Бірыңғай салалы бҧлшық ет ҧлпасы
Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы миоциттерден тұрады, олардың
кӛлденең жолақтары болмайды. Жиырылуы біздің еркімізге тәуелсіз жүреді.
Олардың қызметін вегетативті жүйке жүйесі реттеп отырады. Миоциттер
ұзын ұршық тәрізді жасушалар (7, 8 -суреттер). Жеке жасушалар сирек
кездеседі, әдетте олар жуандығы әртүрлі шоғырлар құрайды. Шоғырлар мен
олардың аралығында коллагендік және эластиндік талшықтары кӛп дәнекер
ұлпасының жіңішке қабаты орналасады. Коллагендік және эластиндік
талшықтар бұлшық ет жасушаларын байланыстыратын қаңқа құрайды.
Дәнекер ұлпасы арқылы қан тамырлары мен жүйке талшықтары ӛтеді.
Бұлшық ет жасушасы қабықшамен қапталған, оны
миолемма
деп атайды.
Миолемма сыртқы жағынан базальді мембранамен (пластинкамен)
қоршалған. Базальді пластинка механикалық функция мен жасушаның
гомеостазын сақтауда маңызды рӛл атқарады. Бірыңғай салалы бұлшық ет
ұлпасы
Достарыңызбен бөлісу: |