Жаратылыстану және математика



бет37/61
Дата10.06.2017
өлшемі6,82 Mb.
#19032
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   61
Жұмыстың орындалуы:

  1. 2-суретте көрсетілген тізбекті жинаңдар.

  2. Ток көзінің ЭҚК-ін өлшеңдер.

  3. Кілт тұйықтаулы тұрғандағы реостаттың көмегімен кедергіні өзгерте отырып, ток күші мен кернеудің мәндерін алып, ток көзінің ішкі кедергісін (4) формуламен анықтаңдар.

  4. Алынған мәндердің барлығын кестеге толтырып, ішкі кедергінің қателігін табыңдар.



, В

I, А

U, В

r, Ом

1













2













3














Жұмысқа жіберілу сұрақтары:

  1. Ом заңының негізгі формулалары.

  2. Ток көзінің ЭҚК-і дегеніміз қандай шама?

  3. Тізбекке амперметр және вольтметр қалай қосылады?

  4. Ток көзінің ішкі кедергісін анықтайтын формуланы қорытып шығарыңдар.

Бақылау сұрақтары:

  1. Кілт ажыратып және тұйықталып тұрғандағы вольтметрдің көрсетуі неліктен әртүрлі?

  2. Ток күшінің, кернеудің, кедергінің негізгі сипаттамалары.


Кредиттік сағат саны 3 (зертханалық сабақ №11)

Тақырып: Термопараны градирлеу.

Қажетті құралдар: темір мен константаннан жасалған термоэлемент, гальванометр, термометр (0-3000), суы ыдыс, қыздырғыш, жалғағыш сымдар.

Қысқаша теория

Ретсіз қозғалыстағы еркін электрондар металдан шығып кете алмайды. Оларды металдағы иондар тарапынан әсер ететін электрлік күштер ұстап тұрады. Еркін электрондар мен оң зарядталған ионды тор арасында әсерлесу күші болады. Жылулық қозғалыс нәтижесінде металл бетіндегі кейбір еркін электрондар одан ұшып шығуы мүмкін. Сондықтан металл беті қалыңдығы кристалдың атомаралық қашықтығына тең электрондық қабықшамен қоршалған. Бұл электрондық қабықша теріс зарядталған, ал металл беті оң зарядталған. Осыған сәйкес электронды тарататын және оның шығуына кедергі келтіретін күш пайда болады. Еркін электронның металдан шығуы үшін жұмыс жасау қажет. Ол шығу жұмысы деп аталады және әртүрлі металдар үшін бірдей емес, температураға байланысты. Өте жоғары емес температура кезінде еркін электрондар энергиясы шығу жұмысынан аз. Фотоэффектіні тудыратын жарық ағыны жоқ болған кезде электрондар металдың ішінде қалады. Әртекті екі метал бір- бірімен түйіскен кезде электрондар бір металдан екіншісіне өтеді. Бір металдан екіншісіне өту шарты мынадай: электрондар шығу жұмысы аз металдан шығу жұмысы көп металға оңай өтеді:



= - электрон заряды

Екі әртүрлі металдың түйісетін шекарасы арқылы электрондардың өтуіне бірлік көлемдегі еркін электрондарының орташа санының бірдей болмауы әсер етеді. Артық электрондарды қабылдаған металл теріс зарядталады да, электронынан айырылған металл оң зарядталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет