Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын



Pdf көрінісі
бет69/104
Дата01.12.2023
өлшемі0,8 Mb.
#194431
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   104
Байланысты:
72ce58acd772d50d47062b92a3cba92a

1-тапсырма.
Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілерін еске түсіре
отырып, мәтінді жазылу ретін сақтап көшіріп жаз. 
Бұлардың құшағы гүлге толды Күн сәскеге көтерілді Қыздар тау
биігінен ойдағы шахтерлер поселкесіне қарады Өзен бойын жағалай салған
үйлердің арасында толған адам Біреудің әлдене деп айкайлаған даусы
124


шығады Өй қыздар қыздар ау енді жетеді қайтайық деп айқайлады Нұрби
Қайтайық жүр кеттік Қыздар жапатармағай таудан төмен қарай бет
алды Поселкеден әлдекімнің айқайы тағы естілді Қыздар тұра қалып
құлағын тосты Не дейсің катты айқайла Бұл қыздардың даусы еді
Таңертеңгі таза ауада таудағы дауыс бұрынғыдан екі есе жаңғырығып
бүкіл таудың кең кеудесін дірілдетіп барып бірақ тоқтады Жеңіс Бұл сөзді
қыздар бірден түсінбеді Қайталап айт Тау да қайталап қайталап айт деп
барып тоқтады Жеңіс Жеңіс Кыздар енді ұқты Құлаған-сүрінгеніне
қарамай ылдиға қарай домалай жөнелді. (С. Бақбергенов. )
2-тапсырма.
а) Мәтіннен
тыңдау, түсіну, ұқпау
сөздерінің синоним-
дерін тап. 
ә) Мәтіннен ауыспалы мағынадағы сөздерді тауып, тура мағынасын
көрсет. 
3-тапсырма.
"Қуанышты" сөйлемдер қалай жасалатынын түсіндір.
(Бұл тапсырманы да оқушы жазбаша орындайды. )
4-тапсырма
. Кітаптың (көп кітап) суретін салып, сұрау белгісін (?)
қойып кою керек, оқушы сол бойынша әңгіме құрап, оны сұрақ-жауап
түрінде жасайды. 
5-тапсырма. 
Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілерін еске түсіріп,
мәтінді жазылу ретін сақтап көшір. 
Кім бар-ау деп дауыстады Нұрмолда Нұрмолда төрт керегелі аядай
қараша үйге иіліп әрең-әрең енді Мұқажанның келіншегі Жұлдыз болса орнынан
жалма-жан тез тұрып, іргеге қарай ығыса түсіп, иіліп сәлем етті Келін
қалқам сау-саламат па деді Нұрмолда Шүкір деген сөзді естілер-естілмес етіп
Жұлдыз әрең айтты Қонақ төр алдында төсеулі жатқан екі бүктеулі
алабажақ шыт көрпенің үстіне отырды Ал балалар қайда Мұқажан келін
екеуің ғана ма жайлауда Балалар ауылда Оқитыны бар шығар Екеуі оқиды
Қанша балаң бар Жетеді аға бесеу-алтау Өте жақсы екен Мырзабай
марқұмның тұқымын көбейтіп жатырмын де, дұрыс дұрыс-ақ (С.
Бақбергенов. )
6-тапсырма.
1. Мәтіннен
кішкентай, ұрпақ, кіру
сөздерінің
синонимдерін тап. 2. 
Азайту, қате 
сөздерінің антонимдерін көрсет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет