Жаратылыстану ғылымдары факультеті



бет5/9
Дата27.04.2023
өлшемі94,2 Kb.
#175549
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
БӨЖ кейс қорғау

9.Белоктардың алмасуы

  1. Аланин, лизин, тирозин, гистидин мен триптофанның декорбоксилденуі нәтижесінденуі нәтижесінде қандай аминдер түзіледі. Олардың организмдегі ролі қандай. Атал,ан амин қышқылдарының декорбоксилдену реакцияларының теңдеулерін жазыңыз және осы процесті жылдамдататын ферменттерді көрсетіңіз.

  2. Глутамин қышқылы мен аланинді тотықтыра дезаминдендіру нәтижесінде қандай метаболиттер түзіледі. Ағзадағы метаболиттердің ары қарай айналым реакцияларының теңдеулерін жазыңыз. Осы процесті катализдейтін ферменттерді атаңыз.

  3. Мына нобайға сәйкес өтетін реакциялар теңдеуін жазыңыз:


Осы айналымның жекелеген этаптарын жылдамдататын ферменттерді атаңыз.

  1. Гистидин мен глиоксил қышқылын қайтадан аминдендіру реакциясының теңдеуін құрыңыз. Осы мысалдың негізінде пиридоксальферментінің әсер ету тетігін (механизмін) көрсетіңіз.

  2. Ағзада аланин, аспарагин қышқылы мен орнитиннің биосинтезінің мүмкін жолдарын көрсетіңіз. Осыған сәйкес реакция теңдеулерін жазыңыз.

  3. ДНҚ-ның оң жақ тізбектегі бөлігіндегі нуклеотидтердің орналасу реті мынадай: ГТААЦАЦААГТТААААТАЦГ... ДНК қатысуымен синтезделетін белок құрамындағы амин қышқылдарының мүмкін боларлық реттілігі қандай. Генетикалықкодтың кестесін пайдалана отырып түсіндіріңіз.

  4. ДНҚ-тізбегінің сол жақ ферментінде нуклеотидтердің төмендегідей реттілігі бар: ТГТТТАТЦААГТААГЦААЦ.... ДНК-ның осы фрагментімен транскрипцияланып, иРНК қатысымен синтезделетін белок фрагментінің мүмкін боларлық бірінші структурасы қандай. Белоктағы амин қышқылдарының реттілігін нобайлық тұрде бейнелейміз.

  5. Генетикалық кодпен белок биосинтезінің матрицалық тетігі принциптерін пайдалана отырып, вазопрессин пептигеніндегі нуклеотидтердің мүмкін боларлық орналасу ретін жазыңыз.

  6. ДНҚ молекуласын фрагментінің екі тізбегіндегі нуклеотидтердің орналасу ретін жазыңыз, егерде кодталатын белоктың бірінші структурасының фрагменті: ала-тре-лиз-асп-сер-гли-глу-асп-ға сәйкес келетіндігі белгілі болса.

  7. ДНҚ тізбегі сол жақ фрагментінің бірінші структурасы қандай болмақ, егерде ол генетикалық информацияға сәйкес ДНҚ-ның қарама-қарсы тізбегінде синтезделсе.

  8. Белок молекуласы бөлігінің мынадай структурасы бар: сер-ала-тир-лей-асп... Қандай антикодондармен тРНҚ, осы белоктың биосинтезіне қатысады. Трансляцияның механизмін түсіндіріңіз.

  9. Қандай антикодондармен тРНҚ, окситоцин пептидінің синтезіне қатынасады. Элонгациянығ тетігін (механизмін) түсіндіріңіз.

  10. ДНҚ бөлігінің оң жақ тізбегіндегі нуклеотидтерінің орналасуының төмендегідей реттілігі бар: АЦЦЦТААААГТТГЦЦЦ.... Осындай генетикалық информацияға сәйкес келетін белок фрагментінің бірінші структурасы қандай болмақ. Егерде ДНҚ-ның осы тізбегіндегі сегізінші нуклеотид шығып қалса, синтезделетін белоктың бірінші структурасы қандай болады.

  11. Синтезделетін белок бөлігіндегі бірінші структура қандай болмақ, егерде ДНҚ тізбегі бөлігіндегі ГТТААЦАТГЦЦЦААТГТ.... оныншы нуклеотид шығып қалса. Белок молекуласы бөлігіндегі биосинтездің реттелуі қандай деңгейде іске асырылатындығын көрсетіңіз. Адамның қалыпты гемоглобині макромолекуласы бір тізбегінің бастапқы бөлімінің структурасы мынандай; гис-вал-лей-лей-тре-про-глу-глу. Гемоглобин гені бөлігіне сәйкес келетін структурасы қандай. Нобайын құрыңыз және трансляция мен транскрипцияның этаптарын анықтаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет