Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын


бойынша қойып отырмыз, мұны білу оқушы үшін артық емес. Сонымен, предикативтілік



Pdf көрінісі
бет8/104
Дата01.12.2023
өлшемі0,8 Mb.
#194431
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   104
Байланысты:
72ce58acd772d50d47062b92a3cba92a

 
бойынша
қойып отырмыз, мұны білу оқушы үшін артық емес. Сонымен,
предикативтілік
 
– сөйлеудің шындыққа қатыстылығы, ал
сөйлемнің екінші басты белгісі – модальділік. Қызметі
жағынан предикативтілік сөйлемнің шындық туралы
баяндалуы болса, баяндаудың мазмұнына деген айтушының
көзқарасы модальділік деп аталады. Бұл көзқарас шындық
мазмұнына байланысты әр түрлі болады. Ол морфологиялық,
лексикалық-синтаксистік тәсілдер арқылы беріледі. Атап
айтқанда, рай тұлғалары, модаль сөздер, демеуліктер.
Баяндау мақсатына қарай сөйлемдер: хабарлы, сұраулы,
бұйрықты сөйлемдер, эмоциялық мағынасына қарай лепті
болып бөлінеді. Сөйлемнің аталған белгілеріне ұласып
туындайтын үшінші белгісі – интонация. 
Тыныс белгілері – сөйлемдегі айтылған ойды, эмоцияны
жеткізудің құралы. Олардың ең көп қолданылатын жері де
осы – сөйлем соңы. Оқушылардың міндетті деңгейін
көрсететін көрсеткіш те – сөйлем соңына қойылатын
белгілерді білуі. Ал тыныс белгілерінің қабаттасып келуі,
жақша, тырнақша сияқты тыныс белгілерінің біразы
оқушының мүмкіндік деңгейіне негізделеді. 
Тыныс белгілерін қоюда енді бір көбірек сүйенетін
теориялық мәселе - жай сөйлем құрамындағы қосымша
мәлімет беретін, сөйлемнің мағынасын кеңейтетін, біршама
күрделендіретін, бірақ құрылысын өзгерте алмайтын
бөліктер. Атап айтқанда, бірыңғай мүше және оңашаланған
айқындауыш, қыстырма, қаратпа сөздер. Бұлар жазуда
тыныс белгілерімен ерекшеленеді. 
Сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыш арасы, оған
байланысты қойылатын сызықша, ықшамдалған сөйлемдер,
құрмаластардың жалғаулықты, жалғаулықсыз байланысуы
сияқты мәселелер пунктуацияның лингвистикалық негізіне
жатады. Сондықтан оқушыларға тыныс белгілерді қоюға
21


үйрету үшін жоғарыда аталған үш ұстанымдар игертіледі.
Сонымен қатар сөйлемде және мәтінде мағыналық бөлікті
көрсетіп, танытып тұратын белгілер де болады. 
Мысалы: 
Ұлыс бегі осыны 
айтқанда, 
Ұлы жүз жігіттері жамырай үн
қатып, 
шуылдасып кетті:
-
Құдай сақтасын! О не дегеніңіз, Тәке?!
-
Ойбай-ау, өмір бойы аңсап күткеніміз осы аттаныс
емес пе еді?!
- Төбеге келіп ту тігіп, Дарабоздың өзі дабыл қағып
отырса, бұдан
артық Құдайдан тілегеніміз не? –десіп жатыр
(Қ.
Жұмаділов). 
Мағыналық бөлікті танытатын белгілер немесе тыныс
белгілерін қоюды қажет ететін белгілер:
а) морфологиялық (
демеушілік шылаулар, одағай, сұрау
есімдіктері, рай тұлғалары);

ә) синтаксистік (
предикаттық қатынас саны, бірыңғай
мүше, қыстырма, айқындауыш, қаратпа);
б) дауыс ырғағы
(баяндау, қуаныш, реніш, шақыру,
бұйыру, тілек, өтініш т.б. )
Берілген сөйлемдерде осы белгінің
үшеуі де бар:
ойбай-ау, не 
демеулік шылауы, 
не 
сұрау есімдігі. Осылардың
қатысуы арқылы сөйлемнің мақсаты, эмоциялық белгісі
көрінеді. Сондықтан сөйлемдер сұраулы, лепті болып, сұрау,
леп белгісі қойылып тұр. Бұйрық рай бұл жерде бұйыру мәнін
бермейді, сондықтан сөйлем шошыну, ақталу мәнді дауыс
ырғағымен айтылып, леп белгісі қойылған. Синтаксистік
белгілер: диалог, автор сөзі, жай, құрмалас сөйлемдер.
Ендеше тыныс белгілері қойылуға тиісті орын, оны нақтылап,
көрсетіп тұратын белгілер болады. Сонымен, тыныс
белгілерін оқытудағы, үйретудегі басты нәрсе –
оқушылардың
пунктуациялық дағдысын қалыптастыру.
Оқушының өзі оқыған грамматикалық материалдарға сәйкес,
пунктуациялық ережелерге сүйеніп жазуда тыныс белгілерін
еркін қоя білуі
пунктуациялық дағды 
деп аталады. Мектепте
оқушының бойында мынадай дағдылар қалыптасуы тиіс:
а) сөйлемді құрылысына қарай ажыратып, тиісті тыныс
белгісін қоя білу;
ә) сөйлемді айтылу мақсатына қарай ажыратып, тиісті
тыныс белгісін қоя білу;
б) сөйлем құрамындағы ерекшелеуші мағыналық
бөліктерді (қаратпа, бірыңғай, қыстырма, одағай) тауып,
тиісті тыныс белгісін қоя білу;
22


в) тыныс белгісінен кеткен қателерді анықтап, түзете
білу. 
Оқушының пунктуациялық дағдысының қалыптасуы
оның ойлау-сөйлеу дағдыларымен тікелей байланысты,
сондықтан пунктуациялық дағдыны қалыптастыруда
бірыңғай грамматикалық талдау жұмыстары ғана емес,
оқушының байланыстырып сөйлеу әрекетін жетілдіру,
шығармашылық, тіл ұстарту жұмыстарын бірлікте, бірімен-
бірін байланыста жүргізіледі. 
Тұжырымдағанда, оқушыларды оқытуда пунктуация
мынадай жүйеге құрылады: пунктуация туралы түсінік,
пунктуация ұстанымдары, пунктуацияның қойылу
ерекшеліктері. 
1.
 
Пунктуация туралы түсінік. «Пунктуация» термині
мына түсініктерді қамтиды: Графика мен орфография арқылы
жазба тілінің негізгі тәсілдерін құрайтын алфавиттен тыс
графикалық белгілер жүйесін (тыныс белгілер); бұл жүйенің
негізгі жұмысы – жазба, оның ішінде баспа мәтінін бөлшектеу
және графикалық ұйымдастыруды; белгілі бір тілдің тарихи
қалыптасқан жазба мәтінін пунктуациялық ретке келтіру
нормаларының ережелерін; пунктуация жүйесінің
заңдылықтары мен тыныс белгілерінің қолданылу
нормаларын зерттейтін тіл білімінің бөлімін. 
Қазіргі қазақ пунктуациясының жүйесі кең тарапты
келеді: міндетті түрде қолданылатын ережелермен қатар
қатаң нормалардан тыс мағына жағынан ғана емес, сонымен
бірге стилистикалық ерекшеліктері бар нұсқалары бар. 
Грамматиканың теориялық мәселелерінің жетістіктері,
әсіресе синтаксис теориясы негізінде құрылады. 
2. Пунктуация ұстанымдары:
 
Мәндік-жазба мәтінді
түсінудегі пунктуацияның рөлі; грамматикалық-жазба
мәтіннің
синтаксистік
құрылымын
анықтаудағы
пунктуацияның рөлі; интонациялық-тілдің ритмикалық және
әуендік көрсеткіші ретінде пунктуацияның рөлі; бұл ұстаным
көбіне қосымша ретінде қарастырылады. 
Көрсетілген бағыттармен қатар пунктуацияның
қатысымдық ролі анықталады және жазба мәтінде тыныс
белгілерін пайдалану арқылы сөздің не сөз топтарының
қатысымдық мағыналарын табу арқылы көрсету мүмкіндігі
болады. 
Бүгінгі лингвистикада пунктуацияны қызметтік мақсатта
зерттеу белсенді дамуда: тыныс белгілерінің қолданылу
заңдылықтарын зерттеу арқылы ол оның мәтіндегі нақты
қызметіне сүйенеді. 
23


Пунктуация ұстанымдары тілді оқыту тәжірибесімен
байланысты. 
3.
 
Пунктуацияның қойылу ерекшеліктері: Пунктуация
өзінің ерекше қызметімен орфографияның да қойған
мақсаттарын іске асырады: жазба тілі арқылы адамдардың
қарым-қатынасын толық қамтамасыз етеді; жазуда айтылған
ойды дұрыс жеткізуді, яғни пунктуациялық сауаттылықты -
игерту. 
Мектепте пунктуация бойынша жүргізілетін жұмыстың
үш бағыты бойынша жүргізілмек: 1. Пунктуация әдістемесі
жайында түсінік; 2. Пунктуациялық сауаттылық деңгейлерін
игеру; 3. Пунктуацияға үйрету мақсаттарын білу.
1. Пунктуация әдістемесі. Оқушыларда пунктуациялық
икемділіктер мен дағдылардың қалыптасу жолын
баяндайтын тілді оқытудың әдістемесінің бөлімі. Бұл
пунктуация әдістемесін дамытуға үлес қосқандар: Ұйықбаев
И., Ә.Хасенов, М.Балақаев, Мұсабекова Ф., А.Ысқақов, т.б.
және орыс ғалымдары Ф. И. Буслаев, Я. К. Грот, А. М.
Пешковский, Л. В. Щерба, А. Б. Шапиро, С. И. Абакумов, Г. И.
Блинов, Л. Т. Григоряк т.б. Қ. Арғынов, Р. Сыздықова:
2
.
Пунктуациялық сауаттылық деңгейлері. Абсолютті
пунктуациялық сауаттылық – барлық пунктуациялық
нормаларды мүлтіксіз меңгеру; авторлық мақсатта тыныс
белгілерін дұрыс қолдана білу;
Салыстырмалы
пунктуациялық
сауаттылық

пунктуациялық ережелердің көбін қолдана білу. 
Орфография мен пунктуациядағы абсолютті сауаттылық –
аз адамдарда, яғни тәжірибелі корректорлар мен білімді тіл
мұғалімдерінде қалыптасқан. Сондықтан Л. В. Щерба басқа
жазу жазатын, өздерін сауаттымын деп есептейтін
адамдардың сауаттылығы тек салыстырмалы түрде ғана
болатындығын айтады [14]. 
3. Пунктуацияға үйретудің негізгі мақсаты –
оқушылардың пунктуациялық сауаттылығын қажетті
деңгейге жеткізу:
- танымдық мақсат – пунктуация бойынша білім алу;
Онда:
- тәжірибелік мақсат – пунктуациялық икемділіктерді
қалыптастыру. 
Ал пунктуациялық икемділік мына сияқты танымдардан
тұрады:
1) Пунктуация мен тыныс белгілерінің қызметін ашу;
24


2) Пунктуацияның негізгі единицасымен таныстыру –
яғни, пунктуациялық- мағыналы бөлік пен мағыналы
бөліктердің түрлерімен;
3) Тыныс белгілерінің қызметімен таныстыру – тыныс
белгі қойылатын мағыналы бөліктерін ажырататын
ерекшеліктерімен таныстыру;
4) Бағдарламаға енген пунктуациялық ережелерді
меңгерту. 
5) Оқушылардың пунктуациялық қырағылығын дамыту;
6) Оқушыларға өтілген пунктуациялық ережелерге сай
тыныс белгілерін қоюды үйрету;
7) Тыныс белгілерін таңдап, дәлелдеу икемділіктерін
дамыту;
8) Пунктуациялық қателерді тауып, оны жөндеуді
үйрету. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет