Эластинді немесе серпілмелі шеміршек ұлпасы адам мен
сүтқоректілердің құлақ қалқаншасында, сыртқы есту жолында, кӛмекей үсті
шеміршекте және кӛмекейдің кейбір шеміршектері – мүйіз және сына
тәрізділерінде кездеседі. Құрылысы гиалинді шеміршек ұлпасына ұқсас. Түсі
сарғыш, мӛлдір емес. Бұл шеміршек те перихондриймен қапталған,
жасушалары изогенді топтар құрайды. Айырмасы жасуша аралық затында
жіңішке коллагендік талшықтардан басқа жуан эластиндік талшықтар торы
болады (11-сурет).
Серпілмелі шеміршек ұлпасында гиалиндік шеміршекке қарағанда
жасушалардың изогендік топтары аз болады. Эластинді шеміршек
ешқашан известелінбейді, ӛйткені аралық затында хондратин
сульфаттары мен гликоген, липидтер аз болады, кальций тұздары
байқалмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |