Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология


коллагенді, эластинді және ретикулалық



Pdf көрінісі
бет175/240
Дата08.02.2022
өлшемі6 Mb.
#122639
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   240
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы 2017 - лаб. сабақ

коллагенді, эластинді және ретикулалық
.
Фибробластар
(латынның fibra — талшық, гректің бластос — ұрық 
деген сӛздері) борпылдақ қалыптаспаған дәнекер ұлпаның негізгі 
жасушалары. Фибробластар мезенхимадан немесе перициттерден пайда 
болады. Мезенхимадан дамыған жасушаларда фибробластардың дифферон 
қатарын түзетін: бағаналы, жартылай бағаналы, аз маманданған, 
маманданған фибробластар, фиброциттер, миофибробластар, фиброкластар 
болады.
Фибробластардың негізгі қызметі жасуша аралық заттың құрамындағы 
белоктар (коллаген, эластин) мен протеогликандарды, гликопротеиндерді


133 
1 2 3 
4 5
синтездеп, жараланған жерді қалпына келтірумен қатар, ағзаға түскен бӛгде 
заттарды сыртынан қоршап, капсула түзеді. Бұлар —жалпақ ірі, кӛп ӛсінділі 
жасушалар. Цитоплазмасы екі зонаға бӛлінеді: 
1. Солғын боялатын эктоплазмалық;
2. Қанық боялатын эндоплазмалық.
Фибробластың эндоплазмасы органоидтарға бай, жақсы дамыған 
түйіршікті эндоплазмалық торы бар, Гольджи комплексі, лизосомалары 
мен митохондриялары кӛп, ядросының пішіні сопақша, цитоплазмасы 
базофильді боялған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет