Серил-лейцил-трептил-пролин пептидінің химиялық формуласын жазыңыз.
Триптофил-изолейцил-тирозил-аланин пептидінің химиялық формуласын жазыңыз.
Фенилаланил-метионил-сериал-цистеин пептидінің химиялық формуласын жазыңыз.
Белок молекуласының пептидті байланысының электрондық құрылысы мен қасиеттеріне сипаттама беріңіз.
Пептидті байланыстар бойынша өзгерістердің нобайларын құрыңыз.
Белоктардың биологиялық активтілігі, оның бірінші структурасына байланысты екендігіне мысалдар келтіріңіздер.
Белоктардың екінші структурасының тұрақтылық себебін түсіндіріңіз. Екінші структурасы әртүрлі болатын белоктардан мысалдар келтіріңіз.
Белок молекулаларының үшінші структурасын түзуге қатысатын химиялық байланыстардың сипатын көрсетіңіз. Белок молекулаларының пішіндері, оның үшінші структурасына байланысты болатындығына мысалдар келтіріңіздер.
Белок молекулаларының төртінші структурасын өзін-өзі құрастырудағы принципін түсіндіріңіз. Мысалдар келтіріңіз.
Альбумин, казеин, фиброин, глобулин белоктардың қайсы тобына жататындығын көрсетіңіз. Олардың құрылысы мен қасиеттеріндегі өзгешеліктерді көрсетіңіз. Хромопротеидтердің металлопротеидтермен ұқсастығы мен айырмашылығы неде? Осы белоктардың биологиялық ролін көрсетіңіз.
Липопротеидтер мен гликопротеидтердің белок құрайтын және белок құрамайтын бөліктерінің арасындағы байланыстардың түрлерін нақтылы мысалдар мен түсіндіріңіз. Белоктардың биологиялық ролін көрсетіңіз.
Белоктардың ағзадағы атқаратын қызметтеріне сипаттама беріңіз.
4. Нуклеин қышқылдарының химиялық құрамы мен құрылымы Минорлы негіздер. 5-метилцитозин, 5-оксиметилурацил, 1-метилурацил, N6 – метилцитозиннің химиялыө формулаларын және оларға сәйкес келетін нуклеозидтердің формулаларын жазыңыздар.
Минорлы негіздер. 5-метилцитозин, 5-оксиметилурацил, 1-метиурацил, N6 – метилцитозиннің химиялық формулаларын және оларға сәйкес келетін нуклеозидтердің формулаларын жазыңыздар.
Минорлы негіздер. N6- метиладенин, N6 – диметиладенин, N2 – метилгуанин, 1-метилурацилдің химиялық формулаларын және оларға сәйкес келетін нуклеозидтердің формулаларын жазыңыздар.
ГТАЦ-полинуклеотид тізбегі фрагментінің структуралық формуласын жазыңыздар. Нуклеотидтердің оған комплементарлы фрагменттегі қатар тізбегін көрсетіңіздер.
ДНҚ-мен РНҚ-ның химиялық құрамындағы ұқсастық пен айырмашылықты көрсетіңіздер. ДНҚ мен РНҚ-ның ағзадағы сандық мөлшерін және олардың клеткадағы шоғырланатын орнын жазып көрсетіңіздер.
Нуклеин қышқылдарының құрамына енетін азотты негіздердің комплементарлы принципі туралы түсінік беріңіз. Комплементарлы негіздер арасындағы байланыстар сипатын нақтылы мысалдармен көрсетіңіз.