125
жасуша, цитоплазмасының кӛлемі үлкен
.
Дамып жетілу барысында
мегакариоциттің цитоплазмасын бірнеше бӛлікке бӛлетін
мембраналар
пайда болып, цитоплазма кішкентай фрагменттерге бӛлінеді.
Мегакариоциттің
фрагменттері
ыдырап,
әрқайсысы
жеке
тромбоциттерге
айналып, сүйек кемігінен қан тамырына шығады.
Тромбоциттердің қызметі қарқындаған кезде «ӛсінділер» түзіліп, пішіні
жұлдыздарға ұқсас болады (5-сурет). Қанда 8-11
тәулік тіршілік етіп, кӛк
бауырда, бауырда немесе ӛкпеде тіршілігін жояды. 1
мм
3
қандағы
тромбоциттер саны 250 000 — 350 000 жетеді
.
Бұл кішкентай жасушалар ағзада ӛте маңызды қызмет атқарады:
1. Қан тамырлары қабырғасының бүтіндігін
қамтамасыз етеді
және зақымданған кезде қалпына келтіруге қатысады;
2. Тромбоциттер тромба түзіп, қанның ағуын тоқтатады.
Жалпы тромбоциттердің 5 түрлі популяциясын ажыратады:
1. Жас түрі – 1 - 5%;
2. Пісіп жетілген түрі - 88%;
3. Есейген түрі - 4%;
4. Дегенеративті - 2%;
5. Ең ірі түрі - 2% (дм = 4-6 мкм).
Жас
тромбоциттердің диаметрі, есейген түрлеріне қарағанда ірілеу
болады.
Тромбоциттердің плазмолеммасы
қалың гликокаликс қабатымен
қоршалған, рецепторлық және адгезиялық (жабысу) процестерге қатысады.
Бұл жасушалардың цитоскелеті жақсы дамыған,
плазмолеммасының ішкі
жағында орналасқан актин микрофиломенттері мен микротүтікшелер
орналасқан. Актин филоменттері тромбоциттердің кӛлемін ӛзгертіп
отырады және жиырылғыш қызмет атқарады. Тромбоциттердің грануломер
бӛлігінде органеллалар мен арнайы түтікшелері болады. Жасуша
қосындыларынан гликоген мен феритиннің майда түйіршіктері де кездеседі.
Тромбоциттер алғашқылар болып қан тамыры зақымданған және қан аққан
жерге жиналады. Олар бірі-бірімен жабысу процесі барысында тромб түзіп,
зақымданған қан тамырының қабырғасын «бітеп» қанның ағуын тоқтатады.
Достарыңызбен бөлісу: