Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі
“Ғажайып ғылымдар патшалығы” апталығы
“Жаратылыстану- математика пәндері қазақ тілінде”
8 -11 сыныптар арасында сыныптан тыс жұмыс
2022 -2023 оқу жылы
“Ғажайып ғылымдар патшалығы” атты апталығы, 8 - 11 сыныптар арасында өткен “Жаратылыстану- математика пәндері қазақ тілінде” атты сыныптан тыс жұмыс
Кезеңдер:
- “Кеңістіктегі фигуралар” математика
- “Полиглот” информатика
- “Аңыз әңгімелер” физика
- “Жұмбақ бізден, табу сізден” химия
- “Суреттер сөйлейді” география
- “Адам ағзалары” биология
- “Қиялыңа ерік бер” психология
“Кеңістіктегі фигуралар”
м атематика
Оқушылар берілген фигураларды қағаздан жасапшығарады.
ПОЛИГЛОТ
Информатика
1 — топ:
Жігітті компьютеріне қарап, бағала.
(Жігітті досына қарап, бағала) ДОС
Байт биттен құралады
(Теңге тиыннан құралады) ТЕҢГЕ
Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас
(Шегірткеден қорыққан, егін екпес) ШЕГІРТКЕ
Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады
(Айдағаны бес ешкі, ысқырғы жер жарады) ЕШКІ
2 — топ:
Білмесең, «анықтама»- дан сұра
(Білмесең білгеннен сұра) АНЫҚТАМА
Бір ядролы процессор жақсы,
ал екі ядролы одан да жақсы
(Бір ақылдан, екі ақыл артық) АҚЫЛ
Антивирусы күштіні — Вирус ала алмайды
(Досы күштіні — жау алмайды) ЖАУ
Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім
(Аттың сыры, иесіне мәлім) АТ
3 - топ:
Соңғы жаңалықтан қалмаймын десең, интернетіңді түзе
(Ел боламын десең бесігіңді түзе) БЕСІК
Компьютерден үйрен, бірақ көп отырудын жирен
(Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен) ЖАҚСЫ
Интернет болмай, әлеуметтік желі болмайды.
(Бірлік болмай,тірлік болмайды) БІРЛІК
Гегабайты көпті минус алмайды
(Досы көпті жау алмайды) КӨП
4 - топ:
Жаңа айфон шықса, компания ырысы
(Батыр туса ел ырысы) БАТЫР
Артық документ вирусқа тойдырады.
(Қанағат қарын тойдырады) ҚАНАҒАТ
Принтерге басып шығару өнері де аз.
(Жігітке жеті өнерде аз болады) ЖІГІТ
Бір телефон, бір компьютерге тең
(Айтылған сөз атылған оқпен тең) СӨЗ
5 - топ:
Мегабайттан гегабайт жақсы
(Алыстағы туыстан жақындағы көршің артық) КӨРШІ
Он компьютерің болғанша бір ноутбугің болсын
(Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол) ЕЛ
Компьютерде тіл болмайды
(Балалы үйде өтірік жатпайды) БАЛА
Принтер қағазға жарымас
(Ұста пышаққа жарымас) ПЫШАҚ
“Аңыз әңгімелер”
физика
Алдар Көсе қонақта
Бір күні аты әлемге әйгілі Алдар Көсе Шық бермес шығайбайдың үйіне келеді. Алдар Көсе ұзақ әңгіме айтып, көп отырып қалады да, бай оны шайға шақырады. Шайға байдың қызы Бикеш темірден өріліп жасалған ыдысқа бауырсақты салып әкеліп дастарханға қойып: дәмінен ауыз тиіңіздер дейді. Сонда көпті көрген қу Алдар:
Қарындасым бауырсақты ағаштан өріліп жасалған ыдысқа салғаныңыз жөн болар еді деді. Алдар көсе неліктен олай деді?
Жауабы: Ағаштан жасалған ыдыста бауырсақ баяу суыйды, өйткені ағаштың жылу өткізгіштігі металдікінен аз.
Асханадағы ауа- райы
Алты жасар Айнұрға шешесі неліктен жаңбыр жауатынын түсіндіріп жатыр. Қанша түсіндірсе де Айнұрдың түсінетін түрі жоқ. Қатты шаршаған шешесі қызды асханаға алып келіп не түсіндірді?
Жауабы:
- Міне, қызым қара қазандағы су қайнағанда, қазанның қақпағына бу келіп қонады,содан соң ол салқындайды да тамшыға айналып қайтадан қазандағы суға келіп қосылады. Жаңбыр дәл осылайша жауады, енді түсіндіңбе?
Айнұр қуанғанынан:
- Міне, енді түсіндім, неліктен жаңбыр жауатынын! Оны адамдар жасайды екен!
Алдар Көсе қонақта
Бір күні аты әлемге әйгілі Алдар Көсе Шық бермес шығайбайдың үйіне келеді.
Алдар Көсе ұзақ әңгіме айтып, көп отырып қалады да, бай оны шайға шақырады.
Алдар шәйға қанып алып, орнынан тұрып кетуге ыңғайланады. Үй иесі есікті ашқаны
сол еді, үйге бір мысық кіре кетті. Алдардың көзі кірген мысыққа түсті, мысыққа
қарады да, құлақшынын алып жатып былай дейді:
Құлақшынымды кие шығайын далада суық екен.
Алдар неліктен олай деді?
Жауабы: Үйге кірген мысықтың жүніне қарап Алдар далада күннің суық екенін білді. Күн
суықта мысық жүнін үрпитіп , торсыйтады, оның арасында көбірек ауа жинай түседі.
Алдар Көсе қонақта
Бірде Алдар Көсе байдың үйіне қонаққа келеді. Үйде Алдар Көсе баймен сөйлесіп көп отырып алады. Ал байдың бәйбішесі сырттағы самаурындағы шәй қайнаса да,
отын бәсеңдетіп, шәйді үйіне алып кірмей (Алдар кететін шығар деп) отыра береді.
Біраз уақыттан кейін Алдар:
-Бәйбіше, сырттағы самаурындағы шәй қайнап жатыр, - деген екен. Сонда асып-сасқан бәйбіше:
- Оны қайдан көріп отырсың, қу Алдар? - деген екен.
Алдардың жауабы қандай болды?
Жауабы: Шәй қайнағанда , судағы ауа көпіршіктері су бетіне көтеріледі де, су бетіне жеткенде жоғарыдағы атмосфералық қысымның әсерінен жарылады, өзіне тән дыбыстар шығарады да ыдыс қақпағын көтереді.
Алдар Көсе қонақта
Бірде Алдар Көсе байдың үйіне қонаққа келеді. Үйде Алдар Көсе баймен сөйлесіп отырғанында байдың бәйбішесі дастарханға шәй алып келіп, кесеге құйып қонаққа шәй ұсынады.
Алдар алдына келген шәйға бірден шекерді салды. Оның сыры неде?
-Мен шәйді ыстық ішенді жақсы көрем, сондықтан шәй тез суып қалмас үшін, шекерді ыстық шәйға бірден салған дұрыс, - дейді.
Жауабы:
Шәй тез суып қалмау үшін шекерді бірден салған дұрыс.Шәйдің температурасы бірден төмендейді де, шәй өте жай суыйды.
“Жұмбақ бізден, табу сізден”
Достарыңызбен бөлісу: |