Кітапхана қорына ақпан айында түскен жаңА Әдебиеттердің тізімі



Дата08.06.2018
өлшемі160,5 Kb.
#41646
КІТАПХАНА ҚОРЫНА АҚПАН АЙЫНДА ТҮСКЕН ЖАҢА ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ

ТІЗІМІ

Ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы


К47

Б 12

Бабалықұлы, Жағда Қырандар / Ж. Бабалықұлы, А. Тұрдыбаев. - Алматы : Жазушы, 2009. - 224 б. - (Табиғат) 2000 экз.

Аннотация: Бұл кітапта қыранды ұстау, үйрету, түлету, баптау, аңға салу туралы бапкерліктің әдіс-айласы жайында ақыл-кеңес беріліп, мән-мағынасы туралы сыр шертілген. Сонымен бірге жалпы аңшылыққа, әсіресе құс аңшылығына байланысты көптеген атау сөздерге түсіндірмелер жасалған және ит қосып аң аулау жайында жаңа бөлім қосылып отыр.

Баспа ісі


К76.1

Е 23

Егеменқазақстандықтар / құраст., түсініктерін жазған Ж. Әлиханұлы (Аупбаев). - Астана : Астана полиграфия, 2009. - 336 б. : ил
Аннотация: "Егемен Қазақстан" газетінің 90 жылдық тарихы мен тағылымды қызметі, ізденістері мен жеткен жетістіктері, басылымның әр жылдардағы редакторлары туралы деректер, редакцияда қызмет атқарған журналистердің естеліктері, мұнда еңбек еткен барша адамдардың тізімі, газет шежіресінен сыр шертетін суреттер, егеменқазақстандықтардың қызықты мақалалары топтастырылған.

Дін
К86



Қ 79

Қыдырәлі, Дархан Атымды адам қойған соң... / Д. Қыдырәлі. - Алматы : Таймас, 2008. - 214 б. 2000 экз.
Аннотация: Кітапта дін, руханият,тарих туралы толғаныстар топтастырылған. Түркістанның қилы тағдыры, саналы ғұмырларын ұлт мүддесі жолына арнаған қайраткер тұлғалардың өнегелі өмірлері, Ұлы дала төсінде бабалар ұстанған дін мен дәстүр, салт пен сана жайында сөз қозғайтын, тарихтың қойнауынан сыр шертетін, бүгінгі күн туралы ой қозғайтын тың деректерден құрылған.

Жаратылыстану ғылымдары



К22.6

Ә 21

Әбішев, Хасен Аспан сыры / Х. Әбішев. - Алматы : Жазушы, 2009. - 264 б. - (Табиғат) 2000 экз.
Аннотация: Кітапта аспан ғылымының тарихы, жыл маусымдары, соларға байланысты жүргізілетін шаруашылық шаралар жөнінде ақыл-кеңес береді. Халықтың астрономиялық ұғымдары және оның мәні қарастырылған.

28.6

Т 93

Тіршіліктің пайда болу географиясы : жануарлар дүниесі : анықтамалық құрал. - Алматы : Атамұра, 2008. - 143 б. : безендірілген 2000 экз.

Аннотация: Анықтамалықтан ғаламшарымыздың пайда болуы мен ондағы тіршіліктің дамуы туралы мағлұматтар берілген. Табиғат белдеулерімен оларда тіршілік ететін жан-жануарлардың өмірімен танысасыз. Арктиканың қақаған аязы және құм суырған ыстық шөлдерінің табиғатына жануарлардың қалайша бейімделгенін білуге болады.
28

Т 62

Торыбаев Х. К. Тіршіліктану сөздігі / Х. К. Торыбаев ; Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты. - Алматы : [б. ж.], 2004. - 68 б. 200 экз.
Аннотация: Тіршіліктану сөздігін өсіп келе жатқан жас ұрпаққа ортақ түсінік беру үшін бір жүйеге келтіріп, қазіргі заманға сай ұсынып отыр. Ұсынылған сөздіктен түгелдей білім алмаса да биологиялық ұғымдардан қысқаша түсінік алады.

Көркем әдебиет


84Қаз7

А 29

Азамат : естеліктер, мақалалар, сұхбаттар және арнау өлеңдер / құраст. С. Абдрахманов. - Астана : Елорда, 2009. - 400 б. 2000 экз.
Аннотация: Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Қаратай Тұрысовтың туғанына 75 жыл толуына орай шығарылған. Қаламгерлердің тағылымды ой-толғаныстары, әлемдік экономикалық ойдың көрнекті өкілдерінің берген биік бағалары, туған-туысқандарының жүрек толқытарлық естеліктері, өзінің мерзімді баспасөз бетіндегі мақалалары мен сұхбаттары асыл азаматтың бөлек бітімін жан-жақты сомдап шыққан.

84Қаз7

А 31

Аймақ, Әбілда Назқоңыр : өлеңдер мен балладалар / Ә. Аймақ. - Алматы : Жазушы, 2009. - 160 б. - (Қазіргі қазақ поэзиясы) 2000 экз.

Аннотация: Жинақ ақынның әр кезде жазылған жырларынан іріктелініп шығарылды.

84Қаз7

Ә 82

Әуезов М.

Абай жолы : роман-эпопея / М. Әуезов



1-ші кітап / ред. Е. Дүйсенбайұлы. - Алматы : Жазушы, 2009. - 376 б. - (Қазақтың 100 романы) 2000 экз.
84Қаз7

Ә 82

Әуезов М.

Абай жолы : роман-эпопея / М. Әуезов



2-ші кітап / ред. Е. Дүйсенбайұлы. - Алматы : Жазушы, 2009. - 432 б. - (Қазақтың 100 романы) 2000 экз.
84Қаз7

Ә 82

Әуезов М.

Абай жолы : роман-эпопея / М. Әуезов



3-ші кітап / ред. Е. Дүйсенбайұлы . - Алматы : Жазушы, 2009. - 384 б. 2000 экз.
84Қаз7

Ә 82

Әуезов М.

Абай жолы : роман-эпопея / М. Әуезов



4-ші кітап / ред. Е. Дүйсенбайұлы . - Алматы : Жазушы, 2009. - 400 б. - (Қазақтың 100 романы) 2000 экз.
84Қаз7

Ә 82

Әуезов М.

Шығармаларының елу томдық толық жинағы / М. Әуезов



Т. 36 : Мақалалар, күнделік, 1956-1958. - Алматы : Жібек жолы, 2009. - 408 б. 2000 экз.

Аннотация: Кітапқа бірнеше мақалалары мен Жапония күнделіктері топтастырылған.
84Қаз7

Ә 82

Әуезов М.

Шығармаларының елу томдық толық жинағы / М. Әуезов



Т. 37 : Мақалалар, пьеса, пьеса жоспары, деректер, 1958-1959 / ред. Б. Хобдина . - Алматы : Жібек жолы, 2009. - 432 б. 2000 экз.

Аннотация: Кітаптың бұл томына 1958-1959 жылдары жазылған мақалалары топтастырылған. "Дос-Бедел дос" пъесасының қазақша, орысша нұсқалары мен осы пъесаның жоспары, қырғыздың батырлық эпосы "Манас" жырына қатысты жинаған деректері кірген.

84Қаз7

Ә 82

Әуезов М.

Шығармаларының елу томдық толық жинағы / М. Әуезов



Т. 38 : Мақалалар, очерктер, жолжазбалар, зерттеу, 1959-1960. - Алматы : Жібек жолы, 2009. - 408 б. 2000 экз.

Аннотация: Бұл томға автордың жолжазбалары, сонымен қатар қырғыздың батырлық эпосы"Манас" жырына қатысты "Манас-киргизская героическая поэма" атты зерттеушілік жұмысы тұңғыш рет жарияланып отыр.
84Қаз7

Ә 82

Әуезов М.

Шығармаларының елу томдық толық жинағы / М. Әуезов



Т. 39 : Роман, роман жоспары, деректер, 1959-1961. - Алматы : Жібек жолы, 2009. - 296 б. 2000 экз.

Аннотация: Бұл томға 1959-1961 жылдары жазылған "Өскен өркен" романы және осы шығарманың "Роман-аты-"Өскен өркен адамы" деп аталатын жоспары мен "Үміт қыздың өлімі" туралы поэманың кейбір деректер атты жазбалары енді.


84Қаз7

Б 27

Батырхан , Талғат Көңіл көкжиегі : публицистикалық ой-толғамдар мен сұхбаттар / Т. Батырхан . - Астана : Астана полиграфия, 2009. - 272 б.

Аннотация: Бұл кітапқа автордың танымдық сипаты, тағылымдық мәні бар мақалалары мен ой-толғамдары, танымал тұлғалармен сұхбаттары енгізілген.
84Қаз7

Б 78

Бөкен, Абзал Төр : жыр кітабы / А. Бөкен. - Алматы : Жазушы, 2009. - 240 б. - (Қазіргі қазақ поэзиясы)

Аннотация: Ақынның жинағында өмір мен көңіл жайлы өлеңдері топтастырылған.
84Қаз7

Д 20

Дәрібай, Сәтжан Фәни мен бақи : өлеңдер / С. Дәрібай. - Алматы : Жазушы, 2009. - 80 б. - (Қазіргі қазақ поэзиясы) 2000 экз.
Аннотация: Сәтжан Дәрібайдың алғашқы кітабы. Жас ақын тырнақ алды туындыларында өмірдегі әр құбылысқа ой көзімен қарайды, сезім сырлары мен тылсым дүниенің құпия жаратылысынан астар іздейді.


84Қаз7

Д 79

Дулатов, Міржақып Бақытсыз Жамал : роман / М. Дулатов. Қыз көрелік : роман / Т. Жомартбаев. Ақбілек : роман / Ж. Аймауытов. - Алматы : Жазушы, 2009. - 320 б. - (Қазақтың 100 романы) 2000 экз.
Аннотация: Кітапта "Бақытсыз жамал", "Қыз көрелік", " Ақ білек" атты романдар топтастырылған.
84Қаз7

Д 87

Дүйсенбайұлы Е.

Екі томдық шығармалар жинағы / Е. Дүйсенбайұлы



Т. 2 : Дастандар, толғаулар, өлеңдер / ред. С. Жұбаниязов . - Алматы : Жазушы, 2009. - 320 б. 2000 экз.
Аннотация: Ақын шығармаларының екінші томына дастандары мен лирикалық жыр-толғаулары, сондай-ақ Қожа Ахмет Иасауи рухымен сырласу сыңайындағы өлеңдері топтастырылған.


84Қаз7

Е 79

Есенжанов, Хамза Жүнісовтер трагедиясы : роман / Х. Есенжанов. - Алматы : Жазушы, 2009. - 336 б. - (Қазақтың 100 романы) 2000 экз.
Аннотация: "Жүнісовтер трагедиясы" романы-белгілі "Ақ жайық" трилогиясының заңды жалғасы. "Ақ жайық" романының үш кітабында кездесетін Хакім Жүнісов сияқты кейіпкердің арада біраз жылдар өткеннен кейінгі өмірі қамтылған.


84Қаз7

Е 79

Есенқарақызы Х.

Шығармалары / Х. Есенқарақызы



Т. 1 / ред. С. Жұбаниязов . - Алматы : Жазушы, 2009. - 240 б. - (Қазіргі қазақ поэзиясы)
Аннотация: Өлеңнің де өз тағдыры, бітім болмысы бар. Шығармалар жинағының бірінші томына ақынның әр түрлі тақырыптардағы бірнеше өлеңдері топтастырылған.
84Қаз7

Е 79

Есенқарақызы Х.

Шығармалары / Х. Есенқарақызы



Т. 2. - Алматы : Жазушы, 2009. - 240 б. 2000 экз.
Аннотация: Шығармалар жинағының екінші томына ақынның әр жылдары жазған таңдаулы лирикалық өлеңдері енген. Әсіресе ақын өзі өмір сүріп жатқан Оңтүстік Қазақстан өңірін тебірене жырлайды. Киелі мекендерге бай Көкшетау, Маңғыстау топырағында туған туындылар да әсерлі сезімдерге бөлейді.
84Қаз7

Ж 27

Жансүгіров, Ілияс Жолдастар : роман / І. Жансүгіров. - Алматы : Жазушы, 2009. - 432 б. - (Қазақтың 100 романы) 2000 экз.
Аннотация: Автордың "Жолдастар" романында XX ғасырдың басындағы халқымыздың басынан кетірген түрлі өзгерістер, ескі қоғамның ыдырауы мен жаңа қоғамның орнауы кезінде орын алған оқиғалар, қазақ қоғамында алғашқы жұмысшы табының қалыптасуы кеңінен суреттеледі.
К84 ШҚ

И 83

Исаұлы К. Әкеге тағзым : шежірелі жазбалар, ойлар, естеліктер / К. Исаұлы. - Өскемен : Рекламный Дайджест, 2009. - 88 б

Аннотация: Исаұлы Кәмәлидің өмірі мен қасиеттері жайлы оның көзін көрген жақындарының ойларынан жинақталып жазылып отыр. Кітап немере, шөберелері келешекте өз ата-бабаларын танып біліп өссін деген ниетпен жазылған.
84Қаз7

К 32

Кеттебеков, Жәлел Түйсік / Ж. Кеттебеков. - Алматы : Arna-b, 2009. - 400 б. 2000 экз.

Аннотация: Жазушының бұл кітабына хикаяттары, әңгімелері, эсселері топтастырылған.
84Қаз7

Қ 13

Қабдолов, Зейнолла Дана дидар : романдар, жолжазбалар, аудармалар / З. Қабдолов. - Астана : Астана-полиграфия, 2009. - 384 б. 2000 экз.

Экземпляры: всего:5 - чз(5)

ГРНТИ 17.82.31
Аннотация: Бұл жинаққа "Менің Әуезовім" роман эссесінің екінші кітабы, "Махамбет" романы, әртүрлі сапарларынан жазған жолжазба күнделігі топтастырылған.
84Қаз7

Қ 13

Қабдолова , Сәуле Көрген түстей, сағымдай : (күнделік) / С. Қабдолова . - Астана : Астана полиграфия, 2009. - 240 б. - (Уақыт және Қаламгер)
Аннотация: Академик -жазушы Зейнолла Қабдоловтың күнделіктері топтастырылған. Сұлу сөзбен сурет салып, саналыға сәуле құйған жазушының бүкіл болмыс бітімі осы күнделіктен айқын көрінеді.

84Қаз7

Қ 21

Қазыбаев К.

Таңдамалы шығармалары / К. Қазыбаев



Т. 3 / ред. Қ. Достанов ; құраст. О. Қарабалина. - Алматы : Arna-b, 2009. - 400 б. 2000 экз.
Аннотация: Жазушының таңдамалы туындыларының төрт томдығының үшінші кітабына "Сұрапыл" атты романы енген. Роман республика тарихының "ақтаңдақтар" беттеріне арналған.
84Қаз7

Қ 21

Қазыбаев К.

Таңдамалы шығармалары / К. Қазыбаев



Т. 1 / ред. Қ. Достанов. - Алматы : Arna-b, 2009. - 390 б. : суретті
Аннотация: Жазушының таңдамалы туындыларының төрт томдығының бірінші кітабына оның "Ызғар" романы мен "Найзағайдай жарқылдап..." және "Отпен жазылған өмірбаян" повестері енген. Оқырман Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ауыл өмірін көз алдына келтіріп, қазақ қаһармандары Бауыржан Момышұлы мен Рақымжан Қошқарбаевтың асқақ адамгершілігі мен асқан ерлігіне қаныға түседі.
84Қаз7

Қ 21

Қазыбаев К.

Таңдамалы шығармалары / К. Қазыбаев



Т. 2 / ред. Қ. Достанов ; құраст. О. Қарабалина. - Алматы : Arna-b, 2009. - 402 б. : суретті 2000 экз.
Аннотация: Жазушының таңдамалы туындыларының төрт томдығының екінші кітабына оның "Аманат", "Құпия құты" және "Қышыма" повестері енген.
84Қаз7

Қ 23

Қайратұлы, Бекен Күміс жамбы : деректі-танымдық баяндар / Б. Қайратұлы. - Астана : Астана полиграфия, 2009. - 192 б. - (Уақыт және Қаламгер)
Аннотация: Кітапқа автордың кейінгі жылдары жазылған түрлі тақырыптағы журналистік туындылары топтастырылған.
84Қаз7

Қ 23

Қайырбеков, Әділғазы Сұлутал : жыр кітабы / Ә. Қайырбеков. - Астана : Астана полиграфия, 2009. - 160 б. - (Уақыт және Қаламгер) 2000 экз.
Аннотация: "Сұлутал" жыр жинағына оның соңғы жылдарда жазған өлеңдері, балладалары мен поэмалары топтастырылған.
84Қаз7

Қ 31

Қамзабекұлы, Дихан Смағұл Садуақасов / Д. Қамзабекұлы. - Алматы : Қазақстан, 2009. - 288 б. - (Ғибратты ғұмыр=Личность и время)

Аннотация: Кітапта XX ғасырдағы қазақтың таңдаулы саяси қайраткерлерінің бірегейі Смағұл Сәдуақасұлының (1900-1933) ғұмырбаяны мен шығармашылық жолы қарастырылады.
84Қаз7

Қ 52

Қашағанұлы, Нарша Елде тұрам : өлеңдер / Н. Қашағанұлы. - Алматы : Жазушы, 2009. - 120 б. - (Қазіргі қазақ поэзиясы) 2000 экз.

Аннотация: Жинаққа туған жер, ел-отан, оның даңқты тұлғалары туралы сондай-ақ"Саған жазған хаттардан" жырлар шоғыры және бүгінгі өмір мен уақыт, көңіл мен өлең жайлы өзекті ой толғаныстары топталған.
К84 ШҚ

Қ 75

Құмарбекұлы М. Бейнетқор / М. Құмарбекұлы. - Өскемен : [б. ж.], 2008. - 80 б 500 экз.

Аннотация: Ұлы Отан соғысының ардагері катонқарағайлық Өбігенұлы Боқай қарттың ғұмыр жолы, жас ұрпаққа өнегелі ісі қарастырылған.
84Қаз7

Қ 75

Құмарұлы, Кәп Арпагер : өлеңдер мен дастандар / К. Құмарұлы. - Астана : Рух, 2008. - 120 б.

Аннотация: Кәп Құмарұлының қаламынан туған сүбелі шығармалары "Ардагер" жинағына топтастырылып отыр.
84Қаз7

М 12

Мағауин М.

Аласапыран : тарихи роман / М. Мағауин



1-ші кітап / ред. Е. Дүйсенбайұлы . - Алматы : Жазушы, 2009. - 496 б. - (Қазақтың 100 романы) 2000 экз.
Аннотация: "Аласапыран"- Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің ең басты орталық шығармасы. 1984 жылы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа ие болған атақты тарихи роман. 1588-1610 жылдар аралығындағы Еуразия кеңістігінде орын алаған қилы-қилы оқиғалар, қазақ халқының ұлттық санасы, мемлекеттік құрылымы, көрші жұрттармен ара қатынасы, сол замандағы белгілі тарихи тұлғалардың болмыс-бітімі турасында сыр толғайды.
84Қаз7

М 12

Мағауин М.

Аласапыран : тарихи роман / М. Мағауин



2-ші кітап / ред. Е. Дүйсенбайұлы . - Алматы : Жазушы, 2009. - 416 б. - (Қазақтың 100 романы) 2000 экз.
Аннотация: Автордың "Аласапыран" романының екінші кітабы қым-қуыт оқиғаларға құрылып, Ресей тарихындағы алмағайып, қилы кезең шежіресін бейнелейді. Романда Ораз-Мұхамед тағдыры отарлық кепке түскен, азатыққа ұмтылған тұтас бір ұлт тағдыры ретінде көрінеді.

84Қаз7

М 14

Майлин, Бейімбет Азамат Азаматыч : роман / Б. Майлин. Ұлпан : роман / Ғ. Мүсірепов. - Алматы : Жазушы, 2009. - 440 б. - (Қазақтың 100 романы) 2000 экз.
Аннотация: Жүз томдықтың бұл кітабына топтастырылған Бейімбет Майлин романында оқиғасы жаңа өмір, жаңаша көзқарас нәтижесінде кешегі жалшыдан оқыған, көзі ашық кеңес интеллигентіне айналған Азамат Азаматыч арқылы, өрби келе, сол кезеңдегі заман шындығы суреттелсе, Ғабит Мүсірепов романында"бес болыс елдің Есенейі" атанған "реформатор" әйел-Ұлпан бейнесі сомдалған.


84Қаз7

М 67

Момышұлы, Бауыржан Москва үшін шайқас : роман / Б. Момышұлы. - Алматы : Жазушы, 2009. - 328 б. - (Қазақтың 100 романы) 2000 экз.
Аннотация: Аты аңызға арналған гвардия полковнигінің қолбасшылық даңқы алғаш рет, осы Москва үшін шайқаста шыққан. Кітапта осы шайқастағы көрген білгендері, жау қолында қалған қалаларды бірінен соң бірін фашистерден азат етуі сөз болады.


84Қаз7

М 86

Мұстафин, Ғабиден Дауылдан кейін : роман / Ғ. Мұстафин. - Алматы : Жазушы, 2009. - 464 б. 2000 экз.
Аннотация: Жазушының бұл туындысында Қазан төңкерісінен кейінгі кезде орын алған күрес-тартыс, ұлы өзгеріс, зор жаңалықтар бір-бірімен жалғаса суреттеліп, тарих шежіресінен көркемдік түйіндеу жасалған.
84Қаз7

М 83

Мұқан Х. Көк ата : деректі повесть / Х. Мұқан. - Алматы : [б. ж.], 2008. - 135 б. 500 экз.

Аннотация: Кітапта 1920-1949 жылдардағы заман ағымы, халықтың тұрмыс тіршілігі, әлеуметтік жағдайдың қиыншылығы, сол кездегі саясаттың кейбір келеңсіздіктерінен бастарына түскен ауыртпашылыққа төзе білген ауылдастарына қолынан келген жақсылықтарын аямай, Кеңес үкіметін құруға қатысып, өздерінің туыстық қатынастырын қызмет бабымен байланыстыруға жол бермеген "халық соты" атанған адамның адалдығы мен әділдігін тануға болады.
К84 ШҚ

М 84

Мұқашұлы Ә. Өмір өткелдері / Ә. Мұқашұлы. - Өскемен : Рекламный Дайджест, 2009. - 155 б 40 экз.

Аннотация: Автор өткен өмірден көрген білгенін, бастан кешірген түйіндерін әңгімелеріне арқау еткен. Кітапқа енген әңгімелерінің тілі тыйымды, тағлым тәрбие алар тұстары жеткілікті. Келер ұрпақ жақсы жағын қабылдап, ал кемшілік жағынан алыстар деген пікірмен жазылған.
84Қаз7

Н 86

Нұржекеұлы Б.

Шығармалары / Б. Нұржекеұлы



Т. 5 : Беу, қыз дәурен! / құраст. Қ. Құрманғалиев. - Алматы : Жалын, 2009. - 320 б.
Аннотация: Жазушының бұл томына енген повестерде адамдардың сан қырлы сәттері суреттеледі. " Беу қыз дәуренде" өз қиялындағы Алпамысына кездеспеген Гулбаршын қыздың сәтсіз сүйіспендігі сөз болса, "Жайлаудағы жиырма күнде" туған жерге деген азаматтық перзенттік сезім баяндалады.
84Қаз7

Н 86

Нұржекеұлы Б.

Шығармалары / Б. Нұржекеұлы



Т. 6 : Тауды жылатқан түн : повестер / құраст., Қ. Құрманғалиев. - Алматы : Жалын, 2009. - 320 б.
Аннотация: Жазушының бұл томына бірнеше әңгімелері топтастырылған. Әңгімелер -адамдар арасындағы сыйластық, бауырмалдық, мәрттік секілді өнегелі қасиеттерді үлгі етеді.
84Қаз7

Н 86

Нұрманов, Ақан Құланның ажалы : роман / А. Нұрманов. Ай қанатты арғымақ : роман / Р. Нұрғали. - Алматы : Жазушы, 2009. - 472 б. 2000 экз.

Аннотация: Кітап Ақан Нұрманов пен Рымғали Нұрғали романдарының басын қосады. "Құланның ажалы"-тарихи тақырыпқа жазылған шығарма. Бас қаһарманы Құлан-Кейкі өмірде болған кейіпкер. Кеңес өкіметіне қарсы күрескен жеке батыр.
84Қаз7

Н 86

Нұршайықов, Әзілхан Ақиқат пен аңыз : роман / Ә. Нұршайықов. - Алматы : Жазушы, 2009. - 464 б. - (Қазақтың 100 романы) 2000 экз.
Аннотация: "Ақиқат пен аңыз" роман-диалогында Ұлы Отан соғысының даңқты қаһарманы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының сонау балауса шағынан бастап, аты аңызға айналған қолбасшы, атақты жазушы, аты алашқа ардақты ұлы перзентке дейінгі ұлағатты өмір жолын шынайы фактілер аясында қызғылықты баяндайды.
84Қаз7

Н 86

Нұршайықов, Әзілхан Махаббат жырлары / Ә. Нұршайықов. - Алматы : Санат, 2009. - 480 б. 2000 экз.

Экземпляры: всего:5 - аб(3), чз(2)


84Қаз7

О-65

Оразбек, Нұрмахан Көрген жерден көз кетпейді : бір сапардың күнделігі / Н. Оразбек. - Алматы : Қазақстан, 2009. - 382 б.
Аннотация: Автордың бүгінгі еркін еліміздің қиын да қызықты тынысын көрсететін бірнеше мақалалары топтастырылған.
84Қаз7

О-61

Оңғарсынова, Фариза Мен саған ғашық емес ем : өлеңдер / Ф. Оңғарсынова. - Алматы : Жазушы, 2009. - 248 б. - (Қазіргі қазақ поэзиясы) 2000 экз.
Аннотация: Автордың жинағына әр жылдарда жазылған өлеңдері топтастырылған.
84Қаз7

Р 22

Раушанов, Есенғали Құстар біздің досымыз / Е. Раушанов. - Алматы : Жазушы, 2009. - 256 б. 2000 экз.
Аннотация: Құстар өмірі-қазақ әдебиетіндегі таңсық тақырып. Ақын өмір бойы тек құстарды жырлап келе жатқандай әсер қалдырады. Бұл топтама Есенғалидың "Қара бауыр қасқалдақ", "Періштелер мен құстар" атты жыр кітаптарының заңды жалғасы секілді көрінетіні де содан шығар. Жинаққа аққу, ақсұңқар, қарлығаш, ұлар тәрізді отызға тарта қанатты достарымыздың құпия сырларын ақындық шабытпен шалқыта әңгімелеген қызықты да тартымды танымдық хикаялары енді.
84Қаз7

С 30

Сегізбайұлы К.

Беласқан : таңдамалы шығармалар / К. Сегізбайұлы



Т. 3. - Алматы : Жалын, 2009. - 320 б. 2000 экз.
Аннотация: Кітапта еліміздің шығыс шетінде ғұмыр кешіп кісілікті іс-әрекетімен есімі ел есінде аңыз болып қалған Қамбар төре, басқа да батырлар мен билер, олардың төңірегіндегі қарапайым жандардың тағдыры туралы сыр шертеді.
84Қаз7

С 52

Сматаев С.

Елім-ай : роман-трилогия / С. Сматаев



Т. 1 / ред. Ш. Сматаева. - Алматы : Алманар, 2009. - 432 б. 2000 экз.

Аннотация: Софы Сматаев өзінің атақты" Елім-ай" трилогиясының бірінші кітабында қазақ халқының қайғылы кезеңі -"Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама" заманын суреттейді. Қазақ елінің сол кездегі тұрмыс-күйін, қоғамдық жағдайын, салт-санасын көрсете отырып, атамекенді жат жерлік басқыншылардан қорғап қалудағы абзал азаматтардың ерлігін көлденең тартады.


84Қаз7

С 52

Сматаев С.

Елім-ай : роман-трилогия / С. Сматаев



Т. 2 / ред. Ш. Сматаева. - Алматы : Алманар, 2009. - 496 б. 2000 экз.
Аннотация: Автордың "Елім-ай " трилогиясының екінші кітабы "Ақтабан шұбырындыдан" кейінгі қазақ елінің тұрмыс-тіршілігін суреттейді. Ел ішін жетідей жеген байлар мен сұлтандардың сойқанды әрекеттері, елдік пен бірлікті көксеген халықтың тебіренген жай-күйін, сыртқы жауға қарсы күресін, азаттықты аңсаған жұрттың ширыққан халін қажырлы қаламгер ірі оқиғалар, бейнелі образдар арқылы әдемі көрсетеді.
84Қаз7

С 52

Сматаев С.

Елім-ай / С. Сматаев



Т. 3, 3-ші кітап / ред., Ш. Сматаева. - Алматы : Алманар, 2009. - 616 б.
Аннотация: "Елім-ай" трилогиясының үшінші кітабына қазақ жұртшылығының сүйікті жазушысы, көрнекті қаламгер Софы Сматаев елінің еркіндігі мен бостандығын көксеген айбынды ұлдарының әр түрлі басқыншы жауға қарсы ұлт-азаттық күресін жан-жақты суреттейді. Кітаптың негізгі тақырыбы- Қаз дауысты Қазыбек би мен Абылай ханның тарихи тұлғаларын ашып көрсетуге арналған.
84Қаз7

С 52

Сматаев С.

Жылдарым - жырларым : үш томдық шығармалар жинағы / С. Сматаев



Т. 1 : Іздерім-ау. - Алматы : Алманар, 2009. - 360 б.

Аннотация: Ақынның әр жылдары жазылған жырлары топтастырылған.
84Қаз7

С 52

Сматаев С.

Жылдарым-жырларым : үш томдық шығармалар жинағы / С. Сматаев



Т. 2 : Жолдарым. - Алматы : Алманар, 2009. - 320 б.

Аннотация: Ақындық өнерді аса жоғары бағалайтын, әрі ақындық қасиетті барынша құрметтейтін Софы Сматаевтың поэзиясы-адам жанының тылсым құпиясына көңіл көзімен терең үңілудің анық нәтижесі. Шыншыл суреткердің сезім тебіренісі мен жан дүниесінің толғанысын көрсететін бірнеше өлеңдері топтастырылған.
84Қаз7

С 52

Сматаев С.

Жылдарым-жырларым : үш томдық шығармалар жинағы / С. Сматаев



Т. 3 : Аналар-ай - даналар. - Алматы : Алманар, 2009. - 306 б. 2000 экз.
Аннотация: Кітапта әлемді алақанында аялайтын, дүниеге азаматты, тұлғаны әкелетін аналарға арналған циклді дастандары топтастырылған.

84Қаз7

Т 52

Тоқаев К.

Таңдамалы / К. Тоқаев



Ұясынан безген құс. Қастандық : роман және повесть. - Алматы : Ана тілі, 2009. - 312 б.
Аннотация: Қаламгердің таңдамалы шығармаларының төртінші томына оқиға өрімі өмірдің өзінен алынған сүбелі шығармасы "Ұясынан безген құс" атты романы мен "Қастандық"повесі берілді.

К84 ШҚ

Т 53

Тоқтарбаев, Рахметолла Елімнің шығысында жатыр Зайсан / Р. Тоқтарбаев, С. Тоқтарбаева. - Семей : Талант, 2009. - 82 б. 200 экз.
Аннотация: Жинаққа жерлестеріміз Рахметолда Тоқтарбаев пен қызы Сара Тоқтарбаеваның айтыстары топтастырылған.


84Қаз7

Т 60

Торайғыров, Сұлтанмахмұт Қамар сұлу : роман / С. Торайғыров. Қалың мал : роман / С. Көбеев. Адасқандар : роман / С. Мұқанов. - Алматы : Жазушы, 2009. - 416 б. - (Қазақтың 100 романы) 2000 экз.
Аннотация: Бұл томға "Қамар сұлу", "Қалың мал", "Адасқандар" романдары топтастырылған. Үш қаламгердің үш туындысын да бір идеяға туыстыратын қасиет-бұлардың бәрі сол кездегі қазақ қоғамында өткір проблемаға айналған әйел бостандығын жырлайды.

84Қаз7

Т 93

Тілемисов Х. Азамат : повестер мен әңгімелер, естеліктер / Х. Тілемисов. - Алматы : Ана тілі, 2009. - 279 б. - (Мерейтойлық әдебиеттер) 2000 экз.
Аннотация: Автордың мерейтойлық кітабына повестері мен әңгімелері еніп отыр. Қаламгердің адалдық пен адамгершілік жайында терең толғаммен сабақтай өрілген дүниелерінің оқиғасы қарапайым, тілі көркем.
84Қаз7

Ш 18

Шайхыұлы, Ермахан Мынауың жынды екен : (пародиялар мен әзіл әңгімелер) / Е. Шайхыұлы. - Астана : Астана полиграфия, 2009. - 272 б. 2000 экз.

Аннотация: Жинаққа әр түрлі жанрда жазылған пародиялар мен әзіл-әңігімелер топтастырылған.
84Қаз7

Ш 29

Шаухаманов, Сейілбек Алтын алма, ақыл ал / С. Шаухаманов. - Алматы : Білім, 2009. - 480 б. - (Әдеби мемуарлар)

84Қаз7

Ы 88

Ысқақ Қ.

Таңдамалы / Қ. Ысқақ



Т. 2. - Алматы : Ана тілі, 2009. - 320 б. 2000 экз.
Аннотация: Көп томдық таңдамалы шығармаларының екінші томына "Қоңыр күз еді","Аюлыда адам да бар", "Бұқтырма сарыны", "Беу, ақсақ дүние" т. б. повестері енді.
Өнер

К85.31

Қ 77

Ғарифолла Құрманғалиев туралы естеліктер / ред.: А. Шамсуидин , Ә. Усманов. - Алматы : Білім, 2009. - 248 б. - (Әдеби мемуарлар) 2000 экз.

Аннотация: Бұл кітапта әншінің актерлік, әншілік, сазгерлік қырлары жайлы замандастары, әріптестері, шәкірттері сыр шертеді. Әншінің қазақ өнері мен мәдениетіне сіңірген еңбегіне лайықты баға беріледі.

Педагогика


К74.03

Е 50

Елі сүйген асыл қыз. - Павлодар : [б. ж.], 2009. - 97 б. : сурет 200 экз.
Аннотация: Кітап партия, дипломатия және бұқаралық ақпарат, педагогикалық қызметтің ардагері Алма Мұқанқызы Әжібаеваның жетпіс жылдығына арналып шығарылған. Замандастарының естеліктері, педагогикалық қызметтердегі ерен ұйымдастырушылық еңбегі қарастырылған.
К74.102

М 35

Мәженқызы, Райхан Математика : мектеп жасына дейінгі балаларға арналған / Р. Мәженқызы. - Астана : Педагогика-Пресс, 2009. - 240 б. : суретті 2000 экз.
Аннотация: Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған оқу құралының негізгі мақсаты балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру, жиырмаға дейінгі сандарды санап үйрету, оларға амалдар қолдану.
К74.03

Ө 24

Өз халқының даңқты қызы / ред. Қ. Төлеубек . - Павлодар : НПФ ЭКО, 2004. - 82 б.

Аннотация: Кітапта марқұмның замандастары, әріптестері, серіктестері Алма Мұқанқызының адамгершілік, ізгі қасиеттерін паш етеді.
Тіл білімі
К81.2

А 94

Ахметжанова Ф. Р. Аударматанудың кейбір мәселелері / Ф. Р. Ахметжанова. - Усть-Каменогорск : Шығыс Ақпарат, 2009. - 155 б 500 экз.
Аннотация: Әлем деңгейінде өз мемлекеттілігін дамытып дәлелдеп отырған қазақ елінің ғылымында арнайы зерттеуді талап ететін салалардың бірі-аударма саласы. Кітапта ақпараттарды жинау, қабылдау, өңдеу, жүйелеу және бір тілден екінші тілге мағынасын өзгертпей аудару туралы мәліметтер берілген.
К 81.2 ШҚ

Ж 92

Жылқыбаева, Амантай Туған тіл - тұғырым / А. Жылқыбаева. - Өскемен : [б. ж.], 2009. - 210 б. 150 экз.
Аннотация: Автордың көп жылдар бойы мемлекеттік тілді жүзеге асыру жолындағы жарық көрген мақалалары, жасаған баяндамалары, теледидарда берген сұхбаттары енгізілген. Бұл еңбек жастардың бойында еліне, халқына, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, өз халқының салт-дәстүрін дәріптеу сияқты тәрбиелік міндеттерді шешуге де бағытталған.

Тарих
К63.3 ШҚ



А 46

Алтыбаев, Қалибек Тегін білу - тектіліктің тірегі / Қ. Алтыбаев. - Семей : Талант, 2009. - 300 б. 500 экз.
Аннотация: Ата-баба шежіресін баян ететін бұл кітап, өткенін тереңірек білгісі келетін кез келген ойлы азаматқа, жас ұрпаққа берер тағлымы мен ғибраты көп еңбек. Кітапта Төртуыл, Андабарақ және Байыл шежіресі берілген.

К63.3(2)74

Қ 18

Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасу тарихы = История становления независимого Казахстана / Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасы Тұнғыш Президентінің Музейі. - Алматы : Таймас, 2008. - 270 с 3000 экз.
Аннотация: Жинақта тәуелсіздікке ие болудың тарихи аспектілері, Тәуелсіз Қазақстан проблемалары және оларды шешу жолдары, ел тәуелсіздігін қалыптастырудағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің ролі, Қазақстандағы ядролық қару мәселесі қарастырылған.
К63.3

Қ 26

Қалибек Хакім туралы естеліктер : Азаттық аңсап, Гималай асқан көш / құраст. Ә. Ілиясұлы . - Алматы : Білім, 2009. - 288 б. : суретті. - (Әдеби мемуарлар) 2000 экз.
Аннотация: Жинаққа халықаралық ғылыми- теориялық конференцияда жасалған қазақ, түрік, орыс тілдеріндегі баяндамалар, Қалибек Хакімнің өмірі мен қызметі жайлы естеліктер, талдау мақалалар, атақты батыр туралы жазылған жыр-дастандар, өмір тарихына байланысты деректер енгізілген.

Техника
К30



Қ 74

Құдайбергенов, Райымқұл Техникалық көптілдік сөздік = Технический многоязычный словарь = Теchnisches mehrsprachiges worterbuch = TECHNICAL POLY-LINGUAL DICTIONARY : 50 мыңға жуық терминдер / Р. Құдайбергенов. - Астана : [б. ж.], 2008. - 800 б.
Аннотация: Басылым сөздік бүгінгі уақыт талабына сай құрастырылып техника және ғылым саласындағы мамандардың сараптауынан өтіп, ҚР Үкімет жанындағы терминком соңғы жылдары бекіткен терминдерді қамтыды. Сонымен қатар, неміс, ағылшын және орыс тілдерінен енген халықаралық қолданылатын сөздер, сөзқұрамдары мен терминдер мұқият іріктеліп, олар қазақ тілінің ішкі тәртіптеріне өлшемдестіріп алынды.

Философия


К87

Е86

Есім, Ғарифолла Саяси философия : акме-қоғам мәселелері / Ғ. Есім. - Астана : Елорда, 2009. - 376 б.

Аннотация: Бұл кітап саяси философияның өзекті мәселелеріне арналған отандық ғылымдағы тұңғыш еңбек. Кітапта акме-қоғам мәселелері арнайы жан-жақты қарастырылған. Акме дегеніміз қоғамның кемелденуі деген түсінік. Қазақ қоғамы өзінің кемелдену үрдесінде екендігіне автор нақтылы тұжырымдар жасаған.
К87

Ш 24

Шаңбай , Тұрдықұл Ұғым мәдениеті : (Шәкәрім шығармашылығы аясында) / Т. Шаңбай . - Алматы : Раритет, 2009. - 352 б. - (Шәкәрім әлемі)
Аннотация: Кітапта қазақ танымындағы ұғым мәдениеті мәселесі жүйелі түрде бір тұлғаның шығармашылығы аясында қарастырылады. Бізді Шәкәрімнің көркем поэзиясындағы мәдени-философиялық ұғымдар, оның ішінде антропософиясы (адамзатқа құштарлығы) қызықтырады. Сонымен қатар, екінші бөлімде шәкәрімтанудың өзекті мәселелеріне арналған мақалалар енгізілген.
Фольклор

К82-06

Қ 17

Қазақ ертегілері / ред. Е. Дүйсенбайұлы . - Алматы : Жазушы, 2009. - 320 б. - (Электронды кітапхана. Балалар әдебиеті) 2000 экз.
Аннотация: Халық ауыз әдебиетінің ерекше бір қызық та құнарлы түрі-ертегілер. Дискіде "Керқұла атты Кендебай", "Күн астындағы Күнікей қыз" секілді небір тамаша қиял-ғажайып ертегілер қамтылған. Халқымыздың ерте дәуірдегі тұрмыс-тіршілігінен және ой-арманынан туған бұл ертегілердің тілі жеңіл, балалар үшін тәрбиелік мәні зор.
К82

Қ 44

Қасқабасов, Сейіт Ойөріс : фольклор туралы / С. Қасқабасов. - Астана : Астана-полиграфия, 2009. - 320 б. 2000 экз.
Аннотация: Кітапқа автордың қазақ фольклортану ғылымының маңызды мәселелеріне арналған кейбір мақалалары мен зерттеулері енді. Бұл еңбектерінде фольклордың даму тарихы мен теориясына, поэтикасы мен текстологиясына, жалпы типологиясына қатысты проблемалар қарастырылып, жекелеген жанрлар мен шығармалар жаңаша зерделенген.

Экономика


К65.01

Н 83

Нурпеисова, Әйгерім Керімқызы Оқу-әдістемелік кешені : микроэкономика / Ә. К. Нурпеисова ; Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі, Алматы Үздіксіз білім беру университеті. - Алматы : LEM, 2009. - 134 б. 300 экз.

Аннотация: Оқу әдістемелік кешенінде мемлекеттік білім беру стандартына және оқу жұмыс бағдарламасына сай нақты және түсінікті формада "Микроэкономика" пәнінің негізгі сұрақтары қамтылған.



Каталог: docs
docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет