Жапония журналистикасы



бет2/6
Дата08.02.2022
өлшемі24,58 Kb.
#98330
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жапония журналистикасы

ЖУРНАЛДАР. Жапонияда, алғашқы журнал 1873 жылы «Мэйроку дзаси» деген атпен жарық көрген. Бұл негізінен ғалымдарға арналған басылым болып есептелінеді. Бірнеше жыл өткен соң көпшілікке арналған «Кагэцу синси», «Симбунси», «Хомэй синси» сияқты «танымал» журналдар лек-легімен өмірге келе бастады. 80 жылдардың екінші жартысында, Жапониядағы парламенттік сайлауға дайындық барысында, көпшіліктің саясатқа мән бере бастауының нәтижесінде саяси журналдар дүниеге келді. Сонымен, 1886 жылы осы бағыттағы «Тюо коронның» алғашқы саны жарық көрді. Ал И. Токутоми шығарған «Миньюся» журналы (1887 жылы) прогрессивті бағытта болып, билік басындағыларды сынағанымен, кейіннен бұл ұстанымын өзгертті. 1888 жылы әйелдерге арналған «Дзёгаку дзасси», ағартушылық бағыттағы «Кёику хоти» және философиялық «Тэцугакукай дзасси» атты үш журнал жарық көрді. Ал «Хакубункан» баспа компаниясы шығарған «Ниппаонно сенэн» (1889жылы) балалар журналының жұлдызы жанып, тиражы 10 мыңға жетті. Бұл сол кез үшін ең үлкен жетістік еді.
1904 жылы жарық көрген «Нитиро сэнсо сясин гахо» («Ұрыс даласынан фото жаңалықтар») өзіндік жаңалығымен ерекше жетістікке жетті. Орыс-жапон соғысының жай-жапсарын іздеп жүріп оқитындардың қатары көбейіп, бұл басылымның тиражы -150 мың данаға жетті. 20-30 жылдары «Ходан», «Курабу», «Кингу», «Фудэйн курабу», «Гэндай» т.б. басылымдардың ел ішіндегі беделі жоғары болды. Тіпті, «Хингу» журналының тиражы рекордтық «миллионға» жетіп үлгерді. Бұл кезде жапон журналдарының қатары қауырт өсті. Жаңбырдан кейінгі жауқазындай қаптап, әр ай сайын 7-8 журналдан қосылып тұрған кезі де болды. Жапонияда, 1937 жылы журналдардың саны 12 мың еді. Бірте-бірте азайып, 1994 жылы бар-жоғы мың ғана журнал қалды. 1945 жылы 19 қыркүйекте американ оккупанттары «Баспасөз кодексін» жариялады. Онда американ саясатына тіл тигізетін мақалаларды жариялауға тыйым салды.
Кодекстің тәртібін бұзғандардың ісін әскери трибуналға берді. Осындай қысымға қарамастан жапон баспасөзі өз ісін жалғастыра берді.Соғыстан кейін, 400-дей журнал шығып тұрды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет