Жаратылыстану ғылыми сауаттылық



бет5/19
Дата20.09.2023
өлшемі1,43 Mb.
#181755
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
ответымен жаттау (14)

Оқу сауаттылығы
Печенье
Бір қыз бала орталық вокзалда пойыздың келуін күтіп отырды. Уақытты қысқарту үшін ол кітап сатып алуды ұйғарды. Содан соң ол күту залынан тыныш қана отырып, кітап оқитын орын тауып алды. Қораптағы печенье газет оқып отырған ер адам мен екеуінің ортасында тұрды. Ол бір печенье алған кезде ер адам да біреуін алды. Ер адамның бұл әрекетіне ол қатты таңырқады, бірақ ештеңе айтпастан кітап оқуын жалғастыра берді. Өзі іштей: «Сене алар емеспін! Мен батылдау адам болсам, міндетті түрде қарсы бірдеңе айтқан болар едім» деп ойлады. Ол әлсін-әлсін қораптан бір печенье алған сайын ер адам да соны қайталады. Осы іс-әрекет бір ғана печенье қалғанша жалғасты. Қыз бала ер адам қандай әрекет жасар екен деп қарап отырды. Ер адам болса соңғы печеньені алды да, ортасынан тең бөліп, бір жартысын қызға берді. Қатты ашуланған қыз кітабын сөмкесіне тоғытты да, бұл жерден кеткенше асықты. Ашуын басу үшін ол залдың басқа бір жеріне барып отырды. Ашуы тарқағаннан кейін ол кітап алу мақсатымен сөмкесіне қолын салды. Сонда ғана ол сөмкесінде қорабы ашылмаған өз печеньесін көрді.
1. Әңгіменің басында қыз бала не істеді? Ол вокзалда пойыз күтіп отырды
2. Қыз не сатып алды? кітап
3. Сөйлемегі көп нүктенің орындағы сөзді табының
Ер адамның бұл әрекетіне ол қатты ................., бірақ ештеңе айтпастан кітап оқуын жалғастыра берді. таңырқады
4. Мәтіндегі қарамен жазылған сөзді қандай сөзбен алмастыруға болады? салды



Патша қыздары
Ертеде патшаның екі қызы болыпты. Патша екі қызын да жақсы көріп, колынан келгенше оларды ештеңеден қақпай, қалағандарын жасап, айтқандарын екі етпеуге тырысады екен. Дегенмен де өсе келе үлкен қызының мінезі өзгере бастапты. Ол үнемі мұңайып, бақытсыз кейіпте жүретін болыпы.
Бір күні білімді бір адам патшаға қонаққа келіпті. Патшаның қайғылы түрін көріп, себебін сұрапты. Патша: «Е-е-е... сұрама, күлмейтін бір қызым бар, дертін ешкім білмейді» - дейді. «Патшам, рұқсат етсең, сарайыңызға қонақ болайын. Мүмкін қызыңыздың қайғысының себебін табармын», - дейді жолаушы. Патша қуанар рұқсат етті.
Сол күннен бастап саяхатшы екі қызды патша рұқсатымен жасырын аңди бастапты. Қараса, екеуі түнде жатар алдыңда жастықтарының астынан бір дәптер шығарып, бір нәрселер жазып, таңертең жазғандарын оқып, орындарынан тұрады екен. Саяхатшы бір күні қыздар ұйықтағаннан кейін дәптерлерін алып оқыса, кіші қыз өзіне жасалған жақсылықтарды, ал үлкен қыз тек болмашы әділетсіздіктерді жазыпты.
Ертеңінде саяхатшы кіші қыздан рұқсат алын, оның дәптерін үлкен қыздың жастығының астына қойды. Таң атысымен патшаның үлкен қызы жастық астынан дәптерді алып оқыпты. Сарайдағылар екеуіне де бірдей қарағандықтан ол дәптерде жазылғандарды жатырқамапты. Өзіне жасалған жақсылықтар есіне түсісімен жүзі жадырап, қуанғаннан ән сала бастапты. Патша үлкен қызының қуанғанын көріп, өз құлағы мен көзіне өзі сенбепті, Бірден саяхатшыны шақырып, бұны қалай жүзеге асырғанын сұрапты. Саяхатшы: «Патшам, өмір айна сияқты. Оның жақсы жақтарын ойласақ, бізге әдемі көрінер. Сіздің үлкен қызыңыз өмірінің жаман жақтарын ойлағаны үшін бақытсыз болған», - деп жауап береді. Патша үлкен қызын шақырып, оған енді дәптеріне тек жақсылықтарды ғана жазуға кеңес беріпті. Сол күннен бастап, патшаның екі қызы да бақытты өмір сүріпті.
1. Кіші қыз неге бақытты еді? Өзіне жасалған игі істерді ойлайды
2.Патшаның үлкен қызының дертке шалдығуының себепшісі Өзі
3. Мәтіндегі негізгі ой кімнің сөзі арқылы беріледі? Саяхатшының
4. Саяхатшы неліктен қыздардың күнделігін жасырын оқыды? Қыздардың сырын ашу үшін
5. Патшаның неше қызы бар? 2
6. Қай даналық ой (тағылым сез) мәтіннің түйінін ашады? Шапағатты ойға беріл, шапағатты сөзге беріл, шапағатты іске беріл.



Аралар
Ежелгі уақыттан бері адамдар балдың керемет қасиеттерін бағалады. Олар ормандағы ескі ағаштардың қуыстарынан жабайы бал жинады. Ара үйіндісінің шабуылы адам үшін қайғылы аяқталатын болған. Бірақ біртіндеп адамдар араларды үйрете бастады, қазір ара ұяларындағы омарталарда тұрады. Аралар кейбір жөке, акация, қарақұмық сияқты гүлді өсімдіктерден қант шырынын (балшырындарды) жинайды. Олар қант шырынын жинау үшін шуақты, тыныш күндерді қалайды.
Бал - бұл аралардың қысқы тамағы. Өйткені, қыста аралар ұйықтамайды, ал бал жинайтын гүлдер жоқ. Сондықтан олар жаз бойы жұмыс істейді. Жұмыс істейтін аралар, аналық ара мен аталық аралар болып үшке бөлінеді. Жұмыс істейтін аралардың жұмысы қатаң бөлінеді: кейбіреулері «олжа» әкеледі, басқалары ара ұяшықтарын салады, үшіншілері ара ұяшықтарын тазартады, төртіншілері қанаттарымен желдеткіш сияқты, омартаны желдетеді, бесіншісі «күзетші қызметін» атқарады, алтыншысы балаңқұрттарды тамақтандырады. Аналық ара ешқандай жұмыс істемейді және үнемі күтімді қажет етеді. Жұмысшы аралар аналық араға «күтім жасайды» және ара сүтімен тамақтандырады. Аталық ара – нағыз арамтамақ деуге болады. Ол жұмыс істейтін аралардан әлдеқайда үлкен, ол еш нәрсеге алаңдамай, қиындықсыз өмір сүреді. 
Аралармен бұрыннан келе жатқан «достыққа» қарамастан, адамдар олар туралы көп нәрсені білмейді. Мысалы, омартаға оралғанда, аралар айнала – «билей» бастайтынын адамдар байқаған. Осылайша аралар бір-біріне табылған бал орындары туралы хабарлайды. Ызылдау да белгілі бір мағынаға ие, қазіргі кезде ғалымдар зерттеу барысында.
Мәтін мазмұнына сәйкес сөйлемді белгілеңіз. Жұмыс араларының еңбектері қатаң бөлінген.

Байлық
Бұрынғы өткен заманда бір дана кісі өлерінің алдында жалғыз қалып бара жатқан баласына: «Шырағым, жер астына көмген көп қазынам бар, соны қазып алсаң, қарның аш болмас, киімсіз болмассың» – депті. Әкесі өлгеннен соң, жетім баласы үйдің айналасындағы жерді ертеңді - кеш еңбек етіп қазады, көп машақаттанады, бірақ әкесі айтқан қазынаны таба алмайды.
Басы дал болып, шаршап, шалдығып, ақырында, бір көп жасап, көп көрген данышпан қарияға келеді. Әкесінің насихатын, өзінің көп әуре болғанын баяндайды, ақыл сұрайды.
- Балам, сен әкеңнің өсиетіне түсінбеген екенсің, оның мәнісі былай: әкең саған мирасқа жер қалдырыпты, сол жерді күшің жеткенше күтіп, егін егіп, күз тұқым шашып, еңбек етсең, уақытында өнімін төкпей-шашпай жиып алсаң, сонда сен байлықтың астында қаласың, аш та, жалаңаш та болмайсың. Байлық жерде, еңбекте, – депті қария.
Сонда бала басын қасып, әкесінің өзіне айтқан өсиетін енді ғана түсініп, оны орындауға кіріскен екен.
Әкесінің қалдырғаны қандай байлық ? жер
Mәтін мазмұнына сәйкес келетін мақал Еңбек – ырыс бұлағы, еңбек – бақыт шырағы
Дана кісі өлерінде баласына... өсиет айтты
Бала не үшін жер қазады... қазына іздеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет