«Жарақатты біріншілікті өңдеу, таңғыш салу»


«Травмалар кезінде шұғыл көмек көрсету»



бет2/5
Дата06.01.2022
өлшемі38,76 Kb.
#110176
1   2   3   4   5
Байланысты:
55aa2ba4-827f-4358-a03c-174e8109fac9

Клиникалық станцияларды өту ұзақтығы 10 минуттан аспайды

«Травмалар кезінде шұғыл көмек көрсету»






Қадам

Әрекет алгоритмі

1

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету



Өзі үшін және зақым көруші үшін қауіптіліктің болмауын тексеру және көз жеткізу. Зақым көрушіге қауіптілік болмаған жағдайда оны оқиға болған жерден әкетпеу қажет.

2

Зардап көрушінің

жағдайын бағалау





Зақым көрушінің жағдайын, зақымның болуы мен сипатын, жалпы асқынулар болу мүмкіндігін (қан кету, басы мен омыртқаларының зақымдануы) бағалау

Тыныс және жүрек-тамыр жүйелерінің жағдайын бағалау, шоктың болмауына көз жеткізу.



3

Зақымданған аяқтың жағдайын бағалау. Иммобилизация жасауға көрсеткішті анықтау. Науқастың келісімін алу.

Сирақ сынуының абсолютті және салыстырмалы белгілерін анықтау: аяқтың мәжбүрлі қалпы, тексеруде тіндердің гиперемиясы, теріасты гематомасы байқалады, сүйек сынықтарының көзге көрінетін ығысулары жоқ. Сирақтың ортаңғы үштен бірін пальпациялауда өткір ауырсыну, патологиялық қозғалыс анықталады. Ашық жарақаттар байқалмайды. Табан артерияларынан пульсті, капиллярлық қанағым жағдайын анықтау.

Иммобилизация жасауға көрсеткішті анықтау. Зақым көрушіге иммобилизация емшарасының маңызы мен мақсатын түсіндіру. Науқастың келісімін алу.



4

Жалпы ауырсынуды басуды жасау. Стерильді қолғап кию. Қолды өңдеу.

Жалпы ауырсынуды басу мақсатында зақым көруші 10 мг кеторолакты (немесе 100 мг кетоналды, немесе 10 мг кеторалды) пероралды қабылдау қажет.

Қолды антисептиктер ерітіндісімен өңдеу, стерильді қолғап кию.



5

Зақымданған аяқ-қолды орташа физиологиялық жағдайға келтіру.

Шина салардан бұрын зақымданған аяқ-қолды орташа физиологиялық жағдайға келтіру (жамбас-сан және шынтақ буындарында бүгу, сирақ-табан буындарын 90 градусқа дейін сыртынан бүгу). Егер бұл мүмкін болмаған жағдайда, онда сүйек сынықтары барынша аз ығысатын қалыпты қамтамасыз ету.

6

Шинаның өлшемі мен түрін анықтау

Шинаның ұзындығын анықтау (зақымданған орынға қатысты ең болмағанда жоғарыда және төменде жатқан буындарды қамтуы тиіс). Зақымданған аяқтың ұзындығын сау аяқтың контурлары бойынша табанның II башпайының ұшынан сыртқы тобыққа дейін және сыртқы тобықтан мықын сүйегі тарағының сыртқы жиегіне дейін өлшеу. Шинаның түрін анықтау (тасымалдайтын баспалдақты Крамер шинасы).

7

Зақымданған аяқ-қол контурлары бойынша шинаны құрастыру

Шинаны таңдаудан соң зақымданған аяқтың артқы беткейі контуры бойынша шинаны құрастыру қажет

8

Сүйек шодырларының астына дәкеден жасалған төсемелер салу

Сүйек шодырларын (тобық, тізе буыны) қысылып қалудан және некроздың дамуынан сақтандыру үшін мақтадан (дәкеден) жасалған төсеме салу қажет.

9

Зақымданған аяқ-қолды құрастырылған шинаға

Ассистенттің көмегімен (егер ол болса) зақымданған аяқты құрастырылған тасымалдайтын шинаға салу.




салу



Ассистент болмаған жағдайда аяқты топай сүйектің бұдырының артынан көтеру және иыққа салу, сосын аяқтың астына құрастырылған шинаны қою, аяқты ақырындап түсіру.

10

Шинаны бекіту. Зақым көрушіні ауруханаға жеткізу.



Шинаны шетінен ортасына қарай бинтпен тығыздап бекіту, ол үшін бинттің келесі қабаты алдыңғысының үштен бірін немесе жартысын жабатындай болу керек. Дисталды қанайналымның жағдайын бақылау үшін тырнақ пластинкаларын ашық қалдыру керек.

Зақым көрушіні травматологиялық көмек көрсететін жақын ауруханаға жеткізу қажет.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет