«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі


Демонстрациялық экспериментке қойылатын негізгі әдістемелік талаптар



бет12/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   62
Байланысты:
Физика лекция

2. Демонстрациялық экспериментке қойылатын негізгі әдістемелік талаптар

1. Оқушылар көрсетілген тәжірибені түсінуге дайын болу керек, яғни тәжірибені жасамас бұрын осы тәжірибеден оқушылар қандай құбылысты немесе заңдылықты түсіну керектігін алдын-ала түсіндіріп берген жөн. Көбінесе тәжірибенің алдында мұғалім оның мақсатын айтып, схемасы болса тақтаға сызып, тәжірибеден не түйетінін айтып, содан кейін ғана тәжірибені жасауға кіріседі. Егерде тәжірибе күрделі болса, онда оны бірнеше бөлімдерге бөліп, әр бөлімнің мақсатын жеке-жеке түсіндірген дұрыс. Мысалы, Ом заңын қорытып шығару үшін көрсетілетін демонстрациялық тәжірибе.


2. Демонстрациялық тәжірибеге керекті құрал-жабдықтар мүмкіндігінше қарапайым болу керек және мұғалім әрбір құралдың жұмыс істеу принципін жақсы білуі керек.
3. Демонстрациялық тәжірибе барлық оқушыларға жақсы көрінуі тиіс. Тәжірибе қанша жақсы болғанымен, оқушылар өздері көрмей тек мұғалімнің айтқанымен ғана білетін болса, ол тәжірибенің құны болмай қалады. Демонстрациялық тәжірибе жақсы көрінуі үшін әртүрлі экран, тағандар немесе суды бояу арқылы көрсетуге болады. Мысалы: қатынас ыдыстарды көрсеткенде ішіне құйылатын суды бояу арқылы көрсету.
4. Тәжірибені өткізу шапшаңдығы. Тәжірибені көрсету қарқыны материалды ауызша баяндау қарқынына және оны оқушылардың қабылдау жылдамдығына сәйкес болуы керек. Егер тәжірибе оқушылардың қабылдап алғанынан гөрі шапшаңырақ өтсе, оны қайталаған жөн. Сонымен бірге, ұзақ сонар тәжірибені демонстрациялау бақыланып отырған құбылысқа қызығушылықты мұқалтады.
Демонстрацияға арналған қондырғыны оқушылардың көз алдында құрастырған жөн, бұл тәжірибені түсіндіруді және қабылдауды жеңілдетеді. Тек өте қажет жағдайда алдын-ала құрастыруға болады. Мысалы, электр тізбектерін құрастырғанда..
5. Демонстрациялық тәжірибелер нанымды және айқын болуы тиіс, яғни бақыланып отырған нысана, зерттелетін құбылыс арқылы мүлтіксіз түсіндірілетін нұсқасын таңдау керек. Мысалы: жылу қабылдағыш арқылы көрсетілетін тәжірибе.
6. Тәжірибеге мүмкіндігінше мүдірмей жұмыс істейтін құрал-жабдықтарды бірнеше рет алдын-ала жасап көріп, таңдау керек.
7. Қауіпсіздік техникасына қойылатын талаптар. Мұнда электрлік құрал-жабдықтармен, сәуле шығару және жылу көздерімен, реактивтермен жұмыс істеген кезде қауіпсіздік шараларын күні бұрын мұқият ойластыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет