Жаратылыстану және математика



бет1/18
Дата23.08.2017
өлшемі2,38 Mb.
#25248
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
«Бекітемін»

Жаратылыстану және математика

факультетінің деканы

доцент Қарағойшин Ж.М

______________________

“____”_____________2009ж

«Жаратылыстану және математика» факультеті

Физика кафедрасы

050110 - Физика

мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде қашықтан оқитын

студенттерге арналған

Электр және магнетизмнің қосымша тараулары

(пәннің атауы)

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Курс – І

Семестр –2

Кредит саны -3

Дәріс – 30 сағат

Практикалық сабақ– 15 сағат

Оқытушының жетекшілігімен

студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) – 45сағат

СӨЖ – 45 сағат

Емтихан – 4 -ші семестрде

Барлығы – 135 сағат


Орал- 2009 ж


Пәннің оқу әдістемелік кешені Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен «Физика» типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған.

Құрастырушы: Сырым Ж.С. п.ғ.к., доцент

(аты-жөні, лауазымы, ғылыми дәрежесі)

Физика кафедрасының отырысында бекітілді.

“____” ________________2009 ж. № ___хаттама.

Кафедра меңгерушісі___________ Жусупкалиева Ғ.Қ.

(қолы) (аты-жөні)


Педагогикалық институтының оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді.

“___” ___________ 200_ ж. № __ хаттама.



2 КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABUS).

Оқытушы (оқытушылар) туралы мәлімет

Оқытушының аты–жөні:педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Сырым Ж.С

Офис: кафедра атауы: “Физика”.

Жұмыс мекен-жайы: Достық- Дружба даңғылы,162,каб.307.

Жұмыс телефоны: 51 – 49 – 34.

Е-mail:
Пән туралы мәлімет
Электр және магнетизмнің қосымша тараулары

Семестр 15 оқу аптадан және 2 апта сессиядан тұрады.

Бір аптада мысалы 3 кредит сағат (оқу үрдісі кестесі және жұмыс оқу жоспарына сәйкес ауыстырылады), әр кредит-сағат бір байланыс сағаттан (дәріс немесе практика) және екі сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ), студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.



Кредиттің аптаға бөліну кестесі :


Сабақтар

Өткізу уақыты

Сабақтар

Өткізу уақыты

Байланыс сағаты 1

(1 дәріс)



50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50 мин.

Байланыс сағаты 2

(1 практикалық )



50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50 мин.

Байланыс сағаты 3

(1 зертханалық сабақ)



50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50 мин.

Кредит саны – 3

Өту орны: № 4 оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша

Оқу жоспарынан көшірме:


Курс

Семестр

Кредит саны

Дәріс

Практикалық сабақ

Зертханалық жұмыс

ОЖСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау

түрі


1

4

3

15

15

15

45

45

135

емтихан


Кіріспе
Пән бойынша мағлұмат:
“Электр және магнетизмнің қосымша тараулары” курсы 050110 “Физика мамандығын даярлайтын оқу жоспарына сәйкес жасалынды.

Электр және магнетизм – жалпы физика курсының құрамдас бөлігі. Электромагниттік әсерлесу төрт негізгі өзара әсердің бірі, әлемнің физикалық көрінісін анықтайды. Курстың құрамында электростатика мен магнитостатика бөлімдері, вакуумдегі және ортадағы өрістерді, тұрақты және айнымалы электр тогын, электромагниттік тербелістер және толқындардың қасиеттерін сипаттайтын бөлімдері бар. Курстың құрамында- дәрістер, практикалық ( есеп шығару), зертханалық сабақтар жүргізіледі. Курсты меңгеруде студенттің өзіндік жұмысының маңызы жоғары.

Курс мақсаты: жоғарғы оқу орындарында болашақ физика мұғалімдерін дайындау үшін оқытушыға қажетті электр және магнетизм және оның практикалық қолданылуы саласынан білімді меңгеру.

Курс мәселелері:

  • Электр және магнетизм теориясын зерттеу

  • Қабылданған білімді меңгеру және оны практикалық қолдану, сонымен бірге электр және магниттік құбылыстардың мағнасын терең ұғыну мақсаты мен есептер шығару дағдысын қолдау.

  • зертханалық жұмыстарды орындау кезінде теориялық білімді бекіту

  • зертханалық құрылғымен жұмыс дағдысын, өлшемдеп нәтижелерін өңдеу дағдысын қалыптастыру.

“Электр және магнетизм” курсы студенттерге электр және магнетизм негіздерін ұғынуға мүмкіндік береді. Курс электр және магнетизм теориясының эксперименттік негіздерін баяндаудан басталады. Курсты меңгеру электромагниттік теорияның негіздерін және пайдаланудағы маңызын түсінуге мүмкіндік беретін төменгі міндеттерді шешуді қарастырады:

  • Электростатикалық және магнитостатикалық өрістердің негізгі теңдеулерін қорытып, осы негізде бұл өрістердің қасиеттерін танып білу

  • Электромагниттік индукция заңын және Максвеллдің ығысу тогі жайындағы гипотезаға сүйеніп, екі өрістің арасындағы байланысты көрсету

  • Айнымалы электромагниттік өрістің негізгі заңдылықтарымен танысып, электромагниттік толқындардың негізгі қасиеттерін, өрістің материяның бір түрі екендігін ұғыну

  • Электр және магниттік өрістің затпен әсерлесуін зерттей отырып, қазіргі техниканың элементерінің жұмыс істеу принциптерімен танысу. Қазіргі заманғы электротехниканың, электрониканың және радиотехниканың бастапқы ұғымдарымен, сол арқылы қазіргі техниканың негіздерімен танысу

  • электрлік магниттік құбылыстардың энергияны өндіру, заттарды жасау және өзгертудегі, ақпараттарды таратудағы мәнін ұғыну;

Білім стандартына сәйкес болашақ маман төмендегідей минимум білім, біліктілік пен дағдыны игеруі тиіс:

  • электрлік және магниттік құбылыстардың мағынасын түсіну;

  • электрлік және магниттік құбылыстарды практикалық мақсатқа пайдалану мазмұнын;

  • электрлік тізбектердің орындалуын;

  • электрлік тізбектердегі электротехникалық және электрондық қондырғылардағы өтетін процесстерді заңдылықтарды;

  • аспаптардың, қондырғылардың құрылысы, жұмыс істеу принципі, режимдерін;

  • приборлар мен қондырғылардың сипаттамаларын;

  • мектептегі электротехникалық және электрондық қондырғылардың пайдалануын;

  • электрлік, радиотехникалық тізбектер мен құрылғыларды жинақтау және реттеуді.

Пререквизиттер: Электр және магнетизм курсын зерттеуге қажетті пәндер:

  1. Мектеп курсындағы физика пәні. Электр және магнетизмнің мектеп курсы: Негізгі түсініктер, заңдар, ең жай есептерді шешу, эксперименті орындау;

  2. Математика, ең жай математикалық операциялар: дифференциалдау және интегралдау, функциялық тәуелділікті аналитикалық және графикалық формада көрсету; Математикалық есептеулерде дөңгелету, қателікті бағалау.

2. Физика:

Механика: механикалық қозғалыс, ілгерлемелі, тербелмелі және айналмалы қозғалыс энергия, энергия сақталу заңы, физикалық шамалардың өлшем бірліктері жүйесі, Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңы.



Постреквизиттер: Электр және магнетизм курсында үйренетін білім, дағдылары қажет болатын пәндер:

  1. Теориялық физика бөлімдері: І. Электродинамика. Олар осы курстың логикалық жалғасы болып табылады, зерттеу әдістері, негізгі түсініктер, шамалар, заңдар, эксперименттер, электродинамика теориясының және заңдарының қолданылу шекаралары;ІІ.Электрондық теория: тасымалдау құбылыстары, металдарды электрондық жылу және электр өткізгіштігі, кристалдық тор.ІІІ.Тұтас орта физикасы

  2. Оптика: Ортада жарықтың таралуы.

  3. Астрономия пәні.

  4. Техникалық пәндер: Электротехника, радиоэлектроника, автоматика.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет