Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі


Суда тіршілік ететін сүтқоректі жануарлар



бет4/7
Дата07.02.2022
өлшемі214,21 Kb.
#93770
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Мамлакатой

1.2 Суда тіршілік ететін сүтқоректі жануарлар

Су аңдары. Алдыңғы топтағыдай жер бетінде тіршілік ететін жануардан бүтіндей су жануарларына айналуға көптеген аралық, жағдайлар бар. Ол филогенетикалық жағынан суда тіршілік ететін сүтқоректілерге-ескек аяқтыларға жақын жыртқыштарда айқын байқалады. Су орталығымен алғашқы байланыс, жануарлардың тамақтық затты тек қана құрлықтан тауып қана қоймай, су жағасынан немесе судың өзінен табудан басталады. Мысалы, сасық күзеннің бір түрі—норка түщы сулардың жағалауында мекендейді. Ол су жағалауынан қазған інінің аузын эрқашан күрлықтан шығарады. Өзі су маңындағы кемірушілермен (әсіресе су тышқандарымен 15-30%), Амфибилермен (10-30%) және балықпен (30-70%) қоректенеді. Суда жақсы жүзеді, бірақ оның аяғының қүрылысында және жүнінде айтарлықтай өзгеріс болған жоқ. Сумен тығыз байланысты-комшят. Іні судың жағасында болады аузын судың астынан шығарады. Камшаттар су жағасынан 100-200 метрден артық қашық кетпейді. Негізінен судағы балықтармен (50-80%) амфибилермен (10-20%) қоректенеді. Камшаттардың аяқтары қысқа, саусақтарының арасында тері жарғақтары болады. Қүлақ қалқандары өте кішкене келеді. Терісінің жүні ірі, сирек қылшықтан және қалың түбіттен түрады. Теңіз камшаттарының бір түрі-Солтүстік Тынық мұхитты мекендейтін, систематикалық жөнінен ірі теңіз камшаттарына жақын жануарлар. Олар тіршілігінің көпшілігін суда өткізеді де тыныстау үшін жер бетіне шығады, сөйтіп судағы кірпілермен, моллюскалармен, краптармен, кейде балықтармен қоректенеді. Бұлар түнгі ұйқысын су жағасында өткізеді. Суда жақсы жүзеді, ауа тынық уақытта жүзіп су жағасынан алыстап та кетеді. Олар су жағасына ешқандай бекіністер жасамайды. Аяғы қысқа, саусақтары бірімен-бірі тері жарғақ арқылы қосылған, тырнағының нүсқасы ғаңа бар, қүлақ қалқаны болмайды. Терісінің жүні өте сирек ірі қылшықтан және қалың түбіттен түрады.


Басқа отрядтың өкілдерінен аздап та болса сумен байланысты түрлерді кездестіруге болады. Насеком жемділердің ішінде су жертесері судан тамағының біразын алады, кейде қауіптен қүтылады.
Кемірушілердің ішінде тіршілігін жартылай суда өткізетін көптеген түрлері бар. Бұларға ондатралар, нутриялар жатады. Осы аталған кемірушілер негізгі қоректік заттарын судан, аздап та болса қүрлықтан алады. Жауларынан қорғанады, олар су жағасынан ін қазып немесе су бетінде жүзіп жүрген өсімдік қалдықтарынан үйшік жасап, мекен етеді. Қүлақ қалқаны болмайды. Саусақтарының арасында тері жарғағы болады. Терісі жоғарыда айтылған жартылай су аңдарынікі сияқты болады. Ондатралар мен қүндыздардың май бездері жақсы жетілген, бұл қүстың безі сияқты қызмет атқарады.
Ескек аяқтылар барлық тіршілігін суда өткізеді, су ішіндегі заттармен қоректенеді, су бетінде тынығады. Тек қана шағылысу, күшіктеу, түлеу үшін жағаға немесе мұзға шығады. Қүрылысында өзіндік ерекшеліктері бар. Аяғы ескекке айналған, денесі үршық тәрізді жұмыр болады. Артқы ескектері жүзген және сүңгіген кезде негізінен локомоторлық қүралдың қызметін атқарады. Тері түгі болмайды, жылуды реттеу қызметін тері астындағы май қабаты атқарады.
Ешқашанда қүрлыққа шықпайтын нағыз су жануарлары-кит тэрізділер мен сирендер болып саналады. Тері жабындысы (түгі) артқы аяғы болмайды. Локомоторлық мүшенің қызметін қүйрық қанаты атқарады.
Су-сүтқоректілер үшін екінші тіршілік орта болып есептеледі. Алғаш кү-рлықта тіршілік еткен жануарлар қайтадан суда тіршілік етуге эр түрлі дэрежеде бейімделген. Жартылай, кейін толығынан су жануары болуының себебі: судан қорек іздеу мен жауларынан жасырынатын болған. Осы жолмен жануарлардың эр түрлі систематикалық топтары шыққан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет