|
Жапсыру пәні Тақырыбы: Үлпілдек жүнді
|
Дата | 05.06.2017 | өлшемі | 7,48 Kb. | | #17628 |
| - ОҚО Түркістан қаласы
- № 20 жалпы орта мектеп шағын орталығының тәрбиешісі Маннапова Фатима Зайнитдиновна
- Мақсаты:
- а) білімділік. Балаларға «Үлпілдек жүнді балапан» жайлы және
- үй кұстары туралы түсініктерін кенейту, түсті
- қағаздардан балапан бейнесін жасауға
- жаттықтыру.
- ә) дамытушылық.Үй құстарының пайдасы туралы айта отырып
- сөздік қорын молайту, көркем шығармашылық
- кабілеттерін, зейіндерін дамыту, ұқыпты
- жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
- б) тәрбиелік.Бірлесе жұмыс істеуге қызығушылығын арттыру,
- еңбексүйгіштікке, құстарға қамқорлық жасай білуге
- тәрбиелеу.
- Әдістері: сұрақ-жауап, баяндау, ойын, бес жолды өлең.
- Сабақтың түрі: аралас сабақ.
- Көрнекіліктері: балапан суреттері, үй құстарының және дала
- құстарының суреттері, интереактивті тақта, түсті
- қағаз, қайшы, желім.
- Пәнаралық байланыс: қоршаған орта, тіл дамыту, бейнелеу.
- Аспанымыз ашық болсын!
- Күніміз жарқырасын!
- Деніміз сау болсын!
- Әлемде тыныштық болсын!
- Жақсы оқиық!
- Әдепті, тәртіпті бала болайық!
- -Тамаша балалар, орнымызға
- жайғасайық
- -Балалар қазір нені жапсырып үйренетінімізді білу үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын.
- Жұмбақтар.
- 1.Күн бата қонақтап,
- Таң ата жем аңдыған.
- 2.Ақ сарайды талқандап,
- Шықты біреу қалтаңдап.
-
- Балапанның түр-түсіне назар аударту.
- Үлпілдек сөзінің мағынасын түсіндіру (мамық, жұмсақ).
- дәнді жерден шоқып жейді.
- Сұрақтар қою.
- 1.Тауық пен балапан үй құстары ма әлде дала құстары ма?
- 2.Үй құстарын ата.
- 3.Тауық бізге не береді?
- 4.Тауық қандай дыбыс шығарады?
- 5.Балапан қандай болады?
- 6.Тауық балапанды неден қорғайды?
- Ой-сергіту жаттығуы.
- Бұл құстардың айырмашылығы неде?
- Оқушылармен жұмыс
- Балалар тауық бізден көмек сұрай келіпті.
- Ол өзінің балапандарын жоғалтып алыпты.
- -Кане көмектесеміз бе?
- -Олай болса балапан жасаймыз.
- Балалар шалғында жайылып жүрген тауықты балапандарымен түсті қағаздардан жапсырып орналастырамыз.
- Тұмсығын, аяғын көзін жасап орналастырамыз.
- Балапандардың суреттерін бояйды.
- Балалар тауық сендерге ризалығын білдіріп қуанып жатыр.
- Дауысынан үй құстарын табу.
- Қорытындылау.
- Бес жолды өлең.
- Не?
- Қандай?
- Не істеді?
- 4 сөзден тұратын сөйлем.
- Не?синоним.
- Көніл қойып
- тындағандарыңызға
- рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|