Сұңқартәріздестер - балықшы тұйғын, жыланжегіш, бүркіт, кезқұйрық, аққұйрықты су бүркіттер, сақалтай, жұртшы, құмай, ақсұңқар, ителгі, лашын желе т.б. Бұл құстарды халқымыз ерекше қадірлеп, қыран құстар деп те атайды. Жыртқыш құстардың тұмсықтары, аяқтарындағы тырнақтары өткір, қорегін бүріл ұстауға бейімделген. Қыран құстардың қоразы - «шәулі», мекиені - «ұябасар», балапаны - «ақүрпек» деп аталады . Қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі өнерінің бірі - саятшылық. Қыран құстарды қолға үйретіп баптау, оны аң-құсқа салу адамды табиғатпен етене жақындастыра түседі. Халық бүркітті жеті қазынаның бірі деп ерекше қастерлейді. Аспан түстес көгілдір туымыздағы бүркіт бейнесінің болуында да үлкен мән бар. Саятшылық өнер - қазақ халқының тарихи әрі дәстүрлі ескерткіштерінің бірі. Оның танымдық та, тәрбиелік те мәні зор. Этнограф ғалым Жағда Бабалықұлы саятшылыққа, бүркітке байланысты тілімізде 2 000-ға жуық сөз бар екенін атап көрсетті. Соңғы жылдары елімізде саятшылық өнерді жандандыру саласында ізгі шаралар қолға алынды. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Нұра аулында «Жалайыр Шора атындағы халықаралық құсбегілер мектебі» ашылды. Мұндай маңызды бастамалар басқа облыстарда да қолға алынып, саятшылық өнерге ерекше көңіл бөлінуде.