синтаксистік тұлғаны тек ережеге ғана сүйенбей, айтылу интонациясына
қарап ажыратуға тура келеді. Әсіресе, қаратпа сөз бен сілтеу есімдігінен
болған бастауыштар сөйлемнің интонациясына қарап ажыратуды қажет етеді.
Оқушы мәтінді жазып болған соң, оны қоя алмай қалуы ықтимал. Екінші
сөзбен айтқанда, оқушы мәтінді өздігінен оқығанда, кейбір синтаксистік
тұлғаларды ажырата алмай және оның тыныс белгісін дұрыс қоя алмай қалуы
мүмкін. Мұндай кемшілікті болдырмас үшін тыныс белгісін сөйлемді жазу
үдеріс үстінде қоюды оқушылардан талап еткен жөн.
Қазақ тыныс белгілерінің көбі грамматикалық ережелерге сүйеніліп
қойылады. Әсіресе, сөйлемнің бірыңғай мүшелері мен құрмалас сөйлемнің
түрлерінің және төл сөз бен сөйлем мүшелеріне байланысты, тағы да басқа
синтаксистік тұлғалардың тыныс белгілері грамматикалық ережелерге
негізделе қойылады. Бұл сияқты синтаксистік тұлғалардың тыныс белгісін
дұрыс қойып жазу үшін, оқушылар олардың өзіндік грамматикалық белгілері
игертіледі. Мұнсыз олар сөйлемді түр-түрге бөліп ажырата алмайды, сол
сияқты сөйлемнен бірыңғай мүшені немесе төл сөзді, тағы басқа да
синтаксистік тұлғаны, олардың тыныс белгісін дұрыс қоя алмайды.
Сондықтан қазақ тілінің тыныс белгісін жете білуде грамматикалық
ұстанымды басшылыққа алудың мәні зор.
Достарыңызбен бөлісу: