Май жасушалары (липоциттер)
немесе адипоциттер
ретикулалық
жасушалар мен гистиоциттерден дамып жетіледі (2-сурет). Цитоплазмасында
май жиналады. Сүтқоректілер мен адам май ұлпасының екі түрі бар:
ақ
және қоңыр.
Май жасушалары ірі 30 – 50 мкм, домалақ, ортасында үлкен
май тамшысы орналасқан, ядросы шетке ығысқан, сондықтан пішіні
сақина тәріздес. Ақ май ұлпасы адамда бүйрек майында, санда, бӛкседе,
шарбыда, құрсақтың тӛменгі бӛлігінде орналасады. Қоңыр май жаңа туған
нәрестелерде және қысқы ұйкыға кететін сүтқоректілерде байқалады. Қоңыр
май ұлпасы ересек адамда кездеспейді, ал сүтқоректілердің жауырын
аймағында, мойынында, омыртқа жотасының бойында, тӛсте, қол
белдеуінің бұлшық еттерінің арасында орналасады. Май ұлпасының
қоңыр түсті болуы ұсақ қан тамырлар торы мен цитохром пигменттерінің
кӛп болуына байланысты. Майдың ыдырауынан кӛп мӛлшерде энергия
мен су бӛлінеді, яғни май ұлпасы макроэнергия синтезіне қатысып, ағзадағы
судың депосы да болып табылады.
Адам ашыққан кезде іш майын, тері астындағы және бүйрек майын
жоғалтады.
Сондықтан май жасушаларының ішіндегі талшықтар жойылып,
жасушалардың пішіні ӛзгереді. Май ұлпасы ішкі мүшелерді соққыдан
сақтайды, организмдегі жылудың сақталуын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |