146
Талшықты шеміршек ұлпасы адам мен сүтқоректілердің
омыртқа
аралық дискілерінде, санның
жұмыр сіңірінде, жамбастың шат сүйектерінің
байланысқан жерінде, тӛменгі жақ буынында кездеседі (12-сурет). Талшықты
шеміршектің құрылысы
гиалинді шеміршекке ұқсас,
айырмашылығы
коллаген талшықтарының шоғырлары параллель қатарлар құрап орналасқан.
Ал, шеміршек жасушалары коллаген
талшықтырынан тұратын
шоғырлар
қатарларына, параллель қатар құра орналасады. Коллагенді
талшықтар
бірте-бірте сиреп, гиалинді шеміршекке ӛтеді.
Жасушалары
хондроциттер жеке және топтасып та орналасады.
Шеміршек ұлпасының физиологиялық регенерациясы ӛте баяу жүреді.
Бұл процесс кӛбінесе шеміршек қабында (перихондр)
орын алған, аз
маманданған прехондробластар мен хондробластардың бӛлінуі
арқылы
жүзеге асырылады.
Шеміршек байламдарындағы ӛзгерістерде немесе жарақаттарда изогенді
топтағы жасушалар - хондроциттердің алатын орны ерекше. Біріншіден, олар
бӛлініп,
жойылған
шеміршектің
орнын
толтырады.
Екіншіден,
регенерациялық қызмет атқаратын шеміршектің камбиальді жасушалары –
субхондриальді сүйек ұлпасы болып саналады.
Шеміршек ұлпалары тіршілік барысында ӛсіп, қалыңдайды. Бұл процесс
екі бағытта жүреді:
Достарыңызбен бөлісу: