Жаратылыстану және аграрлық технологиялар институты 5В011200-«Химия» Оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже



бет7/25
Дата29.03.2017
өлшемі5,42 Mb.
#12685
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25

Ұсынылатын әдебиет:

1. Балабақшаларда оқыту және тәрбиелеу программасы. Алматы: Мектеп,1992

2. Жұмабаев М.. Педагогика. Алматы,1994-280 бет.

3. Логина В.И., Саморукова В.Г Дошкольная педагогика.М.1988

4. Меңжанова А.Мектепке дейінгі педагогика. А.:Раушан,1992.-207б.

5. Ядэшко В.И.., Сохин Ф.А. Мектепке дейінгі педагогика. А., Мектеп-1982.



Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЖООЭК – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Этнопедагогика

Пәннің коды: Etn 2203

Пәннің типі: Базалық пәндер, міндетті пән

Оқу жылы: 2- оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 2

Дәріс беруші:

Курстың мақсаты:. болашақ мамандарды егеменді еліміздің ұлттық ерекшелігін ескере отырып, халқымыздың қанша уақыт өтсе де сары алтындай жарқырап, тат баспаған сал-дәстүрлерін оқу-тәрбие процесінің түп қазығына айналдыруға даярлау, Қазақстан Республикасында этномәдениеттік білім беру тұжырымдамасының негізгі идеяларымен таныстыру.

Деректемелері/Пререквизиттері: педагогиканың жалпы негіздері, тәрбие жұмысының технологиясы.

Курстың/пәннің мазмұны: Этнопедагогиканың әдіснамалық негіздері. Адамзат дамуының тарихындағы этнопедагогикалық идеялардың генезисі (тегі). Этнопедагогикадағы тәрбиенің мақсаты.Этнопедагогикадағы тәрбиенің әдістері және құралдары. Қазақстан Республикасы халықтарының ұлттық салт және дәстүрлері – халықтық тәрбиенің негізі. Халық педагогикасындағы рухани мінез-құлықтық және азаматтық, патриоттық тәрбие. Халық педагогикасындағы еңбек және дене тәрбиесі. Халық педагогикасындағы эстетикалық және зиялылық тәрбиесі. Халық педагогикасының қазіргі қызметі. Жалпы білім беретін мекеменің оқу процесінде халық педагогикасының прогрессивтік элементтерін пайдалану.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Адамбаев Б. Халық даналығы. Алматы.,Мектеп, 1976.

  2. Атамекен бағдарламасы Егемен Қазақстан. 1991 ж., 27 тамыз.

  3. Ахметов М. Қазақ әндері және халық дәстүрі. Алматы., Өнер, 1991.

  4. Волков Г. Этнопедагогика. Чебоксары, 1974.

  5. Гашимов А.Ш. Некоторые вопросы азербайжанской народной педагогики. Баку, 1970.

  6. Габдуллин М. Аналарға тәрбие туралы кеңес. Алматы, 1966.

  7. Елікбаев Н. Ұлттық психология. Алматы. Қазақ университеті. 1991.

Сабақ беру әдістері: СТО, ақпараттық технологиялар, дамыта оқыту технологиясы, проблемалық оқыту, ұжымдық оқыту, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту, көрнекілік әдісі.

Бағалау әдісі: кредиттік оқыту технологиясы бойынша

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, оқу кабинеттері мен электронды оқу залдары, зертханалық кабинеттер, интерактивті тақта, компьютерлік сыныптар, т.б.

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Өзін-өзі тану

Пәннің коды: OОT 2205

Пәннің типі: Базалық , міндетті пән

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: З.У.Успанова

Курстың мақсаты: болашақ мамандардың ізгілікті дүниетанымын дамыту, олардың өзін және қоршаған ортаны бағалай білу қабілетін дамыту.

Курстың/пәннің мазмұны:

-студенттердің өзін-өзі тануы мен шығармашылық өзін-өзі іске асыру қажеттілігін дамыту;

-әлемнің тұтастық картинасын қалыптастыру, жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін түсінуіне көмектесу;

-оқу, өмірлік және кәсіби жағдаяттарда адамгершілік сезімін қалыптастыру



Деректемелері/Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, Философия, Мәдениеттану, Әдеп, Эстетика, Дін тану, Экология, Психология, Педагогика т,б.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Абай. Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ: Өлеңдер. – Алматы: Жалын. 1990. – 128бет.

  2. Абай. Қара сөздер. Поэмалар. – Алматы: Ел.1993.

  3. Ақиқатты тани біл... Ғибрат толғамдары/құраст.А.Сейтақов. – Алматы, 2004. – 320бет.

  4. Алтаев Ж.т.б. Философия және мәдениеттану: Оқу құралы. – Алматы: Литера, 2001.272бет.

  5. Асылов Ұ., Нұсқабайұлы Ж.Әдеп: инабаттық дәстүрлері. Оқу құралы. – Алматы: Рауан, 1998 – 272 132-140б.

  6. Ауыл кешені көңілді – Алматы: Қайнар, 1993.

  7. Әлісбаев Ш. Данышпандық субстанциясы. Алматы: Жалын., 19902.

  8. Әуезов М. Абай жолы.

  9. Әрін Ә. Маздақ. Өлеңдер поэмалар. – Алматы: Курсив, 2007 200бет.

  10. Бағаев Е.Ұ. Саумал дала. Жыр кітабы. – Алматы: Жазушы, 2004. – 312бет.

  11. Әдебиет танытқышы. Шығармалары. – Алматы, «Жазушы», 1989, 294бет.

  12. Бақтияр Тайжан/»Егемен Қазақстан» 01.05.07.

  13. Бұлқышев Баубек. Заман біздікі: Проза мен поэзия.-Алматы: Атамұра, 2003.-192бет.

  14. Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері (монография). Алматы: Әл-Фараби баспасы, 1995-461бет.

  15. Даналардан шыққан сөз: нақыл жинағы. /Жинап, құраст.,ауд.Ұ.Асылов.-Алматы: Мектеп, 1987. – 383бет.

  16. Екімыңжылдық дала жыры. /Бас ред. Ә.Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 2000. – 752бет.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы

Пәннің коды: ZhFMG 2206

Пәннің типі: Базалық пәндер,таңдау пән

Оқу жылы: 2- оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Ауезова Н.С. – б.ғ.к., аға оқытушы

Курстың мақсаты: бастауыш сыныптарда оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда бала ағзасының жасқа сай құрылысымен қызмет ерекшеліктерін, оларға қойылатын талаптар жөнінде білімді қалыптастыру.

Деректемелері/Пререквизиттері: Экология және тұрақты даму

Курстың/пәннің мазмұны: «Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы» пәні, оның мақсаты мен міндеттері. Адам ағзасының өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары. Жүйке жүйесінің физиологиясы. Жұлын, оның құрылысы, қызметі және дамуы. Ми, оның бөлімдері. Электроэнцефаллограмма. Жоғары дәрежелі жүйке әрекеті. И.М.Сеченов пен И.П.Павлавтың Ж.Ж. әрекеті туралы ілімдері. Шартты және шартсыз рефлекстер, олардың айырмашылықтары және пайда болуына қажетті жағдайлар. Анализаторлар. Ағзадағы зат және энергия алмасу. Әртүрлі жас кезеңдердегі балалардың тамақтану нормасы, күн режимі. Қан құрамы, қан тамырлар жүйесі. Иммунитет. Жүрек,оның құрылысы. Бала жүрегінің жас кезеңдерге сай ерекшеліктері. ЭКГ. Балалардың жасына байланысты тыныс алу ерекшеліктері. Ас қорыту жүйесі. Сыртқа шығару жүйесі. Бүйректің құрылысы. Тірек-қимыл жүйесі. Тері, оның құрылысы. Балалар аурулары туралы түсінік.Аурулардың алдын алу және болдырмау шаралары.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Алиакбарова. З.М.Мектеп жасындағы балалардың анатомия, физиология және мектеп гигиенасының негіздері. – Алматы. РБК,1993.

2. Алиакбарова З.М.. Мектеп гигиенасының негіздері .-Алматы.АЛМУ,1985.

3. Гуминский А.А., Леонтьева Н.Н.. Руководство к лаб-ным занятиям по общей и возрастной физиологии. М: Просвещение,1997.

4. Ермалаев Ю.А.. Возрастная физиология. М.В.Ш. 1985.

5. Хрипкова А.Г., Антропова М.В.. Возрастная физиология и школьная гигиена.- М,: Провещение,1991.

6. Смирнов В.С. Нейрофизиология и ВНД детей и подростков.- М,:Акадеимя, 2000.

Сабақ беру әдістері: СТО, ақпараттық технологиялар, дамыта оқыту технологиясы, проблемалық оқыту, ұжымдық оқыту, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту, көрнекілік әдісі.

Бағалау әдісі: кредиттік оқыту технологиясы бойынша

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, оқу кабинеттері мен электронды оқу залдары, зертханалық кабинеттер, интерактивті тақта, компьютерлік сыныптар, т.б
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Ботаника

Пәннің коды: Bot 1(2) 201.

Пәннің типі: Базалық, таңдау пән

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Байкенжеева А.Т. - доцент, б.ғ.к.; Төлегенова Ж. - оқытушы, биология магистрі.

Курстың мақсаты: «Өсімдіктер жүйесі» пәнін игерудегі мақсат бакалаврларда өсімдіктер организмінің алуантүрлілігі, органикалық дүние жүйесіндегі жеке топтардың орнын, өсімдіктердің құрылысындағы, көбеюіндегі, таралуындағы заңдылықтарды, олардың ортамен байланысын жөнінде кешенді білімді қалаптастыру және жүйелеу.

Білу: қазіргі өсімдіктер жүйесінің перспективалық дамуы және негізгі проблемалары; негізгі ботаникалық номенклатура.

Дағдылану: палеоботаника және өсімдіктер жүйесінің негізгі түсініктерін қолдана алу;

Игеру: өсімдіктер жүйесінің негізгі проблемаларын шешуде теориялық түсініктерді күрделі салаларда пайдалана алуды игеру.



Деректемелері/Пререквизиттері: ботаника (өсімдіктер морфологиясы және анатомиясы), жалпы экология

Курстың/пәннің мазмұны: Өсімдіктер систематикасы ғылым ретінде мақсаты және міндеті. Өсімдіктер систематикасының қысқаша даму тарихы және қалаптасуы. Өсімдіктер систематикасын зерттеудің әдістері және ақпараттық көздер. Өсімдіктер систематикасының дамуына салыстырмалы морфология (кең ұғымда), генетика, кариология, физиология, биохимия, өсімдіктер географиясы, палеоботаника, молекулалық биология, математика салаларының ықпалы. Талдамалы Особая роль систематики как биология ғылымы ретінде систематикалың рөлі. Таксономиялық категория және таксондар. Систематика иерархиялық бірліктік классификациясы. Түр негізгі таксономиялық категория. Төменгі және жоғарғы сатыдағы өсімдіктерді бөлімдерге бөлу. Споралы, тұқымды, архегониальді және гүлді өсімдіктер жөнінде түсінік.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Ботаника: конспект лекций / Н. В. Степанов, И. Е. Ямских, Е. А. Иванова [и др.] – Красноярск: ИПК СФУ, 2009. – 284 с. (Ботаника: УМКД № 1341 / рук. творч. коллектива Н. В. Степанов).

2. Бавтуто, Т. А. Атлас по анатомии растений / Т. А. Бавтуто, В. М. Еремин, М. П. Жигар. – Минск : Ураджай, 2001. – 146 с.

3. Практикум по систематике растений и грибов / А. Г. Еленевский, М. П. Соловьева, Н. М. Ключникова [и др.]. – М. : Академия, 2001. – 160 с.

4. Ботаника : учеб. для вузов : в 4 т. / П. Зитте, Э. В. Вайлер, Й. В. Ка-

дерайт [и др.]. – М. : Академия, 2007.

5. Тимонин, А. К. Ботаника : учеб. для студентов вузов : в 4 т . Т 3.

Высшие растения / А. К. Тимонин. – М. : Академия, 2007. – 352 с.



Сабақ беру әдістері: дәрісханалық сабақтарды игеру барысында төмендегідей білім беру технологиялары қолданылады: лекция, зертханалық сабақ (сөздік әдіс, диалог әдісі, интерактивті әдіс); Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру барысында төмендегідей білім технологиялары қолданылады: нақты ситуацияны талдау, баяндама, реферат, компьютерлік презентация

Бағалау әдісі: пәннің бағдарламасын игеруде ағымдағы бақылаулар: әңгімелесу, бақылау жұмысы; аралық бақылау: емтихан 3,4 семестрде (жазбаша).

Оқу тілі: қазақ тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: лекцияны оқу барысында кесте, сурет түрінде көрнекі құралдар, презентация және слайдтарды көрсету үшін техникалық оқу құралдары (кадаскоп, мультимедиялық жүйе) қажет; курс бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда заманауи ақпараттық технологиялар-оқу және оқу-әдістемелік материалдар (бағдарламалар, зертханалық жұмыстарда жоғары сатыдағы өсімдіктерден әдістемелік нұсқау, пайдаланылған әдебиеттердің тізімі, ақпараттық ресурстар, тест түріндегі сұрақтар және өзін-өзі бақылауға сұрақтар); зертханалық жұмыстарға жетілдірілген микроскоптар, анатомиялық уақытша препарат дайындау әдістемесі, анатомия және морфологиядан алған білімдерін пысықтау сұрақтары, биологиялық суреттер. Көрнекілік кестелер, микроскоп және дайын микропрепараттар, тірі және фиксацияланған материалдар, гербарийлер.

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Зоология

Пәннің коды: Zoo 1(2)202.

Пәннің типі: Базалық, таңдау пән

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Құрманбаев Р.Х. - аға оқытушы, б.ғ.к.

Курстың мақсаты: Студенттерге омыртқалы жануарлар пәнінің мақсат-міндеттерімен таныстырып, хордалы жануарлар және олардың жүйеленуі, хордалылар типінің, типтармағының сипаттамасы: бас сүйексіздер, қабықтылар және омыртқалылар туралы түсінік беру.

Деректемелері/Пререквизиттері: Биология, цитология, гистология

Курстың/пәннің мазмұны: Омыртқалы жануарлар пәні және әдісі. Хордалы жануарлар және олардың жүйеленуі. Хордалылар типінің, типтармағының сипаттамасы: бас сүйексіздер, қабықтылар және омыртқалылар. Омыртқалы жануарлар класының филогениясы және дамуы, систематикасы, салыстырмалы морфологиясы, ішкі мүшелер жүйесі: дөңгелекауыздылар, шеміршектілер, сүйекті балықтар, амфибийлер, рептилилер, құстар, сүтқоректілер. Хордалылар типі және оның омыртқасыз жануарлардан принципиалды айырмашылығы. Төменгі хордалы жануарлар: қабықтылар, бас сүйексіздер. Жоғары хордалы омыртқалы жануарлар. Дөңгелек ауыздылар, балықтар, амфибийлер, рептилийлер, құстар мен сүтқоректілер класы. Құрылысының ерекшелігі. Құрлықта өмірсүруге бейімделу жолдары. Омыртқалы жануарлардың эволюциясы, әртүрлілігі және маңызы.

Ұсынылатын әдебиет:

1.В.Ф. Натали – Зоология беспозвоночных, М. 1963 г.

2. А.Л. Зеликман – Практикумпо зоологии беспозвоночных, М. 1965 г.

3. Е.Н. Фролова и др. – Практикум по зоологии беспозвоночных, М. 1965г.

4. Абрикосов Г.Г. и др. – Курс зоологии, М.: Высшая школа, 1966 г. Т.1. 540 стр.

5. В.А. Догель – Зоология беспозвоночных, М. 1975 г.

6. В.А. Догель – Зоология беспозвоночных, М., Высшая школа. 1981 г.

7. Дерягина М.А. Этология приматов, М., МГУ, 1992 г.

8. Дәуітбаева К.А. – Омыртқасыздар зоологиясы курсының типтік оқу бағдарламасы, Алматы: Қазақ университеті, 1998 ж, 30 б.

9. Дәуітбаева К.А. – Омыртқасыздар зоологиясы, Алматы: Қазақ университеті, 1997, 1998 жж. 1,2,3 бөлімдер.

10. Шарова И.Х. Зоология беспозвоночных, М., 1999 г.

11. Түсіпбаева К.С.- Омыртқасыздар зоологиясы. І, ІІ бөлімдер, Алматы, 1999 ж.

12. Түсіпбаева К.С.- Омыртқасыздар зоологиясы. І, ІІ бөлімдер, Алматы, 2004 ж.

13. Дәуітбаева М. - Омыртқасыздар зоологиясы. Алматы, 2005 ж.

14. Ф.В. Салимова. «Методическое пособие к учебно-полевой практике по зоологии беспозвоночных», Кызылорда, КГУ им. Коркыт ата, 2004 г,112 стр.

15. Ф.В.Салимова «Омыртқасыздар зоологиясынан зертханалық жұмыстардың әдістемелік нұсқау», Қызылорда, КГУ им. Коркыт ата, 2010 ж, 44 б.

16. Ф.В.Салимова – Студенттердің өзіндік жұмыстары, Қызылорда, КГУ им. Корқыт ата, 2010 г.

17. УМКД: (омыртқасыздар зоологиясы), Қызылорда, КГУ, 2011 ж.



Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЖООЭК – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).


Курстың/пәннің/юниттің атауы: Биохимия

Пәннің коды: Bioxim 2205

Пәннің типі: Базалық, таңдау пән

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Наренова С.М. - аға оқытушы, т.ғ.к.

Курстың мақсаты: студенттерге тіршіліктің молекулалық негізі жөнінде, тірі организмдердің химиялық құрамын, тірі материяда болатын химиялық реакцияларды, ақуыздардың, витаминдердің, ферменттердің, көмірсулардың, липидтердің, нуклеин қышқылдарының құрамын, қасиеттері, құрылысы, қызметі жөнінде қажетті білімді беру, болашақ мамандардың алған білімдерін практикада қолдана білуге үйрету.

Деректемелері/Пререквизиттері: жалпы химия

Курстың/пәннің мазмұны: Биологиялық химия пәні, тірі организмдер құрамындағы макро, микро және ультрамикроэлементтер туралы ұғым, тірі организмдер құрамындағы негізгі қосылыстар кластарына сипаттама. Белоктар құрамына кіретін амин қышқылдары, белоктардың 1,2,3,4,-ші реттік құрылымы, қарапайым және күрделі белоктар, белоктардың биологиялық функциялары. Ферменттер- тіршіліктің негізі, ферменттер туралы жалпы түсінік, ферменттердің құрамы, ферменттердің әсер ету механизмі. Витаминдер жөнінде жалпы түсінік, витаминдердің классификациясы, тірі организмдегі минералдық заттар. Нуклеин қышқылдарының химиялық құрамы. Липидтер, қарапайым липидтер, күрделі липидтер, қасиеттер. Қан биохимиясы, қанның қызметі

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Ю. Б. Филиппович «Основы биохимий» М., Высшая школа, 1983 г.

  2. Ю. Б. Филиппович «Биохимия белка и нуклеиновых кислот»М., Просвещение, 1978 г.

  3. Ю. Б. Филиппович «Практикум по общей биохимий» М., 1982 г.

  4. «Биохимия гормонов. Витамины» Под. ред. Смирнова М.И. М., Медицина, Мир, 1974г.

  5. К.С. Сағатов «Биологиялық химия» Алматы 1992ж.

  6. Ленинджер А «Биохимия»І-ІІІ том. М., Мир.1974 г.

  7. Смирнов М.И. «Витамины» М., Медицина 1974г.

  8. Певинар А «Основы биоэнергетики» М., Мир 1977 г.

  9. Буховец С.В. «Упражнения по биохимии» М., Просвещение 1982г.

  10. Шабарова З.А., Богданов А.А. «Химия нуклеиновых кислот и их компонентов» М., Химия 1974 г.

  11. Шапевиль Ф., Энни А. «Биосинтез белка»М., Мир 1978г.

  12. Сеитов С «Общая химия» Алматы, рауан 1997г.

Сеитов С «Жалпы биохимия негіздері» Алматы, Рауан 1998ж

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЖООЭК – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Адам анатомиясы

Пәннің коды: АА 2206

Пәннің типі: Базалық, таңдау пән

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Ауезова Н.С. - аға оқытушы, б.ғ.к.

Курстың мақсаты: Адам тәнінің жалпы және мүше жүйелерінің құрылысын, пішіні мен қызметіне, сондай-ақ қоршаған ортасына байланысты зерттеу. Анатомия ғылымының негізгі міндеті – адамның табиғи дамуының задылықтарын зерттеп – білу арқылы, олардың қалыпты жағдайын дертті күйін ажырату. Анатомия ғылымы жан-жақты зерттеуіне қарай бірнеше салаға бөлініп қарастырады. Тірек-қимыл аппаратын, ішкі мүшелерін және оның ара қатынасын үйретеді.

Деректемелері/Пререквизиттері: Биология

Курстың/пәннің мазмұны: Адамның органдарының жүйесінің құрылысы; функциясы және оның экологиясы. Қозғыш құрылымдар физиологиясы. Орталық нерв жүйесі, механизмдері; Павлов ілімі. Адам организмі функцияларын әртүрлі экологиялық жағдайларда зерттеу. Адамның морфологиялық және анатомиялық құрылысының ерекшеліктері: мүшелер мен жүйелердің құрылысы және функционалды сипаттамасы; мүшелер және жүйелердің жасқа, жынысқа сай және жеке даму ерекшеліктері.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Демеуов Ж.Д., Байназарова Б.Я., Алиакбарова З.М. Мектепке дейінгі балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы. Оқу құралы. –А.: Білім, 1998

  2. Привес М.Г., Лысенков Н.К: Анатомия человека. М.: Просвешение, 2003

  3. Керимбеков Т. Адам анатомиясы. Алматы, 2003

  4. Ракишев А. Анатомия человека. Алматы, 2006

  5. Протасов А.В. Курс лекций по анатомии человека. Москва, 2003

  6. Артемьов Т.С., Власов А.П. Анатомия человека. Москва 2004

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЖООЭК – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Геоботаника

Пәннің коды: Geobot 2207

Пәннің типі: Базалық, таңдау пән

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Байкенжеева А.Т. - доцент, б.ғ.к.

Курстың мақсаты: геоботаника пәнінін бакалавр мамандығындағылар оқу арқылы геоботаника аясындағы кешенді білімін жүйелейді: өсімдіктер жамылғысы жөнінде ұғымды қалаптастырады, әртүрлі биоценоздағы(экожүйедегі) өсімдіктердің өзара байланысының ерекшелігін, фитоценоздың немесе өсімдіктер қауымдастығының ординациясы, классификациясы, динамикасы, құрылымы, құрамы жөнінде түсінікті қалаптастыру.

Білу: пәннің кәсіби циклдерін, геоботаниканың теориялық бөлімін, негізгі ұғымдар мен терминологиялық түсініктердің базасын, геоботаника әдістерін, зерттеу әдістері мен оларды қолдану аясын білу.

Дағдылану: кәсіби циклдердегі пәндерді игеруде және кәсіби мақсаттарды шешуде геоботаникадан алған теориялық білімдерін қолдана білу;

Игеру: өсімдіктер қауымдастығын зерттеу әдістерін және геоботаниканың теориялық мәселелерін, нақты зерттеулерде оларды пайдалана алуды игеру.



Каталог: Docs -> WEPsait -> oku
Docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
Docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
Docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
Docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»
oku -> 5В010200- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша
oku -> «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет