Жансыздандыру



бет12/17
Дата09.11.2022
өлшемі55,31 Kb.
#157336
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Жансыздандыру

Электронаркоз. Әр түрлі лараметрдегі электр тогімен әсер ету жолымен жасалады. Тексеріліп, іске асу дәуірінде.
Жансыздандырудың аралас және құрастырылған түрлері.
Наркоздар бір затты (мысалы, эфир) қолданғанда таза наркоз бір уақытта екі немесе бірнеше заттардың (мысалы, эфир және азоттың қос тотығы) араласпасы жіберілгендегі аралас наркоз, заттардың және олардың жіберілу жолдары өзгертілетұғын: көктамырға гексенал жіберіліп науқас үйықтай бастағанда эфир наркозы беріледі, осыған байланысты наркоздык заттардың үлен мөлшері берілмейді.
Әдеттегі наркозда бұлшық еттердің босауы тек терең ұйқы уақытыңда ғана болады. Науқасқа терең ұйқы беру наркоздық заттың едәуір мөлшерін беруді талап етеді, бұл организм үшін ауыр және бұндай наркозды жүргізу оте қиынырақ. Осыған байланысты құрастырылған жансыздандыруда бұлшық ет релаксанттарын кең қолданыла бастады. Бұл дәрілер қаңқа бұлшық еттеріне, жүйке — бұлшық ет синапстарындағы қозудың жүруін тоқтатады, бұл олардың босаңсуына (миорелаксацияга) әкеледі. Бұлшық еттердің босауы қиын операцияларда өте керек. Бұдан басқа, миорелаксанттар науқастың интубациясын жеңілдету үшін науқастың өзі дем алуын тоқтату үшін пайдаланылады, бұл басқарылатұғын дем беруде де керек (бұнда науқас өзі дем алмайды, ал дем алуды наркоз аппаратының дем беру қалташасы жәрдемінде анестезиолог жүргізеді).
Бұлшық ет релаксанттары (курареге ұқсас препараттар) қысқа (листе-нон, миорелаксин, дитилин және т.б.) және үзақ әсер еткізуші (тубокура-ринхлорид, диплацин және т.б ) перепараттарға бөлінеді. Қазіргі уақьпта қиын операцияларда, құрастырылған жансыздандыру қолданылады. Бұл
наркоздың жүргізу үлгісі төменде келтірілді Наркозға кірісу жоғарыда көрсетілген препараттардьң біреуі көктамырға жіберумен басталады. Наркоз аспабының маскасы арқылы науқасқа оттегі беріледі, қысқа әсерлі мио-релаксант жіберіледі, науқасқа интубацияя жасап, ол басқарылатын дем алу тәсілімен жүргізіледі. Негізгі наркоздық заттар (Эфир, азоттың қос тотығы, циклопропан және т.б. немесе олардың құрамы) беріледі және ұзақ уақыт бұлшық еттерді босататын релаксанттарды егеді. Наркоздың бұндай түрі жансыздандырудьң көпке созылуын, қанның оттегімен жеткілікті араласуын, бұлшық еттердің босауын және тағы басқаларды басқару үшін өте қолайлы болады.
Асқынулар сирек байқалады. Оларға дем алудың бәсеңдеп кетуі және сал болуы, кеңірдекшелердің, дауыс желбезегінің қысылыл қалуы, рекура-ризация (операциядан соң белгілі уақыт өткеннен кейін, бұлшық еттердің қайтадан босауы және өз бетімен дем алудың тоқтауы) жатады. Бұндай жағдайларда қайтадан интубация жасалады, жасанды дем беріледі, бұлшық реаксанттарының әсерін тоқтатушы заттар; 0,05 процент прозерин ерітіндісі 2-3 мл мөлшерінде, тонзилин 70 мл мөлшерінде көктамырына ниволин (гилантомин) 0,5-1 мл мөлшерінде 1 процент ерітіндісі тері астына жіберіледі. Антидоттарды берудің көктамырына 0,5 мл 0,1 процент атропин ерітіндісі жіберіледі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет