ғалымдардың анықтамасынан C) Әдебиет теориясы кітабынан D) Публицистика тарихынан E) Уақыт екшеген тәжірибеден.




  1. Шағын ақпараттық заметка бүкіл ел көлеміндегі үлкен мәселелерге бастама бола ала ма?


A) Бола алмайды B) Ақпаратты бүкіл ел оқу міндетті емес C) Ел басшысының назарына ілінсе D) Бола алады E) Ондай тәжірибе жоқ.




  1. Заметканың жанрлық ерекшелігінің бірі: A) Оқиғаға шолу жасалынады B) Оқиға талданады C) Оқиға талданбайды, баға берілмейді, хабарланады D) Оқиға салдарымен себептеріне авторлық түсінік беріледі E) Уақыт мінбері деңгейінен түсінік айтылады.


  2. Есеп жанрының баспасөзде қолданылатын түрлері.


A) Репортаждық есеп B) Жедел есеп C) Сұраныс бойынша, редакция тапсырмасы бойынша D) Ақпараттық, талдамалы, тақырыптық, проблемалық


E) Публицистік, сюжеттік, портреттік және жалпылама.

  1. Репортаж дегеніміз:


A) Оқиғаны суреттеу B) Оқиғаға баға беру C) Оқиғадан құлағдар ету


D) Оқиғаны хабарлау E) Оқиға болған жерде туады, сондықтан оқиғаның өзі.

  1. Ақиқат көзіне ең жақын жанрлар.


A) Заметка, ақпарат B) Репортаж және сұхбат C) Фельетон D) Мақала E) Корреспонденция.




  1. Факті дегеніміз не?


A) Оқиға B) Құбылыс C) Болмыс D) Дерек E) Көзқарас.




  1. Заметка мен очерктің ұқсастығы неде?


A) Оқиға хабарланады B) Бүгінгі заман шежіресін жырлайды C) Оқырманды қызықтырады D) Оқиғаға талдау жасалады E) Екеуі де публицистика жанрлары болып табылады.




  1. Пародия – гректің қандай сөзінен шыққан?


A) Мақтау өлең B) Қарсы өлең C) Ұзақ өлең D) Шұбыртпалы өлең E) Ұйқассыз өлең.




  1. Ирония мен сарказмның ерекшелігі.


A) Екеуі де очерк элементтері B) Оқиға кейіпкерлері диалектерінде кездеседі C) Жағымды


жағдайда айтылмайды D) Бірін бірі қайталайды E) Ирония астарлы, сарказм кекесін.

  1. 2001 жылы «ЕҚ» жарияланған «Тәуелсіздік толғауы» атты шығарманың авторы?


A) Е.Смайыл B) Ж.Аупбаев C) Нұртөре Жүсіп D) Ә.Кекілбаев E) М.Нұртаза.




  1. Корреспонденцияда сұхбат элементтері қатыса ма?


A) Қатысады B) Қатысса сұхбат болып кетеді C) Автор шеберлігіне байланысты D) Оқиға күрделілігіне байланысты E) Жанр шеңберінде.




  1. Публицистикалық шығарма неден бастау алады?


A) Редактор тапсырмасынан B) Қоғамдық құбылыстардан C) Елді елең еткізер оқиғалардан D) Ақпараттық танымнан E) Әңгіме желі боларлық оқиғадан.




  1. Үнтаспаға жазылған пікірді жариялау үшін сол автордың келісімі керек пе? A) Қажет B) Қажет емес C) Редактор келіссе болады D) Құрылтайшы келісімі қажет E) Жағымды жағдайда қажет емес.


  2. Журналистиканың функциясы мен публицистика функциясы арасында айырма бар ма?


A) Жоқ B) Екеуі бір мақсатқа қызмет етеді C) Бар D) Бірін-бірі жоққа шығарады E) Екеуі бір.




  1. Журналистиканың жарнамалық, ой дамытушылық /дидактикалық/ функцияларын публицистика жанрлары атқара ала ма?


A) Алмайды B) Онда сұраныс беруші болмай қалады C) Жарнама бизнистің жұмысы D) Жарнамаға байланысты редакцияның менеджерлік қызметі болады E) Атқара алады.




  1. Сатиралық суретті не деп атаймыз?


A) Коллаж B) Мысал сурет C) Достық әзіл D) Пародия E) Карикатура.




  1. Қазақ публицистикасы қалыптасуындағы ХХ ғасырдағы пафостық кезең?


A) 1900-1920 жылдар B) 1920-1945 жылдар C) 1954-1960 жылдар D) 1960-1980 жылдар E) 1990-2000 жылдар


100. Шолу жанрдың қандай түріне жатады?
A) Ақпараттық B) Проблемалық C) Редакциялық D) Талдамалы E) Көркем.
101. Журналистің қалыптасқан тіл мәдениеттін не деп атаймыз?
A) Тіл мәдениеті B) Журналист этикасы C) Шеберлігі D) Стилі E) Таланты.
102. Кезінде «номердің жалауы» атанған қандай шығарма?
A) Сын мақалалар B)Коммунистік насихат мақалалары C)Социалистік жарыс жеңімпаздарына арналған шығармалар D) Бас мақала E) Ел басшыларының шығармалары.
103. Бір тақырыптағы біртектес фактілерге талдау жасалған шығарма:
A) заметка B) очерк C) репортажт D) интервью E) корреспонденция.
104. “БАҚ туралы” Заңның публицистика жанрларына қандай қатысы бар.
A) Жанрлар көлемі жарияланымның 50 пайызыннан кем болмауы керек. B) Жанрлар әртектілігі сақталуы тиіс C) Жанрлар цензурасы жойылған D) Жанрға қатысты ешқандай шектеу жоқ E) Жанрды журналист айқындауы тиіс.
105. Публицистика жанрларының ең беделдісі қайсы? A) Фельетон B) Очерк C) Репортаж D) Интервью E) БАҚ үшін барлық жанрлар өзінше құнды, өзіндік орны бар.
106. Публицистикалық жанрлардағы мазмұн дегеніміз:
A) Тіл шеберлігі B) Тақырып тапқырлығы C) Проблема көтеру жеделдігі D) Айтылатын ой E) Оқиғаны хабарлау жеделдігі.
107. Газет айдарлары қандай жанрларға жатады:
A) Талдамалы B) Ақпараттық C) Айдарлар функциясы жанрлардан бөлек D) Көркем публицистикалық E) Айдар жанрдың өзінен алынады.
108. Сканвордттар публицистиканың қандай функциясына сәйкес жарияланады.
A) Жаңадан жанр қалыптастыруы үшін B) Публицистиканың емес, журналистиканың танымдылығы үшін C) Оқырмандар сұранысына орай D) Редакция тенілгімен E) Оқырмандарды публицистикаға тарту үшін.
109. Публицистиканың ауқымы БАҚ-мен шектеле ме?
A) Иә, шектеледі B) Өйткені жанрлар тек журналистикада өмір сүреді C) Жоқ шектелмейді D) Публицистика өмір шежіресі, демек оның өрісі БАҚ. E) Уақыт көрсетеді.
110. Болашақта жаңа жанрлар қалыптасуы мүмкін бе?
A) Жоқ B) Публицистика теориясы әлі қалыптасқан жоқ C) Болашақта жанрлар жоғалатын шығар D) Қалыптасуы әбден мүмкін E) Ғалымдар әртүрлі пікір айтады.
111. Бұрынғы «журналистика жанрлары» неге “публицистика жанрларына” айналды.
A) Журналистика термині ескерді B) Арналар көбейді C) Қоғамдық қатынас, идеология өзгерді D) Еркін шығармашылық ой публицистикада ғана көрініс табады E) Журналистиканы ғаламдандыру мақсатымен.
112. Публицистиканың образдан бұрын ой тұратын жанры.
A) Ақпараттық B) Талдамалы C) Көркем публицистикалық D) Сын E) Репортаж.
113. Публицистикалық тексте автор фамилиясы екінші қатарға ысырылады дейміз, неге?
A) Өйткені, оқырман алдымен берілетін ақпарат маңызына назар аударады? B) Оны редакция журналистері ұйымдастырады C) Ұйымдастырғаны байқалып тұрады D) Мақала көп болған соң автор есте тұрмайды E) Оқырман үйренбегендіктен.
114. Авторлық публицистиканың публицистикалық текстен айырмасы?
A) Автор жазбауға құқылы B) Автор құқығы Заңмен қорғалады C)Ол редакция заказымен жазылады D) Қысқартуға жол берілмейді E) Әрдайым фотосуретімен беріледі.
115. Публицистикадағы фактінің басты қасиеті.
A) Автор ойына қызмет етеді B) Автордың қалам қуатын аңғартады C) Факті көп болса, материал құнды болады D) Адамдарға арналады, сөздердің
сөйлемдік жүйесі күйінде қалады E) Жанрын айқындайды.
116. Фактіні сезіну дегеніміз:
A) Оқиғаны көзбен көру, талдау және хабарлау B) Оны қабылдаудың, түйсінудің, әсерленудің жиынтығы C) Журналистік қызмет талабы D) Табиғи түйсік пен таланттың үйлесім табуы E) Оқиғаны іздеп таба білу.
117. Фактіні хабарлаудың БАҚ-ың нақты функцияларынан туындайтын басты екі өлшемі /критериі/.
A) Отаншылдық мәртебені төмендетпеу және шыншылдық B) Оперативтілік пен шешендік C) Байыптылық пен салыстырмалық D) Демократиялық принцип пен жариялылық E) Әлемдік өркениет талаптары мен гумманизм.
118. Фактілерді хабарлаудағы демократиялық дербестіктен туындайтын негізгі өлшемдер /критериі/. A) Жеделдік, нақтылық, туралық B) Проблемалық, масштабтық, тәуелсіздік
C) Сыни көзқарас, пікір қайшылығы плюрнализм D) Сонылық, өмірмен өзектілігі, типтілігі E) Салқынқандылық, сабырлық, талдамалық.
119. Оқиғаның құрамдас бөлігі мен бөлшектері туралы тікелей сезімнің түсінікке арналған тілдік жүйеден тұратын сәулесін, көрінісін не деп атаймыз?
A) Публицистика B) Журналистика C) Жанр D) Ақпарат E) Шығарма.
120. Журналистер күнделікті тәжірибесінде қолданатын ақпараттық танымның екі түрі.
A) Жеке фактілер мен оқиғаларды салыстыру B) Тікелей және қосымша түйсіну /фото, видео арқылы/ C) Ой зерделеу және ой түйу D) Көзбен көру, есту, әңгімелесу E) Ақпараттық және әлеуметтік танымды салыстыру.
121. Факт дегеніміз не?
A) Анықтама B) Дәлелдеу C) Сипаттама D) Сұрыптау E) Мәлімет немесе дерек.
122. Кәсіби шығармашылықтың екі қайрар көзі.
A) жұмыс және тәжірибе B) талант және бақ C) талап және еңбек D) арнаулы білім және табиғи бейім E) бәсекелестік және өзімшілдік.
123. Шешендік өнер публицистика жанрларына жата ма?
A) Әдеби жанр B) Ескірген жанр C) Публицистикалық жанрлардың бастау көздерінің бірі D) Тарихи жанр E) Жанрға жатпайды.
124. Қайта өрлеу дәуіріндегі журналистиканың негізгі сипаты.
A) Ғылымға бейімділік B) Білімді адам мен өндіруші адам арасындағы басымдылық жарысы C) Ғаламдану мен прогреске ұмтылыс D) Ғылымды әдебиеттендіру E) Әдебиет пен ғылымда сұлулыққа ұмтылыс.
125. “Айтпай тұра алмаймын” қанатты сөзінің авторы? (ХУІ ғасыр)
A) Франческо Петрарки B) Пьетро Артико C) Шарль де Голь D) Роберт Оуэн E) Джон Мильтон.
126. Еуропа журналистикасындағы “Білім ғасыры”.
A) ХІХ – ХХ ғасыр B) ХУІІ – ХУІІІ ғасыр C) ХХ – ХХІ ғасыр D) ХХ – ХХІ ғасыр E) ХІУ – ХУ ғасыр.
127. Жан Поль Марат (1743-1793) жылдары шығарған газет.
A) “Друг народы” (“Ами дю пепль”) B) “Бонтум” (“Таблер”) C) “Новости” (“Таймс”) D) “Скотамен” E) “Уорд”.
128. Әмбебап журналистикадан талдамалы журналистиканың айырмасы?
A) Екеуі бір сала B) Талдамалы журналистика оқиғаның себептеріне талдау жасауға арналады C) Әмбебап журналистика жоғары тұрады D) Әмбебап журналистика жанрлар негізі E) Талдамалы журналистика ХХ ғасыр перзенті.
129. Журналистиканы жеке есепке немесе көбейтулер мен бөлулерге емес “тарихқа да, теорияға да тиімді етіп пайдалану қажет” деген теорияны ұсынушылар (Ресей).
A) Петр мен Пушкин B) Ленин мен Сталин C) Чернышевский мен Добролюбов D) Белинский мен Гоголь E) Крылов пен Державин.
130. Журналистикадағы интелектуальдылықтың негізгі шарттары.
A) Талант, талап, еңбек B) Мақсат нәтиже және бәсеке C) Еске сақтау, ойлау және қорыта білу D) Идеология ұстану, шындыққа ұмтылу E) Аудитория психологиясын зерттеу және өзін-өзі таныту.
131. Ежелгі дәуірдегі оқиға салдарын елестету мүмкіндігі болған әдеби жанр түрі?
A) Фантастика B) Миф C) Сатира D) Өлең E) Қолөнер.
132. Репертердің айырықша қасиеттері:
A) оқиғаға ілесіп отыруы B) оқиғаны фотографиялық қабылдай білу қабілеті C)тапсырманы жедел орындауы D) Кәсіби тәжірибенің молдығы E)Редакция атынан сөйлеуі.
133. Аналитик журналистің негізгі қасиеттері.
A) Авторлық бағдарлама жүргізуі B) Аудиторияға кеңінен таныс болуы және тіл ұсталығы C) Әр түрлі оқиғалар арасындағы көзге көрінбес байланыстарды дәл тауып баға беруі және болашаққа бағдар жасауы D) Үкімет назарына ұсыныс жасай білуі E) Елдің стратегиялық мүддесін қорғауы.
134. “Блип-культура” – дегеніміз не?
A) Шындықтың адам санасындағы бір сәттік әсері B) Оқиғадан автордың әсерленуі C) Шындық пен ақиқаттың түйіскен тұсы D) Автордың идеямен күресі E) Журналистің мақала жауапкершілігін сезінуі.
135. “Брифинг” – дегеніміз не?
A) Ақпарат алуға мүмкіндік B) Болған оқиға туралы БАҚ өкілдерін хабарлауға арналған қысқаша кеңес C) Баспасөз хатшысы өткізетін жиын D) Паблик рилейшнз қызметі E) Жұма сайын өткізілетін өндірістік кеңес.
136. “Пресс-релиз” дегеніміз не?
A) Әкімшілік ақпарат тізбесі B) Баспасөз қызметінің болған оқиға туралы арнайы жазбаша түсіндірмесі C) Жиналыс қаулысына қосымша ақпар D) Дерективті мәлімет E) Ресми рәсімделген құжат тізімі.
137. Ақпарат алудың байырғы тәсілдері?
A) Білім, біліктілік, тәжірибе B) Ақпаратқа ұмтылыс, жеделдік және шеберлік C) Бақылау, әңгімелесу және құжаттармен жұмыс D) Еркіндік, талап қойғыштық және жедел жазу E) Есте сақтау, құпия сақтау және имидж жасау.
138. “Ақпараттық шпаргалка” деп нені айтамыз?
A) Еңбекші хаттары B) Әлеуметтік сауалнама жауаптары C) Күнделікті оқиғалар әсері D) Телефон арқылы т.б. хабар-ошарлар E) Жоспар бойынша жұмыс.
139. Философ У.Эко бұқаралық коммуницияға нелерді жатқызады?
A) Әдебиет, өнер, ақпарат B) Ақпарат, мұражай, кино, комикс т.б. C) Кино, пресса, ТВ, РВ, комикс, жарнама, көшірме, насихат түрлері, бұқаралық әдебиет D) Идеология құралдары E) Дін, мәдениет, әдебиет.
140. Кеңестік дәуірдегі газет флагманы (бастаушысы) аталған жарияланым?
A) Очерк B) Репортаж C) Сұхбат D) Бас мақала E) Фельетон.
141. Кеңестік дәуірдегі “жанрлар королі” аталған жарияланым.
A) Бас мақала B) Очерк C) Экономикалық шолу D) Корреспонденция E) Фельетон.
142. “Саяси газет концерті” атты қанатты сөздің авторы.
A) Ленин B) Сталин C) Калинин D) Брежнев E) Хрущев.
143. Лид – дегеніміз не?
А) Мәтіннің деректік негізі B) Авторлық баға C) Редакторлық түсініктеме D) Деректер қайшылығы E) Заметкадағы сенсация.
144. Аудиториядан алынатын ақпаратты реттеудің негізгі екі тәсілі?
A) Басқару, бағыттау B) Қабылдау, қорыту C) Ұйымдастыру және мәтіндік тәсіл D) Талдау, ұсыныс беру E) Аудитория және редакция.
145. Журналистика бағытталатын негізгі аудиториялық адресаттар?
A) Саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар B) Орталық және шет аймақтар C) Әлем жұртшылығы, халықаралық ұйымдар D) Әлеуметтік, кәсіби және коммерциялық аудиториялар E) Спорт әлемі, мода т.б.
146. Бұқаралық коммуникацияның негізгі белгілері.
A) Әмбебаптығы B) Біржақтылығы C) Екіжақты байланыстылығы D) Ғаламдану бағыты E) Құрылтайшыға бағыныштылығы.
147.Бұқаралық ақпарат құрастыру процесіне қойылатын бірінші талап?
А) Ақиқатты жариялау Ә) Бұқара пікіріне жүгініп отыру Б) Ақпарат жеделдігін басты назарда аудару ұстау В) Ақпарат қайда, қашан, неге болды деген сауалға жауап беру Г) Жедел жазу.
148. Бұқаралық ақпарат құрастыру процесіне қойылатын екінші талап?
А) Журналистің әлеуметтік позициясын ұстануы Ә) Мәтін құрастыру Б) БАҚ арналарымен алдын ала келісім В) Жанрлық формасын айқындау Г) Ақпаратқа пікір білдіру.
149. Бұқаралық ақпарат құрастыру процесіндегі үшінші талап?
А) Ақпараттың мазмұндылығы Ә) Ақпараттық жеделдігі Б) Ақпаратты аудиторияның игеруі В) Мәтінге авторлық пікір араластырмау Г)Алдыңғы екі талапты қайталау.
150. Ақпараттық мәтінге қойылатын негізгі шарттар?
А) Жеделдік, ұшқырлық, ойлылық Ә) Семантикалық, синтаксистік, прагмативтік және адекваттық Б) Ақиқаттық, өткірлік, әлеумет мүддесі В) Жанр талаптарының сақтасуы, уақыт жеделдігі, авторлық көзқарас Г) Журналистік стиль ерекшелігі.
151. Журналистиканың атқаратын негізгі қызметі /фунциялары/. А) Бұқаралық, халықтық, ақиқаттық, жеделдік Ә)Идеологиялық, ой дамытушылық, көңіл сергітушілік, анықтамалық, ұйымдастыру-шылық Б)Ақпарат тарату, қоғамдық пікір туғызу, бұқарамен байланыс В) Қоғамдағы саяси әлеуметтік және экономикалық тұрақтылыққа қызмет ету Г)Насихат мінбері болу.
152. Журналистикадағы шығармашылық қызметтің негізгі түрлері.
А) Редакторлық, ұйымдастырушылық, авторлық Ә) Редактор, оның орынбасары, тілші Б) Редактор, тілші, штаттан тыс тілшілер В) Авторлар ұжымы, шығармашылық ұжым, құрылтайшы Г) Жазушылар, ақындар, тілшілер.
153. БАҚ жүйесіндегі басты субъект.
А) Құрылтайшы Ә) Редактор Б) Журналист В) Редакция ұжымы Г) Редакция Жарғысы.
154. Газет секретариатындағы басты өлшегіш құрал.
А) Ленейка Ә) Жол өлшегіш Б) Макет қағазы В) Фотосурет Г)Қаріптік классификатор.
155. Газетті техникалық әрлендіру дегеніміз не?
A) Газет бетін әшекейлеу B) Газет беттің безендірілуінің мазмұнынан биік тұруы. C) Материалдарды көркем орналастыру. D) Көркемдік пішін мен мазмұн бірлігі.E) Газет макетінің контурын сызу.
156. Дизайн даралығы дегеніміз не?
A) Бас тақырыптар жүйесі B) Газет беттерінің өзіндік қолтаңбасы болуы C) Газетте берілетін суреттердің әр тақырыпты қамтуы D) Озық технологияны қолдану.E) Газеттің жеке айдарлар топтамасы болу.
157. Офсеттік басылым дегеніміз не?
A) Көтеріңкі басылым түрі B) Электронды басылым түрі C) Фотонегативтік матрица арқылы басылым D) Интернеттегі басылым жүйесі E) Фототелеграфтық басылым.
158. Қағаз жасау алғаш қай елде жүзеге асты?
A) Египет B) Қытай C) Жапония D) Индия E) Монғолия.
159. Газет секретариатының басшылыққа алатын құжаты: A) Құрылтайшы жарғысы B) Редактор нұсқауы C) Редакцияның перспективалық және тоқсандық жоспары. D) Секретариатқа материалдардың түсу қарқыны. E) Редакцияның жарғысы.
160. «Кегель» термині нені білдіреді?
A) Қаріп биіктігін B) Біржолға қанша қаріп кететіндігін C) Қаріп бояуының қанықтығын D) Қаріп классификациясы E) Қаріптің басқа классификацияға арақатысы.
161. Фурнитура дегеніміз не?
A) Фотосуреттермен безендіру B) Статистикалық мәліметтерді топтастыру C) Линейкалармен безендіру D) Газеттегі бояу E) Клишелерді қолдану.
162. Редакцияда газет дизайнына кім жауап береді?
A) Бас редактор B) Редактордың орынбасары C) Жауапты хатшы D) Құрылтайшы E) Журналист E) Тілдік стилистикаға талдау жасау.
163. Қаріптердің көлемін анықтауда қолданылатын негізгі өлшем?
A) сантиметр B) дециметр C) пункт D) коллонтитул E) шрифт.
164. Бір квадрат қанша пунктті құрайды?
A) 36 B) 48 C) 54 D) 60 E) 64.
165. Коллонтитул деп нені айтамыз?
A) 1-беттегі суреттер жүйесі B) газеттің атауы мен шығу деректері жазылған жүйе C) Газеттің ұраны D) Газет беттерінің саны E) Газет паспорты.
166. Газет көлемін білдіретін өлшем?
A) Формат B) Бағаналар саны C) Клише саны D) Газет беттерінің саны E) Газет рубликаларының көлемі.
167. Материал тақырыбының міндеті?
A) Материалдың үстіне симметриялы тұрды B) Оқырман назарын аударуы және мәтін мазмұнын ашуы C) Басқа тақырыптармен қайталанбауы D) Өте қысқа және өте ұзын болмауы E) Қысқа болуы.
168. Газет номерін беттеу дегеніміз не?
A) Газет макетін редактормен келісу B) Газет макетінің редакция алқасында талқылануы C) материалдармен фотосуреттерді макетке сай компьютерге түсіру D) Номердің баспаханадан шыққан алғашқы данасы E) Газет материал көшірмесін шығару.
169. Фотоиллюстрациядағы кейбір олқылықтар қалай түзетіледі? A) Монтаж жасалады B) Қайта түсіріледі C) Ретуш жасалады D) Көлемі өзгертіледі E) Редактормен келісіледі.
170. Әрлендіру ісінде бояуды шектеулі пайдалану дегеніміз не?
A) Барлық бетті бояп бермеу B) Түрлі-түсті бояуларды араластырып отыру C) Бір бояуды көбірек қолдануды меңгеру D) Бояу реңкі оқырман жанарын жалықтырмайтындай дәрежеде пайдалану E) Бір түсті бояумен шығару.
171. Газеттегі фотосуретке қойылар негізгі екі талап.
A) Түрлі-түсті болу және көлемі сұранысқа сай болуы B) Жедел түсірілуі және анық болуы C) Сапа мен мазмұн D) Контрас пен форма E) Көлемі сұранысқа сай болу.
172. Университеттің «Аудитория» газеті қандай форматта шығады?
A) А-2 B) А-3 C) А-4 D) Газет дәптер E) Стандартты.
173. Журналистика теориясында “журналистика” сөзінің баламасы ретінде қай сөз тіркесі қолданылады? А) Бұқаралық коммуникация құралдары Ә) Бұқаралық үгіт паен насихат құралдары Б) Бұқаралық ақпарат құралдары В) Масс медиа Г)Бұқаралық ақпарат және насихат құралдары.
174. Журналистиканың әлеуметтік рөлін категориялардың қай тобы анықтайды?
А) Бұқаралық ақпарат – функция – аудитория – қызмет жасау – нәтижелілік Ә) Бұқаралық ақпарат – БАҚ әлеуметтік институт ретінде – журналистикадағы әлеуметтік позиция – журналистиканың тарихи типтері – журналистік қызметтің әдістері Б) Бұқаралық ақпарат – журналистика бостандығы - журналистік құқық – журналистің қасиеттері – кәсіби этика В) Бұқаралық ақпарат – коммуникация құралдары – басылымдар мен бағдарламалардың арналары және түрлері Г)Бұқаралық ақпарат – ақпараттық саясат – шығармашылық түрлері – шығармашылық нысандар - әдіснамалық мәдениеті.
175. Мыналардың қайсысы БАҚ арнасына жатады?

  1. Жарнамалық материал Ә) Журналистік шығарма Б) “Жас алаш” газеті В) ҚР мәдениет ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Г)Оқырман хаты.


176. “Газета – халықтың көзі, құлағы һәм тілі” деген тіркес кімге тиесілі?


А) Ғұмар Қараш Ә) Молдахани Жолдыбаев Б) Мағжан Жұмабаев
В) Міржақып Дулатов Г) Ахмет Байтұрсынов.
177. Журналистік мәтіннің аудиториямен қарым-қатынасы оның ... деп аталады.
А) Семантикасы Ә) Синтаксисы Б) Аспектісі В) Прагматикасы Г) Ақпараттылығы.
178. Қазір көптеген газеттердің атын қоюда қолданылып жүрген “трибуна” сөзі әуел баста нені білдірген?
А) Римдегі жиналыс алаңы Ә) Сайланбалы қызмет орны Б) Құдайдың хабаршысы В) Мемлекеттік елші Г) Шешендік сөз.
179. Қазақ тілінде тұңғыш жарық көрген басылым қайсы?
А) “Қазақ” Ә) “Ақ жол” Б) “Түркістан уалаятының” газеті В) “Дала уалаятының” газеті Г)“Айқап”.
180. Журналистика функцияларының жүйесін көрсетіңіз.
A) идеологиялық, мәдени-ағартушылық, жарнамалық-анықтамалық, рекреативтік және тікелей ұйымдастырушылық Ә) Идеологиялық, гедонистік, ақпараттық Б) Рекреативтік, коммуникативтік, идеологиялық В) Ақпараттық, коммуникативті, реттеушілік Г) Реттеушілік, идеологиялық, мәдени-ағартушылық, жарнамалық-ақпараттық, гедонистік.
181.Бұқаралық ақпараттың тұтынушыларын көрсет.
А) Бұқаралық аудитория және әлеуметтік институттар Ә) Бизнесмендер ғана Б) Саясаткерлер ғана В) Министрліктер ғана Г) Интеллигенция өкілдері ғана.
182.“Газета” сөзі қайдан шықты?
А) Белгілі баспагердің атынан Ә) Италиялық қаланың атынан Б) Венециялық Монетаның атынан В) Журналдың атынан Г) Саяси ұйымның атынан.
183. ҚР “БАҚ туралы” Заңы бойынша телеарналарда қазақ тіліндегі хабарлардың үлес салмағы неше пайыздан кем болмауы тиіс
А) 25 Ә) 75 Б) 50 В) 40 Г) 65.
184.БАҚ-да адам құқықтарының бұзылуын қорғау қай инстанция арқылы жүзеге асырылады?
А) министрлік арқылы Ә) сот арқылы Б) парламент арқылы В) үкімет арқылы Г) прокаратура арқылы.
185. Редакцияның “штабы” деп оның қай бөлімшесін атайды?
А) бөлімдерін Ә) мұрағатын Б) кітапханасын В) секретариатын Г) қабылдау бөлмесін.
186. Қазақ және түрік тілдерінде жарық көретін басылымды анықта.
А) “Түркістан” Ә) “Қазақстан – Заман” Б) “Шапағат” В)“Алтын Орда” Г) “Ана тілі”.
187. “Не болды?”, “Қайда болды?”, “Қашан болды” деген сұраққа жауап беретін қай жанр?
A) Заметка B) Репортаж C) Корреспонденция D) Сұхбат E) Есеп.
188. «Қазақ радиожурналистикасы» оқулығының авторы.
A) Барманқұлов М.К. B) Қозыбаев С. C) Омашев Н.О. D) Сағымбеков Р. E) Аллаберген Қ.
189. «Қарыз бен парыз» хабарының авторы, белгілі публицист.
A) Б.Құсанбаев B) Ә.Бөлебай C) Қ.Олжай D) Ә.Сулейменов E) С.Әшімбаев.
190. Журналист тұлғасының негізгі сипаты?
A) Хабар таратушы B) Хабар ұсынушы C) Қоғамдық құрылысты ұйымдастырушы D) Саяси жетекші E) Қоғамдағы әлеуметтік диалогты ұйымдастырушы.
191. Аудиторияны журналистік процеске тарту формалары?
A) Тілшілер ұстау, сенім телефоны, редакция кезекшілігі B) Редакцияда заңгер және басқа бөлімдер құру C) Пікірлерді білу, сұхбаттасу және қосылып жазуға баулу D) Тілшілер конференциясын, семинарларды өткізу E) Конкурстар жариялау.
192. Заметка талдамалы жанрлар түріне жатады ма?
A) Жатады B) Жатпайды C) Кеңейтілген заметка жатады D) Редакцияның ұйғарымы болса E) Құрылтайшы шешіміне байланысты.
193. “Дайжесть” деп нені айтамыз?
A) Сенсациялық материал B) Фельетон орнындағы сын мақала C)Өзге басылымдардан көшірілген материалдардан құралған бет немесе топтама D) Арнаулы тапсырыспен даярланған бет E) Суреттермен безендірген бет.
194. “Экзеньютив сервис” жүйесімен шығарылған журналдар нені білдіреді?
A) Табысы жоғары бай адамдарға арналған деген мағына B)Порнаграфиялық сипат деген сөз C) Шет елдік дәстүрді насихаттауға арналған D) Кулинарлық шеберлікке баулу E) Халық емшілерін насихаттайды.
195. Журналистикадағы маркетинг дегеніміз:
A) Редакциялардың ақпарат алмасуы B) Ақпарат рыногын зерттеу C) Редакциядағы структуралық құрлымдар жүйесі D) Редакцияның құрылтайшысы қолындағы құрлым E) Көңіл сауықтыру бағдарламасының редакциясы.
196. Репертердің негізгі міндеті:
A) Оқиға баға беру B) Оқиға туралы жедел хабарлау C) Оқиға ортасынан хабар беру D) Редактордың тапсырмасын орындау E) Авторлық сенсацияға ұмтылу.
197. Қазіргі ақпараттық арандату дәстүріндегі журналистер қолданатын
қауесеттің негізгі классификациясы.
A) Мифтік, сырттай жамандау, негізсіз қаралау B) шағыстыру, қаржылай боспалау , қорқыту C) өтірік мақтау, мазақ ету, айдап салу D) Мүдделілік үшін өсек, қорқыту үшін өсек, агрессия үшін қауесет E) Тақыр жердегі дауыл туғызу, қызғаныш туғызу, үрей туғызу.
198. БАҚ-ғы “субъекті” сөзі латыннан аудармада қандай мағына береді?
A) Негізгі құрау B) Қоғамдық пікір C) Мен жазамын D) Қоғамға арнау E) Шындықты қорғау.
199. Бүгінгі журналистиканың негізгі функциялары?
A) Батылдық, шыншылдық, глобализация B) Деректілік, нақтылық, ғаламдану C) Коммуникативтік идеологиялық, басқару (ұйымдастыру) D) Насихат, үгіт, үндеу E) Көз жеткізу, дәлелдеу, түсіндіру.
200. Суреттеме талдамалы жанрға жата ма?
A) Жатады B) Жатпайды C) Егер заметка элементтері көп болса D) Егер
редактор мақұлдаса E) Егер суреттеме көлемі 3-беттен асса.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет