Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет190/240
Дата08.02.2022
өлшемі6 Mb.
#122639
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   240
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы 2017 - лаб. сабақ

Кілегейлі ҧлпа 
Кілегейлі ұлпа тек ұрықта кездеседі. Оның классикалық объектісі 
болып саналатыны, адам ұрығының кіндік бауы. Кілегейлі ұлпаның 
жасушалық элементтері гетерогенді, жасушалары мезенхимадан 
дамыған: фибробластар, миофибробластар, моноциттер. Кіндік бауының 
құрамында гиалурон қышқылы бар. Кіндіктің құрамындағы кілегейлі 
ұлпадан коллагеннің ІҮ-түрі синтезделеді. 
ҚАҢҚА ҦЛПАЛАРЫ 
 
Қаңқа ұлпалары организмде тіректік, механикалық қызмет 
атқарады, жасуша аралық заттары тығыз орналасқан 
шеміршек
және 
сҥйек
ұлпаларынан тұрады. Бұл ұлпалар су мен тұздардың алмасуына 
қатысады.
Шеміршек ҧлпасы 
Шеміршек ұлпасы адам мен омыртқалы жануарлардың денесінде 
кездеседі. Мезенхимадан дамиды. Жасушалардан және жасуша аралық 


142 
заттан тұрады, соңғысы тығыз орналасқан. Шеміршек ұлпасы тыныс алу 
жүйесінің мүшелерінде, буын беттерінде, омыртқа аралық дискілерде 
кездеседі. Шеміршек ұлпасының құрамындағы жасушалар хондробластар 
деп аталады. Хондробластар даму процесі кезінде хондроциттерге 
айналады. Хондроциттер шеміршек ұлпасының негізгі жасушалары, олар 
жасуша аралық заттардағы ерекше қуыстарда капсуламен қоршалып 
орналасқан. Хондроциттердің беттері микробүрлермен жабдықталған
ядросы 
жұмыр, 
хроматині 
аз 
(9-сурет). 
Цитоплазмасында 
митохондриялар, жақсы жетілген Гольджи жүйесі мен түйіршікті 
эндоплазмалық тор бар. Хондроциттер 2-4 немесе одан да кӛп болып 
топтасып «изогендік топ» деп аталатын комплексті құрайды. Әрбір топ 
бір хондробластың бӛлінуі нәтижесінде пайда болады. Шеміршек 
ұлпасында қан тамырлары болмайды, қоректену процесі шеміршек қабы 
арқылы жүреді. Шеміршек ұлпасының құрамында 70-80% су, 10-15% 
органикалық заттар, 4-7% тұздар болады. Шеміршектегі құрғақ заттың 
70% - коллаген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет