Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі



бет7/7
Дата07.02.2022
өлшемі214,21 Kb.
#93770
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Мамлакатой

II Тәжірибелік бөлім
2.1 Гренландия итбалығы
Гренландия итбалығы – ескекаяқты жануар. Артқы ескекаяқтары қысқа, артқа қарай созылған және құрлықта қозғалу үшін қызмет етпейді. Олар құрлық бетінде алдыңғы ескекаяқтарымен өрмелеп, жорғалайды. Ересектерінің түгі жұқа, түбітсіз. Олар арктикалық теңіздерді мекендейді. Жылдың көп бөлігін итбалықтар ашық теңізде өткізіп, балық, ұлу, шаяндармен қоректенеді. Қыста итбалықтар үйірі жағаға жақындап, үлкен, тегіс мұзды аймақтарға шығады. Мұнда аналық көзі көретін бір төл береді. Итбалықтың төлінің қалың ақ түкті терісі оны аяздардан қорғап, қар арасында көрінбейтін етеді. Көктемнің басталуымен үйір солтүстікке қарай көшеді. Итбалықтарды терісі мен майы үшін кәсіп етеді.



Қорытынды
Сүтқоректілердегі биологиялық қүбылыс, олардың ағзасының күйі, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынасы маусымдық заңдылыққа бағынады. Басқа жануарлар сияқты бұлардың да тіршілік циклі бірнеше периодтардан немесе фазалардан түрады. Осыған сэйкес тіршіліктің жылдық циклінің өте қарапайым схемасын үсынуға болады. Оларға мыналар жатады: көбеюге дайындық, балалау және төлдерін тәрбиелеу, қысқа дайындалу, қыстап шығу, тамақ қорын жинау, сандарының ауытқып түруы.
Сүтқоректілердің экономикалық маңызы өте зор және алуан түрлі. Егер олардың түрге өте бай екенін және кеңінен таралғанын ескерсек өзінен-өзі түсінікті болады. Көптеген түрі орман, қойма, ауыл шаруашылығының зиянкестері. Кейбір түрлері жүқпалы ауру таратып, адамның денсаулығына үлкен зиян келтіреді. Сүтқоректілердің көпшілігі кәсіптік обьектілер, олардан эр түрлі бағалы өнімдер: ет, май, бағалы тері, тері алынады. Сонымен қатар адам баласы ерте кезде көптеген жануарлардың түрлерін қолға үйретіп, қазіргі ауыл шаруашылық малдарының жаңа түқымдарын шығарған. Жабайы аңдарды үй малына айналдыру әлі де тоқталған жоқ. Өнімі мол жаңа түқымдар шығаруда үлкен табысқа жетіп отыр.
Қазіргі кездегі сүтқоректілердің тегі палеозой дэуірінде тіршілік еткен қарапайым рептилилер болып есептеледі. Сүтқоректілер класының өкілдері-алуан түрлі тіршіліктік ортаға тараған. Мысалы, жер бетінде, ауада, тіпті судан өмір бойы шықпайтын нағыз су жануарлары және топырақтың астыңғы қабатында тіршілік ететін түрлері аз емес. Бұл кластың өкілдерінің барлығына тән ерекшелік, басқа кластың өкілдеріне қарағанда, алуан түрлі тіршілік жағдайларына барынша бейімделген ағзалар екендігі.
Сүтқоректілердің алуан түрлі тіршілік жағдайларына барынша бейімделген ағзалар болуы олардың омыртқалы жануарлардың ішіндегі ең жоғары сатыда дамыған тобы. Оларда жүйке жүйесі жақсы дамыған. Балаларын тірі туып сүтпен асырайды. Дене температурасы түрақты. Үрпақтарына қамқорлық жасайды. Міне, осы ерекшеліктер олардың жер шарында кең таралуына мүмкіндік береді. Оларды ағаш басында да, жер үстінде де, жер астында да, ауада да, суда да коруге болады. Демек сүтқоректілердің тіршілік ортасы эр алуан. Олардың дене пішіндері де осы ортаға тіршілік етуге бейімделген.
Сүтқоректілердің қоректену тізбегі де өз жөніне қарай эртүрлі: біреулері өсімдік тектес азықпен, басқалары жануар тектес азықпен, үшіншілері жыртқыш-шабуыл жасаумен күн көреді, ал приматтар, жыртқыштар, кемірушілер азық талғамай қоректене береді.
Дәріске әдістемелік нүсқау Омыртқалылар зоологиясы пэнінің электронды дәрістер курсынан осы тақырыптарды компьютермен қарап талдаңыздар.


Пайдаланылған әдебиеттер
1. Константинов В.М., Наумов СП., Шаталова СП., Зоология позвоночных, 3-е издание Москва, 2004,382-386 стр, 405-427 стр.
2. Макенова М.С, Электронды омыртқалылар зоологиясы дэрістер курсы, 206-216 6.

3. Константинов В.М., Наумов СП., Шаталова СП., Зоология позвоночных, 3-е издание Москва, 2004, 386-405 стр.


4. Макенова М.С, Электронды омыртқалылар зоологиясы дэрістер курсы, 193-206 6.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет