Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі



бет5/16
Дата07.02.2022
өлшемі60,68 Kb.
#94186
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
кустар
дип
Жүзетін құстар: Құстардың ішіндегі ерекше тобы. Олардың алдыңғы аяқтары ескекке айналған. Ескек аяқтарының көмегімен суда жақсы жүзеді әрі жақсы сүңгиді. Төссүйек қыры жақсы жетілген. Ондағы бұлшықеттер ескек аяқтарын қозғалысқа келтіреді. Олар ұша алмайды, қүрлықта теңселіп әрең қозғалады. Аяқтары қысқа әрі тұлғасының артқы жағында орналасқандықтан, денесін тік ұстайды. Пингвиндер оңтүстік жарты шарда ғана таралған, әсіресе Антарктида жағалауында көптеп кездеседі. Жұп құрып тіршілік етеді әрі жұптарын өмір бойы сақтайды. Көбейер кезде бір жерге мыңдап топтасады. Үядарын теңіз жағалауындағы тасты жерлерге салады. Ұяда көбіне 1 - 2 жұмыртқа болады. Жұмыртқаны қоразы мен мекиені кезектесіп басады. Көптеген түрлерінің қүрсагында тері қатпарлы қалтасы бар. Жұмыртқа басқан кезде қалтасы жұмыртқаны жауып тұрады. Жұмыртқасын көбіне жаргақты табанының үстіне қойып шайқайды. Үлкен пингвин (императорский пингвин) жұмыртқасын қыста басады. Ол пингвиндердің ең ірісі. Биіктігі 110-120 см, салмағы 45 килограмға жетелі. Одан сәл кішілеу түрі - корольдік пингвин (королевский пингвин). Саны өте көп әрі кеңінен таралған түрі - қоршау көз пингвин (пингвин Адели). Бұлардан басқа алтыншотты, көзілдірікті, галапагостық пингвиндері (галапагоский пингвин) кездеседі. Пингвиндердің кәсіптік мәні жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет