Интерфазалық ядроның
негiзгi компоненттерi: ядро қабықшасы,
ядро шырыны, ядрошық және хроматин.
Ядро мембранасы.
Электрондық микроскоптың мәліметтері
бойынша ядро қабықшасы екі қабаттан тұрады: сыртқы және ішкі
мембраналардан. Әрқайсысының қалындығы 7 нм шамасында.
Морфологиялық жағынан клетка ішіндегі басқа мембраналардан
айырмасы жоқ, белоктар мен липидтерден тұрады. Сыртқы және ішкі (42-
сурет) мембрана арасында перинуклеарлық кеңістік бар, оның ені 20 нм-
ден 60 нм-ге дейін жетеді. Ядроның қабықшасы клетканың бӛліну
кезеңінде жойылып цитоплазманың құрамына кіреді де, клетка
мембранасының жалпы қорын толтырады. Ядро қабықшасының екі
қабатты екенін 1882 ж. Флемминг ашқан.
Достарыңызбен бөлісу: |