Миосателлиттер –
аз дифференциацияланған жасушалар, ет
ұлпасының регенерациясына қатысады. Олар миосимпласттың сыртындағы
базальді мембрана мен сарколемманың арасында орналасады.
Кӛлденең салалы бұлшық еттің құрылысы күрделі, оған шоғырлану
тән. Шоғырланудың бірнеше қатары болады. Бірінші реттік шоғырланудың
арасын байланыстыратын борпылдақ дәнекер ұлпа, ол арқылы қан
тамырлары мен жүйке талшықтары ӛтеді. Ал, кейінгі қатарлары дәнекер
ұлпасының тығыз қабатымен бірігіп, бұлшық етті тұтас қаптап тұратын
тығыз қабықшаға айналады. Бұлшық ет сіңірлер арқылы сүйекпен
байланысып, дене бӛліктерін қимылға келтіреді.
Құстардың, сүтқоректілердің және адамның бұлшық ет талшығының
ядролары сарколемманың астында цитоплазманың шет жағында
орналасады. Тӛменгі сатыдағы омыртқалылар мен барлық омыртқасыздарда
ядро талшықтың ішінде, немесе ортасында орналасқан. Электрондық
микроскоппен зерттеу саркоплазманың құрамында мембраналармен
шектелген цистерналар мен түтікшелер жүйесінің болатынын кӛрсетті.
Құрылысы
басқа
жасушалардың
эндоплазмалық
торына
ұқсас
болғандықтан, оны
Достарыңызбен бөлісу: |