Электрожарақат кезіндегі
мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі.
Электрожарақат-бұл электро тоқпен немесе атмосфералық тоқпен жарақаттану.
Жарақат болуы мүмкін жергілікті (терінің күйігі)немесе жалпы (есінен тану. Коллапс, шоқ, әлсіздік, демнің журектің тоқтауы).
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Электро әсерін жою, қауыпсіздік техникасын сақтап отырып.
Зардап шеккен адамды арқасымен жатқызу.
Зардап шеккен адамды тексеру.
Күйген жерге асептикалық байлам салу.
Жансыздандыру (50% анальгин - 2-5 мл бұлшық етке).
Бұлшық етке 2 мл кордиамин, 5% эфедрин 1 мл тері астына.
Демі, жүрегі тоқтаған кезде жасанды дем, жабық массаж.
Реанимация бөліміне зембілге салып тасымалдау.
Үсік кезіндегі мейірбекенің іс-әрекетінің алгоритмі.
Үсік-төменгі температураның әсерінен тіндердің жарақаты.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
1. Дененің үсіген бөлігін температурадағы +18 C суға орналастыру, оның температурасынан біртіндеп +38 С көтеру.Кепкен дәкемен сүрту.
2. Үсіген жерге асептикалық байлам салу.
3. Аяқ қолды құрсаулармен немесе косынкалы байламмен бекіту.
4. Зардап шеккен адамға ыстық шәй, кофе беру.
5. Бұлшық етке 1 % дибазол 1 мл, 1 % никотин қышқылы 1 мл.
6. Жарақат бөліміне тасымалдау.
Достарыңызбен бөлісу: |