«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі



бет15/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   62
Байланысты:
Физика лекция

Кіріспе әңгіме. Оқушылардың зертханалық жұмыстарға дайындығын тексеру үшін жаппай сұрау әдісін қолданып айқындалады. Одан кейін жұмыстың мақсаты айтылып, орындалу реті талқыланады. Алынған нәтижелерді қалай жазуға, өңдеуге болатыны түсіндіріледі. Мұндай жұмыстар, әсіресе 7 сыныпта міндетті түрде ұдайы жүргізілуі тиіс. Ары қарай, кіріспе әңгімеде зертханалық жұмыстың мақсаты айтылып, орындау ретін, тәртібін оқушылар енді өздері анықтайды.
Кіріспе әңгімені өткізе отырып, физикалық шамаларды өлшеу дәлдігімен және жіберілген қателерді есептеу жолдары, қорытынды нәтиже, олардың ескерілуі айтылады. Сондай-ақ, зертханалық жұмысты орындау кезінде техника қауіпсіздігін және сақтық шараларын оқушылардың назарын аудару керек.
Оқушылардың зертханалық жұмысты орындауы. Оқушылар жұмысқа кірісер алдында құрал-жабдықтармен танысып, қажетті нәрселердің бәрі үстел үстінде бар ма, соны тексереді. Содан кейін жоспар бойынша жұмысты орындайды. Өлшеулердің нәтижесін кестеге толтырады, кей жағдайларда өлшеулерді бірнеше рет қайталайды.
Мұғалім оқушыларды сырттай бақылап, қажетті жағдайларда нұсқаулар береді, көмек көрсетеді. Егерде оқушылардың барлығы бірдей қате жіберсе, онда сыныптағы оқушылардың көңілін аударып және оны қалай дұрыс жасауға болатынын көрсетеді.
Оқушылардың жасаған жұмысының есебін тексеру және зертханалық жұмысты бағалау. Оқушылар жасаған зертханалық жұмыстары бойынша дәптерлеріне керекті есептеулер жүргізіп, қорытындылар жазады. Барлық оқушылардың зертханалық жұмыстары бағаланады.
Мұғалім зертханалық жұмыс кезінде оқушылардың жұмысты қалай жасағандарына мұқият қарап бақылайды және бағалайды. Ол оқушылардың әрқайсысы өзінің жұмысты қалай ұйымдастырғанын, құрал-жабдықтарды қалай таңдап алғанын, оны қалай орналастырғанын, өлшеулерді қалай жүргізгенін қарап өзінше белгілеп алады. Содан кейін оқушы дәптеріндегі есептеулер мен қорытындыларды тексеріп, өз белгілеулеріне қарап бағалайды.
Жұмыс қорытындысын шығару. Сабақтың соңында немесе келесі сабақта жұмыс нәтижелері қысқаша талқыланады. Бұл зертханалық жұмысты қорытындылау, негізгі жетістіктерді және ондағы жіберілген кемшіліктерді табу және оның себептерін түсіндіру мақсатында жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет