157
Миокардта екі түрлі бұлшық ет болады:
жҧмысшы
және
ӛткізгіштік.
Оның негізгі бӛлігін құрайтын жұмысшы бұлшық еті. Жүректің
миокардындағы жасушалары -
кардиомиоциттер
.
Электрондық микроскоп шыққанға дейін жүрек
етін бір-бірімен
жалғасып жатқан бұлшық ет талшықтарынан тұратын
симпласт
деп
санаған. Электрондық микроскоп жүрек бұлшық етінің жеке жасушалардан
тұратынын, олар бір-бірімен талшықтары арқылы жалғасатынын кӛрсетті.
Кардиомиоциттер
ұзын жасушалар, ядролары ортасында, миофибрилдері
шеткі жақтарында орналасқан. Миофибрилдер кӛлденең жолақты,
жіңішке
актиндік, жуан миозиндік протофибрилдерден тұрады.
Митохондриялар ӛте кӛп, оларды
саркосомалар
деп атайды.
Митохондрияларда тыныс алу процесі мен АТФ синтезі белсенді жүреді,
сондықтан оның кристалары кӛп болады. Жүректің бұлшық еті ӛмір бойы
тоқтамай қызмет атқарады.
Даму барысында кардиомиоциттер бірнеше түрге ажыратылады:
Достарыңызбен бөлісу: