Кредит саны: 2
Дәріс беруші:
Курстың мақсаты:. болашақ мамандарды егеменді еліміздің ұлттық ерекшелігін ескере отырып, халқымыздың қанша уақыт өтсе де сары алтындай жарқырап, тат баспаған сал-дәстүрлерін оқу-тәрбие процесінің түп қазығына айналдыруға даярлау, Қазақстан Республикасында этномәдениеттік білім беру тұжырымдамасының негізгі идеяларымен таныстыру.
Деректемелері/Пререквизиттері: педагогиканың жалпы негіздері, тәрбие жұмысының технологиясы.
Курстың/пәннің мазмұны: Этнопедагогиканың әдіснамалық негіздері. Адамзат дамуының тарихындағы этнопедагогикалық идеялардың генезисі (тегі). Этнопедагогикадағы тәрбиенің мақсаты.Этнопедагогикадағы тәрбиенің әдістері және құралдары. Қазақстан Республикасы халықтарының ұлттық салт және дәстүрлері – халықтық тәрбиенің негізі. Халық педагогикасындағы рухани мінез-құлықтық және азаматтық, патриоттық тәрбие. Халық педагогикасындағы еңбек және дене тәрбиесі. Халық педагогикасындағы эстетикалық және зиялылық тәрбиесі. Халық педагогикасының қазіргі қызметі. Жалпы білім беретін мекеменің оқу процесінде халық педагогикасының прогрессивтік элементтерін пайдалану.
Ұсынылатын әдебиет:
Адамбаев Б. Халық даналығы. Алматы.,Мектеп, 1976.
Атамекен бағдарламасы Егемен Қазақстан. 1991 ж., 27 тамыз.
Ахметов М. Қазақ әндері және халық дәстүрі. Алматы., Өнер, 1991.
Волков Г. Этнопедагогика. Чебоксары, 1974.
Гашимов А.Ш. Некоторые вопросы азербайжанской народной педагогики. Баку, 1970.
Габдуллин М. Аналарға тәрбие туралы кеңес. Алматы, 1966.
Елікбаев Н. Ұлттық психология. Алматы. Қазақ университеті. 1991.
Сабақ беру әдістері: СТО, ақпараттық технологиялар, дамыта оқыту технологиясы, проблемалық оқыту, ұжымдық оқыту, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту, көрнекілік әдісі.
Бағалау әдісі: кредиттік оқыту технологиясы бойынша
Оқу тілі: қазақ
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, оқу кабинеттері мен электронды оқу залдары, зертханалық кабинеттер, интерактивті тақта, компьютерлік сыныптар, т.б.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Өзін-өзі тану
Пәннің коды: OОT 2205
Пәннің типі: Базалық , міндетті пән
Оқу жылы: 2-оқу жылы
Оқу семестрі: 4
Кредит саны: 2
Дәріс беруші: З.У.Успанова
Курстың мақсаты: болашақ мамандардың ізгілікті дүниетанымын дамыту, олардың өзін және қоршаған ортаны бағалай білу қабілетін дамыту.
Курстың/пәннің мазмұны:
-студенттердің өзін-өзі тануы мен шығармашылық өзін-өзі іске асыру қажеттілігін дамыту;
-әлемнің тұтастық картинасын қалыптастыру, жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін түсінуіне көмектесу;
-оқу, өмірлік және кәсіби жағдаяттарда адамгершілік сезімін қалыптастыру
Деректемелері/Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, Философия, Мәдениеттану, Әдеп, Эстетика, Дін тану, Экология, Психология, Педагогика т,б.
Ұсынылатын әдебиет:
Абай. Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ: Өлеңдер. – Алматы: Жалын. 1990. – 128бет.
Абай. Қара сөздер. Поэмалар. – Алматы: Ел.1993.
Ақиқатты тани біл... Ғибрат толғамдары/құраст.А.Сейтақов. – Алматы, 2004. – 320бет.
Алтаев Ж.т.б. Философия және мәдениеттану: Оқу құралы. – Алматы: Литера, 2001.272бет.
Асылов Ұ., Нұсқабайұлы Ж.Әдеп: инабаттық дәстүрлері. Оқу құралы. – Алматы: Рауан, 1998 – 272 132-140б.
Ауыл кешені көңілді – Алматы: Қайнар, 1993.
Әлісбаев Ш. Данышпандық субстанциясы. Алматы: Жалын., 19902.
Әуезов М. Абай жолы.
Әрін Ә. Маздақ. Өлеңдер поэмалар. – Алматы: Курсив, 2007 200бет.
Бағаев Е.Ұ. Саумал дала. Жыр кітабы. – Алматы: Жазушы, 2004. – 312бет.
Әдебиет танытқышы. Шығармалары. – Алматы, «Жазушы», 1989, 294бет.
Бақтияр Тайжан/»Егемен Қазақстан» 01.05.07.
Бұлқышев Баубек. Заман біздікі: Проза мен поэзия.-Алматы: Атамұра, 2003.-192бет.
Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері (монография). Алматы: Әл-Фараби баспасы, 1995-461бет.
Даналардан шыққан сөз: нақыл жинағы. /Жинап, құраст.,ауд.Ұ.Асылов.-Алматы: Мектеп, 1987. – 383бет.
Екімыңжылдық дала жыры. /Бас ред. Ә.Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 2000. – 752бет.
Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақша, орысша
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы
Пәннің коды: ZhFMG 2206
Пәннің типі: Базалық пәндер,таңдау пән
Оқу жылы: 2- оқу жылы
Оқу семестрі: 3
Кредит саны: 2
Дәріс беруші: Ауезова Н.С. – б.ғ.к., аға оқытушы
Курстың мақсаты: бастауыш сыныптарда оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда бала ағзасының жасқа сай құрылысымен қызмет ерекшеліктерін, оларға қойылатын талаптар жөнінде білімді қалыптастыру.
Деректемелері/Пререквизиттері: Экология және тұрақты даму
Курстың/пәннің мазмұны: «Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы» пәні, оның мақсаты мен міндеттері. Адам ағзасының өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары. Жүйке жүйесінің физиологиясы. Жұлын, оның құрылысы, қызметі және дамуы. Ми, оның бөлімдері. Электроэнцефаллограмма. Жоғары дәрежелі жүйке әрекеті. И.М.Сеченов пен И.П.Павлавтың Ж.Ж. әрекеті туралы ілімдері. Шартты және шартсыз рефлекстер, олардың айырмашылықтары және пайда болуына қажетті жағдайлар. Анализаторлар. Ағзадағы зат және энергия алмасу. Әртүрлі жас кезеңдердегі балалардың тамақтану нормасы, күн режимі. Қан құрамы, қан тамырлар жүйесі. Иммунитет. Жүрек,оның құрылысы. Бала жүрегінің жас кезеңдерге сай ерекшеліктері. ЭКГ. Балалардың жасына байланысты тыныс алу ерекшеліктері. Ас қорыту жүйесі. Сыртқа шығару жүйесі. Бүйректің құрылысы. Тірек-қимыл жүйесі. Тері, оның құрылысы. Балалар аурулары туралы түсінік.Аурулардың алдын алу және болдырмау шаралары.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Алиакбарова. З.М.Мектеп жасындағы балалардың анатомия, физиология және мектеп гигиенасының негіздері. – Алматы. РБК,1993.
2. Алиакбарова З.М.. Мектеп гигиенасының негіздері .-Алматы.АЛМУ,1985.
3. Гуминский А.А., Леонтьева Н.Н. Руководство к лаб-ным занятиям по общей и возрастной физиологии. М: Просвещение,1997.
4. Ермалаев Ю.А.. Возрастная физиология. М.В.Ш. 1985.
5. Хрипкова А.Г., Антропова М.В.. Возрастная физиология и школьная гигиена.- М,: Провещение,1991.
6. Смирнов В.С. Нейрофизиология и ВНД детей и подростков.- М,:Акадеимя, 2000.
Сабақ беру әдістері: СТО, ақпараттық технологиялар, дамыта оқыту технологиясы, проблемалық оқыту, ұжымдық оқыту, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту, көрнекілік әдісі.
Бағалау әдісі: кредиттік оқыту технологиясы бойынша
Оқу тілі: қазақ
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, оқу кабинеттері мен электронды оқу залдары, зертханалық кабинеттер, интерактивті тақта, компьютерлік сыныптар, т.б
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Картография топография негіздерімен
Пәннің коды: KTN 1(2)203
Пәннің типі: Базалық, таңдау пән
Оқу жылы: 2-оқу жылы
Оқу семестрі: 3
Кредит саны: 2
Дәріс беруші: Тоқтағанова Г.Б. - аға оқытушы, география магистрі
Курстың мақсаты: Кез-келген аумақты картаға түсіру үшін топографиялық карталардың, пландар мен аэрофото түсірістерінің маңыздылығын ашу, өсімдіктердің таралуын анықтауда карталармен жұмыс істеу тәсілдерін көрсету, геодезиялық өлшеулер және топографиялық түсірістер әдістері туралы түсінік беру.
Деректемелері/Пререквизиттері: Жалпы жертану
Курстың/пәннің мазмұны: Аумақты картаға түсіру курсы келешекте орта мектепте, мұғалім дайындауда негізгі пәндердің бірі болып табылады. Бұл пән карта, карта түрлері, оларды пайдалану ерекшеліктерін, картадағы бұрмаланулар, олармен жұмыс істеу барысында ескерту түсініктерімен таныстыру, карталардың басты қасиеттері мен ерекшеліктерін ашып көрсету, олардың алуан түрлілігін көрсету, карталармен жұмыс істеудің жолдары мен әдістерін қарастырады.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Картография с основами топографии. Учебное пособие для педагогических вузов. Под.дедакцией Г.Ю. Грюнберга. –М., 1991.
2. Калыбеков А. Геодезия және топография негіздері. –Алматы, 1983
3. Южанинов В.С. Картография с основами топографии. –М.: Высш.школа, 2001.
4. Географический атлас для учителей средней школы. –М., 1980
5. Мектепке арналған географиялық атластар.
6. Оқу топографиялық карталар. Масштабы: 1:10 000, 1:25 000, 1:50 000.
7. Гедымин А.В., Грюнберг Г.Ю., Малых М.И. Практикум по картографии с основами топографии. –М., 1981
8. Лапкина Н.А. Практические работы по топографии и картографии. –М., 1971.
Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақша
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЖООЭК – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Географиядағы кластан тыс және мектептен тыс жұмыстар және көрнекі құралдарды дайындау әдістері
Пәннің коды: GSMZhKD 2208
Пәннің типі: Базалық, таңдау пән
Оқу жылы: 2-оқу жылы
Оқу семестрі: 3
Кредит саны: 3
Дәріс беруші: Назарова Г.А. – аға оқытушы, п.ғ.к.
Курстың мақсаты: Географиялық білім беру деңгейін арттыруда студенттердің әдістемелік дайындықтарын арттырудың маңызы зор. Курс студенттерді география пәні мұғалімінің қызметін шығармашылықпен орындауын қамтамасыз ететін алғашқы әдістемелік біліктіліктермен, әдістемелік ғылымның теориялық және методологиялық негіздері жөніндегі білімдермен қаруландырады. Сонымен қатар курс студенттердің педагогика ғылымына қызығушылықтарын, әдістемелік ойлауларын, географиядан кластан тыс және мектептен тыс жұмыстарды тиімді ұйымдастыру қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған.
Деректемелері/Пререквизиттері: Педагогика, жас ерекшеліктер физиологиясы, жалпы география.
Курстың/пәннің мазмұны: География пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстың ерекшеліктері; География пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстың мақсаты мен міндеттері, оның маңызы. География пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстың мазмұны мен оған қойылатын педагогикалық талаптар. География пәні бойынша сыныптан тыс жұмыс түрлерінің сипаттамасы; Оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастырудың түрлері мен әдістері.
Ұсынылатын әдебиет:
Душина И.В., Понурова Т.А. Методика преподавания географии. Пособие для учителей и студентов пед. ин-в. и унив-в по географическим специальностям. – М.: Изд-во «Московский лицей», 1996.- 192 с.
Баринова И.И. Внеурочная работа по географии. – М.: Просвещение, 1988.-152 с.
3.Внеурочная работа по географии / Под ред. И.И. Бариновой. – М.: Просвещение, 1988. – 158 с.
4.Методические рекомендации к лабораторным и практическим работам по методике преподавания географии/Авт.-сост. Н.Г. Дмитрук. НовГУ им. Я. Мудрого. – В.Новгород, 2006. 47 с.
5. Таможняя Е.А. Практикум по методике обучения географии / Душина И.В., Летягин А.А., Пятунин В.Б. , Тимофеева З.М., Ткачева З.Н., Таможняя Е.А. //М.: МПГУ, 2000. – 112 с. (7 п.л., авторский вклад - 15 %)
Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақша
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЖООЭК – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Геоморфология
Пәннің коды: Geomorf 2210
Пәннің типі: Базалық, таңдау пән
Оқу жылы: 2-оқу жылы
Оқу семестрі: 4
Кредит саны: 3
Дәріс беруші: Тоқтағанова Г.Б. - аға оқытушы, география магистрі
Курстың мақсаты: Оқу жоспары негізінде көрнекі құралдармен әдебиеттерге сүйене отырып студенттерге рельефтің даму заңдылықтары мен зерттеу объектісін, өзге ғылым салаларымен байланысын, рельефті зерттеудегі әдістемелік принциптерді қарастыра отырып геоморфологияның халық шаруашылығындағы қолданылуын анықтау; студенттердің ғылыми көз қарасын қалыптастыру үшін рельефтің қалыптасуындағы эндогенді процестердің орнын, тектоникалық қозғалыстардың, соның ішінде жаңа тектоникалық қозғалыстардың әрекетін; интрузивтік және эффузивтік магматизмнің рельеф құрудағы рольін, жер сілкінудің материктер мен мұхиттарда таралуын талқылау; жер бедерінің қалыптасуына әсер етуші эндогендік, экзогендік және антропогендік процестерге сүйене отырып жер бедерінің пішіндерін ажыратып генетикасы жағынан топтастыру; студенттерді өз бетінше іздену жұмыстарына бейімдеу үшін далалық геоморфологиялық зерттеу әдістерін пайдаланып геоморфологиялық кескін және картаға түсіру жолдарын үйрету
Деректемелері/Пререквизиттері: Жалпы жертану, картография топография негіздерімен
Курстың/пәннің мазмұны: Геоморфологияның теориялық және методологиялық негізі. Рельефтің жіктелуі. Эндогендік процесстер және рельеф. Экзогендік процесстер және рельеф. Рельеф халық шаруашылығының негізгі құралы. Геоморфологиялық карталар.
Ұсынылатын әдебиет:
Ақпанбетова К.М., Жандаев М.Ж. Краткий курс геоморфологии. –Қарағанды, 1994.
Дэвис У.М. Геоморфологические очерки. –М.: Выс.школа, 1988.
Леоньтев О.К., Рычагов Г.Н. Общая геоморфология. –М.: Выс.шк., 1988
Люнтуау С.В. Основы геогморфологии. –М.: Во МТУ., 1971.
Веселева Л.К., Калыкова Р.К. Жалпы геоморфология. –Алматы: Қазақ университеті, 1997.
6. Веселева Л.К. Методические указания к лабораторным занятиям по геоморфологии. –Алма-Ата, 1989
Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақша
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЖООЭК – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Жараталыстану
Пәннің коды: Zar 3302
Пәннің типі: Кәсіптік, міндетті пән
Оқу жылы: 2-оқу жылы
Оқу семестрі: 4
Кредит саны: 3
Дәріс беруші: Айдаров О.Т. - аға оқытушы, г.ғ.к.
Курстың мақсаты: Жаратылыстану туралы түсінік беру. Жаратылыстану негіздерінің басқа пәндермен байланысын білдіру. Эволюциялық даму жолындағы жер күн жүйесінің даму заңдылықтарын ашып түсіндіру
Деректемелері/Пререквизиттері: Жалпы жертану
Курстың/пәннің мазмұны: Курс студенттерге жаратылыстану ғылымының әр кезеңдердегі даму, өркендету, жетілу деңгейлерін оқытады. Сонымен қатар студенттерге жаратылыстану ғылымының бастауын қалаушылармен сол кездегі жаратылыс туралы айтылған әртүрлі ой тартыстардың түйіні туралы мағлұматтар береді. Жаратылыстану ғылымы курсын оқу барысында студенттер төмендегі мәселелерді білуі тиіс. ХХ ғасырға дейінгң ғылымның пайда болуы мен негізгі даму кезеңдерін. Эмпирикалық ғылымның тууы. Теориялық жаратылыстану (У1 б.э.д – ХУ г). ХУIII-ХIХ ғ.ғ.Жаратылыстану ғылымының дамуы
Ұсынылатын әдебиет:
1.С.Д Фазылов. З.М. Молдахметов. А.М.Ғазалиев.- Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциялары. Алматы 2003ж
2. А.С. Молагин- Концепция современного естествознания. Москва. Гелиос А.Р.В 2004г
3. О.Н Стрелник. – Концепция современного естествознания. Москва. Юрайт 2003г
4. З.Г. Бияшева –Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциялары. Оқу құралы. 1999ж
5. К.А.Горслов – Концепция современного естествознания. Учебное пособие для вузов. Москва 1999г
6. П. Мидевар. – Наука о живом. Современные концепции в биологии. Москва 1983г
7. В.И.Вернадскии. Начало и вечность жизни. Москва 1989.
Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақша
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЖООЭК – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Топырақ географиясы
Пәннің коды: TG 2303
Пәннің типі: Кәсіптік, таңдау пән
Оқу жылы: 2-оқу жылы
Оқу семестрі: 3
Кредит саны: 3
Дәріс беруші: Қосанов С.О. - аға оқытушы, а-ш.ғ.к.; Арыстан Е. – оқытушы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі
Курстың мақсаты: Студенттерге топырақ, топырақтың құрамы, маңызы туралы түсінік беру
Деректемелері/Пререквизиттері: Жалпы жертану.
Курстың/пәннің мазмұны: Топырақ географиясы, міндеттері, әдістері. Топырақ географиясы ғылымының дамуы мен қалыптасу тарихы және В.В. Докучаевтің ондағы алар орны. Топырақтану ғылымының Қазақстандағы даму тарихы. Топырақ жайлы түсінік, топырақтың құрылуы, ықпал етуші факторлар. Топырақтың биосферадағы экожүйелердегі және адам тіршілігіндегі алар орны мен маңызы. Топырақтың экологиялық қызметі. Топырақ құрылымының компоненттері, олардың қасиеттері. Топырақтың тарамдану заңдылықтары, олардың топтамасы. Қазақстанның, ТМД елдерінің және дүние жүзі топырағының табиғи зоналары. Топырақ жамылғысының экологиялық жай-күйі. Топырақтың тиімді пайдалану, құнарлылығын арттыру және оны қорғау жолдары. Топырақтың таралу ерекшелігі.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Вашенко И.М., Ланге К.П. и др. Ссновы сельского хозяйства. Москва. 1991
2. Вашенко И.М., Ланге К.П. и др. Прикладная биология с основами почвоведения. Астана. 2001.
3. Вашенко И.М., Ланге К.П. и др. Практикум по основам сельского хозяйства. Астана., 1991
Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақша, орысша
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЖООЭК – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Өндірістің техникалық-экономикалық негіздері
Пәннің коды: OTEkN3214
Пәннің типі: Базалық, міндетті пән
Оқу жылы: 3-оқу жылы
Оқу семестрі: 5
Кредит саны: 2
Дәріс беруші: Тоқтағанова Г.Б. - аға оқытушы, география магистрі
Курстың мақсаты: Cтуденттерге халық шаруашылығы кешенінің аса маңызды салаларының қазіргі заманғы техника және технология негізінен терең білім беру.
Деректемелері/Пререквизиттері: Жалпы жертану, биогеография, ландшафтану.
Курстың/пәннің мазмұны: Қазіргі техника және өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру негіздерімен аса маңызды өндірістік процестердің технологиялық сызбаларымен, қосалқы материалдар отын түрлерімен т.б. техникалық-экономикалық көрсеткіштермен таныстыру. Осы пәнде экономикалық және әлеуметтік география пәндеріндегі негізгі тірек түсініктерге, терминологиялық анықтамаларға қажетті бастапқы білім алынады. Сонымен бірге, өнеркәсіп кәсіпорындарының орналасу қағидалары түсіндіріледі
Ұсынылатын әдебиет:
Плоткин М.Р. Основы индустриального производства, М.: Высшая школа. 1994
Основы промышленного и сельскохозяйственного производства по ред. Куракина А.Ф. М., 1991
Кереев Б.Е., Ахметов Е.А. Өнеркәсіп өндірісінің негіздері. -А., 2000 ж
Осипов Г.В. Техника и общественный прогресс. –М., 1989
Человек и общество Современный мир. Под.ред. В.И. Купцова, М., 1994
Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақша
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЖООЭК – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Ландшафтану
Пәннің коды: Land 3217
Пәннің типі: Базалық, міндетті пән
Оқу жылы: 3-оқу жылы
Оқу семестрі: 5
Кредит саны: 2
Дәріс беруші: Тоқтағанова Г.Б. - аға оқытушы, география магистрі
Курстың мақсаты: Студенттерді қазіргі кездегі ландшафтану ғылымының теориялық негіздерімен таныстырып, физикалық-географиялық аудандастыру принциптерін айқындау. Жер бетіндегі ландшафт типтерінен сипаттама беріп, ландшафтың табиғи ресурстарын қорғау, бүлінген ландшафтарды қалпына келтіру, табиғи ортаны оңтайландырудың ландшафтық принциптеріне тоқталу. Орта мектеп мұғалімін дайындау жүйесіндегі оның рөлі туралы көзқарас қалыптастыру, студенттерге қазіргі әлемнің ғылыми негіздерін игерулеріне қол ұшын беру, студенттердің тұтас дүниетанымын қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |