126
Na
2
CO
3
тұздары, әртүрлі қоспалары бар кальций, магний, темір болады.
Лимфаның құрамында фириноген бар, сондықтан ол қоюланып, борпылдақ
ақшыл сары түсті болып ұйып қалады. Лимфа ақшыл сары түсті болатыны
белгілі, бірақ, әртүрлі мүшелерден бӛлінетін сұйықтықтың құрамы, олардың
зат алмасу процесіне және әрекет ету ерекшеліктеріне тәуелді. Мысалы,
аяқ-қол мүшелерінен бӛлінген лимфаға қарағанда, бауырдан бӛлінетін
лимфада белоктар кӛп болады, ішкі секреция бездеріндегі лимфа
тамырларындағы сұйықтықта гормондар бар, майлы тамақ ішкеннен кейін
ішектен бӛлінген сұйықтықтың түсі сүт сияқты ақшыл болады, себебі
лимфа құрамында сіңірілген май эмульсиясы бар. Сондықтан ішек лимфа
тамырларын «сүтті» тамыр деп атайды.
Лимфаның
пішінді
элементтерінің
құрамында
моноциттер,
лейкоциттер және лимфоциттер болады, кейде эритроциттерде кездесіп
қалуы мүмкін. Ал, лимфоциттер пішінді элементтердің 98% құрайды.
Лимфа ұлпадағы, мүшелердегі лимфакапиллярларда жиналып,
кӛптеген факторлардың әсерінен (осмостық және гидростатикалық
қысымнан) ұлпалардан лимфоплазмаға ӛтіп отырады. Лимфаның құрамы
үнемі ӛзгеріп отырады, оны келесі түрлерге ажыратады:
1. Шеткі лимфа – лимфа түйініне дейінгі;
2. Аралық лимфа – лимфа түйінінен ӛткеннен кейінгі;
3. Орталық лимфа - кӛкірек, оң жақ лимфа ағымындағы.
Лимфа сұйықтығының қалыптасуына жасуша аралық кеңістікке қаннан
бӛлінген су және басқа заттар, сонымен қатар ұлпа аралық сұйықтықтар ӛте
қажет.
Достарыңызбен бөлісу: