Қыналар пішініне қарай үш топқа бөлінеді: Ағашты діңіне, тасқа жабысып өсетін қабық (қаспақ) тәрізді қына. Бұлар сары-қызыл, сары, сұр, көгілдір, қоңыр түсті, жұқа қабыққа ұқсас болады.
Орманда ағаш діңіне, түбіріне жабысып өсетін жапырақ пішініне ұқсастары - жапырақ тәрізді қыналар Қарағайлы орманда төсемікте өсетін бұтақталға ақшыл-жасыл, ақшыл түстілері - бұта тәрізді қыналар.
Қыналар саңыауқұлақтар мен балдырлардың бірігіп, селбелесіп тіршілік етуінен пайда болады. Саырауқұлақ жіпшелері балдырларға құрамындағы су және минералды заттарын береді. Өздері балдырладың фотосинтезі нәтижесінде түзілген ағзалық заттарымен көроетенеді. Қыналар бір топ саңырауқұлақ жіпшелері арқылы төсемікте орнығады. Оның құрамындағы саңырауқұлақтар тек қынадан ғана табылған. Ал қына құрамындағы балдыр түрлерінің табиғатта өз бетінше тіршілік ететіні де бар.
Қынаның құрамында біржасушалы көк-жасыл балдырлар кездеседі. Балдырлардың жасуша хроматофорлары көмірқышқыл газын, суды сіңіріп, фотосинтездің нәтижесінде ағзалық заттар түзеледі.
Қына құрамындағы жасушаларда жарықта фотосинтез өтеді.Сондықтан қыналар тек жарық жерде өседі, қараңғыда денесі ыдырап кетеді. Қыналарға ең қажетті жағдай - оттегі бай таза ауа. Қалалардың лас ауасында өсе алмайды.Сол себепті қыналарды сыртқы орта тазалығының көрсеткіші есебінде пайдалауға болады.
Бақылау сұрақтары:
1.Өсімдіктер дүниесі қалай жіктеледі?
2.Прокариоттар мен эукариоттардың ұқсастықтары мен айыриашылықтары қандай?
3.Балдырлар қалай жіктеледі?
4.Миксомицеттер дегеніміз не?
5.Саңырауқұлақтар мен қыналар қалай жіктеледі?