Жаратылыстану және математика



бет2/6
Дата27.05.2017
өлшемі0,93 Mb.
#17053
1   2   3   4   5   6

Құрал-жабдықтар: ареометр 1-1,4г/см, өлшемелі цилиндр, 150 мл колбадағы ерітілген тұздың қоспасы, үлкен стакандар-2шт,фильтрленген қағаз (1-сурет).

Жұмыстың мақсаты:Оқушыларға сұйықтың тығыздығын өлшеуге арналған техникалық құрылғылардың бірі-ареометрмен таныстырып, және онымен жұмыс жасауды үйрету.

Алдымен оқушыларға прибордың құрылғысын көрсетеді. Бірінші оқушыларға ареометрдің төменгі бөлігінде ұлғаятын және соңында қорғасыннан жасалған жүгі бар жіңішке шыны түтікшеден тұратынын айтамыз. Түтікшенің жіңішке бөлігінде шкала орналасқан. Сонымен бірге ареометр сұйықтың тығыздығы бойынша прибордың жоғарғы бөлігінде орналасқан үлкен бірліктерді және шкаланың төменгі бөлігінде 1г/см-те градуирленеді. Оқушылар ареометрдің шкаласындағы максимум және минимум мәндерін және бөлік құнын жазып алады.

Содан кейін ареометрді суы бар цилиндрге салып, оның тығыздығын өлшейді. Сонымен қатар мұғалім шкала бойынша дұрыс есептеуді және ыдысты жерге түсіріп алмау үшін приборлармен қалай дұрыс жұмыс істеуді өзі көрсетеді. Ареометрді жоғарғы бөлігінен қолмен ұстап тұрып, оны цилиндрдің түбіне дейін салып, ақырындап су құйып, ареометрді батырады. Шкала бойынша көзбен есептеуде сұйықтың беттік деңгейін және сәйкес шкала бөлігін қарайды. Бөл жағдайда 1г/см-қа тең болады.

Содан кейін, дәл сондай жолмен ареомердің жұмысын қадағалай отырып, ерітілген тұз қоспасын өлшейді.( 1,20г/см).Бұл жағдайда оқушылардың назарын ареометрдің бату деңгейі суға қарағанда аз болатынына көз жеткізу керек.

Бұдан кейін оқушыларға жаттығу ретінде қоспа мен судың бірдей мөлшердегі қоспасын алып, араластырылған ерітілген тұздың қоспасының тығыздығын есептеуге болады. Содан кейін ареометр көмегімен дайындалған қоспасының тығыздығын эксперимент жүзінде тексертеді.


1-сурет.


3 зертханалық жұмыс. Қатты дененің меншікті жылу сыйымдылығын өлшеу

Қажетті құралдар: кір тастары бар таразы, термометр, калориметр, металл цилиндр, шәйнек (сыныпқа біреу), қармақ, фильтрленген қағаз.

Калориметрдің ішіндегі ыдысты таразымен массасын өлшейді. Оған ортасынан төмен етіп су құяды да, массасын анықтау үшін оны қайтадан таразымен өлшейді. Калоримертдегі судың бастапқы температурасын өлшейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет